68
КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ
Корпоративтік басқару
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ корпоративтік басқару жүйесі акционер мен негізгі мүдделі тараптар – мемлекеттің, стратегиялық әріп-
тестердің, ҚМГ қызметкерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сыйлауға негізделеді және инвестициялық тәуекелдерді
азайтуға, инвестициялық тартымдылықты өсіруге, займдық және жеке капиталының құнын азайтуға және Компанияның құ-
нын ұлғайтуға бағытталған.
ҚМГ-де қолданылатын корпоративтік басқару құрылымы Қазақстандық және халықаралық корпоративтік басқару практика-
сының жетістіктері ескеріліп, үнемі жетілдіріледі. ҚМГ корпоративтік басқару жүйесінің диагностикасын тәуелсіз компаниялар
мен Ішкі аудит қызметі (ІАҚ) кезектесіп жыл сайын жүргізеді.
2015 жылы ҚМГ корпоративтік басқару диагностикасын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының
(Қор) тапсырмасы бойынша сыртқы консультант «ПрайсуотерхаусКуперс» ЖШС жүргізді.
2015 жылы корпоративтік басқару рейтингісі диагностикасының қорытындылары бойынша 79,0% (2014 жылғыдан 4,0% артық),
бұл 2009 жылы Компанияның Директорлар кеңесі, Басқармасы, Корпоративтік хатшысы мен ІАҚ диагностика енгізілген сәттен
бастап жүргізген мақсатты жұмысына байланысы қол жеткізілді. Сондай-ақ активтерді басқару департаменті мен Корпоративтік
хатшы компанияның ағымдағы практиканың корпоративтік басқарудың ең озық деген практикалары ескеріліп әзірленген Қор-
дың жаңа Корпоративтік басқару кодексінің ережелеріне сәйкес келуі мәніне өзін-өзі бағалауы бойынша жұмысты жүргізді.
«ҚазМұнайГаз»
ҰК АҚ органдары
Акционерлердін жалпы жиналысы
Директорлар кеңесі
ҚМГ жалпы басшылық ету және қызметі үшін жауап береді,
сондай-ақ
Басқарма қызметін бақылауды жүзеге асырады
Басқарма
Ағымдағы қызметті басқаратын және
Директорлар
кеңесі мен акционерлермен
Белгілеген стратегияны іске асыратын алқалы
атқарушы орган
Орталықтандырылған Ішкі аудит
қызметі
ҚМГ және «Самұрық-Қазына
ұлттық әл-ауқат
қоры туралы» Қазақстан Республикасының
Заңына сәйкес Қордың тобына кіретін ҚМГ
компаниялары
тобының өзге де ұйымдарының
қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды, ішкі
бақылауды, тәуекелдерді
басқару саласындағы
бағалауды, корпоративтік басқару саласындағы
құжаттарды орындауды және олардың қызметін
жетілдіру мақсатында консультацияны жүзеге
асыратын орган
ҚМГ Директорлар кеңесі мен Басқармасының құзыретін бөлу
Директорлар кеңесі ҚМГ қызметіне жалпы басшылықты және қоғамдағы корпоративтік басқару практикасының тиімділігін
бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ, мүмкіндігінше, лауазымды тұлғалар мен акционер деңгейінде мүдделер қақтығысы,
оның ішінде ҚМГ меншігінің заңсыз пайдаланылуын және жасалуына мүдделілік бар мәмілелерді жасасу кезінде теріс пайда-
ланушылықты жояды.
Басқарма ҚМГ ағымдағы қызметіне басшылықты жүзеге асырады.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесі акционерлердің алдында компанияның қызметін тиімді басқару және лайықты түр-
де бақылау үшін, акционерлермен лайықты диалогты қамтамасыз ету үшін жауап береді. Директорлар кеңесі ҚМГ Жарғысы-
на сәйкес ҚМГ қызметінің басым бағыттарын белгілейді ҚМГ даму стратегиясын бекітеді, әлеуетті сатып алу мәселелері және
қаржы сипатындағы басқа да елеулі мәселелер бойынша шешімдерді, оның ішінде ҚМГ облигацияларын және туынды баға-
лы қағаздарын шығару шарттарын қарайды және қабылдайды, ірі мәмілелер мен жасалуына мүдделілік бар мәмілеледі жаса-
су, жер қойнауын пайдалану құқығын беру (қайта беру) (заңнама сәйкес Құзыретті органмен келіскеннен кейін), жер қойнауын
пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша жобаларды бірлесіп іске асыру үшін стратегиялық әріптестермен бірлескен
қызмет туралы шарттарды (келісімдерді) жасау және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және (немесе) ҚМГ
Жарғысында көзделген өзге де мәселелер бойынша туралы шешім қабылдайды.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесі басқарушылық шешімдерді қабылдайды, сондай-ақ корпоративтік басқару проце-
стерінің даму серпінін бақылайды. Осылайша, мысалы, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің қарауына Анықтылық ту-
ралы есеп және Корпоративтік басқару қағидаттарын сақтау туралы есеп шығарылады.
69
Корпоративтік хатшы
Қоғамның ұйымдық құрылымында және корпоративтік басқару жүйесінде ҚМГ Директорлар кеңесіне ті-
келей бағысты және оған есеп береді. Өзінің мәртебесіне сәйкес Корпоративтік хатшы мынадай болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген корпоративтік басқару рәсімдерін іске асыру үшін, сондай-ақ Қоғамда
қабылданған Директорлар кеңесі немесе акционерлермен бекіткен оның ішкі құжаттарында тіркелген «корпоративтік басқа-
рудың озық практикасы» туралы ұсынымдардың орындалуы үшін
жауап беретін тұлға;
2) Қоғам мен акционерлермен арасындағы, акционерлермен мен Директорлар кеңесі, Ішкі аудит қызметі, Басқарма және
Қоғамның өзге де органдары арасындағы, Қоғам мен оның мүдделі тұлғалары арасында жүйелі коммуникациялардың қолда-
нуын қамтамасыз ететін тұлға;
3) Қазақстан Республикасының корпоративтік басқару саласындағы заңнамасының (корпоративтік заңнаманың) және корпо-
ративтік басқарудың озық практикасының үрдістерінің мониторингін жүйелі түрде жүзеге асыратын тұлға.
Басқарма
ҚМГ стратегиясын іске асыру үшін және ҚМГ ағымдағы қызметі үшін жауап береді. Басқарма Директорлар кеңесінің
алдында ҚМГ мақсаттарға қол жеткізу бойынша жасалған жұмыс туралы есеп береді.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Жарғысының 94-тармағына сәйкес Басқарма төрағасы ҚМГ қызметінің мәселелері бойынша, оның ішін-
де ҚМГ қызметтерді сатып алу, жұмыс топтарын құру және жобалары жөніндегі комиссияларын құру, өкілдік іс-шаралар, кадр-
ларды тағайындау және қызметкерлерге жаза қолдану, корпоративтік басқару бойынша, сондай-ақ өндірістік, әкімшілік және
нормативтік сипаттағы басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасының жанында мынадай Комитеттер жұмыс істейді: Инвестициялық комитет, Ірі мұнай-газ
жобалары жөніндегі комитет, Жоспарлау комитеті, Кредиттік комитет. Комитеттер бизнес-жоспарлау, инвестициялық жобала-
ры бойынша, активтерді басқару мәселелері бойынша, ірі мұнай-газ жобалары бойынша, ЕТҰ мәселелері және т.б. бойынша
негіз ді және тиімді шешімдерді қабылдау үшін Қоғам Басқармасының қарауына шығарылатын бизнес-бағыттардың және ЕТҰ
құзыретіне кіретін мәселелерді алдын ала қарайды және талдайды.
Ішкі аудиттің орталықтандырылған қызметі (ІАҚ)
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесіне бағынады және есеп береді және
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің аудит комитеті оған жетекшілік етеді.
ІАҚ өз қызметін жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасының заңнамасын, ҚМГ ішкі
құжаттарын және Халықаралық
кәсіби ішкі аудит стандарттарын басшылыққа алады.
ІАҚ-тың 29 қызметкерінің арасында 23 қызметкерде сертификаттар мен дипломдар бар, оның ішінде: Certified Internal Auditor
(СIA) Сертификатталған ішкі аудитор – 7; Diploma in International Financial Reporting (DipIFR) Халықаралық қаржы есептілігі
жөніндегі диплом – 5; Diploma Professional Internal Auditor (DipPIA) «Кәсіби ішкі аудитор» дипломы» – 14; ҚР кәсіби бухгалтері–
8; Certified Accounting Practitioner/Certified International Professional Accountant (CAP/CIPA) Сертификатталған бухгалтер-прак-
тик/Сертификатталған халықаралық кәсіби бухгалтер – 5; Diploma Certified Professional Internal Auditor (DipСPIA) «Сертифи-
катталған кәсіби ішкі аудитор» дипломы – 1; Certified Fraud Examiner (CFE) Алаяқтық бойынша сертификатталған ревизор – 1.
ІАҚ негізгі мақсатын тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару процестерін жетілдіруде жүйелі тәсілді
енгізу арқылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен оның ЕТҰ тиімді басқарылуын қамтамасыз етуге арналған тәуелсіз және объективті
ақпаратты Директорлар кеңесіне беру болып табылады.