|
Корпорация қаржысына анықтама беріңіз Корпоративтік қаржы функцияларына анықтама беріңізКәсіпорын мен корпорацияның қаржылық принциптеріне түсіндіріңіз
|
бет | 8/15 | Дата | 25.06.2023 | өлшемі | 256,1 Kb. | | #43070 |
| Корпоративтік қаржы жауаптар25. Кәсіпорын мен корпорацияның қаржылық принциптеріне түсіндіріңіз
Корпорациялар қаржысы – бұл корпорацияның негізгі және айналым капиталын, ақшалай қаражат қорларын қалыптастыру және оларды пайдалану процесінде пайда болатын қаржы немесе ақша қатынастары. Корпорацияның қаржысын ұйымдастыру принциптері оның кызметінің мақсаттары және міндеттерімен тығыз байланысты.
Корпорацияның қаржысын ұйымдастыру принициптеріне төмендегілерді жатқызуға болады:
1. шаруашылық қызметті өзін-өзі реттеу;
2. коммерциялық-шаруашылық есеп (өзін-өзі өтеушілік және өзін-өзі қаржыландыру);
3. жоспарлылық;
4. меншіктің барлық нысандарының теңдігі;
5. қаржы резервтерінің болуы.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы деп оның өз қызметін қаржыландыру мүмкіншілігін (қабілетін) айтамыз. Ол кәсіпорынның дұрыс жасауы үшін қажетті қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуін, оларды ұтымды орналастыру мен тиімді пайдалануды, басқа жеке және заңды тұлғалармен қаржылық өзара қарымө қатынасын, төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылыған сипаттайды.
21. Банкроттықтың түрлеріне анықтама беріңіз
Банкроттық нарық шаруашылық бір категориясы болып табылады. Ол соттың шешімімен немесе кредитор келісім бойынша соттан тыс ресми түрде жарияланады. Сөздікте банкроттық (итальян сөзі Banco – банк және gotto – құлдырау) – дәрменсіз, кәсіпорынның немесе азаматтың қаржысыз болуы, осыған орай өз міндеттемелерін төлеуге дәрменсіз болуы.
«Банкроттық туралы» Қазақстанда үш заң актісі қабылданды.
Бірінші заң: 1992 жылы 14 қаңтарда
Екінші заңы: 1995 жылы 7 сәуірде
Үшінші заңы: 1997 жылы 21 қаңтарда
Кәсіпорын банкроттылығының түрлері:
• Нақты банкроттылық. Кәсіпорынның болашақ кезеңде өзінің қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге толық қабілетсіз.
• Техникалық банкроттылық. Кәсіпорынның төлем қабілетсіздігін сипаттайды, яғни дебиторлық қарызының мерзімінен өтіп кетуінің себебінен. Кәсіпорынның дебиторлық қарыз көлемі кредиторлық қарыз көлемінен артық болады, ал активтерінің сомасы қаржылық міндеттемелер көлемінен артық болады.
• Әдейі банкроттылық. Кәсіпорынның төлем қабілетсіздігін басшысы немесе құрылтайшысы әдейі жасайды. Кәсіпорынды өзінің мүддесі немесе басқа тұлғаның мүддесі үшін экономикалық зардапқа әкеледі.
• Тиімді банкроттылық. Несиелік міндеттемелерінің мерзімін ұзарту немесе несиелік қарыз сомасын жеңілдету мақсатында кәсіпорын өзінің өтірік төлем қабілетсіздігін кредиторларға жариялаумен сипатталады. Банкротқа ұшырау себептері сыртқы және ішкі де сипатқа ие болуы мүмкін. Сыртқы факторларға жалпы экономикалық құлдырау, процент ставкасының өзгеруі, мемлекеттік саясаттағы өзгеріс, анағұрлым жетілген құрылыс материалдары мен құбылыс өндірісі технологиясының пайда болуын жатқызуға болады. Іс – жүзінде бұл сыртқы әсерлер барлық фирмаларға бірдей, бірақ кейбіреулері оларға төтеп беріп, қызметін одан ары қарай тиімді жүргізе алуда, ал басқалары сәтсіздікке ұшырауда.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|