52
53
2-кезең: «Кім жылдам?»
3-кезең: «Ойлан, тап!»
4-кезең: Шығармашылық жұмыс.
ІІ. Мағынаны тану стратегиясы.
1-тур: үй жұмысы.
(Әр топ оқушылары берілген тапсырма бойынша
үй жұмысын өздері қорғайды. Әр тақырып бойынша
жасалған хронологиялық кестені қолданады).
1-топ. Шоқан ауылы. (8 мин).
1-оқушы. Әбдіхан Сейілхан:
- Бұл күнде аты мәшһүр дана Шоқан,
Өр тұлға, кесек ойлы дара Шоқан.
Қазақтың аспанында жұлдыздай боп,
Жарқырап ағып өткен баба Шоқан!
(Маман Ементаев).
«Намысқойлық – қазақ халқының қозғаушы ұлы
күші. Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін,
ең алдымен, азаттық пен білім керек» деп жазған
Ш.Уәлихановтың сөзі бүгінгі таңда егеменді елдің
ұрпақтарына үлкен рух, сенім, күш береді.
Біз, қазақ аспанында құйрықты жұлдыздай жарқ
етіп, қысқа ғұмырында халқына өлмес, өшпес мұра
қалдырған қазақтың біртуар ғалымы Ш.Уәлихановтың
өмірі мен шығармашылығына байланысты «Шоқан
кім?» деген сұрақ төңірегіндегі ойымызды кезек-
кезегімен талдап көрсетейік:
2-оқушы. Әсілбек Ажар:
- Шоқан есімі қайдан шықты? Қазақ арасында өте көп
оқыған адамдар шағатай, яғни, ертедегі түрік тектілердің
әдеби тілімен сөйлеген. Олар хат жазса, «шұ», «ұшбұ»-
деп жазған. Шоқанның ата-анасы оның мінезіне қарап
осы «хан» болады деп біліп, баласын еркелетіп,
«Шағатай тілі мәнерімен», «Шұхан» деп атаған. Сол
Шоқан болып кеткенге ұқсайды. Мұхаммед-Ханафия
– кей ресми құжаттарда ғана жазылатыны болмаса,
ол бүкіл ғұмыр кешкен ортасына, заманына Шоқан
есімімен танылды, жаһан ғылымының биіктеріне,
туған халқының жарқын болашағына ұлы Шоқан
болып, Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов болып атанды.
«Шоқан тек бір мамандықты ғана жақсы білетін ғалым
емес, ол әр жақты ғалым»,- деп профессор, зерттеуші
ғалым Қ.Жұмалиевтің айтқан пікіріне қосыла отырып,
Шоқанның ғылымның қай саласында да өзіндік орыны
бар қазақтың тұңғыш ғалымы екенін дәлелдейік.
Біз үшін Шоқан қандай адам және ол кім?
Шоқан кім?
1. Географ – саяхатшы.
2. Аудармашы.
3. Тарихшы.
4. Суретші.
5. Социолог.
6. Публицист.
7. Құқықтанушы,
реформатор.
8. Этнограф.
9. Ағартушы-демократ.
10. Философ.
11. Әскери білімді офицер.
12. Талантты ғалым.
13. Әдебиет зерттеуші,
филолог.
3-оқушы. Көмекбай Ұлбала:
- Мен, Шоқан Уәлихановтың шыққан тегі кім? деген
сұрақ қою арқылы бастап, олардың қазақ тарихында
алатын орыны қандай екен бәріміз талдап көрейік:
Тегі төре тұқымынан шыққан.
Арғы атасы – Абылай хан. Оның үлкен ұлы Уәли –
Шоқанның бел атасы.
«Тектіден текті туар қайталанбас».
54
55
Абылай хан → Уәли хан → Шыңғыс →
1. Шоқан
2. Жақып
3. Әбілмақыжан (Мақы)
4. Мақымет
5. Сақыпкерей (Қазеке)
6. Нұрмұхамед
Шоқан Уәлихановтың өмір жолына арналған
хронологиялық кестеге назар аударайық және саралап
көрейік:
1835 жылы
қараша айында
Шоқанның азан шақырып қойған аты
Мұхаммед-Ханафия Шыңғысұлы Уәлиханов
қазіргі Қостанай облысы, Құсмұрын бекінісінде
дүниеге келген.
1847-1853
жылдары
Құсмұрындағы ауыл мектебінде оқып, хан
тұқымының дәстүрі бойынша араб, шағатай
тілдерін жақсы меңгереді. Омбы Кадет
корпусында білім алған.
1853 жылы
Омбы генерал-губернаторы Г.Х.Гасфорттың
адьютанты болып қызмет етеді.
1854 жылы
Жетісу, Шығыс, Орталық Қазақстан өлкелерін
аралап, саяхатқа шығады.
1856 жылы
Шоқан Қырғыз еліне, Ыстықкөл аймағына
сапарға шығады.
1858 жылы
Шығыс Түркістанға (Қашқарияға) сапарға
шығады.
1857 жылы,
17 ақпанда
Орыстың императорлық географиялық қоғамына
толық мүше болып сайланды.
1859-1861
жылдың
көктеміне дейін
Ресей мемлекетінің сол кездегі астанасы Санкт-
Петербургте тұрады.
1864 жылы
Генерал М.Г.Черняевтің әскери жорығына
қатысады.
1865 жылдың
сәуір айында
Талдықорған облысы, Кербұлақ ауданы,
Алтынемел жотасының етегінде Көшентоған
мекенінде дүниеден өтті.
4-оқушы. Бекеул Бақыткүл:
- Шоқан Уәлиханов әдебиет теориясының кейбір
мәселелерімен де шұғылданды, қазақ поэзиясының
жанр, түр, өлең құрылысын зерттеген. Қазақ өлеңдерін
ол 5 түрге бөлген, олар: жыр, жоқтау, қара өлең,
қайым өлең, өлең. Бұл жөнінде Т.Н.Потанин: «қазақ
халқы оның жазғандарын оқыса, Шоқан өз халқының
данышпаны болар еді және өз елінің әдебиетін
өркендетуге негіз сала алар еді»- деп айтқан еді. Шоқан
әдебиет теориясын үш түрге бөлді:
1. Поэзия жанры, түрі.
2. Өлең құрылысы.
3. Аңыз-әңгімелер.
Шоқанның жазып қалдырған еңбектері біз үшін
алтын тұғырмен тең, теңдесі жоқ қазына, атап айтсақ:
“Қазақ халық поэзиясының түрлері жөнінде”.
“Қазақ шежіресі”.
“Сот реформасы жайында хат”.
“Қырғыздар туралы жазбалар”.
“Іле өлкесінің географиялық очерктері”.
“Ұлы жүз туралы”.
Сөзімнің аяғында, Е.Ибраһимнің «Аққан жұлдыз»
атты өлеңін «бабам Шоқанның рухына» арнаймын:
Аққан жұлдыз атаныпсың,
Жан бабам!
Ғасырлардан ғасырларға самғаған.
Сорғалапсың қараңғыда тұңғиық,
Тамғандай-ақ ғарыштағы таңбадан.
Асыл бабам,
Аққан жұлдыз атанған,
Аққан жұлдыз,
Лапылдаған от-арман,
Аққан жұлдыз,