72
73
«Тыңдап отырған
бестік» ойыны.
Ұйымдастыру:
Оқушылар бесеуден
отырады, екеу-
екеуден қарсы, ал
біреуі сәл алшақта
– сөйлесуге
қатыспайды, бірақ
бақылайды.
Жаттығудың
сипаттамасы:
Оқушылар топта
бесеуден отырады.
Әр оқушы
сөйлеуші, сұрақ
қоюшы және
жазып алушы рөлін
атқарады.
Сөйлеуші бір
нәрсені айтады,
сұрақты түсіндіреді
немесе пікірін
білдіреді. Сұрақ
қоюшы көмектесіп
айтып отырады
және түсініктеме
беруді сұрайды.
Жазып алушы
қажетті жерлерін
түртіп алып,
әңгіме соңында
қорытынды береді.
Келесі жолы рөлдер
ауысады.
Өлшемдер
бойынша бағалау.
Сұрақты ұстап
ал!
Мұғалімнің
сұрақтарына жауап
беру.
1. Сенің отбасың үлкен
бе?
2.
Отбасыңда қанша
адам бар? 3. Сенің ата-
анаң қай жерде жұмыс
істейді?
Оқушылар
ойынның шарты
бойынша жүреді.
4. Сенің әпкең, ағаң,
інің, сіңлің
(қарындасың) бар ма?
5. Олар неше жаста?
6. Олар не істейді?
Жұппен
жұмыс.
Мұғалім оқушыларға
жұппен тапсырма
береді.
№1. Сұрақтарды
аударыңдар:
1. Как тебя зовут?
2. У тебя есть бабушка
и дедушка?
3. Чем они занимаются?
Сыныптағы
оқушылар екі-
екіден отырады.
Әр оқушы өз
тапсырмасын
алады. Дайындыққа
5-7 минут уақыт
беріледі.
Жұп сұрақтарды
аударады.
4. Сколько лет твоему
отцу?
5. Где он работает?
6. Сколько лет твоей
маме?
7. Как ее зовут?
8. У тебя есть братишка
(сестренка)?
9. Что они делают?
10. Где ты живешь?
№2. Сөйлемдерді
аяқтаңдар.
1. Менің.....
2. Менің.....
3. Олар....
4. Әкем......
5. Ол......
6. Анам...
7. Оның........
8. Менің.......
9. Олар........
10. Мен.......
Соңынан бірін-бірі
тексеру үшін жауап
үлгісін таратады.
Жұп сөйлемдерді
аяқтайды.
Содан соң
оқушылар
бір-бірінің
тапсырмасын жауап
үлгісі бойынша
тексереді.
үй тапсырмасын
беру. (2 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушының
іс-әрекеті:
74
75
Сөздерді жаттау. Сызба
бойынша
мәтінді
әңгімелеу.
Үй тапсырмасын
білу, түртіп алу.
Бағалау.
(4 мин.)
Мұғалімнің
іс-әрекеті:
Оқушының
іс-әрекеті:
Формативті бағалау.
Рефлексия.
(2 мин.)
Мұғалімнің
іс-әрекеті:
Оқушының
іс-әрекеті:
Сабақ бойынша кері
байланыс парағы
арқылы «Бүгінгі сабақ
саған ұнады ма?»
тақырыбында жауап
алу.
Сабақ қаншалықты
қиын болды?
Бүгінгі сабақтың
соңында қандай
сезімде болдым?
деген сұрақтарға
жауап береді.
Гүлсара ҚАЛИЕВА,
Шығыс Қазақстан облысының
жетім балаларға арналған
арнайы мектеп-интернатының
жаратылыстану және география
пәнінің мұғалімі.
ЖАПЫРАҚ
(7-сынып)
Мақсаты: білімділік – өсімдікті жапырағының
құрылысына қарай тануды игерту. Жапырақ
туралы мағлұмат беру, жапырақтың моделін ұсыну;
дамытушылық – өзіндік жұмыстар арқылы ойларын
жинақтау, жапырақтарды тікелей бақылау, салыстыру
және олардың негізгі белгілерін анықтау арқылы ойлау,
сараптау, қабілеттерін дамыту; тәрбиелік – туған
жердің табиғатын сүюге, оны қорғауға, қадірлеуге
тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ.
Көрнекіліктер: гербарий, тірек-сызба, бейне
материал, үлестірмелі материал, жапыраққа байла-
нысты кестелер.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. ПП бағыт беру.
Сабақ классикалық музыка әуенімен басталады.
«Жерде тудың. Сонау көне заманнан,
Жазда, қыста бар уақытта мәпелеп
Жер өзіңнен нәр алған!
Жерде тудың. Ие болып сенімге
Қорғауға оны міндеттісің тегінде.
Қорға бәрін: орман, суын, ауасын
Қалсын сенің ізіңде».
Бұл өлең жолдарынан не түсіндіңдер?
Бұл өлең жолдарынан әрбір адам өз туған жерінің
орманын, суын, ауасын қорғай білуі керек екенін
түсіндік.
- Дұрыс, балалар.
Мақсаттық бағыт беру:
Осы өлеңде айтылғандай, біздің бүгінгі сабағымыз
екі бөлімнен тұратын болады. Бірінші бөлімінде: біз
«Тамыр» тақырыбы бойынша қайталау жүргіземіз.
76
77
Тамырдың құрылысы, жүйесі, өсімдік өміріндегі
маңызы туралы білімдерімізді еске түсіріп ортаға
саламыз.
Ал, екінші бөлімінде біз сендермен жапырақтың
сыртқы құрылысымен танысамыз.
«Әрбір адам өзі туралы із қалдыру үшін бір ағаш
отырғызу керек екен».
Біз сендермен сынып бөлмесіне арнап, гүлзарларға
талай гүлдер отырғыздық, олар міне өніп-өсіп,
көзімізді қызықтырып әсемдік беріп тұр. Бүгін, сабаққа
арнап мен ғажайып жас шыбық алып келдім. Оны
сабақтың басында отырғызып, сабақ бойы барлық
тапсырмаларды дұрыс орындасақ, ол сабақтың аяғында
үлкен жайқалған бәйтерекке айналады. Ал бәйтерек деп
халықта алып ағашты айтады. Бәйтерек ағашы – тек
жақсылықты тілейтін қасиетті ағаш. Мен де сендерге
сабақ барысында тек қана жақсылық тілеймін.
ІІ. Бірінші шыбықтың суретін ашу (Жаңа
отырғызған жас шыбық суреті)
Ал, енді, сабақтың бірінші бөлімі бойынша үй
тапсырмасын қайталайық.
1. Деңгейлер бойынша кәртішкелер тарату.
2. Өсімдіктің қай мүшесі жердің астында оны
топырақта қозғалмастай етіп ұстап тұрады?
Тамыр.
3. Тамырдың қандай түрлері болады? Шашақ тамыр
және кіндік тамыр.
4. Даражарнақты өсімдіктердің тамыры қандай?
Мысал келтіру. Даражарнақты өсімдіктерде шашақ
тамыр жүйесі болады. Бидай, арпа, сұлы.
5. Қосжарнақты өсімдіктердің тамыры қандай?
Қосжарнақты өсімдіктерде кіндік тамыр жүйесі
болады. Орамжапырақ, қызанақ.
6. Шашақ тамыр қандай тамырлардан құралған?
Шашақ тамыр көптеген қосалқы тамырлардан тұрады.
7. Кіндік тамыр қандай тамырлардан құралған?
Кіндік тамыр бір негізгі тамырдан тұрады.
8. Тірек-сызба бойынша жұмыс. Екі тамырсыз
өсімдік алу, оларға тиісті тамырларын орналастырып
келтіру.
9. Төртінші топқа өсімдіктің суретін алып
мүшелерін дұрыс орналастыру және атап беру.
Екінші суретті ашамыз. Қайталау жұмысын жақсы
орындадыңдар, сендердің дұрыс жауаптарыңнан
біздің жас шыбығымыз бойын өсіріп, бәйтерекке
айналыпты.
ІІІ. Жаңа тақырып.
- Ал, енді, бәйтерегіміз ары қарай да өсу үшін
сабағымыздың екінші бөліміне көшейік. Қанеки,
бәріміз өздеріңе таныс кестеге назар аударайық:
ӨСІМДІК МүШЕЛЕРІ
ТҰҚЫМ
ГүЛ
ТАМЫР
САБАҚ
Бір оқушы мүшелерді атап береді.
- Қандай мүшені жаңа атаған жоқпыз. Дұрыс, кестеде
жапырақ деген мүше жоқ. Бүгінгі сабақта әңгіме жапырақ
туралы болмақ. Бейне материалды пайдалана отырып
жаңа тақырыпты түсіндіру. Жапырақ өсімдіктің өсу
мүшесі. Жапырақ – жапырақ тақтасынан және жапырақ