Компания туралы



жүктеу 56,28 Mb.
Pdf просмотр
бет36/44
Дата21.11.2018
өлшемі56,28 Mb.
#22953
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   44

87
Бимағамбетов Тимур Мустахиұлы
Басқарма төрағасының мұнай-сервис активтері жөніндегі орынбасары
Туған жылы – 1954 
Азаматтығы: Қазақстан
Білімі, мамандығы (біліктілігі):
В. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты (1973 – 1978).
Мамандығы: мұнай және газ геологиясы, біліктілігі – тау-кен инженері.
Жұмыс тәжірибесі: 
Еңбек қызметін 1978 жылы «Жетібаймұнай» МГӨБ-те оператор болып бастады, одан кейін мастердің көмекшісі, инженер-тех-
нолог, содан соң цех мастері болып жұмыс істеді. 1981 жылғы желтоқсанда «Қаламқасмұнайгаз» МГӨБ-ке ауысып, оператордан 
бастап бас инженерге – кәсіпорын директорының бірінші орынбасарына дейін кәсіби өсудің барлық кезеңдерінен өтті. 2000 
жылғы шілдеден бастап 2002 жылғы наурызға дейін «Қазақойл» ҰМК» ЖАҚ пен «Мұнай және газ тасымалдау» ЖАҚ-та департа-
мент директоры болып жұмыс істеді. Одан кейін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-та теңіз және жағалаулық инфрақұрылымды дамыту де-
партаменті директорының қызметінде бір жыл жұмыс істегеннен кейін, «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» АҚ-қа бас директордың өндіріс 
жөніндегі орынбасары лауазымына ауысты. 2004 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ атқарушы директоры болып, одан кей-
ін «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» АҚ-та жұмыс істеді. 2007-2008 жж. «Құрманғазы Петролеум» ЖШС бас директоры болды. Содан соң 
бір жыл «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ атқарушы директоры болып жұмыс істегеннен кейін, 2009 жылы «Н Оперейтинг Компани» ЖШС 
бас директоры болды. 2012 жылғы ақпаннан бастап 2013 жылғы қарашаға дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасы төрағасы-
ның өндіру және техникалық даму жөніндегі орынбасары болды. 2013 жылғы қарашадан бастап 2015 жылғы қаңтарға дейін 
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ операциялық өндіруші активтер жөніндегі басқарушы директоры болды. 2015 жылғы қаңтардан бастап 
осы уақытқа дейін Басқарма төрағасының теңіз жекелеген мұнай-сервис жобалары жөніндегі орынбасары болып табылады.
Қызметтің жетекшілік етілетін мәселелері
ҚМГ қызметінің мынадай бағыттары бойынша жұмысты ұйымдастырады және олардың қорытындылары үшін жауап береді:
 ҚМГ даму стратегиясын іске асыру мақсатында қызметтің жетекшілік етілетін бағытының құзыретіне жататын қызметтің не-
гізгі көрсеткіштерінің мақсатты мәндеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету;
 сервистік компаниялар мен сервистік құрылымдық бөлімшелерді жеке есепті енгізу, бірыңғай ҚНК негізінде сыйақы беру, өн-
дірістік қуаттарды жаңғырту саласындағы бірыңғай саясатты жүргізу арқылы өндіруші компаниялардың құрамынан шығарған-
нан кейін, олардың тиімділігін және бәсекеге қабілеттігін арттыру;
 сервистік компаниялардың және өндіруші компаниялардың сервистік құрылымдық бөлімшелерінің стратегиясын перспек-
тивалық жоспарлау және бекіту;
 мұнай-сервистік активтер қоржынын басқару;
 қызметтің жетекшілік етілетін бағыты бойынша ҚМГ корпоративтік басқару жүйесінде ЕҚОҚ мәселелерін қолдауды қамта-
масыз ету.
Белгіленген тәртіппен өз құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, «Самұрық-Қазына» АҚ-
та, жетекшілік етілетін ЕТҰ мен ББҰ директорлар кеңестерінде/байқау кеңестерінде және басқа да басқару органдарында, сон-
дай-ақ халықаралық және өзге де ұйымдарда ҚМГ мүдделерін білдіреді.
Мұнай-сервис активтер блогы мен мұнай-сервис активтері жөніндегі басқарушы директор жұмысының басым бағыттарын 
және мақсатты нәтижелерін белгілейді.
ҚМГ даму стратегиясына және ЕҚОҚ саласындағы саясатқа сәйкес жетекшілік етілетін бағыт бойынша жоспарланған кезеңде-
гі қызметтің белгіленген негізгі көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етеді.
Акцияларға иелік ету 
ҚМГ акцияларына иелік етпейді. Компанияның өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік етпейді.
Басқа ұйымдардың директорлар кеңестеріндегі мүшелік
 «ҚазМұнайТеңіз» теңіз мұнай компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы
 «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС қатысушыларының жалпы жиналысындағы ҚМГ өкілі
 «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС мен «Ақтаумұнайсервис» ЖШС Байқау кеңесінің төрағасы
 «Қазақтүрікмұнай» ЖШС қатысушыларының жалпы жиналысының төрағасы
 «Маңғыстаумұнай» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы


88
КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ
Сулейманов Рустам Эдуардұлы 
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасы төрағасының газ тасымалдау 
және маркетингі жөніндегі орынбасары
Туған жылы – 1973 
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
 
Білімі: 
Алма-Ата халық шаруашылығы институты. Мамандығы «Экономикалық киберне-
тика».
Жұмыс тәжірибесі:
Коммерциялық құрылымдардағы экономист, қаржы инспекторы. «Алаутрансгаз» ААҚ қаржы инспекциясында, қаржылық бақы-
лау бөлімінде, экономикалық бөлімінде әр түрлі лауазымдарда болды, «KTG Distribution» ААҚ газбен қамту жобасы жөніндегі 
жұмыс тобының менеджері, өңірлік менеджері, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ маркетинг және келісімшарттар департаментінің ди-
ректоры, «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамның басқарушы директоры (Басқарма мүшесі), «ҚазТрансГаз» АҚ бас дирек-
торының даму жөніндегі орынбасары, «ҚазТрансГаз» АҚ бас директорының маркетинг және коммерция жөніндегі орынбаса-
ры болып жұмыс істеді. 2015 жылғы желтоқсаннан бастап– «ҚазТрансГаз» бас директоры (Басқарма төрағасы).
Қызметтің жетекшілік етілетін мәселелері
ҚМГ қызметінің мынадай бағыттары бойынша жұмысты ұйымдастырады және олардың қорытындылары үшін жауап береді:
 ҚМГ даму стратегиясын іске асыру мақсатында қызметтің жетекшілік етілетін бағытының құзыретіне жататын қызметтің не-
гізгі көрсеткіштерінің мақсатты мәндеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету;
 активтерді тиімді басқару, қажетті қуаттарды құру, тасымалдау жүйелерінің интеграциясы мен экспорттық маршруттардың 
бағыттарын әртараптандыру арқылы газ тасымалдау жүйелерін дамытудың бірыңғай саясатын қамтамасыз ету және дамы-
туды үйлестіру;
 жаңа газ құбырларын салу және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту арқылы газдың сенімді және үздіксіз тасымалдануын 
қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды, сондай-ақ газ тасымалдау жүйелерінің қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету жөнін-
дегі іс-шараларды ұйымдастыру;
 белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының газ тасымалдау жобаларындағы үлестерінің тиімді басқарылуын қамта-
масыз ету;
 табиғи (LNG) және көмірсутегі (LPG) газдарын қоса есептегенде, ресурстарды базаны қалыптастыру және ұлғайту жұмыста-
рын, газ өндірудің жаңа технологияларын енгізу стратегиясының әзірленуін үйлестіру және бақылау;
 жұмыс істеп тұрған газ тасымалдау қуаттарын дамыту және жаңаларын құру жобаларының тиімді басқарылуын қамтама-
сыз ету;
 жетекшілік етілетін ЕТҰ газ өңдеу және газ-химия саласындағы бірыңғай техникалық саясатын әзірлеу жұмыстарын үйлестіру, 
газ өңдеу зауыттарын дамыту жобаларының техникалық және экологиялық сараптамаларын жүргізу жұмыстарын үйлестіру;
 орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада Қазақстанның газ өңдеу саласын дамыту, газды өңдеуге жеткізуді қамтама-
сыз ету бойынша және газ өңдеу кірістілігін арттыру бойынша іс-шаралардың жүргізілуін бақылау;
 ҚМГ және жетекшілік етілетін ЕТҰ мен ББҰ-ның Қазақстан Республикасының газ өңдеу саласын дамыту стратегиясы бойын-
ша, оның ішінде газды өңдеу тереңдігін ұлғайту, өнімнің сапасын арттыру, өндірістік қызметті жетілдіру, газ өңдеу, газ-химия 
және газ бен газ өнімдері жобаларының кірістілігін қамтамасыз ету, технологиялық даму деңгейін арттыру бойынша позици-
ясын әзірлеу;
 жоғары сапалы және экологиялық таза газ өнімдерін өндіруге бағытталған жетекшілік етілетін ЕТҰ мен ББҰ-ны тиімді басқа-
ру, газ өнімдерінің шығуын ұлғайту, өндірістік шығындарды азайту;
 газ жабдығының жаңа өндірістерін құру бойынша бірлескен кәсіпорындарды ұйымдастыру мәселелерінде жәрдемдесу;
 алыс және таяу шет елдермен үкіметаралық комиссиялар шеңберінде, сондай-ақ халықаралық жобаларға және халықара-
лық ұйымдарға қатысу шеңберінде газ тасымалдау, газ өндіру, газ-химия, газ өңдеу саласындағы халықаралық ынтымақта-
стық және техникалық реттеу мәселелерін үйлестіру;
 ішкі нарықты табиғи газбен үздіксіз қамтамасыз етуге, газ тасымалдаудың қазақстандық нарығындағы үстем орнын сақ тауға, 
Қазақстанның басқа да жер қойнауын пайдаланушылары өндіретін газды коммерцияландыруды ынталандыруға бағытталған 
іс-шараларды іске асыру.
Белгіленген тәртіппен өз құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, «Самұрық-Қазына» АҚ-
та, жетекшілік етілетін ЕТҰ мен ББҰ директорлар кеңестерінде/байқау кеңестерінде және басқа да басқару органдарында, сон-
дай-ақ халықаралық және өзге де ұйымдарда ҚМГ мүдделерін білдіреді.
Газ тасымалдау және маркетингі дирекциясы жұмысының басым бағыттарын және мақсатты нәтижелерін белгілейді.
ҚМГ даму стратегиясына және ЕҚОҚ саласындағы саясатқа сәйкес жетекшілік етілетін бағыт бойынша жоспарланған кезеңде-
гі қызметтің белгіленген негізгі көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етеді.
Акцияларға иелік ету 
ҚМГ акцияларына иелік етпейді. Компанияның өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік етпейді.
Басқа ұйымдардың директорлар кеңестеріндегі мүшелік
 «ҚазТрансГаз» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі
 «ҚазТрансГаз» АҚ Басқармасының төрағасы
 «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы
 «Амангельды Газ» ЖШС Байқау кеңесінің төрағасы


жүктеу 56,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   44




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау