36
37
Немесе 3) Болымсыз жай сөйлем түрінде:
Мысалы: All are not friends that speak us fair.
Жалған дос көзіңе мақтар, сырт айналып сойылын
сатар.
Дос жылатып айтар, дұшпан күлдіріп айтар.
Ағылшын тiлiнен қазақшаға аударуда қиыншы-
лықтар кездесетiнi де сөзсiз. Аударманы жасаған кезде
басқа тiлдiң көмегi арқылы белгiлi бiр тiлдегi мазмұнды
мүмкiндiгiнше дәл жеткiзу, ағылшын тіліндегі мақалды
немесе мәтелдi түсiнiп, оны өз туған тiлiнде түсiндiруге
және керiсiнше жасау iскерлiгiне ие болу мiндетi
қойылады.
а) Мақал-мәтелдердің 3 (қазақ, орыс, ағылшын)
тілде сөздік баламасының дәл келуі;
Мыcалы:
Білім – қуат.
Знание – сила.
Knowledge is power.
Бұл мәтелде 3 тілдегі сөздік баламасы және де
мағынасы дәл келіп тұр. Бұл синонимикалық мәтелдер,
яғни, аудару барысында тiкелей аудару арқылы
аударылған, мағыналары да, сөздерi де бiрдей. Бұндай
ұқсас синонимикалық мақал-мәтелдердi шетел тiлін
меңгеруде қолдану өте қолайлы. Әр халықтың тәлім-
тәрбиеге байланысты мақал-мәтелдері сол халықтың
менталитетінен хабар береді. Қазақ халқы отбасы
тәрбиесіне, ұрпақ тәрбиесіне, ата-ана құрметіне, қыз
бала тәрбиесіне өте ерекше көңіл бөлген. Сондықтан
да болар кей мақалдың баламасы мынандай болып
келеді:
Like father like son.
Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер.
Қай елдiң мақал-мәтелдерiн алсақ та, барлығының
ең басты ерекшелiгi – тәрбиелiк маңыздылығы.
Ағылшын тiлiндегi мақал-мәтелдердi үйрету негiзiнде
бiз балаларды тек ағылшын халқының көп ғасырлық
өмiрлiк тәжiрибесiмен, әлеуметтiк, этикалық және
эстетикалық көзқарастары мен дүниетанымымен
таныстырып қана қоймай, ең бастысы, сол нақыл сөздер
мен мақал-мәтелдердiң тәрбиелiк мәнiн түсiндiрiп,
сөздiк қорын байытамыз.
Екінші мысал:
Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді.
Паршивая овца всё стадо портит.
One drop of poison spoils the whole tune of wine.
Ал бұл мәтелде 3 тілдегі сөздік баламасы әр түрлі,
бірақ мағынасы бір.
Сабақ барысында екі тілде қолданылған мақал-
мәтелдер студенттердің материалды жылдам игеруіне
көп ықтималын тигізеді және студенттердің тілге деген
қызығушылығын арттыра түседі. Мақал-мәтелдерді
ағылшын тілінде кең көлемде қолдануға болады.
Яғни, бұл тілдік емес топтарға қиын болуы да мүмкін,
бірақ тәсілдері әр түрлі жаттығулар арқылы тілдік
емес топтардағы студенттердің ағылшын тіліне деген
қызығушылығын тудыруға болады.
Мысалы: to make, to do етістіктерін алатын болсақ,
to make, to do істеу, жасау деген мағынаны білдіреді де,
әр түрлі жағдайларда қолданылады. Осы етістіктердің
38
39
айырмашылығын түсіндіре отырып, студенттерге
жаттығулар
жасатып,
мақал-мәтелдер
арқылы
тексеруге болады.
Мысалы:Well begun is half ---- (made, done).
Туыстас етістіктер.
Promise little but --- much. (make, do) яғни, жіберілген
етістіктерді анықтау ретінде студенттердің ойлау
қабілетін дамытып, базалық білім-білік дағдыларын
жетілдіреді.
Шетел тілі оқытушыларының қызметінің түпкі
нәтижесі студенттердің ойлау, сөйлеу, пікірлесу
қабілеттерін дамыту.
Қорыта келе айтарым, жоғарыда айтылған әдістерді
қолдану шет тілі сабағының сапасы мен студенттердің
сабаққа деген, тіл үйренуге деген қызығушылығын
арттыруға көмектеседі.
Мақал-мәтелдер ғасырлар бойы халық даналығынан
туындаған. Студенттер мақалдарды неғұрлым көп білсе
соғұрлым тілдері түрленіп, сөздік қоры байи түседі
дер едім.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақ мектептеріндегі шетел тілі. 2007, №5.
2. Ә.Есентеміров. Тілашар. А., «Қазақ энцик-
лопедиясы», 1992.
3. Н.Б.Баграмова, С.И.Блинова. Сборник упраж-
нений по лексике. Союз. Санкт-Петербург, 1998.
Ізденген жетер мұратқа
Назерке ҚҰЛЖАНОВА,
Н.Байғанин атындағы
облыстық балалар
кітапханасының қызметкері.
Ақтөбе қаласы.
ІЗТАЙДЫң ӨШПЕС ІЗДЕРІ
Қалың жұртқа көптен белгілі ақындарымыздың бірі –
Ізтай (Ізбасқан) Тілеуліұлы Мәмбетов. Оның 1929 жылы
Алға ауданындағы Табантал өзенінің бойында шаруа
отбасында дүниеге келгенін біздер өз естеліктерінен де,
«Жадымда жүрсің, Табантал,
Жасырын ағып жылысқан.
Жайқалып өскен жағаң – тал,
Жанымнан алғаш жыр ұшқан.
Жадымда сұлу балалық,
Талыңды тай ғып жүгірген.
Табанды тасқа жара ғып,
Қалыспай қызық дүбірден»,- деп төгіліп тұрған
өлеңдерінен де айқын аңғарамыз.
Болашақ ақын мектеп есігін ашқан кезде Тілеулі
ақсақал Ақтөбе қаласындағы диірменнің жұмысшысы
болды. Сөйтіп, Ізтай сондағы №6 қазақ орта мектебіне
1937 жылы оқуға түсіп, оны 1947 жылы үздік бітіріп
шығады. Ізтай ақынның балалық шағын суреттегенде
өршілдікпен жазылған жолдары адамды тәнті етпей
қоймады:
Мен туыппын ақпандатқан боранда,
Кім біледі, бәлкім, әлде содан ба,
40
41
Ала құйын мінезім бар ашулы
Қапелімде басылам ба, болам ба?
Міне, биыл Ізтай ақынның туғанына 85 жыл толып
отыр. Ақтөбе өңірі ұлы тұлғаның мерейлі тойын аса
құдіретпен атап өтуде. Бұған дәлел, 28 ақпан күні
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің мәжіліс
залында филология ғылымдарының кандидаты,
доцент Т.Ж.Тоқсанбаева І.Мәмбетов туралы «Ізтай
Мәмбетовтің поэтикалық әлемі» атты монографиясын
жарыққа шығарды. Монографияда қазақ поэзиясына
өзіндік жыр жолдарымен үн қосып, өз оқырмандарына
жауһардан асыл сыйлаған қазақтың біртуар талантты
ақындарының бірі – Ізтай Мәмбетовтің қиын тағдыры
мен
шығармашылығына
арналған
зерттеулер,
лирикалық шығармалары, поэмалары және көркем
аударма саласындағы ізденістері, оның көркемдік
қуаты, поэтикалық шыңы әр қырынан жан-жақты
жүйелілікпен тұңғыш рет қарастырылып отыр.
Шараның құрметті қонақтары – журналист-
ардагер И.Асқар, филология ғылымдарының докторы,
профессор А.М.Мұсаев, филология ғылымдарының
кандидаты, доцент Ғ.М.Ниязова І.Мәмбетов туралы ой
бөлісіп, монографияға өз пікірлерін білдірді. С.Бәйішев
атындағы Ақтөбе университетінің белсенді студенттері
І.Мәмбетовтің «Мен туыппын ақпандатқан боранда»,
«Мен ақынмын», «Өгей шешеме», «Өмірім менің»,
«Мәмбетовтер», т.б. өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Осы шараға жиналған барша қауым назарына
Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы
да өз тарапынан «Ізтайдың өшпес іздері» атты
кітап көрмесіне библиографиялық шолуды ұсынды.
Кітап көрмесі тек С.Бәйішев атындағы Ақтөбе
университетінің төрінде жасақталып қана қоймай,
І.Мәмбетовке білім есігін ашқан Ғ.Ақтаев атындағы
№6 орта мектептің қабырғасында және Н.Байғанин
атындағы облыстық балалар кітапханасының оқу
залында тұрақты көрме ретінде жасақталып, мектеп
оқушылары, студенттер мен кітапхана оқырмандарына
библиографиялық шолу жүргізілді. Кітап көрмесінде
жинақталған әдебиеттер қатарында: «Жәдігер»
Ақтөбе өңірінің әдеби антологиясында «Ақтөбе
кітапханасы» сериясымен шыққан көп томдықтың
Х томында ақын Ізтай Мәмбетовтің өлеңдері мен
дастандары топтастырылып шығарылған. Ақынның
таңдамалы кітаптары «Жол ұзақ» /1966/, «Тарланбоз»
/1973/, «Ақпан» /1983/, Ресей ақыны А.С.Пушкиннен
«Чаадаевқа», ағылшын ақыны Д.Байроннан «Оралса
екен жас күнім алыс қалған» атты аудармалары және
көрнекті ақындар М.Құрманалиннің, С.Жиенбаевтің
көрнекті ақынға арнаған арнау өлеңдері жинақталды.
Көрме
төрінде
орналастырылған
маңызды
кітаптардың бірі – І.Мәмбетовтің 1974 жылы
құрастырған ақын-жырау Н.Байғаниннің «Нарқыз»
атты жыр кітабы.
Қазақ халқының сыршыл да сырбаз композиторы
Ш.Қалдаяқовтың «Бақыт құшағында» атты жинағы да
кітап көрмесіне ұсынылды.
Кітап көрме арқылы барша оқырман қауым
І.Мәмбетовты тек лирик ақын ретінде ғана емес,
сонымен бірге аудармашы, композитор және
құрастырушы ретінде де таныды.
Биыл І.Мәмбетовтің туғанына 85 жыл, ал дүние
салғанына 40 жыл толып отыр. Жалпы, қазақ
әдебиетінде өзіндік орыны бөлек І.Мәмбетовтің
артына қалдырған өлеңдері мен поэмалары ешқашан
өз құндылығын жоймасы анық. Себебі, оқырмандарын
Достарыңызбен бөлісу: |