Менің отбасымның тарихы
Мен соғысты көргенім жоқ,
Көргім де жоқ, көрмедім.
Соғыс ойнын ойнайтынмын,
(балалардың ермегі)
Қару алып,
қан майданда,
Қас жауыма төнбедім,
Көрдім , бірақ,
жесірлердің, жетімдердің еңіреуін -деп ақиық ақын Мұқағали ағамыз
жырлағандай, бізде соғысты көргеміз жоқ.Бірақ көркем әдебиеттен оқып,
үлкендердің аузына , мектептегі ұстаздарымыздан естіп келеміз.
Соғыс миллиондаған адамдардың өмірін қиып, жүздеген қала мен елді мекендерді тып - типыл етті. Сөйтіп, соғыс әр үйге, әр отбасының өміріне жазылмас жараның ізін қалдырды. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтарының тарихындағы қасіретті бет қана емес, сонымен қатар ол халықтарымыздың теңдесі жоқ ерлігі мен қажыр - қайратының, бірлігінің дәлелі еді.
Осы сұрапыл соғысқа Қазақстаннан бір миллион жеті жүз мыңнан астам жауынгер қатысқан екен. Олардың басым көпшілігі ұрыс даласында қаза тауып, хабар-ошарсыз кетті.
Жиырма миллион үміт, тілек, қайғы, арман,-
Сонау жылы қайтпай қалған майданнан
әкелер мен ағалар.
Иә, әкелер мен ағалар майдан даласында етігімен су кешіп,Отанымызды жау қолына бермеу жолында табандылықпен күресе білді.
Ерлер есімі-еліміздің мәңгі есінде.Кір жуып, кіндік кескен жері үшін, аялап,әлпештеп өсірген елі үшін жанған отқа түсіп, жалын кешкен азаматтар естен шықпайды. Олар тарихта өшпес із қалдырды.
Теңдесі жоқ Ұлы Жеңісті жақындатып әкелді.
Сонау қиын-қыстау кезеңде қан майданға аттанған азаматтардың ішінде менің үлкен атам Өміртаев Малгаждар да болды.
1918 жылы Ақмола облысы, Қына ауылында дүниеге кеген атам алғашқыда арабша хат танып,кейін Ақсу орта мектебінде оқыған. Щучье қаласындағы сауда техникумында оқып,1939 жылы қыркүйек айында әскер қатарына алыныпты.Чероповец қаласындағы 34-ші атқыштар полкінде болып, Фин соғысына қатысқан.Фин соғысында олардың негізгі қарулары
атқанда 20-30 метрге жететін ДЗОТ кокушка екен.1940 жылы наурыз айында
Фин соғысы аяқталғанда, оларды Прибалтикаға жөнелтеді.1941 жылы маусым айында Литва арқылы Германия шекарасына қарай өткізіпті.
Бұл әңгімені атам Серік үлкен атамның аузынан естіпті.Атамның айтуынша 1941 жылдың 22 маусымы күні таңертең аспандағы ұшақтар сары масадай,атылған оқ жауған жаңбырдай болып, дүние астан-кестен болып кетіпті.
Литва, Латвияны басып алған фашисттер Эстонияға бет бұрғанда,атам
Малгаждар Эстонияны қорғауға ат салысқан.Бірақ басында жаудың күші
басым болған екен. Сондай бір ұрыста атам жараланып, жараланған жауынгерлермен бірге Балтық теңізі арқылы өмір мен өлімнің, саңырауқұлақша қаптаған минаның арасында,көптеген жауынгерлерінен айырылып,Ленинградқа жетіпті.Қоршауда қалған Ленинград қаласы...
Бірақ олар берілмеді.Жаудың жоспары орындалмады.
Осы кезде Жамбыл атамыз оларға жыр арнады.
Ленинградтық өренім,
Мақтанышым сен едің.
Нева өзенін сүйкімді,
Бұлағымдай көремін.
Жамбыл жыры халыққа рух пен күш қуат, жігер, келер күнге деген сенімділік
берді.
Атам Малгаждар алты жолдың тарауындағы Тихьин қаласы үшін шайқасқа қатысып,екі рет жараланыпты.Естелігінде жазып кеткендей,аштықта өлген аттың етін жеген кездері де болған екен.
Вологда қаласындағы госпитальда жатып, жарасы жазылған соң қайтадан майданға аттанады.Ленинград майданынан кейін,1943-44 жылдары 22-Украин ауданы, 4-ші артиллерия батальонында болған. Әскери атағы гвардияның аға сержанты.
Атамның ерліктері ескерусіз қалған жоқ. 1942 жылы 22 желтоқсанда «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен № 014391,1944 жылы «Қызыл жұлдыз» орденімен, «Ерлігі үшін» медалімен, І дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған.
Соғыс жеңіспен аяқталды.Теңдесі жоқ Ұлы Жеңіс. Бас иеміз саған!
Атам Жеңістен кейін 1946 жылы тамыз айында елге оралыпты.
Сол жылы менің әжем Зайдаға үйленеді.Олардың 2 ұл,5 қызы, 23немересі бар. Ал мен Ерлан атты немересінен туған, шөбересі Нұржанмын.
Бейбіт күнде де атам қажырлы еңбек етті.Еңбек ардагері,Кеңес саудасының үздігі атанды. Елге абыройлы, сыйлы болды.
Малгаждар атамның ұлы Серік, яғни менің атам да әке ізін жалғастырып қажырлы еңбек етіп, зейнеткер атанды. Өз әкем Өміртаев Ерлан «Қазақалтын» ААҚ жұмыс істейді. Ұрпақ сабақтастығы жалғасуда.
Мен қазір №1 Ақсу орта мектебінің 7-сыныбында оқимын. Осы мектепте менің аталарым, әкем, басқа да туыстарым оқып білім алған.
Мектебімізде «Соғыс және Еңбек даңқы» мұражайы жұмыс істейді Онда Ақсу өңірінен майданға аттанған жауынгерлер, олардың ерлік істері,марапаттары туралы мәліметтер бар. Сұрапыл соғыстан оралмаған боздақтардың аттары жазылған тақта қойылған.Осы мұражайда менің атам Малгаждар туралы да естеліктер жазылған.
Атам қазір оралмас сапарға кеткен. Ол менің дүниеге келгенімді көрген жоқ.Ал мен болсам, омырау толы ордендері мен медальдарын тағып,
мені жетектеп, Жеңістің 70 жылдық мерекесін тойлауға қатысып, мектеп оқушыларымен кездесуге келіп,соғыс өмірінен сыр шертсе деп армандаймын.
Ұлы Отан соғысында Жеңісті жақындатуға өз үлесін қосқан атамның ерлік
істерін мақтанышпен айта аламын.
Елімізге жоламай қанды соғыс қырғыны,
Құтты болсын Жеңістің 70 жылдығы.
Бойларына дарытып Майдангерлер ерлігін,
Ұмытпасын Отанды қорғаушылар шын мұны.
Қазір біз болашағы жарқын, бағыты айқын тәуелсіз елде өмір сүріп жатырмыз. Бүгінгі ұрпақ бұл азаттықтың қалай келгенін әрине, білеміз.
Аналар мен балалар жыламасын,ұлан ғайыр кең даламды соғыс өрті
шарпымасын.Бейбітшілік жасасын.
Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесі құтты болсын!
Достарыңызбен бөлісу: |