МҰНАЙШЫ
Тамыз 2008
3
Қазақстан Қытайдың энергети
калық балансында қандай орын ала
ды? Сіз осы бағыттағы өзара қарым
қатынастың болашақта даму бары
сын қалай бағалайсыз?
Бірнеше жылдар бойы Қазақстан мен
Қытай стратегиялық серіктестік не-
гізіндегі іскерлік ынтымақтастықты та-
бысты дамытып келе жатыр. Қазақстан
Қытайдың
энергетика
секторында
барған сайын үлкен рөл атқаруда. Де-
генмен де, осы рөлді күшейте түсу үшін
мүмкіндіктер әлі де бар. Мен мына-
дай статистикалық деректерді келтірер
едім: Қытай Халық Республикасын-
да шикі мұнайды нақты тұтыну көлемі
2007 жылы 345,9 млн тоннаны құрады,
осының тек 5,33 млн тоннасы (неме-
се 1,54%) ғана Қазақстаннан импортқа
әкелінді. Қазақстан мұнайын Қытайға
экспортқа шығару көлемі Қазақстан-
Қытай құбыр жолы құрылысының екін-
ші сатысы аяқталғаннан кейін артады
деп күтілуде.
Сіз ҚҰМКның Қазақстанның мұнай
газ нарығындағы бүгінгі жағдайын қа
лай бағалайсыз? Оның осы нарыққа қа
тысуын кеңейту жоспарлары бар ма?
Қазақстанда өзінің бизнесін дамы-
тып келе жатқан он жылдан астам уақыт
ішінде ҚҰМК бүгін мұнай саласындағы
қызметтің барлық түрлерімен, соның
ішінде көмірсутектерді геологиялық
барлаумен, өндірумен және өңдеумен,
оларды тасымалдаумен және марке-
тингімен белсенді түрде айналыса-
ды. Компания инвестициялау сала-
сында және елдің экономикасы мен
әлеуметтік инфрақұрылымына үлес
қосу тұрғысынан аймақтағы көш-
басшылардың біріне айналды.
Іскерлік
даму
үшін
қолайлы
мүмкіндіктер инвесторлар үшін әрқашан
да тартымды болып табылады. Жауапкер-
шілігі жоғары корпоративтік азамат бола
отырып, ҚҰМК өзінің қызметін кеңейту
мақсатында шешімдер қабылдаған кезде
әлеуметтік жауапкершілік мәселелерін
байсалды түрде қарастырады. Осылай-
ша, ҚҰМК компанияның және Қазақстан
Республикасының экономикалық да-
муының мүдделерінде қызметін кеңей-
тудің әр мүмкіндігін пайдаланатын бо-
лады.
Соңғы
кездері
Қазақстанның
бақылау
органдары
экологиялық
түйінді мәселелерге үлкен көңіл
бөледі, атап айтқанда, ілеспе газ
ды алауларда жағуға тыйым сала
ды. «ПетроҚазақстан» компаниясы
Құмкөлге келгенге дейін өндірілетін
ілеспе газдың барлығы дерлік алаулар
да жағылып келгені мәлім. Сіздер осы
мәселені қалай шешіп жатырсыздар?
Мұнай өндіру қызметін жүзеге асы-
ру кезінде қоршаған ортаға қамқорлық
жасау ҚҰМК үшін Қытайда да, сондай-
ақ халықаралық деңгейде де аса
маңызды
басымдық
болып
табы-
лады. Бұл компанияның «Қуат беру
және Үйлесімдік жасау» деген жетекші
қағидасын ашып көрсетеді. Сондықтан
Қазақстанда өзінің қызметін жүргізе
бастаған кезден-ақ ҚҰМК газды алаулар-
да жағу мәселесімен көңіл қойып айна-
лыса бастады.
2005
жылғы
қазан
айында
«ПетроҚазақстанның» активтерін сатып
алғаннан кейін компания газды пайдаға
жарату жөніндегі жобаларға 150 млн дол-
лардан астам қаражат жұмсап, Құмкөл
кен орындары тобындағы 131 алаудың
112-сін сөндірді. 2008 жылдың соңына
дейін барлық алаулар сөндіріледі деп
күтілуде. Қазіргі кезде ПҚҚР Құмкөлдегі
және КАМ кен орындағы газ қалпағына
газды кері айдау ісін жүзеге асыруда, бұл
мұнай беруді арттыруға мүмкіндік бе-
реді және экологияны жақсартады. Со-
нымен қатар, Құмкөл кен орнында
өндірілетін ілеспе газ газ-турбиналы
қондырғыларда электр қуатын өндіру
жолымен пайдаға жаратылады.
Құмкөл кен орындары тобының
болашақта қалай дамитыны туралы
айтып берсеңіз?
Құмкөл кен орны негізгі кен орны
болып қалады және Оңтүстік-Торғай
алабындағы біздің мұнай-газ операция-
ларымызда маңызды рөл атқаратын бо-
лады. Кен орны түгел дерлік қазбаланып
болғанына қарамастан, біз құрған
көмекші инфрақұрылым, соның ішін-
де мұнай сақтау қоймалары, электр
қуатымен, сумен және тұрғын үй-
тұрмыстық жағдайлармен жабдықтау
жүйелері бұл жерден шалғайырақ
орналасқан активтерді геологиялық
барлау, бағалау мен қазбалау ісін
жалғастыруға қолдау көрсету үшін
сенімді негіз болып табылады.
Құмкөл кен орнында алуан түрлі
мұнай
операцияларының
үлкен
көлемі іске асырылуда, сондықтан ол
болашақта да біздің жас мамандары-
мызды техникалық және іс-тәжірибелік
машықтармен қамтамасыз етуде өзекті
рөл атқаратын болады. Соңғы жеті
жылда негізгі Құмкөл шоғырынан бір-
екі-ақ шақырым жерде екі жаңа кен
орны табылды, олар да қазбаланатын
болады. Олар Құмкөлде бар ортақ
инфрақұрылымды ішінара пайдаланып,
біздің операцияларымыздың көлемінің
артуын
қамтамасыз
етуге
және
«ПетроҚазақстан» компаниясының бүкіл
өндіруші бөлімшесін тұрақты дамытуға
өздерінің үлесін қосады.
Құмкөл кен орны жуырда тағы бір
маңызды міндетті жүзеге асыру үшін,
атап айтқанда, Атасу – Алашанькоу
мұнай құбыр жолының бойындағы бас-
ты орталық сорғылық станция ретін-
де таңдалды. Бұл Құмкөл кен орны
болашақта атқаратын көп салалы рөлдің
дәлелі болып табылады.
Шымкент МӨЗ «ПетроҚазақстан»
компаниясының маңызды активі екенін
назарға ала отырып, осы зауытқа
қатысты Сіздердің жоспарларыңыз
қандай?
1985 жылы салынған Шымкент
МӨЗ-дің жобалық қуаттылығы жылы-
на 5,25 млн тоннаны құрайды. 2007
жылы онда 4,06 млн тонна мұнай қайта
өңделді. Салыстыру үшін айтсақ, 2006
жылы бұл көрсеткіш 4,04 млн тонна
мұнайды құраған болатын.
Біз мұнай резервуарларын қайта
жарақтандыру
бойынша
жұмысты
жалғастырдық. Мысалы, сыйымдылығы
20 мың тонна 304/4 мұнай резервуары
мұнай қожынан тазартылып, оны толық
жөндеу және қайта құру іске асырылды.
Сонымен қатар, екі трансформаторлық
қосалқы станцияның ескірген жабдығын
ауыстыру іске асырылды, іркіліссіз
жұмысты қамтамасыз ету үшін мұның
маңызы өте зор. Жалпы алғанда, 2007
жылы МӨЗ-ді жаңартуға бағытталған
инвестициялардың жалпы көлемі 19 млн
АҚШ долларын құрады.
Октандық саны жоғары бензиннің
шығысының барынша үлкен деңгейіне қол
жеткізілді – жалпы көлемнің 50%-ынан
астамы. Бұл орайда ашық түсті мұнай
өнімдерінің қайта өңделген мұнайдың
көлеміне арақатынасы 62%-ға жетті.
2008 жылы жоспарланып отырған
жаңарту ісі ашық түсті мұнай өнімдерінің
шығысын арттыруға мүмкіндік бере-
ді және олардың сапасын Еуро-3 және
Еуро-4 стандарттарының деңгейіне дей-
ін көтереді, полипропилен, бензол және
қарапайым күкірт сияқты жаңа өнімдер-
ді шығаруды, сондай-ақ зиянды тө-
гінділерді азайтуды қамтамасыз етеді.
●