Курс на модернизацию! Бағдар жаңарту жағына!



жүктеу 2,06 Mb.
Pdf просмотр
бет16/23
Дата13.11.2018
өлшемі2,06 Mb.
#19107
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23

26

 

 Тамыз 2008 



МҰНАЙШЫ

м

ұнай-газ  саласында  көптеген 



жылдар  жұмыс  істеп  келе 

жатқан  белгілі  ғалым,  академик, 

химия  ғылымдарының  докторы 

Нәдір Нәдіровпен сұхбат. 

Елбасы  осыдан  төрт­бес  жыл 

бұрын­ақ  шетелдік  компанияларға 

қажетті  мамандарды    жергілік­

ті  жастардан    өздерінің  дайын­

дауы  керектігін  атап  тұрып 

көрсеткені  есімізде.  Мұнай  сала­

сымен  тығыз  байланыста  жүрген 

Сіздің    ойыңызша,  сол  тапсырма 

жүзеге аса бастады ма?

Маман  дайындауда,  менің  ойымша, 

әзірше  ойдағыдай  жұмыс  істеп  жатқан  

Қызылорда облысында жұмыс жасайтын 

«ПетроҚазақстан»  компаниясы.  Өткен 

жылдары  Пекиндегі  мұнай-газ  универ-

ситетінде  болдық.  Ондағы  оқып-білім 

алып  жатқан  қазақстандық  жастармен 

танысып,    көңіліміз  марқайды.  Әдетте, 

шет  елдерде  оқып  жүрген  жастардың 

басым  бөлігі    еліміздегі  бақуатты  неме-

се  шенеуніктердің  ұрпақтары  екендігі 

жасырын  емес.  Ал    «ПетроҚазақстан» 

компаниясы  болса,  арнайы  конкурс 

жариялап,  ең  талапты  деген    балалар-

ды  іріктеп  алған.  Олардың  бәрі  дерлік 

қарапайым  отбасынан  шыққан.  Қытай 

тілін  де  жетік  меңгерген  жастар  оқуды 

бітіріп  келген  соң  «ПетроҚазақстан» 

компаниясында  жұмыс  істейтін  бола-

ды. Бұл өзге де шетелдік және  отандық 

компанияларға  үлгі  боларлық  үлкен 

шаруа дер едім. Соңғы екі жылда ғана 3 

мыңдай маманды оқытып, қайта дайын-

дап,  қызметке  алған  компанияның 

жұмысы да өнімді болары белгілі. 



Нәдір Кәрімұлы, Құмкөлде жанып 

жататын  газ  алауы  төңірегінде 

кезінде біраз шу болғаны есіңізде бо­

лар. Оны шешудің жолдарын айтып, 

Сіз де біраз кеңес бердіңіз. Сол өзіңіз 

басы­қасында  болған  сол  жоба 

жүзеге асты ма?

Сол жылдары Қызылорда облысының 

әкімі  Нұрғисаев  болатын.  Құмкөлге 

жұрт газ алауы деген атау беріп, жанып 

жатқан газ облыс экологиясын бүлдіріп 

біткен  тұс.  Нұрғисаев  осы  мәселе 

жөнінде  ғалымдармен  де  ақылдасты. 

Сол  кезде  мен  газды  утилизация  жасау 

керек  дегенді  айтып  едім,  Харрикейн 

Байқоңырда  энергетикалық  зауыт    са-

ламыз, газды соған жібереміз деп отыр, 

бірақ қашан екені белгісіз деп шарасыз 

күйге  түскенін  жасырмады.  Сол  кезде 

газ  аспанды  күйдіріп  жанып  тұрды,  ал 

Қызылорда  халқы  көгілдір  отынға  жа-

рымай  отырды.  Ұсынылған  шаралар 

арасында Құмкөлдің өзінде газды айыра -

тын шағын зауыт салу керек, газды айы-

рып, оның құрғақ түрін қалаға жіберіп, 

сұйытылған түрін цистернамен сату ке-

рек деген пікірлер айтылды. Нұрғи саев 

осы  жобаның  жарамдылығына,  газды 

пайдаға  осылай  ғана  жаратуға  болаты-

нына  жұрттың  көзін  жеткізіп,  жо баға 

ба стау  бола  алды.  2004  жылдан  бері  

сол бағдарлама жүзеге асырылуда. 

Газ 

Қызылордаға 



жетіп 

қалды. 


Оңтүстік 

Торғай 


бассейнінде-

гі  «алау  даласының  бар  проблемасы» 

қытайлық  және  қазақстандық  ком-

паниялар  арқасында  сатылай  шешіле 

бастады.  Білуімше,  «ПетроҚазақстан» 

компаниясының  өзі  жанып  жатқан 

алауларды  өшіру  үшін  150  миллион 

доллардан  аса  қаражат  салды.  Жүзеге 

асқан  барлық  шаралар  арқасында 

биылғы  көктемде  110-нан  аса  алау 

сөндірілді.  Бүгінгі  күні  осы  жобаның 

көлемімен  Қазақстанда  салыстыруға 

келетін  бір  де  бір  жоба  жоқ.  Экология-

ны  қорғауда  жеткізілген  бұл  жетістік-

ке  тоқмейілсімей,  «ПетроҚазақстан» 

және  басқа  да  мұнай  компаниялар 

қоршаған  ортаға  деген  қамқорлықты 

жалғастыра береді деген сенім артамын. 

Өйткені мұнай мен газдың адамзаттың 

өркендеуіне  қаншалықты  пайдасы  бол-

са,  соншалықты  дәрежеде  кері  әсері  де 

баршылық.  Соның  бірі  осы  қоршаған 

ортаға  әкелетін  залалы.  Ал  қоршаған 

орта біздің өмір сүруімізді қамтамасыз 

етіп  тұрған  атмосфера.  Оны  басқа 

ештеңемен алмастыра алмайсыз. 



Әйтсе  де,  қазіргі  кезде  Құмкөлде 

жанып  тұрған  газ  алауларының 

азайғаны шамалы секілді ғой...

Алаудың  әлі  де  жанып  жатқаны  бел-

гілі.  Бірақ  бұрынғымен  салыстырғанда 

едәуір азайды. Неге толығымен өшпейді 

десеңіз,  түсіндірейін.  Мұнаймен  ілесе 

шығатын ілеспе газдың құрамында өте 

күрделі қоспалар бар. Көмірқышқыл газ, 

азот, метан, этан, пропан, изо-бутандар 

мен басқа да  фракциялар жетіп артыла-

ды.  Құмкөл  мұнайы  Атырау  өңіріндегі-

дей  емес,  айтарлықтай  таза  мұнай. 

Оның  құрамында  күкіртті  сутектер 

мен  меркаптан  жоқ.  «ПетроҚазақстан» 

қазір  Құмкөлдегі  бос  жанып  жатқан 

газды  қатқа  қайта  айдап,  консервация-

лау жобасын жүзеге асыруда. Бұл газды 

жер  қабаттарын  қайта  айдау  ғана  емес, 

оны  ұзақ  уақытқа  сақтап,  керек  кезін-

де    шығарып  алуға  мүмкіндік  береді. 

Сонымен  бірге  ол    кеніштегі  мұнайды 

тиімді  түрде  игеруге  көмектеседі.  Жо-

балау  кезінде  толып  жатқан  параметр-

лер  ескеріліп,  компрессорлық  станса-

лар  белгіленген мерзімде  іске қосылды. 

Соның  нәтижесінде  өткен  жылдың 

аяғында Құмкөлде, 2008 жылдың басын-

да Арысқұм мен Қызылқияда стансалар 

іске  қосылды.  Табиғи  газ,  газ  жинағыш  

магистраль  арқылы  стансаға  келеді  де, 

сол  жерде  ол  сұйықтықтан  ажыраты-

лып,  бір-бірімен  тізбектеле  қосылған, 

қосымша  қысылатын  екі  компрессорға 

жіберіледі.  Содан  кейін  ғана  барып,  ай-

дау компрессорына өткізіліп,  құбырлар 

арқылы  ұңғымаларға  беріліп,  кеніштің  

газды  қалпағына  қайтарылады.  Газ 

алауының  әлі  жанып  тұрғаны  да 

сондықтан. Газды толық утилизациялау 

үшін үлкен инвестиция мен уақыт қажет. 

Менің 


білуімше, 

«ПетроҚазақстан» 

жақында 

жобаның 


екінші 

саты-


сын  жүзеге  асырмақ.  Жоба  бойын-

ша  магистралдық  құбыр  өткізгіштер 

барлық  кен  орындары  мен  консерваци-

яланатын газ көлемін бір тұтас желі етіп 

байланстырады. 

Оған  қоса,  Құмкөл  мен  Майбұлақ 

кеніштеріндегі  газды  пайдаға  жарату 

жобалары  жалғасуда.  «ПетроҚазақстан» 

сияқты  үлкен  компаниялардың  өткен 

шақ  пен  болашақ  бүгінгі  күнге  келіп  

тоғысып,  бүгінннен  бастау  алып  жа-

татынын  айқын  түсінетіндері  қуанта-

ды.  Яғни,  адамзатқа  пайдалы  істер-

ді  ертеңге  қалдырмай  бүгін  жасау 

керек екенін, кешегі күн мен еретңгі күн 

бүгінгі  күні  істелген  істің  нәтижесінен 

құрылатынын  түйсініп,  Қызылорда  об-

лысына  ертең  емес  бүгін  қамқорлық 

көрсеткендері өте маңызды.

 

● 



Әңгімелескен  Алма Мұхамеджанова

Егемен Қазақстан, № 238(25209), 

6 тамыз 2008 жыл. 

Мақала қысқартылған нұсқада 

басылып отыр. 

наурыз достарды жинайды

өткен шаҚ пен болашаҚтың тоғысар жері – бүгін

эксперт-материал


жүктеу 2,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау