24
25
отбасылық істерге араластырып отырса, қыздарды
«бойжетті» деп үй тірлігін өз бетінше атқаруына ерекше
көңіл бөліп болашақ өмірге дайындай бастаған.
- Балалар, мына отырған көрермендерге мүшел
жастың кезеңдерін айтып өтейікші:
13 – сәбилік мүшел.
25 – ержету мүшел.
37 – жігіттік мүшел.
49 – орта жас мүшел.
61 – ақсақалдық мүшел.
73 – қарттық мүшел.
85 – кәрілік мүшел.
97 – қалжырау мүшел.
109 – шөпшек сүю мүшел.
121 – немене сүю мүшел.
Мүшелтойдың негізгі мәні неде? Мүшелтой қалай
тойланады? Бүгінгі мүшелтой иелері бұл туралы не
біледі екен?
Мөлдір:
- Адам баласы туғаннан бастап, өсіп-жетілу
кезеңінде қатерлі жылдар болатындығын айтып
келеді. Оны мүшел жас деп атайды. Алғашқы мүшел –
13 жас.
Қадиша:
- Алғашқы мүшел – 13 жас. Бұл адамның балалық
шақтан ересектік шаққа дейінгі кезеңі. Ол кезде ер
балалардың дауыстары өзгеріп, қыз балалардың дене
бітімі» сүйкімді бола бастайды.
Балжан:
- 13-ке келгеннен бастап ер балалар мен қыздар
бойларын түзеп, бұрынғыдай балалық тентектікті
қойып, жан-жағына сүйкімді көрінуге тырысуы керек.
Рабия:
- Біз енді үлкен өмірге аяқ басып, есейдік десек
те болады, балалық шағымыз да артта қалды. Біздің
тілегіміз – ашық аспан астында бейбіт заманда ержетіп,
елге қалаулы азамат болу.
Дана:
- Ол үшін әрқайсымыз бүтіннен бастап мақсатымызға
жету жолында шыдамдылық танытып, өзімізді бағалай
білейік.
Балжан:
- Қазақ халқы адамның өміріне байланысты бірінші
мүшелді ананың құрсағындағы мерзімді есептеп
13 деп алған да, қалған өміріне 12 жылды қосып
отырған.
Мұғалім:
- Дұрыс айтасыңдар, олай болса қандай жылдарды
мүшел деп айтуға болады? Кәне, есептеп көрейікші:
1-мүшел – 13 жас, 2-мүшел – .... т.б. Енді, мүшелтойдың
тойбастарын «Жігіттер» триосы бастайды.
«Ойна, ойна осы тойда» әні орындалады.
Мүшел жастың бір боларын білгенбіз
Жақсы өлеңді соған сақтап жүргенбіз.
Күн жылынып қар еритін мезгілде
Көктемде біз дүниеге келгенбіз.
Қ-сы:
Ойна, ойна, бүгін осы тойымызда,
Биле, биле, бүгін осы тойымызда.
Ойна, ойна, бүгін осы тойымызда,
Алғашқы 13 мүшел тойымызда.
Күз мезгілі бәрінен де жарайды
Қуат беріп қанымызға тарайды.
26
27
Астықпенен дүниеге келгенбіз
Нұрға бөлеп жатқан кезде маңайды.
Қ-сы:
Әуелгі аты біз Қоянбай жерденбіз
Үлкендердің ізгі ісіне ергенбіз.
Жердің беті ақ көрпеге оранып
Жатқан кезде дүниеге келгенбіз.
Мұғалім:
- Мектеп – тәлім-тәрбие ордасы. Балаға мектепте
білім мен тәрбиенің негізін қалайтын алғашқы ұстаздың
орны ерекше екенін мойындауымыз керек.
«Ұлы ұстазым» әні орындалады.
Аяла:
- Басында әліппеден, таныстым әріптермен
Бұзбастан сол жолыңды, биікке алып келем.
Өзіңді білгелі біз, «шәкіртім» деп келесіз
Ұстазым қуаныңыз, жайнайды еккеніңіз.
Рабия:
- Алғашқы ұстаз күлімдеген көзіңнен
Әр уақытта мейірімді сезінген.
Дым білместі адам қылып шығардың
Ән айтамыз бүгін, міне, өзіңмен.
Балжан:
- Білім – теңіз, ақыл – біздің кемеміз
Үлкендердің игі ісіне ереміз.
Құттықтау сөз айту үшін тілекпен
Алғашқы ұстаз Айгүл апайға береміз.
(Алғашқы ұстаздың тілегін тыңдау).
Мұғалім:
- Әр адам баласы мүшел жастан өткен сайын
садақа беріп, жеті нан үлестіреді. Бүгін біз де осындай
ырымды жасасақ қайтеді?
(Күй ойнап, жеті нан таратылады).
Дана:
- Сұлулықты іздеп әлем, жер бетінен
Үміт нұры сезілген келбетінен
Гәкку әнін өмірдің үнсіз айтып
Аққу болып өмірдің тербетілген.
(Сұлу қыздар «Туған күнге байланысты ән»
ұсынады).
Қыздар:
- Армандарың алдағы
Жетелесін мұратқа
Лайық болып өсіңдер
Қазақ деген ұлы атқа!
Көңілдерің шалқысын
Бақытты өтсін жаз-қысың.
Мәнді ғұмыр кешіңдер
Көрмей тағдыр талқысын.
Туған күн – әйбат күн
Тұрады жайнап күн
Таусылмай шаттығың
Көбейсін жақсы күн!
(13 майшам жағылған торт әкелініп, оқушылар
іштерінен тілектерін айтады).
Мұғалім:
- Айтқандарың келсін, балалар! Сендер ержетіп,
жақсы азамат болу үшін өздеріңді жақсы жақтарыңнан
көрсетіп, ата-ана мен ұстаздардың алғысына бөленіп
жүріңдер. Ең бастысы – елімізде тыныштық болсын.
Мүшелтойда жасалатын ең басты кәдені білесіңдер
ме? Мүшелге келген әрбір адам мүшелік таратады.
Мүшелік – мүшелге келген адамның жақынына, немесе
жанашыр досына «мүшел жастан аман-есен өтейін»
28
29
деген ниетпен немесе өзінен жасы кіші інісіне не
сіңлісіне «сен де мүшелге жет» деген ниетпен тарту
ететін киімі. Біз де қазір осы кәдені жасайық.
(Мүшел жас иелері алдын ала дайындаған
сыйларын таратады).
Мұғалім:
- Балаларын тағы бір қырдан байқады
Өнеріне тамсанып бас шайқады.
Құттықтау сөзді бар баланың анасы
Ата-ана комитеті Ермуханбетова Анар айтады.
(Ата-ана комитетінің басшысы Анар апай сөз
сөйлейді).
Мұғалім:
- Ендігі кезекті ойынға берейік. Ойынымыздың аты
– «Ғажайып 13 әріп».
(Әріп таңдау).
- Сенің атың кім?
- Фамилияң кім?
- Ұнататын тағамың қандай?
- Қайдан келдің?
- Қайда барасың?
- Немен барасың?
- Онда не өседі?
- Тағы не?
- Сені кім қарсы алады?
- Оған сыйлыққа не әпердің?
- Тағы не?
- Қандай кітапты оқисың?
- Өскенде кім боласың?
(«Африкадан келген қонақтар» биі).
Мұғалім:
- Балалар, сендер бүгін мүшелге келгенде жаса-
латын жоралғылар мен кәделер туралы білдіңдер.
Ендеше, мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші:
- Мүшел деген не?
- Алғашқы мүшел қай жастан басталады?
- Мүшелге келгенде қандай ырымдар жасалады?
- 2 мүшелге қай жаста толады?
- Мүшелік деген не?
- Мүшел неше жыл сайын қайталанады?
Мұғалім:
- Ұлы халқым есептескен текпенен
Ата салтын ешкім аттап кетпеген.
Мың пәледен құтқарады бір бата
Адам болмас бата алып өспеген.
Бүгінгі мүшелтой иелеріне ақсақал батасын береді.
Ақсақал:
- Әумин десең, міне, бата
Қолдасын Қыдыр ата.
Қыдыр қияласын,
Періште ұяласын.
Бақ берсін, бас берсін,
Өмірлеріңе жас берсін.
Құрдасыңа қуаныш бол,
Сырласыңа – сынық бол,
Жылағанға жұбаныш бол,
Туысыңа тұнық бол,
Ана алдында аласа бол,
Ар алдында биік бол. Әумин!
(«Бүгін сенің туған күнің» әнін хормен айту).
Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды.