МҰНАЙШЫ
Тамыз 2008
17
ж
оспарға сәйкес 2008 жылы Шым-
кент зауыты 4,1 млн тонна
мұнай өңдеуге тиіс, бұл орайда І жар-
тыжылдықтың өзінде-ақ қайта өңдеу
көлемі 2,24 млн тоннаны құрады.
Осы уақыт ішінде 455 357 тонна бен-
зин, 134 459 тонна керосин, 731 674
тонна дизельдік отын, 75 901 тон-
на сұйылтылған газдар шығарылды.
Қошқыл түсті өнімдерді өндіру көлемі
I жартыжылдықта 388 387 тонна
вакуумдық газойль мен 314 278 тонна
тауарлық мазутты құрады.
Үстіміздегі жылы зауыт ашық түсті
мұнай өнімдерін шығару көлемін қайта
өңделген шикізаттың жалпы көлемінің
62%-на дейін жеткізу туралы өзіне мін-
деттеме алды. Алайда бұл міндет за-
уытта өндірілетін, табыстылығы ең
жоғары өнімдердің бірін – ТС-1 марка-
лы авиациялық керосинді шығаруды
айтарлықтай ұлғайтудың жоспарла-
нып отыруымен күрделенеді. Егер өткен
жылы ол 159 391 тонна көлемінде алын-
са, ал 2008 жылы оны шығару көлемі
225 000 тоннаға жетеді. Керосинді пай-
даланатын техника ерекше жағдайларда
жұмыс істейтіндіктен, оны өндіруге,
сақтауға және оның сапасына да кө-
теріңкі талап қойылады. Бұл орайда ке-
росинді өндірудің технологиясының өзі
бүгін нақты мұнай кен орындарына –
Құмкөл және Батыс Сібір кен орындары-
на байланған, ал бұл алдына ала мұқият
сынақтар өткізбестен, басқа көздерден
алынған шикізатты пайдалануға бол-
майды дегенді білдіреді.
Ашық түсті мұнай өнімдерін
шығару көлемін арттыру бойынша
міндетті шешу аясында МӨЗ-де жаңа
техникалық жағдайлар (стандарттар)
әзірленді, ал үстіміздегі жылдың ма-
мыр айынан бастап жаздық дизельдік
отынның жаңа ДТЛ+5 маркасының
өндірісі игеріліп, сертификаттал-
ды. Бұл жаз айларында дизельдік
отынды шығаруды ұлғайту есебінен
ашық түсті мұнай өнімдерін шығару
бойынша зауыттың көрсеткіштерін
жақсартты, сондай-ақ әсіресе егіс
кезеңінде жанар материалдардың
осы түріне деген артып келе жат-
қан мұқтаждықты қанағаттандыруға
мүм кіндік берді.
Тағы бір міндет жоғары октанды
бензиннің үлесін арттыру болып табы-
лады, мұның себебі Қазақстанда оны
тұтынудың артуы болып отыр. Қазіргі
кезде зауытта автобензиннің үш марка-
сы шығарылады: Аи-80, Аи-92 және Аи-96.
Зауытта шығарылатын бензиндерге
автомобильдердің қозғалтқыштарының
бөлшектерінде күйік түзілуін азайтуға
мүмкіндік беретін жуғыш қосым
үстеледі. Аи-96 маркалы бензин қазіргі
заманғы жоғары октанды үстеме қосу
арқылы шығарылады.
Еуро-3 стандартына сәйкес, бензиннің
құрамындағы
бензол
(хош
иісті
Шымкент мұнай өңдеу зауытын болашақта жаңартудың нәтижесінде оның өнімділігі де,
сондайақ шығарылатын өнімдердің сапасы да жақсаруға тиіс, ал автокөлік паркі қарқынды
ұлғайып және қоршаған ортаға оның әсері артып келе жатқан жағдайда мұның ерекше
мәні бар.
сапаға ауысып келе жатҚан сан
18
Тамыз 2008
МҰНАЙШЫ
көміртек, автомобильдердің шығынды
газдарындағы адам ағзасы үшін ең зи-
янды құралас) мөлшері 1%-дан аспауға
тиіс. Бұл орайда жиынтық хош иіс
Еуро–3 стандарты бойынша 42%-дан,
ал Еуро-4 бойынша – 34%-дан аспауға
тиіс. Болашақта, МӨЗ жаңартылғаннан
кейін жаңа қондырғыларда бензол
түзетін фракция қырқылып алынып,
изомерлеуге жіберілетін болады. Екін-
ші қондырғыда бензолдың өзі бөлініп
алынады да, дайын өнім ретінде саты-
латын болады. Сонымен қатар полипро-
пилен мен қарапайым күкірт – үлкен
мұнай химиясы үшін бағалы шикізат
шығарылады.
Жаңарту жобасы іске асырылғаннан
кейін
мұнайдың
сол
бұрынғы
мөлшерінен ашық өнімдерді шығару
көлемі 1,5–2 есе артуға тиіс. Бұл оны
шығаруды қазіргі 62%-дан 87%-ға
дейін жеткізуге мүмкіндік береді, ал
бұл еуропалық деңгейге жақындай
түседі. Келешекте Шымкент МӨЗ
коммерциялық мазутты шығаруды ТМД
аумағында бірінші болып тоқтататын
зауыт болмақ.
ПҚОП компаниясының бас техно-
логы Сергей Пилипенконың айтуын-
ша, қазіргі кезде зауытта шығарылатын
өнімдердің барлығы Қазақстанда қа-
былданған нормативтік талаптарға
толық сәйкес келеді. Шымкент МӨЗ
экологиялық менеджменттің ең озық
талаптарына және нормаларына сәй-
кес жұмыс істей алатынын сәтімен
дәлелдеді. Мысалы, 2008 жылғы 16 шіл-
деде француздың «AFNOR» компаниясы
зауыттың аудитін жүргізіп, оған серти-
фикат табыстады, ол мұнай мен мұнай
өнімдерін қайта өңдеу, тасымалдау жә не
сақтау сияқты қызмет түр лерін қамти-
тын ұйымдастырушылық құрылым-
ның халықаралық ISO 14001:2004
стан дартының талаптарына сәйкес ор-
натылғанын куәландырады.
Технологиялық үрдістің бақылануын
жетілдіруге бағдар ала отырып, ПҚОП
басшылығы тағы да бір аса маңызды
жаңа істі дайындап жатыр. Бұл – кешен-
ді «Сигма-файн» (Sigma-Fine) компью-
терлік жүйесін іске қосу. Жүйе мұнай
мен мұнай өнімдерінің материалдық
балансын (кез келген уақыт кезеңі
бойынша)
тораптар,
қондырғылар,
цех пен зауыт бойынша бөлек есеп-
теп шығаруға арналған. «Сигма-файн»
жүйесін сынақтық пайдалану қазірдің
өзінде-ақ жобалаудағы «тар тұстар»
мен қателерді анықтауға, зауыт ма-
мандарын бағдарламамен және алго-
ритммен жұмыс істеуге оқып-үйретуге
көмектесіп те үлгерді.
Жаңарту бойынша жоба тұтастай бұ-
рыннан бар жабдыққа негізделгенімен
де, болашақ туралы ойлауға да тура ке-
леді. Жоба бойынша 2006 жылы жасал-
ған техникалық тапсырма бүгінгі күн-
нің тұрғысынан қарағанда едәуір ескіріп
те қалды, себебі ол Еуро-3 стандарты на
есептелген. Сонымен қатар, жаңартудан
кейін Еуро-4 стандартына көшу қажет
болады. Ал бұл – «ПетроҚазақстан Ойл
Продактс» компаниясының ұжымы ше-
шуге тиіс тағы бір үлкен міндет.
●