Курс на модернизацию! Бағдар жаңарту жағына!



жүктеу 2,06 Mb.
Pdf просмотр
бет5/23
Дата13.11.2018
өлшемі2,06 Mb.
#19107
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

8

 

 Тамыз 2008 



МҰНАЙШЫ

Ә

лемдік  мұнай  нарығы  бүгін  кез 



келген  өзгерістер  мен  ауытқу-

ларға  аса  сезімтал  болып  отыр.  Біз 

де  оның  талаптарынан  кейіндеп 

қалмауға  тырысамыз.  Қазір  біздің 

алдымызда аса маңызды мақсат тұр – 

4 жылдан кейін шикі мұнайды қайта 

өңдеу көлемін 4,1 млн тонадан 6 млн 

тоннаға дейін арттыру. Одан маңызы 

бір  де  кем  емес  міндет  –  мұнайды 

қайта өңдеудің тереңірек әдісін енді-

ру арқылы мұнай химиясының жаңа 

өнімдерін  шығару.  Бұл  үшін  МӨЗ-де 

жаңа қондырғылар іске пайдалануға 

ендірілуге тиіс. Бұл орайда компания 

зауытты жаңартуға жұмсаған өзінің 

шығындарының  орнын  толтыруы 

керек.

бірлескен еңбектің үйлесімі

Шымкент мӨз Қазақстандағы ең озық мұнай өңдеу кәсіпорны болып табылады, оның әлеуеті 

жылына 5,25 млн тоннаға дейін көлемдегі мұнайды қайта өңдеуге жетеді. «ҚазмұнайГаз» 

Ұк  мен  ҚҰмк  компаниясы  арасында  жасалған,  мӨз­де  бірлескен  бизнесті  жүргізу 

шарттарын айқындаған кешенді келісім зауыттың екінші тынысын ашуына мүмкіндік берді. 

«петроҚазақстан  ойл  продактс»  жШс  басшылығының  алдында  бүгін  қандай  міндеттер 

тұрғаны жайында бізге өндіріс жөніндегі вице­президент цзянь Ши мырза әңгімелеп берді. 



МҰНАЙШЫ

 

Тамыз 2008



 

9

Шығарылатын  ашық  түсті  мұнай 



өнімдерінің Еуро-2 стандарттарына сай 

келетін  үлесі  2008  жылы  80%-ға  дейін 

артқанын  айта  кету  керек,  ал  жақын 

арада біз енді Еуро-3 және Еуро-4 стан-

дарттарына өтуге тиіс боламыз. Зауыт-

та  осындай  озық  жобаны  іске  асыра 

алатын тәжірибелі мамандар бар, және 

техникалық жағынан да МӨЗ жаңарту 

ісіне толық дерлік дайын тұр. 

МӨЗ  өнімдерін  жеткізу  геогра­

фиясы  қандай,  оның  қандай  бөлігі 

жергілікті нарықта қалады? 

Қазіргі кезде біз Құмкөл мұнайының 

90%-ын  пайдаланамыз  да,  тек  10% 

ғана  Ресейден  келіп  түседі.  Біздің 

өнімдерімізді  сатумен  Алматыдағы 

маркетинг  бөлімі  айналысады.  Зауыт 

шығаратын  бензиннің  де,  керосиннің 

де,  дизельдік  отынның  да  Қытайға 

да,  басқа  көршілес  елдерге  де,  соның 

ішінде  Қырғызстан  мен  Ауғанстанға 

да  жөнелтілмейтінін  айта  кету  керек. 

Ол  елдерге  тек  отындық  мазут  қана 

экспортқа  жіберіледі.  Бензин  мен  ди-

зельдік отынның 90%-ға жуығы дерлік 

ел ішінде пайдаланылады. 

Шымкент  МӨЗ  бүгін  Қазақстандағы 

барлық  жанар  материалдардың  шама-

мен  үштен  бірін  шығарады.  Жаңарту 

бойынша  біздің  жоспарларымыз  іс-

ке  асырылғаннан  кейін  бұл  үлес 

елеулі  түрде  өседі  де,  зауыттың  ел 

экономикасындағы  маңызын  артты-

рады.  Қазірдің  өзінде-ақ,  өнімдерді 

жеткізу  тұрғысынан  алғанда  біз 

Қазақстанның  ең  бір  тұрақты  мұнай 

өңдеуші кәсіпорны болып табыламыз. 



Халықаралық  жобаларды  бас­

қаруда Сіздің мол тәжірибеңіз бар. 

Сіз шетелдегі және Қазақ стандағы 

кадрлардың  жұмыс  мәнері  мен 

дайындық деңгейін салыстыра алар 

ма едіңіз? 

Әрине,  кез  келген  елдегі  бизнестің 

ең әуелі өзіндік  мәдени сипаты бола-

ды. Сондықтан да бір жердегі басқару 

тәжірибесі  екінші  жердегі  менедж-

мент жүйесімен сыйысымды бола бер-

мейді. 

Қытайда,  мысалы,  департаменттер 



ара сында  тығызырақ  әрекеттестік  бо -

луы  мүмкін.  Сонымен  бірге  қытай 

үкіметі мұнай өнеркәсібіне демеуқаржы 

бөліп,  оның  шығындарын  өтейді  және 

оның дамуын ынталандырады.

Белгілі  бір  ерекшеліктер  Қа зақ-

станда  да  бар.  Зауытты  екі  мемлекет-

тік  компанияның  тең  дәрежелі  бас-

қаруына  негізделген  жұмыстың  өзі-ақ 

басшылық  жасау  мәнеріне  өзіндік  си-

пат  береді.  Бұл  әр  кез  оңай  бола  бер-

мейді.


Қазақстанда  біз  көп  ұлтты  ұжымда 

жұмыс  істейміз,  мұнда  жоғары  білімді 

мамандар  саны  жеткілікті.  Мен,  не-

гізінде,  жергілікті  қызметкерлерден, 

олардың  білімінен,  машықтарынан, 

толық  біліктілігінен  үлкен  әсер  ал-

дым.  Өзімнің  менеджерлеріме  менің 

көңілім  толады.  Олардың  жұмысында 

сенімділік,  техникалық  қауіпсіздік 

ережелерін сақтау және жоғары тәртіп 

үйлесім тапқан. 

Сіз 

ПҚОП 

компаниясындағы 

жұмы

 

сыңызға  жаңадан  кіріскен 

кезде,  қандай  міндеттер  Сіз  үшін 

бірінші орында тұрды?

Мен  өз  қызметіме  кіріскен  кез-

де,  біздің  басшы  қызметкерлерді 

біртұтас  ұжымға  жұмылдыру  үшін 

мен  бірден  доспейілді  жұмыс  ахуа-

лын қалыптастыруға тырыстым. Біздің 

кәсіпорынның 

жаңа 


бет-бейнесін 

қалыптастырудың  маңызы  одан  кем 

болған  жоқ,  себебі,  ол  кездегі  жағдай 

күрделі  еді,  жергілікті  басшылықпен 

және  жұртшылықпен  қарым-қатынас-

та едәуір ерегістер болып тұратын. Биз-

несімізге  басқалар  қырын  қарайтын 

жағдайда жұмысты бастау қиын болды. 

Сондықтан  да  жағдайды  өзгерту  үшін 

көп күш жұмсауға тура келді.

Соңғы 

екі-үш 


жылда 

жергілік-

ті  атқарушы  органдармен  және  тұ р-

ғын дармен 

біздің 

қарым-қаты на сы -



мыз  айтарлықтай  жақсарды.  Біз  об лыс 

әкімдігінің 

көптеген 

бағдар ла ма-

ларына  белсенді  ат  салысып,  демеу-

шілік  қолдау  көрсетеміз.  Қазір  біз  шы-

нында  да  ынтымақтасып,  бір  бірімізге 

көмектесеміз. 

Сонымен  бірге  мен  біздің  ме-

неджерлердің  жұмысына  жарасымдық 

енгізу  үшін  қолымнан  келгеннің 

бәрін  жасауға  тырыстым.  Мен  атаулы 

оқиғаларды ұжымдасып атап өтуді, бір-

лескен  іс-шараларды,  концерттер  мен 

спорттық жарыстарды көбірек өткізуді, 

футбол  ойындарын  мен  пикниктер-

ді  жиірек  ұйымдастыруды,  оларға 

жергілікті  басшылықтың  өкілдерін, 

кәсіподақ  жетекшілері  мен  журналис-

терді көбірек шақыруды ұсындым. 

Мен  бөлімдердің  директорларын 

көктемгі  Ай  Күнін  мерекелеуге  үйіме 

қонаққа  шақырдым.  Біздің  ұлттық 

әдет-ғұрпымыз  туралы  айтып  бердім, 

қытайдың  дәстүрлі  тағамдарынан  дәм 

татуды ұсындым. Осының бәрі біздің бір 

бірімізді  жақсырақ  біліп,  түсінуімізге 

көмектесті. Ал бұл жұмыстың нәтижелі 

болуы үшін өте керек нәрсе. 

Әрине,  біз  тек  демалып  және  көңіл 

көтеріп  қана  қойған  жоқпыз.  Жетек-

ші  мамандармен  бірге  біз  өндірісті 

экономикалық  талдау  бойынша  іскер-

лік  кездесулер  өткіздік.  Техникалық 

мәселелерді 

және 


өнімдерімізді 

шығару  көлемін  арттыру  мен  сапа-

сын  жақсарту  бойынша  біздің  инже-

нерлер  ұсынған  әдістерді  егжей-тег-

жейлі  талқыладық.  Біз  жұмысшыларға 

еңбекақы  төлеу  жүйесін  жетілдіру 

жағын ойластырдық. 

Осының  бәрі  нақты  нәтижелерін  бе-

руде.  Жақында  біз  өзіміздің  жаңа  өні-

міміз – қысқы дизельдік отынның жаңа 

маркасын  жасадық,  ол  қазақстандық 

тұтынушылар  тарапынан  үлкен  сұра-

нысқа ие. 

Мен бұл бағытта аса көп іс тындыруға 

болады  деп  санаймын.  Сондықтан  да 

біз болашаққа үлкен үміт артамыз. 



Цзянь  Ши  мырза  ПҚОП  вице-президентінің  қызметіне  келуімен  бірге  компанияға  мұнай  өңдейтін  ірі  кәсіпорынды 

басқару бойынша мол халықаралық тәжірибе де қоса келді. Цзянь Ши мырза он жыл бойы Қытайдағы мұнай-химия 

зауытында жұмыс істеп, супервайзер мен цех бастығы қызметінен өндіріс жөніндегі директор қызметіне дейінгі еңбек 

жолын өткен. Содан кейін ол алты жыл вице-президент ретінде Судандағы ірі мұнай өңдеу зауытының құрылысын 

басқарды. Міне, енді Қазақстанда жұмыс істеуде. Өзінің міндеттерін оған Қытайда қалған отбасынан алыста жүріп 

атқаруға тура келеді. Он бес жасқа толған жалғыз ұлы Пекиндегі арнайы ағылшын мектебінде оқиды. Дегенмен де, 

Цзянь Ши мырза тұрақты жұмыс істеу мүмкіндігін және Шымкент мұнай өңдеу зауытын екі мемлекеттің де игілігі 

үшін жаңартуды өзі үшін басты іс деп санайды. 



жүктеу 2,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау