«бекітемін» Қармту ректоры, ҚР ҰҒА академигі Ғазалиев А. М



жүктеу 60,11 Kb.
Дата18.12.2017
өлшемі60,11 Kb.
#4953

«БЕКІТЕМІН»

ҚарМТУ ректоры,

ҚР ҰҒА академигі

________________ Ғазалиев А.М.

«___» ____________ 2013 ж.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің

Ғылыми Кеңесі қызметінің

ЕРЕЖЕЛЕРІ


  1. Жалпы ережелер




    1. ЖОО Ғылыми кеңесі қызметінің ережелері 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 44-бабының 9-тармақшасына және ҚР Б және ҒМ 22.11.2007 ж. № 574 бекітілген жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесі қызметінің Типтік ережелеріне сәйкес әзірленген;

    2. Ғылыми кеңес ЖОО қызметін жалпы басқаруды іске асырады және жоғары оқу орнын алқалық басқару түрлерінің бірі болып табылады;

    3. Өз қызметінде Ғылыми кеңес Қазақстан Республикасының заңын, осы ережелерді, сонымен қатар, жоғары оқу орнының Жарғысын басшылыққа алады;

    4. Ғылыми кеңестің қызметі өз құзыретіне кіретін мәселелерді ұжымдық талқылау барысында жариялылыққа негізделеді.




  1. Ғылыми кеңестің негізгі міндеттері




    1. Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың талаптарына сәйкес білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ету мақсатымен ЖОО қызметін басқару;

    2. Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.




  1. Ғылыми кеңес қызметінің негізгі бағыттары




    1. Университеттің оқулық, әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие беру және қаржы-шаруашылық қызметінің аса маңызды мәселелерін шешу;

    2. Ғылыми-педагогикалық персонал лауазымдарын белгілеу және оның өкілеттіктерінің мерзімдерін анықтау бойынша Конкурстық комиссиясының жеке құрамын қалыптастыру;

    3. Мамандықтардың оқу жұмыс жоспарларын бекіту;

    4. ЖОО Жарғысына ұсыныстар мен өзгертулер еңгізу;

    5. ЖОО ішкі тәртіп ережелерін бекіту;

    6. ҚР Б және ҒМ қауымдастырылған профессор (доцент) және профессор атағын беру туралы ұсынысын қарастыру;

    7. Оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиет басылымдарын тақырыптық жоспарын бекіту;

    8. ЖОО құрылымын бекіту. ЖОО құрылымдық бөлімшелерін құру, қайта құру және жою туралы сұрақтарын шешу;

    9. ЖОО даму тұжырымдамасын анықтау;

    10. Оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие беру және халықаралық байланыстар негізгі бағыттары бойынша ЖОО дамытудың болашақ жоспарлары мен бағдарламаларын қарастыру және бекіту;

    11. Ректордың, проректорлардың, құрылымдық бөлімшелердің бастықтарының есептерін тыңдау;

    12. Диссертациялық зерттеулер бойынша магистранттар мен докторанттарға тақырыптар мен ғылыми жетекшілерді, кеңесшілерді бекіту;

    13. Құрметті атақтарды, мемлекеттік және ведомстволық марапаттарды, айтулы стипендияларын беруге ұсынымдарды қарастыру;

    14. Университеттің құрметті атақтары мен марапаттарын, айтулы стипендияларды тағайындау;

    15. Мемлекеттік тілді және студенттердің тілдік дайындықтарын дамыту бойынша шешімдер қабылдау;

    16. ПОҚ және педагогикалық кадрлардың біліктілігін жоғарылату туралы шешімдер қабылдау;

    17. Инновациялық оқыту технологияларын және білімдерді бақылауды жүзеге асыру туралы негізгі ережелерді бекіту;

    18. ЖОО ПОҚ қызметін рейтингтік бағалау ережелерін бекіту;

    19. Ақылы негізде оқудан мемлекеттік білім беру гранттары бойынша оқуға ауыстыру туралы шешімдер қабылдау;

    20. Студенттер мен қызметкерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін шешу;

    21. ЖОО қызметін реттейтін негізін қалаушы нормативтік және құқықтық құжаттар жобасын қарастыру және оларға ұсыныстар еңгізу;

    22. Бюджеттен тыс қаражаттарды пайдалану тәртібін, сонымен қатар, ақылы негізде қызме көрсету және шығарылатын өнімді жүзеге асыру арқылы табыстарды қайта инвестициялау бағыттарын қарастыру;

    23. Студенттер құрамын қалыптастыру қорытындыларын талқылау;

    24. Жаңа мамандықтарды ашу туралы ұсыныстарды қарастыру;

    25. «ЖОО ең үздік оқытушысы» грантына ізденуге Республикалық байқауына қатысу үшін ПОҚ кандидатураларын бекіту;

    26. Алқалық шешімді қажет ететін басқа да сұрақтарды қарастыру.




  1. ЖОО Ғылыми кеңесін қалыптастыру және жұмыс істеу тәртібі




    1. Ғылыми кеңестің құрамына ректор, проректорлар, директорлар, кафедра меңгерушілері, бірқатар құрылымдық бөлімшелердің және қоғамдық ұйымдардың бастықтары, жетекші ғалымдар, магистранттар және студенттер;

    2. Ғылыми кеңес мүшелері ЖОО жалпы отырысында ашық дауыс берумен сайланады;

    3. Ғылыми кеңестің құрамы 3 жыл мерзімімен сайланады және мүшелердің тақ сандарынан тұрады;

    4. Ғылыми кеңестің төрағасы кеңес мәжілістерін өткізетін және шешімдерінің орындалуын бақылайтын ЖОО ректоры болып табылады. Төраға өзінің міндеттерін жоқ болған кезінде атқаратын төраға орынбасарын тағайындайды;

    5. Ғылыми кеңестің жұмысын жүргізу және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету Ғылыми кеңеспен тағайындалатын ғылыми хатшыға жүктеледі;

    6. ЖОО қызметтерінің әр түрлі бағыттары бойынша комиссияны қалыптастыруға құқылы;

    7. Ғылыми кеңес мәжіліске кемінде оның мүшелерінің 2/3 қатысатын болса, шешімдер қабылдауға құқылы. Кеңес мүшелерінің мәжіліске келуі келу парағында олардың жеке қолдарымен расталады;

    8. Ғылыми кеңестің шешімдері қатысушы мүшелерінің ашық дауыс берулерімен қабылданады. Жеке мәселелер бойынша Ғылыми кеңес құпия дауыс беру жолымен шешім қабылдай алады. Құпия дауыс беру үшін кемінде 3 адамнан тұратын санау комиссиясы құрылады;

    9. Ғылыми кеңестің шешімдері кеңеске қатысушылардың жартсынан көбі дауыс берген жағдайда қабылданған болып саналады;

    10. Кеңестің шешімі ЖОО ректорымен бекітілгеннен кейін күшіне енеді;

    11. Ғылыми кеңестің мәжілістері кеңестің төрағасымен және ғылыми хатшысымен бекітілетін хаттамалармен рәсімделеді;

    12. Ғылыми кеңестің мәжілістері оқу жылы барысында айына ең көбі бір рет жүргізіледі;

    13. Ғылыми кеңестің жұмысы әр жылға (семестрге) әзірленетін және Ғылыми кеңес мәжілісінде бекітілген жоспар бойынша жүргізіледі;

    14. Ғылыми кеңестің шешімдері Университеттің барлық ұжымы үшін міндетті болып табылады.




  1. Қорытынды ереже

Осы Ережелер Ғылыми кеңес қызметінің негізгі бағыттарын және оны қалыптастыру мен жұмыс істеу тәртібін реттейтін негізгі құжат болып табылады.



Келісілді:
Бірінші проректор А.З. Исағұлов

Оқу және әдістемелік

жұмыс жөніндегі проректор В.В. Егоров

Тәрбие ісі жөніндегі проректор Г.А. Байжабагинова

Әкімшілік-шаруашылық

жұмыстар бойнша проректор Ғ.Қ. Жанағұлов

Заңгер Г.С. Аязбаева
жүктеу 60,11 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау