№23 (9436) сенбі 14 маусым



жүктеу 226,3 Kb.
Pdf просмотр
бет1/4
Дата14.05.2018
өлшемі226,3 Kb.
#13537
  1   2   3   4


E-mail: redakcia2008@mail.ru

№ 23

(9436)

СЕНБІ

14

МАУСЫМ

2014 ЖЫЛ

Е р е й м е н

АУДАНДЫҚ ҚОЄАМДЫҚ - САЯСИ ГАЗЕТІ

1935 ЖЫЛЄЫ МАМЫРДЫЅ 5-інен ШЫЄА БАСТАДЫ



Ереймен талайларға 

                          арман жерсің...

Ералы Саққұлақұлы

ҚЫМБАТТЫ АУДАННЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ!



Сіздерді айтулы кәсіптік мерекемен -

Медицина қызметкері күнімен құттықтаймын!

Бұл  мереке  ізгілік  пен  сүйіспеншілікпен,  сыйластық  пен  ризашылықпен 

көмкерілген.  Өйткені  адамның  денсаулығы  əруақытта  баға  жетпес  құндылықпен 

пара-пар. Өзінің жүрек қалауымен осы кəсіпті таңдағандар ұдайы ел ілтипатына, 

алғысына  бөленіп  келеді.  Міне  сондықтан  Медицина  қызметкерінің  күні  шын 

мəнінде бүкілхалықтық мейрамға айналды.

Ел  Президенті,  Ұлт  көшбасшысы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  халықтың 

денсаулығы елдің қалыпты дамуының, жалпы амандығының алғышартының бірі 

екенін ұдайы айтумен келеді.

Сіздер  ең  қиын  сəтте  мұқтаж  жандарға  жəрдемге  асығасыздар,  бөгденің 

сырқатына  шипа  дарытасыздар.  Адамды  сауықтыра  жүріп,  толыққанды  өмір 

қуанышын тарту етесіздер.

Ауданның бүкіл денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлеріне иманжүзділігі, 

жан жылуы, төзімділігі мен қажырлылығы, əрине, кəсіби біліктілігі үшін шынайы             

ризашылығым мен алғысымды арнағым келеді.

Сіздерге зор денсаулық, бақ пен амандық, қиын да

игілікті істеріңізге толымды табыс тілеймін.

Ерейментау ауданының əкімі Т.МҰХАНБЕДЖАНОВ

ҚАДІРМЕНДІ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ!

«Нұр  Отан»  партиясының  Ерейментау  аудандық  филиалы  сіздерді  кəсіптік  мерекелеріңізбен 

құттықтайды, адам жанына əрдайым арашашы болуды көздеген еңбектеріңіз табысты болсын.

Ешқандай мамандық өзінің мəн-маңызы жағынан дəрігерлік кəсіппен теңесе алмайды. Қастерлі 

кəсіптеріңіз  əрдайым  шуақты  нұр,  мол  шарапат  сыйласын.  Баянды  бақыт,  бейбіт  өмір, 

шаңырақтарыңыз  сəбидің  шат  күлкісімен  көмкеріліп,  ғұмырларыңыз  мəнді  болуға  жазсын. 

Мейрамдарыңызбен, ақ халатты абзал жандар!

МЕРЕКЕ АЛДЫНДАҒЫ ЖҮЗДЕСУ

ІСКЕ БІЗДІЅ ДЕ ҚАТЫСЫМЫЗ БАР

Істің байыбына тереңірек үңілер болсақ, кейде медицина мен 

ветеринарияның арасында өзара тығыз байланыс барын кейде 

байқамай да қаламыз. Күнделікті өмірімізде тұтынып жүрген 

мал  өнімдерінің  сапасы  бұл  ақиқаттың  анық  дəлелі  болады. 

Шаруашылық  иелері  мен  тұтас  халықтың  игілігіне 

лайықталған  мал  дəрігерлерінің  түлікті  індеттен  сақтандыру 

ісі дəл осы мақсатты көздейді.

Медицина мамандарының мейрамы қарсаңында шаруашылық 

жүргізу  құқығындағы  «Мал  Аман»  КМК-ның  басшысы 

Базарбай  Шпекбайұлы  Жұмағұловпен  жүзде стік. 

Жергілікті  атқару  органдарының  қарамағына  алынған 

мекеменің  негізгі  кəсібі  мемлекеттік  тапсырыс  аясында 

меншікті  мал  иелеріне  қызмет  көрсетуге  арналады.  Штатта 

бастықтың  тікелей  жетекшілігімен  60  адам  жұмыс  істейді. 

Әріптестер жер-жерде тұтынушыны денсаулыққа қатерсіз мал 

өнімімен  қамсыздандыру  мақсатында  жұқпалы-жұқпасыз 

індеттің  алдын  алатын  ветеринарлық-санитарлық  қызмет 

атқарады.  Сонымен  бірге  аудан  ішінде,  өңірден  тыс  жерге 

малдың  сатылуын,  əкелініп-əкетілуін  бақылауға  алады.  Мал 

дəрігерлеріне  тиесілі  қаржы  бюджеттен  бөлініп  отырады. 

Бөлім бойынша штат саны толық. Қолда көлік баршылық. Екпе 

жүргізетін,  жалпы  сараптамаға  қан  алатын  тиісті  құралдар, 

препараттар жеткілікті.

Мамандардың кəсібі санқырлы. Негізгі сақтық жұмысына қоса 

малды қолдан ұрықтандырып береді. Аналық малды, əсіресе 

сиыр мен құнажынды қолдан ұрықтандыру дені сау төл алуға, 

оның  аман  өсуіне,  қолдағы  бүкіл  малдың  саулығы  мен 

с ауықтырылуына  с епте с еді.  Бұл  əдістің  т ағы  бір 

артықшылығы  -  індет  жұқтырудың,  қайта  жұғудың  алдын 

алады. Барлық амалдардың түпкі мəні, сайып келгенде, сапалы 

өнім  өндірісі  мен  өткізіліміне,  еліміздің  ДСҰ-ына  өтер 

шағында,  ет,  ет  өнімі  экспортына  қадам  жасар  сəтінде  оң 

ықпалын тигізеді.

Кейіпкерім  əріптестерінің  ішінен  ешкімді  айрықша  даралай 

қоймады.  Жалпы  бүкіл  мамандарының  біліктілігіне, 

іскерлігіне  ризалық  білдірді.  Әйтседе,  біздің  сұрауымыз 

бойынша,  Бозтал  ауылынан  Жəлел  Асқаровты,  Торғай 

ауылынан  Шиқа  Айтмағамбетовты  өз  саласының  тəжірибелі 

еңбекқор тұлғалары ретінде атауды ұйғарды.

Базарбай Жұмағұловтың өзі Целиноград ауыл шаруашылығы 

институтының  ветеринарлық  факультетін  мал  дəрігері 

мамандығы  бойынша  тəмамдаған.  Бір  кездері  өңіріміздің 

бұрынғы  Горный  кеңшарына  қарасты  Усанбай  бөлімшесінде 

дипломалды тəжірибесін өткерген. Сондықтан қазіргі басшыға 

ауданның  тіршілік  қызметі,  мал  шаруашылығы  саласы  етене 

таныс.

Басшының ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастыру, өнім 



дайындау ісінде өмірлік тəжірибесі мол.

Әңгіме  түйінінде  əріптестеріне  аумақты  мал  індетінен 

сауықтыруға,  ауылдастардың  денсаулығы  мен  қауіпсіздігін 

қамтамасыз  етуге  арналған  ортақ  кəсіпте  толымды  нəтиже 

тіледі.

Дайындаған Н.МҰРАТБЕКҰЛЫ

БЕСІНШІ САЙЛАНЫМНЫҢ ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНДЫҚ 

МӘСЛИХАТЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА

Қазақстан  Республикасының  «Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік  басқару  жəне  өзін-өзі  басқару  туралы» 

00

Заңының 10-бабының 3-тармағына сəйкес 2014 жылғы 27 маусымында сағат 10 -де бесінші сайланымның Ерейментау аудандық 



мəслихатының 27 сессиясы шақырылатынын хабарлаймын.

Сессияның қарауына: «Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйегіндегі «Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау 

жүйесі туралы» Кодексіне сəйкес, медицина мекемелерінің аудан тұрғындарының арасында денсаулық сақтауды ұйымдастыру 

жəне туберкулездің алдын алу бойынша жұмысы туралы» жəне басқа мəселелер енгізіледі.

00

30

Депутаттарды қабылдау жəне оларды тіркеу сағат 9  – 9  дейін аудандық мəслихатта жүргізіледі.



00

2014 жылғы 24 маусымында сағат 10 -де – Депутат сағаты.



Ерейментау аудандық

мәслихат хатшысының м.а. Н. КРАВЧЕНКО

АДАМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ІСІ

ЖҮРЕК ҮНІ АҚ

НИЕТПЕН ҮНДЕСКЕН

«...Саламатты  өмір  салтын  бекіту  жəне  медицинаны 

кадрлық-технологиялық  дамыту  қазақстандықтардың 

өмір сүру ұзақтығын 80 жасқа дейін ұзартады»

(Елбасының  Қазақст ан  халқына  Жолдауының 

тезистерінен)

Денсаулық - адамның 

б а ғ а   ж е т п е с  

байлығы.  Кез  келген 

жан  Тəңір-дің  сыйға 

б е р г е н   ө м і р і н д е  

текс ерілуге,  əлде 

емделуге  дəрі-гердің 

қ а б ы л д а у ы н а  

жолығады.  Барлық 

жерде емхана денсау-

лық штабының рөлін 

атқарады.  Өйткені 

осы мекемедегі білік-

ті  маман  дəрігерлер 

келушілерді  алдын-

а л а   т е к с е р е д і ,  

а м бул а - то р и я л ы қ ,  

стационар-лық  ем 

тағайындай-ды, дəрі-

дəрмек жа-зып береді. Күн сайын сауығудан үміттенген түрлі 

жастағы  жүздеген  адам  тіркеу  бөлімі  арқылы  дəрігермен 

жүздеседі.

Медицина  қызметкері  күні  қарсаңында  маған  да  келешегі 

баянды  жас  маман  эндокринолог-дəрігер  Айгүл  Бауыр-

жанқызы Сабырованың қабылдауында болудың сəті түсті.

Дəстүрлі  амандық-саулықтан  кейін  өзімді  таныстырдым. 

Жаратылысынан байсалды, кішіпейіл, иманжүзді, сүйкімді 

келіншек жолдамасыз келген мақсатымды білген сəттен сəл 

жымиды да, əңгімеге кірісті.

Марат Оспанов атындағы Ақтөбе дəрігерлік институтының 

түлегі диплом алғаннан кейін осы оқу ордасының жанында 

бір  жылдық  интернатурадан  өтіпті.  Ізінше  Атырау 



Соны 2 бетте

ТАБИЄАТТЫ АЯЛАЅЫЗДАР!



ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯДАН

Құрметті жерлестер!



ҰЙЫМДА

СТЫР

У АЛҚА

СЫ

Сіздерді 2014 жылдың 18 маусымында

сағат 17-де Үмбетей жырау атындағы

аудандық мәдениет үйінде өтетін қала

мен аудан мектептерінің түлектеріне

арналған «Түлек-2014» мерекелік

салтанатына шақырамыз.

Үстіміздегі  жылдың  5  маусымында  Ерейментау 

қаласының  əкімдігі  сенбілік  ұйымдастырды.  Қаланың 

ж а с т а р ы ,   а т а п   а й т қ а н д а  

ж а с т а р д ы ң   р е с у р с т ы қ  

орталығы,  «Жас  Отан»  жастар 

қанаты,  «E  TOWN»  осы  шара 

шеңберінде  «Таза  жағалау» 

э к о л о г и я л ы қ   а к ц и я с ы н  

ө т к і з д і . Қ а л а   ə к і м д і г і н і ң  

қ о л д а у ы м е н   ж а с т а р д ы  

Шымбұлақ  өзеніне  жеткізетін 

автобус  бөлінді.  Қыз-жігіттер 

жағалауды  тазартты.  Қоқыс 

а й т а р л ы қ т а й   м о л   б о л д ы .  

Әйтседе ештеңеден сескенбеген 

замандастарымыз  айналаны 

тəртіпке  келтіріп  шықты.  Жастардың  атынан  қастерлі 

өлкеміздің  тұрғындары  мен  меймандарына:  «Табиғатты 

аялаңыздар!»,  деп  үндеу  арнағым  келеді.  Өйткені 

деніміздің  саулығы  айналамыздың  тазалығына  тікелей 

тəуелді.  Сондықтан  қолда  бар  игілікке  жанашыр  бола 

білгеніміз абзал.

З.ХАБИБУЛИНА 

ҚАДІРЛІ ФУТБОЛ ЈУЕСҚОЙЛАРЫ!



Сіздерді мини-футбол турниріне шақырамыз.

2014  жылдың  14  маусымында  шағын  футбол  алаңында  30 

жастан  жоғары  ер  азаматтардың  арасында  спорттың  осы 

түрінен  қалааралық  турнир  өткізіледі.  Жарыс  сағат  10-да 

басталады.

БАСПАСҐЗ – 2014



«Ерейментау»,  «Ереймен»  газеттеріне  2014 

жылдың  екінші  жартыжылдығына  жазылу 

жалғасуда.  Жарты  жылға  жазылу  бағасы  жеке 

тұлғаларға 1200 теңге, мекемелерге – 2400 теңге.


жүктеу 226,3 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау