Кіріспе
Ұсталық-қалыптау жабдықтары бойынша зертханалық жұмыстарды орындау болашақ инженер-механиктерге: жабдықтардың конструктивті ерекшеліктерін талдауды, қажетті есептеулерді жүргізуді, жабдықтарды техникалық тұрғыдан тиімді пайдалану және жөндеуді, ұсталық-қалыптау цехтарында қолданыстағы машиналар мен агрегаттардың конструкциясын жетілдіруді үйретіп дағдылайды.
Көрсетілген зертханалық жұмыстарда кең тараған ұсталық-қалыптау машиналары: қосиінді баспақтар, гидравликалық баспақтар, соқпақтардың құрылымдарымен танысып есептеулер жүргізу қарастырылған.
Сонымен қатар аталмыш зертханалық жұмыстарда келесі тақырыптар талқыланған:
-типті ұсталық-қалыптау машиналарының жұмыс істеу принциптері, конструкциясы мен кинематикалық сипаттамаларының ерекшеліктері;
-ұсталық-қалыптау машиналарының қатаңдығы мен беріктігі;
-ұсталық-қалыптау машиналарының энергетикасы;
-зерттеу аппараттарын қолдану, тәжірибелер мен сынақтар жүргізу, эксперименталды нәтижелерді өңдеу.
Нұсқаулықтарда көрсетілген зертханалық жұмыстар металлургия кафедрасының зертханаларында орналастырылған белгілі жабдықтармен жұмыс істеу аталып көрсетілген. Жұмыс орындау алдында тәлімгерлер техникалық қауіпсіздік инструкциясын тыңдап, арнайы кітапшаға тіркелуі тиіс.
№1 Зертханалық жұмыс Ұсталық-илемдеу жабдықтарының құрылымы, жұмыс істеу принципі және қажеттілігімен танысу
1.1 Теориялық мәліметтер
Әрбір ұсталық-сығу машиналар өз құрылымында негізгі үш механизм: қозғалтқыш, тасымалдаушы және орындаушыдан тұрады.
Жеткізілген энергияны қабылдап, қозғалтқыш орындаушы және тасымалдаушы механизмдерінің кинетикалық энергиясына немесе жұмыс бөлігінің потенциялды энергиясына аударады (алмастырады).
Қазіргі ұсталық-пресстеуші машиналардың энергия тасымалдаушысы немесе жұмыс органы: бу, газ, сұйық денелер және электр тоғы болып табылады.
Жетек нысанына қарай жеке немесе топты деп екіге бөлінеді.
Тасымалдаушы механизмінің негізгі сипаттамасы – қозғағыш пен орындаушы органның арасындағы байланысын қалыптастырумен анықталады. Олардың арасындағы байланысатр қатаң механикалық немесе машина конструкциясындғы серіппелі элементтері және жұмысшы денелердің (бу, газ, сұйық, электромагнитті өріс) көмегімен іске асатын қатаң емес байланыс болуы мүмкін.
Кинетикалық (немесе потенциялдық) энергияның пластикалық деформацияның механикалық жұмысына өзгеруі орындаушы механизмдердің жұмыс органдарының (сырғыма, білік, айналма білік-ролик, иінтемір, траверса және т.б.) қозғалысы арқылы іске асады.
Жинақталған энергия өңдейтін өнімге сығу немесе соғу арқылы беріледі.
Ұсталық-пресс машиналарының жұмыс органдары:
а) қарымта-ұмтылмалы түзусызықты немесе қисықсызықты;
б) шайқалмалы;
в) айналмалы қозғалыстар жасауы мүмкін.
Тасымалдағыш арқылы өтетін байланыстардың түріне қарай жұмыс қозғалысы кезіндегі жұмыс органының жылдамдығының өзгеруі екі түрлі болады. Егер, қатаң механикалық байланыста анық белгілі мөлшерде берілсе, субьективті факторлармен өзгеруі қатаң емес байланыстарда байқалады.
Орындаушы механизмнің өңдейтін металға әсері үздіксіз немесе периодты болуы мүмкін.
Ұсталық–прессті машиналар өлшемді, мөлшерлі, түзулі, жылдамдықты, энергетикалық және массалық параметрлермен сипатталады.
Негізгі өлшем параметрлері, негізгі технологиялық өлшем параметрлері, жүру саны, массасы, энергетикалық параметрлері ең қажетті өлшемдер стандарттарында қарастырылып, құрылғының (машинаның) техникалық сипаттамаларының негізі болып табылады.
1.2 Жұмыс мазмұны
Ұсталық-илемдеу жабдықтарының құрылымы, жұмыс істеу принципі және қажеттілігімен танысу.
1.3 Материалдар, құрал-саймандар, жабдықтар
Қарапайым әсерлі бір қосиінді баспақ; гидравликалық баспақ, пневматикалық тоқпақ.
1.4 Жұмысты жүргізу барысы
1) Ұсталық-илемдеу жабдықтарының құрылымы, жұмыс істеу принципімен танысу.
2) Құрылғының негізгі үш механизмдерін анықтау.
3) Құрылғыға техникалық сипаттама жасау.
4) Құрылғының тағайындалуы мен қолдану облысын талдау.
1.5 Есеп мазмұны
1) Есепте машинаның толық атын, моделін, техникалық сипаттамаларын, кинематикалық немесе принципиалды кескінді, жұмыс істеу принципін және құрылымын қысқаша көрсетіп, қозғағыш, тасымалдағыш және орындаушы механизмдерін көрсетіп, қысқаша шешім қабылдау керек.
Бақылау сұрақтары
1 Ұсталық қалыптау жабдықтарында қозғау, жетектеу және орындау механизмдер нені сипаттайды?
2 Ұсталық қалыптау жабдықтар қандай параметрлерімен сипатталады?
3 Механикалық және гидравликалық баспақтар мен тоқпақтардың әсері немен негізделеді?
4 Механикалық және гидравликалық баспақтар мен тоқпақтар және ротоциялық машиналар қалай топтастырыланады?
№2 Зертханалық жұмыс Қосиінді, гидравликалық баспақтарымен тоқпақтарды төлқұжаттау
2.1 Теориялық мәліметтер
Ұсталық – қалыптау жабдықтарын толық және дұрыс пайдалану үшін олардың технологиялық мүмкіншілектерін білу қажет. Мүндай түбегейлі көрсеткіштерді жабдықтардың төлқұжатынан алуға болады. Машиналардың төлқұжаты технологиялық үрдісті және өнімділігің қарастыру кезінде жобалаушылар осы қалыптау жарақтарын әбзәлді жобалаған кездерде керек. Сонымен қатар конструкция жөніндегі мағлұматтар жөндеу және қызмет атқару кезінде қажет. Машина төлқұжаты: негізгі өлшемдер, ауытқу шектер, аутқу күштері және жұмыс күіндегі деформацияның ауытқу шегі сияқты мәліметтерден құралады.
2.2 Жұмыс мазмұны
Ұсталық – қалыптау жабдықтарын толық және дұрыс пайдалану үшін олардың технологиялық мүмкіншілектерімен танысу.
2.3 Материалдар, құрал-саймандар, жабдықтар
Рн = 100 кН күші бар К1120 қосиінді баспақ; өлшегіш құрал; сызғыш; штангенциркуль; слесар құрал-саймандары: гайка кілттерінің жинағы, балға, отвертка және т.б.
2.4 Жұмысты жүргізу барысы
1) Баспақтан қалыпты шешу.
2) «Баспақтың негізгі өлшемдері» бөлімін толтыруға қажетті мәндерді анықтау.
3) Баспақтың кинематикалық схемасын құрастыру.
4) Баспақты бөлшектеу:
а) қалып плитасын шешу, оның негізгі өлшемдерімен сүлбасын сызу, жоғарғы қалыптың сырғымаға бекіту орны мен столдың сулбасын сызу;
ә) шатун винтінің сулбасын сызып, сырғыма торабын жобалау;
б) баспақ айналмаларының қоршауын шешу, шкивті босату мен оларды өлшеу; қажеттілігінде олардын кинематикалық схемасын нақтылау;
в) маховикті шешу;
г) тежегіш пен муфтаның құрылымы мен түрімен танысу;
ғ) иінбілікті босатып оның сулбасын сызу;
5) төлқұжаттың белгілі бөлімдерін толтыруға қажетті есептемелерді орындау. Жұмыс жөнінде есеп жасау.
2.5 Есеп мазмұны
1) Қосиінді баспақтың төлқұжатының қажеттілігі мен тағайындалуы туралы қысқаша мәлімет беру.
2) «Төлқұжатты толтыруға қажетті нұсқауды» қолданып төлқұжаттың барлық бөлімін толтыру.
3) Төлқұжатты толтыруға қажетті нұсқаулар министірлік құрастырушы зауыттын қай министрлігін қайыссында көрсетіледі.
4) Төлқұжатты толтыруға қажетті нұсқаулар:
1 Парақ
Инвертарлық номері: қолданушының шарт бойынша қойған номері.
Типі: қосиінді баспақтың типі.
Дайындаушы заут: отандықтарға зауытпен қала, шетелдіктерге – фирма және мемлекет.
Модель: келісілгі шарттар негізіндегі көрсеткіш.
Шығару жылы: баспақтың төлқұжаты бойынша анықталады.
Іске қосылған уақыты: жылы.
Пайдаланушы: қай мекемеде орналасқан.
Цех.
Орнатылған жері.
Салмағы: электроқозғашсыз баспақ салмағы.
Шекті өлшемдері: нақты өлшемдері.
Баспақтың фундамент пен бірге түрғанжалпы көрінісі: негізгі өлшемдермен көрсетілген жалпы көрініс, фундамент екі кескінде көретіледі.
Басқару туймелері мен қулақтардың анықтама схемасы қай туйме және қулактар неге қажетті екенін көрсету.
Баспақтың номиналды күші.
Сырғыма қозғалысы: сырғымамен шекті жоғарғы және төменгі мәндері қойылады.
Сырғыманың бір минутта жүріс саны: формула арқылы анықталады
ηн= 0,98 ηн /(Uтісті Uқайысты), (2.1)
мұндағы ηн – электроқозғағыштын номиналды саны;
ηтісті,ηқайысты - тісті және қайысты тасымалдағыштардың
тасымалдау қатынасады;
0,98 – қайыстын тайғу коэффициенті.
Баспақта дайындалатын өңімдердін өлшемдері.
Шатун ұзындығының реттелуі: шатунның ең ұзын және қысқартылғандағы айырмашылық.
Үстел мен шатунның ең қысқа шегіндегі сырғыманың арашықтылығы.
Итергіш: оның орны мен итергіш құрылғының жүрісі.
Стол мен бағыттағыштың ең үлкен ара қашықтығы.
Сырғыма өсінен тірекке дейін арақашықтығы. (тек ашық түрде дайындалған престер үшін).
Еденнен үстелдін биіктігі.
Сырғыма өлшемдері: оның жұмыс істейтін бетінің өлшемдері.
Түрақтың тіреулерінің арақашықтары: (тек қостіреулі баспақтар үшін).
Сырғыма бағыттағыштарының арақашықтығы.
Турақтың ең жоғарғы көлбеу бұрышы.
2 Парақ
Сырғымаға түсетін күштердің шегі: арнайы есептермен алынады.
Басмпақтың жұмыс істеу қабілетінің кестесі: белгілі есептеулермен алынған мәндер, негізінен созу өперациялары үшін.
Кинематикық кескіндеме: преспен биіктігі сызбалардың кмегімен салынады.
3 Парақ
Сырғымаға жоғарғы қалыпты бекіту сулбасы.
Қалып бекітетін плитаның негізгі өлшемдері мен сулбасы.
Үстелдің негізгі өлшемдері бар сулба.
Шатун винтінің сулбасы.
Баспақты іске қосу механизмнің түрі.
Муфта түрі.
Тежегіш түрі.
Жүріс циклы.
Майлау жуйесі.
Артық күш шамасынан сақтау үшін қорғағыш түрлері: орны мен түрі көрсетіледі.
Техника каупсыздығына қажеттіқұрал-жабдықтар.
Автоматты тасымалдау механизмдері.
Баспақтың бір айналымындағы жүрісте тасымал.
Пневматикалық және гидравликалық тосеніш бойынша мағлұматы: есептеу мен өлшеу арқылы анықталады. Сомалық күш формуласымен есептеледі
Q = zpF (2.2)
мұндағы z – поршень саны;
p – жүйедегі ауа қысымы, МПа;
F – поршень аумағы, м2.
4 Парақ
Электроқозғағыш.
Қайыстар: саны, орны, кесінді өлшемдері.
Тісті дөнгелек.
Баспаққа қажетті қосалқы және арнайы бөлшектер.
Баспақты тиімді пайдалану жөнінде нұсқаулар.
Бақылау сұрақтары
1 Ұсталық престер төлқұжаты қандай мәліметтер жәненеүшін керек?
2 Косиінді баспақтың төлқұжатын қандай ретте құрастырады?
3 Баспақ сырғымасының шектелген күштерінің кестесін қалай құрастырады?
4 Косиінді баспақтың осал тұстырын қалай анықталады?
№3 Зертханалық жұмыс Ұсталық қалыптау машиналары деформациясы мен кернеуін өлшеу
3.1.1 Теориялық мәліметтер
Беріктігін зерттеу
Беріктік деп деформацияға қарсы түру мүмкінділікгін атайды. Соңдықтан ұғым юолып табылады. Машинаның бағалау және салыстыру үшін оның деформация жүйесінің көрсеткіштерін білу қажет.
Ұсталық қалыптау машиналарында жүйенің серпімді деформациясынаң сомалық мәні көп әсерін тигізеді, сондықтан өлшемдегі мән болып – қатандық коэффициенті болып табылады. Бүл көрсеткіш атқарушы механизмге белгілі ұзындық бірлігіндегі серпімді деформация байқалатын күш мәні.
(3.1.1)
Қ атандық–ұсталық қалыптау машиналарының маңызды энергетикалық, динамикалық және экономиколық көрсеткіші болып табылады.
3.1.1 Сурет – Серпімді деформацияның жүйесі күшке тәуелділік графигі
Қатандық коэффициентіне керек мәнді берілгіш коэффициенті днеп атайды
(3.1.2)
Қатарланғыш элементтер жүйесіндегі қатандық коэффициентінің жалпы сомалық мәні
(3.1.3)
Бүл өрнектен қысым Р және серпімділік деформациясының l мәні белгілі болғанда ғана қолайлы екені белгілі.
Қатандықтың сипаттама машина сырғыаста түсетін күшке жүйенің серпімді деформациясының қатынасың көрсетің кесте арқылы өрнектеу жиі қөлданылады.
Суретте көрсетілгенде машина алғашқы күш түскенде түзу сызықты емес серпімділік байқалады, өйткені бөлшектердің байланысқан жеріндегі санылау және т.б. әсер етеді. Сондықтан қатаңдық коэффициенті эксперименталды түзінде анықтау барысында кестенің тек түзу сызықты бөлімін алады да dP/dt туындысын турақты деп санайды.
3.1.1 Кесте
Манометр көрсеткіштері, МПа
|
Бағытталған күш, Н
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |