Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 05 сәуірде №4467 болып енгізілді



жүктеу 146,75 Kb.
Дата14.05.2018
өлшемі146,75 Kb.
#13299
түріРегламент


Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2016 жылғы «2» наурыздағы

№ 50 қаулысымен бекітілген
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 05 сәуірде № 4467 болып енгізілді
«110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті



  1. Жалпы ережелер

1. «110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 281 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 11130 нөмірімен тіркелген) «110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) 1–қосымшаға сәйкес 110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды (бұдан әрі – қорытынды) беру.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық (қағаз түрінде).

Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі электрондық түрде ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолы және мөрімен расталады.



2. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
4. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (iс-қимылды) бастауға Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының (немесе сенімхат бойынша оның өкілінің) өтініші немесе көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұранымның болуы негіз болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әр рәсімнің (iс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:

1-iс-қимыл – көрсетілетін қызмет беруші кеңсесінің маманы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдайды және тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға (немесе сенімхат бойынша оның өкіліне) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінде тіркелгені туралы белгісі мен құжаттар пакетін қабылдаған күні және уақыты көрсетілген өтініш көшірмесін береді, құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына орындаушыны анықтау үшін жібереді. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут;

2-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші басшысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарымен танысады, мемлекеттік қызметті көрсету үшін орындаушыны анықтайды және құжаттарды оған орындауға береді. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) күнтізбелік күн;

3-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы көрсетілетін қызметті алушы құжаттарының толықтығын тексеріп, жұмыс комиссиясының қарауына шешім қабылдау үшін береді. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) күнтізбелік күн;

1-шарт – ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін одан әрі қарастырудан жазбаша дәлелді бас тартады;

4-іс-қимыл – жұмыс комиссиясы қарау қорытындысы бойынша мынадай негізделген шешімдердің бірін қабылдайды:

1) қорытынды беру;

2) қорытынды беруден бас тарту. Орындалу ұзақтығы – 25 (жиырма бес) күнтізбелік күн;

5-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы жұмыс комиссиясының негізделген шешімінің негізінде келесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерінің бірін дайындайды:

1) қорытынды;

2) бас тарту.

Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) күнтізбелік күн;

6-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қойып, оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне тіркеуге жібереді. Орындалу ұзақтығы – 30 (отыз) минут;

7-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: құжаттар пакетін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 30 (отыз) күнтізбелік күн.

6. Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 1-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының тіркелген құжаттары болып табылады, олар осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 2-ші іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 2-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі құжаттарды орындаушының қарастыруына беру болып табылады, ол осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 3-ші іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 3-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі құжаттарды жұмыс комиссиясының қарауына беру болып табылады, ол осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 4-ші іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 4-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі жұмыс комиссиясының шешім қабылдауы болып табылады, ол осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 5-ші іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 5-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет рәісімінің (іс-қимылдың) нәтижесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындау болып табылады, ол осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 6-ші іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 6-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі қол қойылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі болып табылады, ол осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 7-ші іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 7-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру болып табылады.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесiнде көрсетiлетiн қызмет берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерiнiң) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы;

4) жұмыс комиссиясы.

8. Әр рәсімнің (іс-қимылдың) орындалу ұзақтығын көрсетумен құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы:

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдайды және тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға (немесе сенімхат бойынша оның өкіліне) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінде тіркелгені туралы белгісі мен құжаттар пакетін қабылдаған күні және уақыты көрсетілген өтініш көшірмесін береді, құжаттарды көрсетілетін қызмет берушінің басшысына орындаушыны анықтау үшін жібереді. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут;

2) көрсетілетін қызметті беруші басшысы құжаттармен танысады, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындаушысын анықтайды және оған құжаттарды орындауға береді. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) күнтізбелік күн;

3) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы көрсетілетін қызметті алушы құжаттарының толықтығын тексереді, ұсынылған құжаттардың толық болмау дерегі анықталған жағдайда 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін одан әрі қарастырудан жазбаша дәлелді бас тартады, одан кейін көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын жұмыс комиссиясының қарауына береді. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) күнтізбелік күн;

4) жұмыс комиссиясы қарау қорытындысы бойынша мынадай негізделген шешімдердің бірін қабылдайды:

1) қорытынды беру;

2) қорытынды беруден бас тарту.

Орындалу ұзақтығы – 25 (жиырма бес) күнтізбелік күн;

5) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы жұмыс комиссиясының негізделген шешімінің негізінде мынадай мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерінің бірін дайындайды:

1) қорытынды;

2) бас тарту.

Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) күнтізбелік күн;

6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қойып, оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне тіркеуге жібереді. Орындалу ұзақтығы – 30 (отыз) минут;

7) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде

ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы
9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну және рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің тәртібін сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті алушы жеке және бизнес сәйкестендiру нөмiрі (бұдан әрі – ЖСН/БСН) сондай-ақ парольдің көмегімен порталда тіркелуді жүзеге асырады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);

2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының қызмет алу үшін порталға ЖСН/БСН және парольді енгізу процесі (авторландырылу процесі);

3) 1-шарт – ЖСН/БСН және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын порталда тексеру;

4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты порталда авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметтi таңдауы, қызмет көрсету үшін сұраным нысанын экранға шығару және тұтынушының нысанды оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескерумен толтыруы (деректер енгізу), Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың қажетті көшірмелерін электрондық түрде сұраным нысанына қосып бекiтуі, сондай-ақ сұранымды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;

6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және қайтарып алынған (жойылған) тіркелу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру (сұранымда көрсетілген ЖСН/БСН-мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасында);

7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалылығы расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (сұранымды) портал арқылы көрсетілетін қызмет беруші өңдеуі үшін мемлекеттік деректер қоры автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі - «Е-лицензиялау» МДҚ АЖО) жолдау;

9) 3-шарт - көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының қоса берген құжаттарының Стандартта көрсетілген және қызмет көрсету негіздеріне сәйкестігін тексеруі;

10) 6–процесс - көрсетілетін қызметті алушының құжаттарындағы бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

11) 7-процесс - көрсетілетін қызметті алушының «Е-лицензиялау» МДҚ АЖО қалыптастырылған мемлекеттік қызмет көрсету қорытындысын алуы

(электрондық құжат нысанындағы хабарлама). Мемлекеттік қызмет көрсету қорытындысы көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетіне» жіберіледі.

10. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну және рәсімдері (іс-қимылдары) реттілігінің тәртібі осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасында көрсетілген.

11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдері (іс-қимылдар) реттілігінің, өзара іс-қимылының толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында, көрсетілетін қызметті берушiнiң интернет-ресурсында орналастырылады.

«110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталанатын (шунтталатын)

электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салудың

техниқалық орындалығы туралы қорытынды беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

регламентіне 1-қосымша



Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы








П

О

Р



Т

А

Л




7 процесс




3 процесс

5 процесс


1 процесс


2 процесс


6 процесс


4 процесс







Көрсетілетін қызметті алушы

Шартты белгілер:





  • Бастапқы хабарлама



- Аяқтаушы оқиғалар




- Ақпараттық жүйе

- Процесс

- Шарт


- Басқару ағыны

- Хабарламалар ағыны



- Түпкі тұтынушыға ұсынылатын электрондық құжат





жүктеу 146,75 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау