Курс на модернизацию! Бағдар жаңарту жағына!



жүктеу 2,06 Mb.
Pdf просмотр
бет8/23
Дата13.11.2018
өлшемі2,06 Mb.
#19107
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23

МҰНАЙШЫ

 

Тамыз 2008



 

13

с



оңғы  жылдары  зауыт  мұнайды 

қайта  өңдеу  көлемін  үздіксіз  арт-

тыруда.  2005  жылы  ол  3,933  млн  тон-

наны,  2006  жылы  –  4,035  млн  тонна-

ны, ал 2007 жылы – 4,060 млн тоннаны 

құрады.  Дегенмен  де  қиындықтар  бар. 

Біздің  зауыт  қазақстандық  мұнай 

өңдеу  зауыттарының  арасындағы  ең 

«жас  зауыт»  екеніне  қарамастан,  ол 

қысқартылған тәсім бойынша жұмыс іс-

тейді де, мұнайды қайта өңдеу тереңдігі 

жағынан  ғана  Павлодардың  зауытынан 

кем  түседі.  Мұның  себебі  –  ашық  түсті 

мұнай  өнімдерінің  көбірек  пайызын 

шығарып  алуға  мүмкіндік  беретін  екін-

ші дәрежелі екі үрдіс – баяу кокстау мен 

катализдік  крекинг қондырғыларының 

технологиялық 

тізбекте 

болмауы. 

Дәлірек  айтқанда,  жабдық  бар,  бірақ  ол 

жұмысқа пайдаланылмайды.   

Алайда  уақыт  бір  орында  тұрмайды, 

сөйтіп,  мемлекет  бензиннің  сапа-

сына  қойылатын  талаптардың  жаңа 

техникалық 

регламентін 

бекіт-


ті.  2009  жылғы  қаңтар  айынан  бас-

тап  Қазақстанда  халықаралық  Еуро-2 

стандартын,  2011  жылғы  қаңтар  айы-

нан  –  Еуро-3,  ал  2014  жылғы  қаңтар 

айынан  –  Еуро-4  стандартын  енгі-

зу  көзделіп  отыр.  Соның  нәтижесінде 

атмосфераға 

шығарылатын 

зиян-

ды  заттардың  мөлшері  айтарлықтай 



азаюға  тиіс.  Ал  бұл  қазіргі  заманғы 

экологиялық  талаптарға  сай  келу  үшін 

мұнай өңдеу зауыттарының барлығы да 

жаңартылуға тиіс дегенді білдіреді. Бізге 

қайта өңделген мұнайдың сол бұрынғы 

көлемінен 

ашық 

түсті 


өнімдерді 

шығару  мөлшерін  арттыру  қажет.  

Шымкент 

мұнай 


өңдеу 

зауыт-


ындағылар  жаңарту  туралы  көптен 

ойлаған еді. Бұл үшін «қатырылған» ны-

сандарды іске қосу, атап айтқанда, ката-

лиздік  крекинг  кешенінің  құрылысын 

аяқтау қажет болды, ал оның құрамында 

бағдар – жаңарту жағына!

Қазақстан  президенті  нұрсұлтан  назарбаев  2007  жылдың  сәуірінде  өзінің    Шымкентке 

сапарында «пкоп» жШс  басшылығымен: компания президенті Бо Чилян мырзамен және 

зауытты  жаңғырту  жобасына  тікелей  жетекшілік  жасаушы  Бірінші  Вице­президент  арлан 

Шабдарбаев  мырзамен  кездесті.  осы  айтулы  кездесуден  кейін  жаңғыртуға  сеніммен 

бағыт  алынды.  жоба  2008­2013  жылдарға  арналған  Қр  мұнайхимия  өнеркәсібін  дамыту 

Бағдарламасына енгізілді.



14

 

 Тамыз 2008 



МҰНАЙШЫ

вакуумдық  газойль  гидротазартқышы, 

газды  фракцияға  бөлу  қондырғысы, 

НТБ  және    бензинді  гидротазарту  қон-

дырғылары,  изомерлеу  және  полипро-

пилен  алу  қондырғылары,  сондай-ақ 

бензол шығаратын қондырғы бар. Егер 

жоғарыда  аталған  жабдықтың  бәрі 

іске  қосылса,  ашық  түсті  өнімдерді 

шығарып  алу  деңгейі  қазіргі  62%-дан 

орташа еуропалық 87%-ға дейін артуға 

тиіс. 


ҚҰМК  компаниясы  зауытты  са-

тып  алғаннан  кейін,  зауыт  ұжымының 

және  тәуелсіз  шетелдік  компанияның 

өкілдерінен  құралған  комиссия  қолда 

бар  жабдыққа  тексеру  жүргізіп,  ол 

жақсы  жағдайда,  және  құрастыру 

үшін  пайдалануға  жарайды  деген 

қорытындыға келді. Шешілмей тұрғаны 

тек қаржыландыру мәселесі ғана еді. 

Сонымен,  2008  жылғы  16  маусымда 

Алматыда «ПҚОП» ЖШС-нің басшылығы 

мен  акционерлердің  өкілдері  арасын-

да  Шымкент  мұнай  өңдеу  зауытын 

жаңарту  турасында  көптен  күткен 

кездесу  болды.  Мәжілісте  атқарылған 

жұмыстың 

нәтижелері 

көрсетіліп, 

техникалық  және  қаржы  комитеттері 

қызметінің  осыдан  кейінгі  бағыттары 

айқындалды. 

Зауыт басшылығының алдына жаңа 

міндет  –  қайта  өңдеу  қуаттылығын 

арттыру нұсқаларын айқындау міндеті 

қойылды.  Егер  бастапқыда  жаңарту 

ісі  негізінен  алғанда  шикі  мұнайды 

қайта өңдеу тереңдігін арттыру және 

Еуро-3  стандарты  бойынша  ашық 

түсті  мұнай  өнімдерінің  шығысын 

арттыру  сақсатында  жоспарланған 

болса,  енді  Қазақстанның  өсіп  келе 

жатқан  экономикасының  талапта-

рын  ескере  отырып,  «ҚазМұнайгаз» 

ҰК  өкілдері  мұнайды  қайта  өңдеу 

көлемінің  өзін  арттыру  қажет  екені 

туралы пікір айтты. 

Атап  айтқанда,  ҚМГ  СҮ  бас 

директорының  орынбасары  Д.  С.  Ти-

есов  мырза  жаңартудың  қолда  бар 

жобасының 

(Пекиннің 

мұнайды 


қайта  өңдеу  ғылыми-зерттеу  инс-

титуты  2006  жылы  әзірлеген)  жы-

лына  4  млн  тонна  мұнайға  жететін 

МӨЗ  қуаттылығы  үшін  оңтайлы  бо-

лып  табылатынын  атап  өтті.  Алайда, 

Қазақстанның  мұнайды  қайта  өңдеу 

саласын  дамыту  бойынша  әзірленіп 

жатқан  бағдарламаға  сәйкес,  ҚР 

үкіметі  (ЭМРМ  арқылы)  Шымкент 

мұнай  өңдеу  зауытындағы  қайта  өң-

деу қуаттылығын арттырып, сонымен 

бір  мезгілде  Еуро-3  және  Еуро-4  стан-

дарттарына жетуін талап етеді. 

Осыған байланысты, мәжілісте МӨЗ-ді 

жаңарту  жобасының  үш  нұсқасын  тал-

дап  шығу  туралы  шешім  қабылданды: 

(1)  жылына  4  млн  тонна  қайта  өңдеу 

көлемін сақтай отырып; (2) қайта өңдеу 

көлемін жылына 5,25 млн тоннаға дейін 

арттыра отырып (бұл зауыттың қазіргі 

сәттегі ең үлкен жобалық қуаттылығы); 

(3) қайта өңдеу деңгейін жылына 6 млн 

тоннаға дейін жеткізу. 

Үш  нұсқаның  барлығын  да  тиісті 

мәселелерді, 

мысалы, 


МӨЗ-ге 

қотару  үшін  қандай  мұнайдың  жі-

берілетінін,  және  зауыттың  актив-

теріне  айтарлықтай  инвестициялар 

құйылғанын  ескере  отырып,  қайта  өң-

деу  тарифтерінің  арттырылуын  мемле-

кет қолдай ма әрі кепілдік бере ала ма 

деген мәселелерді талқылау үшін Энер-

гетика  және  минералды  ресурстар  ми-

нистрлігімен  келісуге  ұсыну  қажет. 

Тек  содан  кейін  ғана  техникалық-

экономикалық  негіздеме  егжей-тегжей-

лі дайындалады. 

ПҚОП  басшылығы  және  акцио-

нерлердің өкілдері МӨЗ-ді жаңартудың 

қажеттігі  мен  маңызды лығын  бір-

дей  дәрежеде  түсінеді.  Шымкент  за-

уыты республиканың халық ең тығыз 

қоныстанған жерін – оңтүстік аймағын 

мұнай  өнімдерімен  қамтамасыз  етеді. 

Мәжілісте  Энергетика  және  мине-

ралды 


ресурстар 

министрлігімен 

(ЭМРМ)  келісу  және  техникалық-

экономикалық  негіздемені  дайындау 

бойынша жұмысты жеделдету туралы 

тілек айтылды. 

Қазақстанның  Президенті  Нұрсұлтан 

Назарбаев  та  2007  жылғы  сәуір  айын-

да  Шымкентке  барған  сапарында,  ҚР 

мұнай-химия  өнеркәсібін  дамытудың 

2008–2013  жылдарға  арналған  Бағдар-

ламасына  енгізіліп  те  қойған  осы  жоба-

ны қолдайтынын білдірді. 

Дәл қазіргі сәтте зауытты жаңартудың 

болашақтағы  құнын  айқындау  қиын, 

себебі,  көп  нәрсе  таңдалған  нұсқаның 

техникалық  міндеттерінің  параметр-

леріне  байланысты  болмақ.  Әзірге 

тек  қытай  институты  2006  жылы  ал-

дын ала бағалаған сома ғана бар – бұл 

500  млн  АҚШ  доллары.  Кейбір  бей-

ресми  баға лау  нәтижелері  бойынша, 

материалдар дың  қымбаттауына  және 

жаңартудың техникалық жоспарының 

күрделенуіне  байланысты  бұл  сома 

айтарлықтай өсуі мүмкін. 

Сонымен  қатар,  өкінішке  орай,  ЭМРМ 

әзірше  қайта  өңдеуге  жеткізілетін 

мұнайдың керекті көлемдеріне кепілдік 

бермей отыр. 

Қаржыландыру  туралы  мәселені 

мәжілісте  тек  жобаның  негізгі  тех-

никалық 

параметрлері 

айқын дал-

ғаннан кейін ғана талқылау керек деп 

шешілді.  Бұл  қарызға  алынған  ақ ша 

ма, немесе акционерлердің ақшасы бо-

лады  ма  -  әлі  шешілген  жоқ.  Дәл  осы 

тұста мемлекет септігін тигізіп, жобаға 

қолдау  көрсете  алар  еді.  Бұл  қайта 

құруды іске асырып жатқан МӨЗ үшін 

салықтық  және  кедендік  жеңілдіктер 

бола  алар  еді.  Мемлекеттің  көмегі 

жобаның  экономикасын  жақсартаты-

ны сөзсіз. 




жүктеу 2,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау