64
65
1879 жылы
Торғай облысы
мектептерінің инспекторы
болып тағайындалады. Осы жылы «Қазақ
хрестоматиясы» атты кітабы шығады.
1879-1883
жылдар аралығы
Торғай, Ырғыз, Троицк, Ақтөбеде жаңа
мектептер ашады.
1881 жылы
Омбы қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі
ашылады.
1883 жылы
Торғай қаласында қолөнер мектебі ашылады.
1887 жылы
Ырғызда тұңғыш қыздар мектебін ашады.
1889 жылы 9
шілде (48 жас).
Дүниеден өтеді.
16-оқушы. Нұрсейіт Ильяс:
- Ағартушы Ыбырай Алтынсарин өзінің алғашқы
оқулығын жазған кездегі мақсатын хрестоматияның
алғы сөзінде көрсеткен, яғни: «Бұл кітапты
құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде
тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың
орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ
балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат,
жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын
көздедім...» деп тұжырымдаған. Өйткені хрестоматияға
Ыбырай өзінің педагогтық мақсатына лайықтап жазған
тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелерін,
өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, сондай-ақ орыс
педагогтері мен айтулы орыс қаламгерлерінен аударған
шығармаларды енгізген еді.
Ұлы педагогтың шығармаларын мына кесте
бойынша талдап өтейін:
Өлеңдері
Аудармалары
ӘҢГІМЕЛЕРІ
Еңбек
тақырыбы
Тәрбие
тақырыбы
Махаббат
тақы-
рыбы
«Кел,
балалар,
«Қайырымды «Өрмекші,
құмырсқа,
«Қыпшақ
Сейітқұл»;
«Аурудан
аяған
оқылық!»;
«Ананың
сүюі”;
«Өзен»;
«Жаз»;
«Өнер-
білім бар
жұрттар»;
«Бұл
кім?»;
т.б.
түлкі»;
«Қарға мен
түлкі»; «Екі
шыбын».
(И.А.
Крыловтан)
қарлығаш»;
“Бай баласы
мен жарлы
баласы”,
“Әке мен
бала”;
«Атымтай
Жомарт»,
«Асыл
шөп», т.б.
«Талап-тың
пайдасы»;
«Бақша
ағаш-
тары».
күшті-
рек»;
«Мейі-
рімді
бала»;
«Жаман
жолдас».
17-оқушы. Ыбырай өлеңдерін жатқа оқиды.
18-оқушы. Абжалов Нуридин:
- Қазақтың әйгілі ағартушысы, талантты ақын,
балалар жазушысы Ыбырай қазақ балалары үшін
мектептер ашты, оның жазған өлеңдері мен әңгімелері
балаларды өнерлі, білімді болуға, еңбекті сүюге
тәрбиелейді.
Мен Жарасқан Әбдірашевтің «Ұлы ұстазға
шәкіртпіз» атты өлеңін арнаймын:
«Ұлы ұстазға шәкіртпіз»
Жырын жаттап жатамыз,
Жалықпастан қыс-жазы.
Ұлы Ыбырай атамыз –
Ұстаздардың ұстазы.
Оқығаннан кезінде –
Озған алғаш сол екен!
Мектептердің өзін де,
Ашқан алғаш сол екен!
Ұран тастап көп елге:
«Кел, балалар, оқылық!»
Деген сөзін көңілге,
«Ықыласпен тоқыдық».
Бұларды да мектепте,
66
67
Білдік алғаш оқып біз.
Ұлы болып кетсек те,
Ұлы ұстазға шәкіртпіз.
ІІІ. Топтастыру –
тұжырым стратегиясы.
Мұғалім сөзі (2 мин):
- Біздің бүгінгі сабағымызға арқау болып отырған,
ұлылардың өшпес бейнелері мен олар салған сара
жолдары туралы айтылған ұлы сөздерге зер салайық:
Шоқан туралы:
Ыбырай туралы:
Абай туралы:
Н.И.Веселовский:
«Шоқан Уәлиханов
– шығыстану әлеміне
құйрықты жұлдыздай
жарқ етіп шыға
келгенде шығысты
зерттеуші ғалымдар
оны ерекше құбылыс
деп мойындады».
«Оренбургский листок»
газеті:
«Ы.Алтынсарин – қазақ
арасынан шыққан
тұңғыш кемеңгер адам
еді, ол қараңғы халқының
ішіне Еуропалық
мәдениеттің жарық
сәулесін таратты».
М.Әуезов:
«Абай –
қазақтың
классикалық
поэзиясының
шұғылалы
шыңы».
2-тур: «Кім жылдам?» (3 мин).
(Интерактивті тақта, слайд арқылы көрсету).
1. Шоқанның шын есімі кім? (Мұхамедханафия).
2. Қырғыз елін зерттеу экспедициясына қай жылы
қатысты? (1836 ж).
3. Шоқан 1858 - 1859 ж. қай жаққа саяхатқа шықты?
(Қашқарияға).
4. Өлеңді жалғастыр.
Біз надан боп өсірдік
Иектегі сақалды,
«Өнер – жігіт көркі» деп
Ескермедік мақалды ...
Біз болмасақ, сіз барсыз
Үміт еткен...
(достарым,
Сіздерге бердім батамды).
5. Ы.Алтынсариннің ата-анаға қатысты жазған
әңгімелерінің бірін ата? («Әке мен бала»).
6. Ы.Алтынсарин кімдерге арнап училище ашты?
(Мұғалімдерге арнап училище ашты).
7. Абайдың ғашығының аты кім? (Тоғжан).
8. Абай қанша жасында өмірден өтті? (59 жасында).
9. Абайдың қанша қара сөзі бар? (45 қара сөзі бар).
10. Өскенбай Абайға кім болып келеді?
(Атасы).
3-тур: «Ойлан, тап!» (3 мин).
(Интерактивті тақта, слайд арқылы көрсету).
1. Ыбырай Алтынсариннің “Қазақ хрестоматиясы”
қай жылы жарық көрді? (1879 ж.).
2. Пушкиннің табиғатты жырлау дәстүрін
жалғастырған кім? (Ы.Алтынсарин).
3. Абайдың “Ескендір” поэмасы қай патшаны
суреттейді? (А.Македонский).
4. Шоқан қырғыз халқының қандай дастанын орыс
ғалымдарына таныстырды? (Манас жыры).
5. Шоқан қазақ өлеңдерін түр жағынан нешеге бөлді?
(5 түрге – жыр, жоқтау, қара өлең, қайым өлең, өлең).
6. Шоқан кадет корпусын қай жылы тәмамдады?
(1853 жылы).
7. Абайдың шын есімі кім? (Ибраһим).
8. Абайдың ғылым жолына түсіп, білім алуға
шақырған өлеңін ата? («Ғылым таппай мақтанба!»).
9. Кейіптеу Абайдың қай өлеңінде кездеседі?
(«Қыс» өлеңі).
ІV. Өтілген оқу материалын бекіту.
ІІІ. Ой-толғаныс.
4-тур: Шығармашылық жұмыс (6 мин).
1. Абай ауылына: