4
5
әрекеттің белгілі бір түрін меңгеруге жұмылдырып,
өмір ағысына икемделе білген, болашағына сеніммен
қарайтын жеке тұлға. Оның алдында тұрған басты
мақсат – әлемдегі бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына
қосылу жөніндегі нақты қадамдарға өз үлесін қосу,
қоғамымызда жаңадан қалыптасып келе жатқан жаңа
сапалық қарым-қатынастарды бойына сіңіре отырып,
нарықтық қатынастар жүйесіне бейімделу.
Сонымен қатар олардың бойындағы дарын мен
қабілетті қазіргі заман талабына сай қалыптастыру,
оны жан-жақты дамыту, оқу барысында алған білімі
мен кәсіби шеберлігін, біліктілігін үздіксіз дамытып
отырған тиімді.
Егеменді елімізде қалыптасып келе жатқан нарық-
тық қатынастар жағдайында жемісті қызмет ету үшін
мәдениеті мен адамгершілік қасиеті жоғары, рухани
дүниесі бай, жалпы білімі мен кәсіби біліктілігі жоғары
мамандарды даярлау – бүгінгі күннің басты міндетте-
рінің бірі болып табылады.
Жоғарыдағы міндеттерді шешу барысында Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»
деп аталатын Қазақстан халқына жолдауында жаңа
кезеңнің міндеттерін атап көрсеткен болатын: «Осы
заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау,
«парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыру,
жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды
пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту» [1].
Еліміздің қазіргі кезеңінде болып жатқан
экономикалық, әлеуметтік, саяси және жаңа
технологиялық өзгерістерге байланысты жас ұрпақты
тәрбиелеуде білім мен тәрбие беру жүйелерінің ісін
жаңа сатыға көтеру мәселесі туындап отыр.
Қазіргі кезеңде білім беру жүйелерінде құзіретті-
лік тұрғыда білім беруді ұйымдастыру мәселесі
қарастырылады. Осыған байланысты кәсіби маман-
дарды даярлай отырып, сапалы білім беру, сонымен
бірге оларды өнегелі ұрпақ етіп тәрбиелеу негізінде
жеке тұлғаны қалыптастыру, оның шығармашылық
және рухани мүмкіндіктерін дамытуға барлық
жағдайлар жасалуда. Егеменді еліміздің болашағы,
оның материалдық және рухани дамуы, экономикалық,
әлеуметтік және саяси жағынан өркендеп өсуі жас
ұрпақтың қолында.
Нарықтық қатынастар жағдайында білім беру
мен кәсіптік даярлау бағытындағы жоғары оқу
орындарының негізгі міндеті – әлемдік стандарттар
деңгейінде білім беру. Бұл міндеттерді орындау үшін
болашақ мамандарды даярлауда қазіргі қоғам үрдісіне
сай жаңа технологияларды қолдана отырып білім беру
қажеттігі туындайды.
Модульдік оқыту технологиясының басты өзегі –
елімізде бәсекеге қабілетті, өз ісін жетік меңгерген,
сауатты, білімді, өндірісте жұмыс істей алатын
жан-жақты дамыған құзіретті маман даярлау. Яғни,
мемлекеттік тілді студенттер меңгере отырып,
болашақ мамандықтарын жан-жақты игерген құзіретті
маман болуы қажет. Ол үшін ұйымдастырушылық-
технологиялық қызмет түрін қалыптастыруы тиіс.
Бұл қызметті білім беру жүйесі бойынша
қарастырар болсақ, білім алушы қызмет ұйымын
басқару технологиясын жасау және қолдану аймағында
білікті жұмысқа қажет барлық дағдыларға ие болуы;
басқарудың ғылыми-әдіснамалық және технологиялық
ұйымдастыру базасын құруға қатысуы; басқа
мамандармен бірлесе отырып, нақты бір білім беру
мекемесінде білім берудің ең тиімді әдістерін, оқытудың
6
7
белгілі бір формасын жасауы; білім беру жүйесінің
ішкі үдерісіне белсенді түрде қатысуы тиіс.
Қазіргі таңда білім беру жүйесіндегі басты мақсат –
жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу болып отыр.
Еліміздің экономикасы мен әлеуетінің даму деңгейін
биік дәрежеде өсіру механизмдерін терең біліммен
реттей алатын, қоғамда өзіндік тың бастамаларын,
көшбасшылық тәжірибесін, ой-пікірлерін ісімен
дәлелдей алатын мамандар даярлау – жоғары оқу
орындары алдындағы міндеттердің бірі.
Осы тұрғыда құзіретті маман ұғымының мәнін
ашып қарастырған жөн, ал бұл ұғымның мәнін ашу
үшін «құзірет» және «құзіреттілік» түсініктерін
анықтау керек. Яғни, бәсекеге қабілетті және құзіретті
мамандарды даярлауды жүзеге асырудағы басты мәселе
– жаңа оқу жоспарлары мен бағдарламалары әлемдік
жетік технологиямен қаруланған, жоғары деңгейдегі
мамандар даярлау туралы сөз болып отыр.
Жоғары
оқу
орындарындағы
студенттердің
құзіреттілігін әлемдік деңгейге сәйкес қалыптастыру
педагогикада, психологияда, әлеуметтануда, кәсіби
білім беру теориясы мен әдістемесінде, т.б. және
гуманитарлық пәндерде әр қырынан қарастырылуда.
Педагог мамандардың барлығына ортақ қалыптас-
тырылатын жалпы құзіреттіліктер:
- өзінің әлеуетін жүзеге асыру мен оған талпынысы;
- табысты шығармашылық әрекет үшін өзінің
білімін, іскерлігін, біліктілігі мен тәжірибесін іс жүзінде
көрсете білу қабілеті;
- өз әрекетінің нәтижелеріне жеке жауапкершілік-
пен қарау және оның әлеуметтік мәнін түсіну, оны әр
уақытта жетілдіру қажеттігі.
Сонымен, жоғарыда аталғандарды қорыта келе,
«құзіреттілік» түсінігі әлеуметтендіру мен оқыту
үрдісі барысында қалыптасқан білім мен тәжірибеге
негізделген, жалпы қабілеттер мен белгілі бір іс-әрекетке
дайындығында көрінетін, сонымен бірге қызметте
өзіндік және табысты әрекет етуге бағдарланған жеке
тұлғаның интегралдық қасиеті деп түсіндіріледі.
Қазіргі
көптеген
әдебиеттерде,
сөздіктерде
құзіреттілік – дербес және жауаптылықпен әрекет
етуде белгілі бір жұмысты орындауға қабілеттілік
пен икемділікті игеруге жол ашатын психологиялық
ахуал ретінде белгіленуде. Құзыреттілікті адамның
білімдарлығымен жапсарластыруға және адамның
белгілі бір мәселені шешу қабілетімен де шатастыруға
болмайды. Себебі адам өз саласында кәсіпқой және
білімдар болуы мүмкін, ал бірақ кәсіби мәселелердің
бәрін шешуге құзіреті жетпейді.
Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде білім алу-
шының Қазақстан халқының мүддесін өз мақсат-
мүддесінен жоғары қоятын білімді, саналы, кәсіпқой
маман болып қалыптасуы өте маңызды. Ал оның
ішінде бәсекеге қабілетті, кәсіби деңгейі жоғары,
құзіретті болашақ мамандарды даярлаудың өзектілігі
жоғары болып отыр. Ал бұл бағыттағы мәселе білім
беруші орталардың білімді беру сапасына тікелей
қатысты, себебі білім – жеке тұлғаның саяси-әлеуметтік
көзқарасын дамытатын, дүниетанымдық аясын
кеңейтетін маңызды фактордың бірі болып саналады.
К.С.Құдайбергенова
«құзырлылық»,
«құзыр»
ұғымдарының қолданыстағы білім, білік пен
дағдыдан айырмасын былай ажыратады:
а) білімнен айырмасы – қызмет жөніндегі ақпарат-