ҰЛАҒат қараша



жүктеу 0,85 Mb.
Pdf просмотр
бет13/29
Дата24.05.2018
өлшемі0,85 Mb.
#16814
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29

56

57

Ағып өткен  найзағай,



Саналардың сағыныш тауын қопарған.

5-оқушы. Нұрсейіт Ратбек:

-  Шоқан  Уалиханов    жан-жақты  адам  болған, 

оның  ерекше  бір  қасиеті  саяхатшылық,  зерттеушілік 

жұмыстарының  арқасында  жазылып,  бізге  жеткен  

мынандай  еңбектерін  атап  өтуге  болады:  «Жоңғария 

очерктері”; 

“Манас”; 

“Ыстықкөл 

сапарының 

күнделігі”; “Алты шаһарға сапар”; «Қырғыздар туралы 

жазбалар»;  «Шығыс  Түркістан»;  «ХVІІІ  ғасырдың 

батырлары туралы тарихи аңыздар»; «Қырғыздың ата-

тегі» және тағы басқа еңбектері ғылыми тереңдігімен 

қатар,оқырманды 

баурап 

алатын 


көркемдік 

қасиеттерімен де құнды.

Шоқан 1858 жылы  Шығыс Түркістанға (Қашқарияға) 

сапарға  шыққан,  картадағы    қызыл  сызық  бойынша 

(Картамен жұмыс) әр елді мекендерге  саяхат жасап 

көрсетейін.



6-оқушы. Дүйсенов Бақберген:

-  «Алтышаһар  немесе  Қашқария  туралы»  атты 

еңбегінен  Қашқария  туралы  баяндап берейін:

Қашқария – үш жағы бірдей биік тау жоталарымен 

қоршалған,  төртінші  жағы  –  шығыс  жағы  Гоби 

даласымен  ұласып  жатқан  құмды  сахара.  Шекаралық 

тау жоталарының ішінде жол қатынасына қолайлысы – 

Тянь-Шань тауы.

Бұл  тау  арқылы  үш  жол  өтеді.  Таудан  талай  өзен 

ағып  шығады.  Осы  өзендер  болмаса,  бұл  құлазыған 

құнарсыз жерлер адам мекені бола алмас еді.

 Қытайдан Қашқарияға келетін жалғыз-ақ жол бар. 

Ол  бір  жақсы  өңделген  жол  және  оның  бойындағы 

елсіз  жерлерде  пошта  тасу  міндетін  атқаруға  тиісті 

қашқарлықтар мекендейді.

Ауа  райы  жақсы,  жергілікті  адамдарға  оның  таза 

ауасы қандай жақса, шетелдіктерге де сондай жағады. 

Қысы ұзақ болмайды, қары көп жатпайды.

Өлкенің минералдық байлықтары аз зерттелген, әйтсе 

де  алтын  және  мыс  кендері  бар  екенін  аңғартқандай 

белгілер кездеседі. Бұл елде жүзім, мақта, астық және 

бақша  өсімдіктері  егіледі.    «Алтышаһар»  халқының 

санын  анықтау  мүмкін  емес.  Қытайлардың  қала  деп 

санап  жүрген  ең  үлкен  қыстақтарының  өзінде  халық 

саны өте аз. Қашқар округының ең үлкен қыстақтары 

Файзабад пен Ханрықта небәрі 2 мыңға жуық үй бар. 

Қашқарлықтар мейірбан әрі бауырмал, жарқын мінезді, 

еңбекқор және мейлінше сыпайы халық болып келеді.



7-оқушы. Әбдіхан Сейілхан:

-  «Халықтың  дұрыс  өсіп,  дамуы  үшін  ең  әуелі 

бостандық  пен  білім  керек»,-  деп  халықтың  жарқын 

болашағы  үшін  жас  ғұмырын  сарп  еткен  қазақтың 

тұңғыш  ғалымы  Шоқанның  арманы  бүгінгі  күні 

орындалды. Еліміз тәуелсіздігін алып, білім мен ғылым 

жолында құлашын кеңге жайып келеді.

«Кімде-кім  мәдениетті,  білімді  адам  боламын,  сол 

арқылы  өз  еліме,  өз  Отаныма  бір  пайда  келтіремін 

десе, Шоқанның өмірі мен ісінен үлгі алуы керек,»- деп 

ойлаймын.



2-топ. Абай ауылы (8 мин). 

8-оқушы. Мады Әйгерім:  

-  «Абайды  таныту  арқылы  біз  Қазақстанды  

әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай 

әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс».     

                                                 Н.Ә.Назарбаев.  

Абай  Құнанбайұлының  өмір  жолына  арналған 

хронологиялық кесте:



58

59

10 тамыз 



1845 ж.

Туған кездегі  есімі: Ибраһим  Құнанбайұлы.

 Қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында 

Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт 

әйелінің бірі, екінші әйелі Ұлжаннан туған.

Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі 

Олжай батырдан басталады.

1855-1858 

ж.

Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын 



ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі 

Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл медреседе араб, 

парсы тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін 

еді. Медресенің үшінші жылында Абай Семей 

қаласындағы “Приходская школаға” да қосымша 

түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Бірақ бұл оқуын 

әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан соң, оның 

мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады.

1858 жылы

 13 жастағы Абай ел ісіне араласады. Абай әке 

қасында болған жылдарда атқа мінер би-болыстардың 

қулық-сұмдықтарын, қазақ даласына ыдырай 

бастаған феодалдық-рулық қатынастардың кереғар 

қайшылықтары мен  кіріптар еткен әлеуметтік 

теңсіздіктің зардаптарын, аштық пен жалаңаштықты, 

патриархалдық, кертартпа салт-сана, әдет-ғұрып 

заңдарының залалдарын айқын түсінді.

  1876-1878 

жылдары

Патша үкіметінің отаршылық саясаты мен парақор 



орыс әкімдерінің жергілікті би-болыстардың арамза 

әрекеттерін айнытпай танып, көкірегінде жиіркеніш 

сезімі оянып, соларға қарсы күресуге бел буды,  «елге 

пайдалы, адамгершілігі бар, әділ басшы болсам ғана 

жақсы адам боламын” деген тұжырымға бекіді. Осы 

мақсатпен болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады да, 

1876-1978 ж. Қоңыр-Көкше еліне болыс болады. Бұл 

жылдары Абай өз қолындағы билікті пайдаланып, 

әділдік таразысын тең ұстауға күш салды. Әлсізге 

зорлық көрсеткендерді, ұрлық жасағандарды қатты 

жазаға тартып, халық қамқорына айналды.

 1870-1880 

жылдары

 Ақын саяси қызметі үшін 1870 жылдары Петербургтен 



Семейге айдалып келген Михаэлиспен, 80-жылдарда 

орыс демократтары Н.И.Долгополов, А.А.Леонтьевпен 

танысады. Бұл озық ойлы азаматтардың Абайдың 

саяси-әлеуметтік көзқарасына игі ықпал тигізгені 

сөзсіз.

 1880-1998 



ж. 

 Абай өлең жазуды 10 жасында (“Кім екен деп келіп 

ем түйе қуған…”) бастаса, өз өлеңдерін  шығаруды 

шамамен 1880-1997 ж. аралығында көбірек қолға 

алған. Өлеңдерін әркімдердің атымен таратып, Көкбай 

атынан бастырған ақын жазған өлеңдерін “жинауды” 

шәкірттеріне 1896 ж. ескерткен. Ал қара сөзбен 

жазылған ғақлия-өсиеттерін 1890-98 ж. аралығында 

қолға алған.

Қызметі: 

ақын, ағартушы, философ, композитор, саяси 

қайраткер.

Ата-анасы:

 Әкесі: Өскенбайұлы Құнанбай.

Анасы: Ұлжан.  Әжесі: Зере.

Қайтыс  


болған  

жері:    

6 шілде 

1904 ж.


 (58 жас). 

 Семей облысының Шыңғыс тауларында  Қарқаралы 

жерінде дүниеден озды. 

9-оқушы. Ахмеджан Нұржан:  

-  Ақынның  арғы  тегі  Орта  жүз  Тобықты  Арғын 

ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, 

Қайдос,  Жігітек  есімді  3  ұрпақ  тарайды.  Бұлардың 

әрқайсысы  кейін  бір-бір  рулы  ел  болып  кеткен. 

Айдостың Айпара деген әйелінен: Ырғызбай, Көтібақ, 

Топай, Торғай, деген 4 ұл туады. Бұлардың әкесі момын, 

шаруа  адамы,  ал  шешесі  өткір  тілді,  өр  мінезді  әйел 

болған. Сол Айпара балаларына:

«Шынжыр балақ, шұбар төс, Ырғызбайым,

Тоқпақ жалды, торайғыр, Көтібағым,

Әрі де кетпес, бері де кетпес, Топайым,

Сірә да  оңбас, Торғайым...»

Ана  айтқанындай,  шынында,  бұлардың  ішінде 

Ырғызбай  ортасынан  оза  шауып,  ел  басқарған. 

Ырғызбайдан  Үркер,  Мырзатай,  Жортар,  Өскенбай 




жүктеу 0,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау