ҰЛАҒат қараша



жүктеу 0,85 Mb.
Pdf просмотр
бет14/29
Дата24.05.2018
өлшемі0,85 Mb.
#16814
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29

60

61

тарайды.  Өскенбай  шаруаға  жайлы,  билікке  әділ 



кісі  болғандықтан,  “Ісің  адал  болса  Өскенбайға  бар, 

арам  болса  Ералыға  бар”  деген  мәтел  сөз  қалған.

Өскенбайдың әйелі Зереден Құнанбай туады. Құнанбай 

4 әйел алған адам:

Оның  бәйбішесі  Күңкеден  –  Кұдайберді,  інісі 

Құттымұхамбетке  айттырылып,  қалыңдық  кезінде 

жесір  қалған  соң  өзі  алған  екінші  әйелі:  Ұлжаннан  – 

Тәңірберді (Тәкежан), Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, 

үшінші  әйелі  Айғыздан  –  Халиулла,  Ысмағұл  туады. 

Қартайған шағында үйленген ең кіші әйелі Нұрғанымнан 

ұрпақ жоқ. Абайдың «Атадан алтау, анадан төртеу едім» 

дейтіні  осыдан.  Болашақ  ақын  сабырлы  мінезімен, 

кең  пейілімен  ел  анасы  атанған  “кәрі  әжесі”  Зеренің 

таусылмайтын  мол  қазынадай  аңыз-ертегілерін  естіп, 

абысын-ажынға  мінезі  жайлы,  әзіл-қалжыңға  шебер, 

жөн-жобаға жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті. 

Абай үш  әйел алған. Бәйбішесі Ділдадан: Ақылбай, 

Әбдірахман,  Күлбадан,  Әкімбай,  Мағауия,  Райхан; 

екінші  әйелі  Әйгерімнен:  Тұрағұл,  Мекайыл,  Ізкайел, 

Кенже деген 7 ұл, 3 қыз сүйген. Келіндей алған әйелі                      

Еркежаннан ұрпақ көрген жоқ.

 10-оқушы. Ахатай Аяулым:

-  1891  жылдан  бастап  Абай  басына  ауыртпалық  

түсіп, бір-біріне ұласқан қайғы бұлты ашылмай қояды. 

Осы жылы ақынның сүйікті інісі Оспан жарық дүниеден 

өтеді. Одан кейін орысша әскери білімі бар, үлкен үміт 

күткен  баласы  Әбдірахманнан  айырылады.  Бұлардың 

қазасының  ақын  жанына  қандай  батқаны  оның  осы 

тақырыпқа  арнаған  топтама  өлеңдерінен  айқын 

көрінеді. Сөйтіп жүргенде, соңғы тіренішіндей болған 

дарынды ақын баласы Мағауия да қайтыс болды. 

Осындай қабаттасқан қайғы-қасіреттен күрт сынған 

Абай Мағауияның қазасынан кейін қырық күннен соң 

өзі де дүние салады. Ақынның сүйегі Шыңғыстаудың 

ығындағы Жидебай мекенінде, інісі Оспанның жанына 

жерленеді.  Бұл  күнде  ол  арада  қазақтың  ұлы  екі 

перзенті – Абай мен Шәкәрімге деген ұрпақтың өшпес 

махаббатының,  ізгі  құрметінің  белгісіндей  болып, 

сәулет өнерінің соңғы үлгісімен салынған қос мұнаралы 

кешенді алып мазар тұр.

11-оқушы. Қалмұрза Ұлбосын:

          Шығармалары:

Абай өлең жазуды 10 

жасында «Кім екен деп келіп 

ем түйе қуған...» бастаған. 

Одан басқа ертеректе 

жазылған өлеңдері –

 «Йузи-рәушән», екіншісі 

– «Физули, Шәмси». «Сап, 

сап, көңілім», «Шәріпке», 

«Абралыға», «Жақсылыққа», 

«Кең жайлау» өлеңдері 

1870-80 жылдар аралығында 

жазылған. Ақындық қуатын 

танытқан үлкен шығармасы 

– «Қансонарда» 1882 ж. 

жазылған. Шығармалары 

үш жүйемен өрбиді: бірі 

– өз жанынан шығарған 

төл өлеңдері; екіншісі – 

ғақлия (немесе Абайдың 

қара сөздері) деп аталатын 

прозасы; үшіншісі – 

өзге тілдерден, әсіресе, 

орысшадан аударған 

өлеңдері. Шығыстың 

екі хикаясын «Масғұт» 

және «Ескендір» деген 

атпен өлеңге айналдырған 

поэмалары бар. 



                Қарасөздері:

Абайдың қара сөздері (Ғақлия) – ұлы 

ақынның сөз өнеріндегі көркемдік 

қуатын, философиядағы даналық 

дүниетанымын даралап көрсететін 

классикалық стильде жазылған 

прозалық шығармасы. Жалпы 

саны қырық бес бөлек шығармадан 

тұратын Абайдың қара сөздері 

тақырыбы жағынан бір бағытта 

жазылмаған, әр алуан. Оның алты-

жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі 

мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, 

ауқымды болып келеді. Абай өзінің 

қара сөздерінде шығарманың 

ажарына ғана назар аударып қоймай, 

оның тереңдігіне, логикалық мәніне 

зер салған. Абайдың кара сөздері 

сондай-ақ, жалпы адамзат баласына 

ортақ асыл сөзге айналды.

Оның қара сөздерінің бірнешеуі 

ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан 

«Абай» журналында жарық көрді. 

Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, 

қытай, француз, т.б. көптеген әлем 

тілдеріне аударылды.




62

63

Ақын  шығармашылығындағы  елеулі  орын  алатын 



бір сала – поэмалары.  Абайдың үш поэмасы бар, олар: 

«Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі».

Абай  Құнанбайұлы  –  қазақ  әдебиеті  мен  өнерінің 

тарихында дараланып тұрған ұлы тұлға.



12-оқушы.  Юлдашева Муниса:

- Абай – дара, Абай – дана! 

Абайдың  орыс  поэзиясынан  алған  тағы  бір  үлгісі 

– табиғат лирикасы. Табиғат – адам баласының еңбек 

етіп,  өмір  сүретін  ортасы.  Оны  дүниежүзінің  классик 

ақындары  беріле  жырлаған.  Біреулер  таза  пейзаждық 

суреттер  жасаса,  екінші  біреулері  табиғат  арқылы 

қоғамдық өмірді суреттейді. Абай да табиғатты өзінше 

жырлаған.  Абайдың  «Жаз»,  «Күз»,  «Қыс»,  «Қараша 

желтоқсанмен  сол    бір-екі  ай»,  «Желсіз  түнде  жарық 

ай» атты табиғат лирикалары бар. Абай қыс табиғатын 

бұдан  өзгешелеу  стильде  суреттейді.  Қыс  бейнесін 

«тірі  адам,  шал»  бейнесінде  суреттеу  арқылы  қазақ 

әдебиетіне  кейіптеу үлгісін әкелді.

Абайдың  өлеңдері  оқылды  (оқушылар  3  шумақтан  

оқиды).


«Қыс». Нуриева Тамара.

 «Жаз». Юлдашева Муниса.

«Күз». Атеева Зарина.

 «Қыс». Әбдіров Ермек.



13-оқушы. Мады Айгерім:

- Абай поэзиясы  –  адамзаттың асыл қазынасы.

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге бола ма ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын  артына  сөз  қалдырған,-  деп,  кемел 

ақын,  кемеңгер  ойшыл    Абай  Құнанбайұлының    өзі 

айтып кеткеніндей  ақын шығармалары – осы күнгі бай, 

ұлттық әдебиетіміздің алтын діңгегін қалады.

3-топ. Ыбырай  ауылы (8 мин). 

14-оқушы. Смаил Оразбек:

- Кел,  балалар,  оқылық!

  Оқығанды  көңілге

  Ықыласпен  тоқылық!

  Оқысаңыз,  балалар,

  Шамнан  шырақ  жағылар!

  Тілегенің  алдыңнан, 

  Іздемей-ақ  табылар! 

Ы.Алтынсарин  –  балалар  әдебиетінің  атасы.  Бүкіл 

өмірін қазақ балаларын оқытуға арнаған. Сол мақсатпен 

алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, оқулық жазған.

15-оқушы. Исмаилова Мухайя:

-  Шоқан  Уәлихановтың    өмір  жолына  арналған 

хронологиялық кестеге назар аударайық және саралап 

көрейік:


1841 ж. 20 қазан

Қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында 

дүниеге келген. 

1850-1857 жылы

Орынбордағы орыс-қазақ мектебіне 

қабылданып,  мектепті «үздік бағамен» бітіріп 

шығады. 

1857-1859 жыл-

дары

Атасы Балғожаның қарауында тілмаштық 



қызмет атқарады. 

  1859 жылы

Орынбор облыстық шекара басқармасына 

тілмаш болып орналасады. 

 1860 жылы

 Батыс Қазақстан өлкесінен ашылған Торғайдағы 

мектепке мұғалім болып тағайындалады. 

1864 жылы 

қаңтардың 8 күні Торғайда мектеп ашады. 

1876 жылы

Петербург, Қазан  қалаларына барып, орыс 

ағартушыларына еліктеп, тұңғыш оқулықтар 

жазуға кіріседі. 



жүктеу 0,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау