ҰЛАҒат қараша



жүктеу 0,85 Mb.
Pdf просмотр
бет29/29
Дата24.05.2018
өлшемі0,85 Mb.
#16814
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

134

135


III.  Саз  өнері.  Әр  топтан  оқушылар  өз  өнерін  

көрсетеді. (ән шырқау, аспапта ойнау, мәнерлеп оқу, т.б.)



IV.  Жұмбақ  әлемі.  Жұмбақтар  беріледі.  Олардың 

жауабын табу керек.

1) Шыр-шыр етеді 

    Құлағыңнан өтеді. 

   Ұстай алсаң сөйлеп кетеді.

2) Қабат-қабат қаптама, 

    Ақылың болса аттама.

3) Аяғы жоқ, қолы жоқ,

    Бірақ тыныш тұрмайды. 

    Сақтамаса қорын тек 

    Барша тірлік құрғайды.

4) Сөзі дана, үні жоқ, 

    Сөйлемейді, тілі жоқ.

    Қолыңа алсаң – шешен, 

    Ақылы асқан көсем.

5) Көтеріліп теңізден, 

    Аспанға биік барамын. 

    Биіктен қайта түскенде, 

     Өңі кірер даланың. 

V. Мақал – сөздің мәйегі. Мақал-мәтелдерді аяқта.

1) Ақылды кісі азбайды,...

2) Көре-көре көсем боласың...

3) Анам берген туған тілім...

4) Тіл тас жарады,...

5) Сөзден асқан байлық жоқ,..

6) Кітап – білім бұлағы,...

7) Білекті бірді жығар...

8) Биік төбеге шықсаң, көзің ашылады.

9) Екпей егін шықпас,..



Мақал-мәтел жалғасы:

1) Атам берген құрал тілім.

2) Білімді мыңды жығар.

3) Тас жармаса, бас жарады.

4) Білім – өмір шырағы.

5) Асыл бұйым тозбайды.

6) Тілден асқан жүйрік жоқ.

7) Сөйлей-сөйлей шешен боласың.

8) Үйренбей білім жұқпас.

9) Жақсымен сөйлессең, көңілің ашылады.



VI. Зияткерлік.

1) «Жұмбақ сәбіз». Ыдысқа салынған сәбіз әкелінеді.

Тапсырма. Алдымен сәбіздің қасиетін іштей саралап 

алып, ерекшелігін жұмбақ етіп жеткізуге тырысыңдар.

2)  «Ғажайып  алма».  Шарты:  ыдысқа  салынған 

алма  әкелінеді.  «Алма»  деген  сөзді  қатыстырып, 

 

Абай 

Зере 


Ұлы 

ақын 


Ұлжан 

Құнанбай 

«Ғылым 

таппай 


мақтанба» 

Ибраһим 



136

137


фантастикалық тіркестер құрастыр. Соны қатыстырып, 

шағын ертегі шығар.

3) Өлең құрастырып көріңіздер:

    ... көңілдегі

    ... өмір лебі

    ... жасыл әлем

    ... өңімдегі.

Жүргізуші:  -  Сонымен,  бүгінгі  ойынға  қатысқан 

«Бәйтерек»  және  «Хан  Тәңірі»  топтарының  ұпай              

санын білу үшін Сарапшыға сәз береміз.

-  Қымбатты  ойыншылар,  көрермендер!  «Сөз 

өнері  –  өмір  өрнегі»  атты  білім  сайысымызға 

қатысқандарыңызға  рахмет  айтамыз.  Қазақ  тілі 

әдебиетінің  мәртебесін  өсіруге  өз  үлестеріңізді                  

қосады деген сенімдеміз.



Сұлухия РЫСБАЕВА,

Жаңаөзен қаласындағы

№10 орта мектептің қазақ тілі мен 

әдебиеті пәнінің мұғалімі.

«М.ӘУЕЗОВ КЕЙІПКЕРЛЕРІ – 

МЕНІң КЕЙІПКЕРЛЕРІМ»

(11-сынып)

Мақсаты:  оқушылардың  көркем  әдебиет  оқуға  

деген құштарлығын ояту, сөз өнерінің құдіретін түсіне 

білуге тәрбиелеу.

Байқауға пайдаланылған мәтіндер, сұрақтар:

І кезең.

М.Әуезовтің қай шығармасынан, кімнің сөзі?

1. Кескен теректей құлатты ғой мені? Қу жоқшылық 

бір құлатты. Аямас дұшпан соққы жазасы әпкетті мені 

– бар дәрменімді. Нем қалды? (Қараш-Қараш оқиғасы. 

Тектіғұл).

2. Суық жел жұқа киімнің ішіне кіріп, кеулеп, ығын 

кетіріп, жауратып, ықтырып бастады. Көңілінде қалған 

ойдың  ең  ақырғы  бұйрығы:  Әкесі  мен  бауырының 

бейітіне  барып,  екеуінің  арасында  отырып  зарлау.                  

“А,  құдай,  ендігі  бар  тілегім  –  осы  көкемнің  басына 

жеткіз!” деп жүріп кетті (“Қорғансыздың күні”. Ғазиза).

3. - Ағатай, жетіммін...- дей беріп еді, алакөз қайта 

жарқ еткенде, артынан жүгіріп кетті... Өкпесі үзілгенше 

ентігіп  жүгіріп  отырды.  Түн  ортасы  болған  кезде, 

таудың осы мөлшерінде бөктерде келе жатқан үш жігіт 

жетті.  Күн  әдетінше  жарқ  етті.  Сонда  үш  жолаушы 

алдарындағы ағашқа сүйеніп, жығылып, қатып тұрған 

баланы көрді (“Жетім”. Қасым).

4.  -  Жә,  туып-өскен  жер  суға  Сәтбек  екеуімізден 

қалған бір белгі сен бол. Балақ бауыңды да алмаймын. 

Бар, жануар, қош бол!- деп Қаракерді әуелете лақтырып 

жібереді (“Бүркітші”. Бекбол).

5.  Мұхамеджан  жұрттың  сұрағанын  күтпестен 

тамағын  кенеп  ап,  Мұқаның  домбырасына  қол  созды. 

-  Осынша  ақын  жиылып  ап,  “Жабағы  арық,  тай  семіз 

көп  сауғанға”  деп  отырармысың  әлі  күнге!  Тыңдасаң 

өлеңнің  өлеңін  тыңда,  сөз  олай  емес,  былай!-  деді  де, 

бөгелместен соға жөнелді. Аздан соң бұл әннің өзгеше 

қоңыр мұңы бар, шер толқын шығарған салмақты терең 

сырлы ән екені байқалды.

Барлық  жас  ақындар  мұндай  ғашық  лебізін  ұққан 

сияқты болады. («Абай жолы». Татьянаның әні).

II кезең. 

М.Әуезовтің қай шығармасы, кейіпкерді ата.

1. - Ендеше, Қадеке! Әкесі құрдастың баласы құрдас 




138

139


дейді ғой. Оғаш айтсам ғапу етіңіз! Бірақ аса бір көңілі 

керең  кісі  болмаса,  өлеңді  сүймейтін  жан  бола  ма? 

Менің  әкемнің  де  сүйетін  өлеңі  бар  («Абай  жолы». 

Қадірбай ақын).

2. - Қарағым, осының ақыл. Ішкен мен жегенге мәз 

боп,  мойны-басы  былқылдап,  ақылдан  да,  өнерден 

де  кенде  боп  жүрген  бай  баласы  аз  ба?  Осы  ала  қаға-          

зыңнан айырылма!- деген. («Абай жолы». Зере).

3. - Майыр, сенің атаң аты Тобықты емес еді. Осы 

Қарқаралыға кеп, бауыр тапқаннан аманбысың. Бөжейді 

айдату керек, қағазын дұрыста» деп ем. Сары аурудай 

создың да кеттің ғой”. (“Абай жолы”. Құнанбай).

4.  “Өз  көңілімді  барласам,  дүниенің  бәрі  дос. 

Жарқыраған күн де дос. Тұнжыраған түн де дос. Бәріне 

жаным  шат!  Бірақ,  баба  бір  деп  бекем  ұстаған  анық 

досым жоқ”. (“Еңлік-Кебек” пьесасы. Кебек).



III кезең. Жеделдете қойылатын сұрақтар:

1. Абайдың әжесі кім?                   1. Абайдың ғашығы?

2. Абай қай қалада оқыды?          2. Абайдың анасы?

3. Алшынбай кімнің әкесі?           3. М.Әуезовтің алғашқы 

                                                               шығармасы.

4. Абайдың досы. 

                  4. Абайдың тентек інісі.

5. Абай өлеңдері кімнің 

    5. М.Әуезов қай жылда-

атымен шығып отырған? 

       ры өмір сүрген?

6. Жүзтайлақ қай шығарма-      6. Әйгерімнің шын аты?

дағы кейіпкер?

7. Абайдың орыс достары. 

    7. Бала Абайдың қатты

                                                              ауырып қалуына әсер

                                                              еткен қай оқиға?

8. Мұхтардың әкесін ата. 

    8. Петербургте оқыған

                                                              Абай баласының аты.

9. Бөжей қолына берілген 

    9. Абайды соққыға жық-

кішкене қыз есімі. 

                       қан адам.

10. Абайдың Пушкин шығар-

масынан аударған әні.                   10. Әмір кім? 

11. «Көксерек» әңгімесін- 

   11 . «Қараш-Қараш» пове-

дегі басты кейіпкер.                          сіндегі басты кейіпкер.

12. Қатша М.Әуезовтің 

   12. Мұхтар алғаш білім-

қай шығармасының кейіпкері?          ді кімнен алды?



Сабақ кілті – көрнекі құрал

Паридам НҰРАХУНОВА,

Петр Вихрев атындағы орта мектептің 

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Алматы облысы,

Еңбекшіқазақ ауданы,

Шелек ауылы.



БАСТАУЫШ СЫНЫП 

ОҚУШЫЛАРЫНЫң АУЫЗЕКІ 

СӨЙЛЕУ ТІЛІ

Оқу  орыс  тілінде  жүргізілетін  мектептерде  тіл  дамыту  

жұмыстары  негізінен  көрнекілік  әдісі,  сөзбен  жеткізу  әдісі,  

практикалық  әдістері,  ойын  элементтері  арқылы  өткізіледі.  

Бұлай    болатын    себебі  –  тіл    дамыту    бағдарламасы    оқу,  

ойын,  еңбек  ету  арқылы  күнделікті  тұрмыста  іске  асады.  

Тіл  үйренуде  оқушылар  алдымен  дыбыстарды  анық  айтып  

үйренеді.  Сонан  кейін  сөз  тіркесі,  сөйлемдерді  оқи  отырып,  

байланыстырып  сөйлеуге,  мәнерлеп  оқуға  дағдыланады. 

Сабақтарымда  мен  мынадай  көрнекіліктерді  пайдалана-

мын:    грамматикалық    тірек    кестелері,    тақырыптық    және  

үлестірмелі  кәртішкелер,  портреттер,  түрлі  суреттер,  карта,  

фотомонтаж,    кітапшалар,  интерактивті  тақтамен  жұмыс,  т.б.   

Сабақта  тақырыпты  терең  меңгеруге  өз  орнында  ұтымды  

пайдаланылған  көрнекілік  те  ерекше  қызмет  атқарады. 

Сондықтан    көрнекі    құралдар    түрін    тиімді    қолдануда  

әрқашан    мына    талаптарды    басшылыққа    аламын:  көрнекі  

құралдың  мазмұнының  ғылымилығы,  оқу  бағдарламасына,  

оқушының  жас  ерекшеліктеріне  сәйкестігі  жалпы  көрінісінің  

әсемдік  талғамы,  пайдалануға  ыңғайлылығы,  жақсы  көрінуі.

Бұл    көрнекіліктерді    түрлі-түсті    қағаздан    ойып,    қиып  

жапсыру    тәсілімен    де    жасап    алуға    болады.    Мазмұнды  

ойындарға    арналған    материалдан    да    көрнекіліктер  

құрастырылады.




140

141


Жеке    заттың    жалпы    атын    үйретуге    сюжетті    ойын  

картиналарын    қолдандым:  «Малдар»,  «Құстар»,    «Аңдар»,  

«Жемістер»,    «Көкөністер»,    «Ыдыстар»,    «Ойыншықтар»,  

т.б.  Әр  түрлі  мамандыққа  байланысты  салынған  көлемді  

суреттермен    жұмыс    үстінде    балаларды    ойлауға    баулып,  

сөйлеуге  үйрететін  «Кім  не  істейді?»,  «Кімге  не  керек?»  

деген  қосымша  сұрақтар  қойып,  жауап  алдым:  хат  тасушы,  

аспаз,  суретші, т.б.  

Ұйымдасқан  түрінде  әңгіме  құрауға  «Жазғы демалыста»,  

«Көктем»,  «Менің отбасым»,  «Киімдер»,  «Достар»,  т.б.  сияқты  

мазмұнды  суреттерді  қолдандым.  Алдымен  балалардан  сұрақ  

арқылы  жауап  алып,  соңынан  суреттің  мазмұнын  айтқыздым,  

кейін  сол  суреттерді  мазмұндама  жаздыруға  да  қолдандым. 

Сөзжұмбақтарды    кіші    сыныптарда    сөздік    жұмысына  

пайдаланып,    оқушылар    өскен    сайын    жұмыс    түрін  

күрделендіруге  болады.  Мәселен,  бірінші  сыныпта  бірнеше  

сөзден  тұратын  кісі,  жер,  су,  қала  атауларының  аттарын  

тауып  үйренсе,  ал  үшінші,  төртінші  сыныптарда  біріккен  

сөздерді    үйретуге,    пайдалануға    болады.  /  Алматы,  Айгүл, 

Екібастұз, Ботагөз, түйеқұс,  т.б./  Жеке  әріптерден  тақтаға  сөз  

құрап  жазуға  сигналды  әріптерді  пайдаландым.  Сигналды  

дыбыстар  сөздің  дыбыстық,  буындық  құрамын  есте  ұзақ  

сақтауға  көмегін  тигізеді.

Бастауыш  сыныптарда  балаларға  жалпы  өмірде,  күнделікті  

тұрмыста    кездесін    жайларды    дұрыс    танытып,  ой-өрісін  

кеңейтіп,  сабақты  сапалы  игеруге  және  түсінгенін  айтып  

беруге  үйретуде  сабақ  тақырыбына  лайықты   қолданылатын 

көрнекі  құралдың,  үлестірмелі  кәртішкелердің,  дидактикалық  

материалдардың  маңызы  зор.

Көрнекі  құралды    пайдалану    арқылы    балалар    алдымен  

сөз,  содан  кейін  сөйлем  ойлап,  ойын  жүйелі  тұтас  айта  

білуге  төселеді.  Әр  балаға  жеке-жеке  үлестіріліп  берілетін  

кәртішкелер    сөздік    жұмысын    игертуге,    сөйлем    ойлатуға  

мақсатталған.

Сөз  ойлатуға  жеке  дыбыс  әріптері  мен  кеспе  буындарын  

да    пайдалануға    болады.    Қазақ    тіліндегі    тақырыптарды  

қамтитын    жаттығу    жұмысына    арналған    кәртішкелерді  

балалардың  тапсырманы  өз  бетінше  орындауына  пайдаландым.  

Көрнекіліктердің  бұл  түрімен  жұмыс  барысында  оқушының  

тақырыпты  қалай  меңгергенін  есепке  алуға  болады.

Үшінші  сыныпта  дауысты  дыбыстардың  айтылуы  мен  

жазылуын,  дауыссыздардың  қатаң,  ұяң,  үнді  болып  бөлінуіне  

дыбыс  әріптерін  әр түрлі  түске  бояп,  баланың  есінде  ұзақ  

сақталуын  қарастырдым.

Бастауыш    сынып    оқушыларын    жазуға    жаттықтыруда,  

әріптерді  сызықтан  шығармай,  оңға  қарай  еңкейтіп  жазу  

ережесін  сақтау  мақсатымен  үлкейтілген  үлгі  кәртішкесінің  

пайдасы    көп.    Кіші    жастағы    балалардың    саусақ,    бұлшық  

еттері  әлсіз  болғандықтан,  жазулары  әлсін-әлсін  бұзылып,  

әріп    элементтерін    дұрыс    сала    алмай    қиналды.    Міне,  

осындай  кездерде  балалар  осы  үлгі  кәртішкелерге  қарап  

жазып,  жазуларын  түзетуге  мүмкіндік  алады.                      

Сабақ    кезіндегі    сергітуге    арналған    ойындардың  

кейіпкерлері  –  «Дымбілмес»,    «Бауырсақ»,    «Алдар  көсе»,  

тағы    басқалар  –  оқушыларды    оқу    еңбектерін    жеңілдетіп,  

күшін  жинауға,  сөйтіп  әрі  қарай  ой  еңбегін  жалғастыруға  

көмектеседі.    Сонымен    сабақта    тақырыпқа    байланыстыра  

пайдаланылған  көрнекіліктен  ұтарымыз  көп.  

Бастауыш  сыныптарда  тіл  дамыту  – оқушылардың  сөз  

байлығын  молайту,  дұрыс  сөйлеуге  үйрету.  Бұны  мен  шамам  

жеткенше  әр  сабақта  әрбір  тақырыппен  аралас  жүргіземін.  

Тіл    дамыту    жұмысының    нәтижесінде    оқушылардың    сөз  

байлығы    молайып,    олар    тілдің    фонетикалық    жүйесін  

меңгереді.    Оқушылар    бастауыш    сыныптардан-ақ    сөйлеу  

мәдениетін    игере    бастайды.    Сөздерді    дұрыс    айту,    жаза  

білу –  тіл  мәдениетінің  басты  талаптарының  бірі.  Өйткені,  

шын    мәнісінде,   сөздердің    айтылуы    мен    жазылуы    бірдей  

бола    бермейді.    Мен    оқушыларымды    өз    ойын    толық  

баяндай  білуге  үйретемін,  байланыстырып  сөйлеу  дағдысын  

қалыптастырамын. 




142

143


Сөздік    жұмысы    да,    көрнекіліктермен    жұмыстары    да  

оқушыларды    байланыстырып    сөйлеуге    даярлайды.    Тиісті  

затты  көзбен  көру,  қолмен  ұстау  немесе  суретін  көрсету  

арқылы    жүргізілетін    сабақ    есте    жақсы    сақталады.  Тіл 

дамыту және сөйлеу әрекеті – орыс мектебіндегі қазақ тілі мен 

әдебиеті  пәнінің  негізгі  нысандарының  бірі.  Оқу  барысында 

оқушының тілін дамыту қарқынды сипат алады. Тіл дамыту 

ұғымы  ғылыми-әдістемелік  тұрғыдан  алғанда,  мұғалім  мен 

оқушылардың тілді меңгеруге бағытталған арнайы оқу әрекеті  

болып табылады. 

Сабақ  үстінде  оқушылардың  тілін  ұстартуда  сабақты  құрғақ  

сөзбен    түсіндіргеннен    гөрі,    көрнекі    құралды    пайдаланып  

түсіндірген    тиімдірек    екенін    өз    тәжірибемнен    жақсы  

білемін.  Сабақты  көрнекі  құралдар  арқылы  түсіндіргенде  

оқушыларымның  тоқсан  бір  пайызы  түсінсе,  ал  тек  құрғақ  

сөзбен    түсіндіргенде    жиырма    төрт    пайыз    ғана    түсінді.  

Осыған  орай,  орыс  мектебінде  қазақ  тілінің  әрбір  сабағын  

көрнекі  құралдарды  пайдалана  отырып  өткізгенді  жөн  көрдім.  

Олардың  түрі,  көлемі,  аз-көптігі  сабақ  тақырыптарына  қарай  

бөлінеді.  Кейде  оқулықтың  өзіндегі материалдарды үлкейтіп  

пайдалануға  да  болады.  

Көрнекі    құралдармен    өткен    сабақтың    тиімділігі:                               

а)  материалдарды    түсіндіруде    мұғалім    көп    қиналмайды; 

ә)  оқушылар  жана  сабақты,  материалды  оңай    қабылдап, 

тез  меңгереді; б) сабақты  түсіндіру  арқылы  оқушылардың  

ынтасы  артады; в) тіл  ұстарту  жұмысы  еркін  жүргізіледі;          

г) сыныпта  басы  артық  шу,  әңгіме  болмайды.

Балалардың    сөздік    қорын    байытып,    тілін    дамытудағы  

тиімді  жолдардың  бірі – суретпен  жұмыс.  Бұл  туралы  ұлы  

педагог  К.Д.Ушинский  былай  дейді:  «Егер  де  балаға  сөз  

үйретуге  қиналатын  болсаңыз,  сыныпқа  кірерде,  мазмұны  

жағынан    балаларды    сөйлеуге    ынталандырардай    бірнеше  

сурет  ала  кіріңіз.  Олар  сіздің  суретіңізді  көрісімен,  өздері  де  

сөйлеп  қоя  береді.  Сонда  сіз  өзіңіздің  үйрететін  сөздеріңізді  

олардың  қиыншылықсыз  үйренгенін  білмей  де  қаласыз».

д)  сурет    арқылы    жаңа    сөздің    мағынасын    түсіндіруге  

болады.  Мысалы,    төменгі    сыныпта    жаңа    заттың    атын  

білдіретін    сөздер    көбіне    оның    суретін    көрсету    арқылы  

меңгертіледі.

е)  сурет    арқылы    екі-үш    сөзден    сөйлем    құрай    алады;                     

ж) оқиғаға  құрылған  сурет  бойынша  оқушыға  заттың  атын,  

түсін  ататқыза  отырып,  қимылына,  көрген-байқағандарына  

байланысты  сөйлем  құрғызып,  әңгіме  айтқызуына  болады; 

з) мәтін  мазмұнына  байланысты  берілген  суреттер  мәтінде  

баяндалған  оқиғаны  көзге  елестету  арқылы  оның  мазмұнын  

түсіндіруге  мүмкіндік  жасайды.

Оқиғаға  құрылған  сурет  бойынша  әңгімені  мен  мына  

түрдегі  жоспармен  жүргіземін:

а)  таныс    емес    заттың    түсін,    қимылын,    тағы    басқа  

әрекетін  білдіретін  сөздер  болса,  оқушылардың  түсіндірме  

сөздіктеріне  жазғызамын;

ә) суреттің  мазмұнын  ашатын  жетекші  сұрақтар  беріп,  

жауап  алу.  

Қатесі    болса,    оқушыларды    қатыстыра    отырып,    сурет  

бойынша  әңгіме  жүргізгенде,  бала  одан  көргені,  байқағаны  

бойынша  еркін  әңгіме  құра  алады,  өз  жанынан  сөз  қоса  

алады.  

Мұндай   суреттер  арқылы  әңгіме  құрғызып,  жаттықтыру  

жұмысын  жүргізу  балалардың  байқағыштығын,  логикалық  

ойын,    сөйлеу    тілін    жетілдіре    түседі.    Сонымен      сабақта  

сурет  көрнекілігін  пайдалану  

– 

жеке  сөздерді  танудан  бастап  



сөйлем  құрауға  /жеке  суреттерден/,  жүйелі  сөйлеуге  /оқиғаға  

құрылған  суреттер  арқылы/  баулуға  мүмкіндік  туғызатын  ең  

ұтымды  жол  болып  есептеледі.

Қойылған  мақсатқа  жетуде  оқыту  үдерісін  оңтайланды-

рудың маңызы зор, өйткені, ол сабақтың білімділік, тәрбиелік 

және  дамытушылық  міндеттерін  кешенді  жүзеге  асыруды 

көздейді. Оқушылардың сабақ үстіндегі белсенділігі сөз жоқ, 

олардың  ынтасына  байланысты.  Ол  үшін  әр  сабақты  көркем 

жасалған  көрнекілікпен  және  дидактикалық  қызғылықты 

мысалдармен қамтамасыз ету  керек деп есептеймін.




144

Бас редакторы –  Гүлзия БОЛАТБАЙҚЫЗЫ. 

“Ұлағат”  екі айда бір рет шығатын республикалық 

ғылыми-психологиялық және педагогикалық басылым.



Құрылтайшы және шығарушы: “Қазақ тілі мен әдебиеті”  

және “Ұлағат” жауапкершілігі  шектеулі серіктестігі.



    Компьютерде теріп, беттеген – Жанар СЕЙДУЛЛАҚЫЗЫ.

Қолжазба қайтарылмайды. 

Авторлардың мақалаларындағы ой-пікірлер

редакцияның көзқарасын білдірмейді.



Жұрнал Қазақстан Республикасының Мәдениет, 

ақпарат және спорт министрлігінің Ақпарат және 

мұрағат комитетінде тіркеліп, оған 2005 жылдың тамыз 

айының 25-і күні Бұқаралық ақпарат құралын есепке 

қою туралы №6552-Ж Куәлігі берілген.

Басуға 04.12.2014 ж. қол қойылды. Пішімі – 84х108 1/32.

Офсеттік басылым. Әріп түрі – Times New Roman.

Шартты басылым табағы – 9.0.

Есептік баспа табағы – 8.68. Таралымы – 420.

Бағасы – келісімді. ИНДЕКСІ – 75821.



Мекен-жайымыз: 050009, Алматы қаласы, 

Гайдар көшесі, 123-үй. Қарасай батыр қиылысы.

Бас редактордың қабылдау бөлмесі және 

бөлімдер:    268-32-48. Факс:  243-15-53.   

Электрондық пошта: kazulagat@mail.ru

Басылатын жері – ЖК Асубаев С.Ш.

РЕСПУБЛИКАНСКОЕ НАУЧНО-ПСИХОЛОГИЧЕСКОЕ

 И ПЕДАГОГИЧЕСКОЕ ИЗДАНИЕ ТОВАРИЩЕСТВА 

С ОГРАНИЧЕННОЙ ОТВЕТСТВЕННОСТЬЮ 

“ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ” ЖӘНЕ “ҰЛАҒАТ”

© «Ұлағат», №6, 2014 ж., 144 бет, Алматы.

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Document Outline

  • _GoBack
  • _GoBack
  • _GoBack

жүктеу 0,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау