ҰЛАҒат қараша



жүктеу 0,85 Mb.
Pdf просмотр
бет6/29
Дата24.05.2018
өлшемі0,85 Mb.
#16814
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

20

21

халқы:  «Жеті  атасын  білмеген  жетесіз»  деп  есептеп, 



жеті  ата  арасында  қыз  алып,  қыз  бермейді.  Халық 

тәжірибесінде  осы  тежеуді  бұзған  адамдарды  қатаң 

түрде жазалап, туған-туыстары «беті қара», «күнәһар» 

деп атаған.

Сондықтан  қазақ  халқында  туыс  арасында  үйлену, 

некелесу үлкен күнә болып саналған.

Шариғат  қағидасы  бойынша,  баласының  енесіне 

әкесі  үйленуге  болмайды.  Әйелінің  туған  сіңлісіне 

(балдызына)  үйленуге  болмайды,  ал  әйелі  өлген 

жағдайда  бала  қамы  үшін  үйленуге  рұқсат  беріп 

отырған.  Жесір  әйелге  қайын  атасына,  туған 

қайнысының  балаларына  күйеуге  шығуына  ешқашан 

болмайды. Осы жерде кейбір ойларды айта кетсем, қазақ 

халқында  қайнылары,  ағалары  қайтыс  болғанда,  одан 

балалар  қалған  жағдайда  жеңгелеріне  әмеңгер  болып 

есептелген. Бұл әдет-ғұрыпты қазіргі заман жағдайында 

да орынды ендіру, әкесіз қалған балалардың тәрбиесіне 

белгілі дәрежеде әсер етеді деп ойлаймын.

Қыз  бала  шешесінің  туған  аға,  інісіне  күйеуге 

шықпайды.  Жиендер  нағашы  апаларына  үйленуге 

болмайды.  Көптеген  ғылыми  зерттеулерде  туыстар 

арасындағы  некелер  адамның  денсаулығы  үшін  зиян 

екенін  анықтап,  дәлелдеген.  Сондықтан  отбасында 

балаларға аталар мен әжелер, әкелер мен аналар руын 

айтып,  туған-туыстардың  қалай  тарағаны  жөнінде 

мәлімет  беріп  қана  қоймай,  олармен  үлкен  қарым-

қатынаста болуы қажет.

Сөз  соңында,  ұлттық  табиғатымыздың  ерек-

шеліктерін  ескеріп,  халқымыздың  ғасырлар  бойы 

мысқалдап  жинаған  тәлім-тәрбиелік  тәжірибесін  жас 

ұрпақ жадына біртіндеп сіңіріп отыру қажет. 

Жанар ЖАНЖІГІТОВА, 

Қоянбай орта мектебінің мұғалімі.

Шығыс Қазақстан облысы, 

Бесқарағай ауданы.

13 ЖАС – МүШЕЛТОЙ

Мақсаты:  оқушыларға  бабаларымыздан  келе 

жатқан салтымыз бойынша 13 жас – мүшел жасқа толу 

құрметіне өткізілетін  мүшелтой туралы кеңінен түсінік 

беру,  дәстүрлерді  жалғастырып  оны  құрметтеуге 

тәрбиелеу.  Оқушылардың  сөйлеу  тілін,  есту  қабілетін 

дамыту, шығармашылық белсенділіктерін арттыру. 



Көрнекілігі:  нақыл  сөздер,  зал  ішін  мерекеге  сай 

безендіру.



Өту барысы:

Мұғалім: 

- Балғын шағың – балалық шақ арттағы

  Өмір жаңа белесіне бастады.

  Нық сеніммен болашаққа қарайды

  Жас балғындар 13 мүшел жастағы.

  Халқымыздың жөн-жоралғы дәстүрін

  Құрметтейді үлкен-кіші жас бүгін

  Мүшел жастың маңызы мен бағасын

  Көрсетеміз өзіңізге тап бүгін.

-  Армысыздар,  құрметті  қонақтар.  Бүгінгі  6-сынып 

оқушыларының    мүшел  жасқа  арналған  «13  жас  

мүшелтой»  атты  тәрбие  сағатымызға  қош  келді-                               

ңіздер!  Той  –  ізгіліктер  мен  жақсылықтарды,  озық 




22

23

дәстүрлерді  жаңғыртып  отыратын  тәлімі  мол  мереке. 



Той  –  тәрбие  мектебі.  Ендеше,  бүгінгі  мүшелге  аяқ 

басқан той иелерін ортамызға шақырайық.



Мөлдір:

- Ананың құрсағынан басталатын

  Ең бірінші қуаныш «Құрсақ тойы». 

Балжан:

Анадан шыр етіп туылған күн,

  Кіндігі жібек жіппен буылған күн. (Туған күн).



Нұрбол:

- «Кіндік кесу» рәсімі жарасты ғой

  Жас нәресте бөленсе бесікке той. (Бесікке салу).

Сұлтан:

- 40 күнде қырық рет түлеткенде

    40  қасық  сумен  тәнді  нұр  еткенде.  (Қырқынан 

шығару).

Темірлан:

- Алғашқы қадам басып, қаз тұрғанда

 «Тұсау кесу» айналар той-думанға. (Тұсау кесер).

Рабия: 

 

Мұсылман ата-ананың міндет тойы

Одан кейін жасалар сүндет тойы. (Сүндет).



Аяла

 

- Оқушы атанатын мектеп барып



  Қуантқан ата-анасын әріп танып.

  Тауысып «әліппені» жүрдек отыр 

  Сол күні «тілашардың» болары анық. (Тілашар).

Дана: 

Өмірдің бір белесін болдырған шақ

  Санасын нұрлы ақылмен толтырған шақ.

  «13-те – отауға ие» деген қазақ 

  Балиғатқа бас болдырған шақ

  Бүгін, міне, «Мүшелтой» үлкен той 

(Окушылар той атауларын көрсетеді).

Мұғалім: 

-  Бүгінгі  мүшел  тойда  балалардың  қадамы  құтты, 

мәртебесі биік болып, үлкен белестерден көріне берсе 

екен деп тілеп отырған абзал аналар қанша? 

Мөлдір:    

Екі көздің ағы менен қарасы

   Баласының әркез болған панасы 

  Болғандықтан біздер үйдің үлкені 

  Ата-анамыз ата-әженің баласы. 



Балжан:

Емес пе той халықтың қазынасы? 

  Бабаның демеу болсын ақ батасы 

  Қастерлемей кім ата-салтын тастар

  Ақ тілекпен ақ әже шашу шашар.



(Әже шашу шашады).

 Қадиша:     

Балалықты артқа тастап өткенге

  Жаңа белес тез-ақ келіп жеткен бе? 

  Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді 

  Жаңа күннің жаңа нұры төккенде.



5-оқушы:     

Күндер жылжып өтуде, сағаттар да 

  Көңілдерде бүгінгі тағат бар ма? 

  Бал-бұл жанған жүздері қуаныштан 

  Мың қошемет төрдегі қонақтарға.



Мұғалім:       

-  Мүшелтой  –  бала  13  жасқа  толғанда  жасалатын 

той.  Бұл  тойды  халқымыз  ерекше  дәріптеп,  барлық 

кәделерін  жасап  отырады.  «13-те  –  отау  иесі»,  деп 

бабаларымыз  13-ке  келген  ұлдарды  «ержетті»  деп, 



жүктеу 0,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау