6
Құрметті әріптестер мен серіктестер!
«ҚазМұнайГаз» ҰҚ АК мұнай-газ секто-
рындағы барлық компаниялар секілді
сыртқы ортаның теңдесі жоқ сын-тегеу-
ріндерімен кездесіп отыр.
Мұнайға тұрақты төмен бағалар, со-
нымен бірге бағалардың ұзақ уақыт
бойы төмен деңгейде қалу ықтимал-
дығы біздің назырымызды Компания
шығындарын оңтайландыруға және
тиімділікті көтеруге аударып отыр. Осы
мақсатта ҚМГ бүгінгі өзінің жемісін бере
бастаған маңызды және кең ауқымды
трансформациялау бағдарламасына бас-
тамашылық жасады.
Біздің операциялардың барлық аспек-
тілеріне тың көзқараспен қараймыз
және басқарудың аса тиімді құрылымда-
рын әзірлейміз; дәйекті түрде аса тиімді
технологияларды қолданамыз және
біздің қаржы құрылымын және коммер-
циялық уағдаластықтарды оңтайланды-
рамыз. Оңтайландыру және инвести-
циялау саласындағы біздің ұстанымыз
қазірдің өзінде пайда әкеле бастады,
әсіресе мұнайды өңдеу бойынша біздің
операциялардың тиімділігі саласында.
Бағдарламаның толық жүзеге асуы әри-
не уақытты талап етеді, сыртқы орта
біздің жоспарларды іске асыру бары-
сында күрделі болады, бірақ нәтижесі
ретінде біз кез келген баға ұстанымын-
да өзінің қызметінің нәтижелігін қамта-
масыз ететін күшті және нәтижелі ком-
панияға қол жеткіземіз.
Біз бұл ұстанымның ҚМГ компаниялары-
ның тобында кеңінен енуіне жұмыс жа-
сап жатырмыз.
Бірқатар кәспорындардың минорито-
ралық қатысудан шығуына байланысты
ҚМГ қызметі жинақтала түсті, осы сала-
ны бәсекеге қабілетті экожүйеге айнал-
дыра отырып, осы мұнай-газ секторына
да қатысы бар Жекешелендірудің кешен-
ді жоспарындағы біздің ролімізге дайын-
далуға мүмкіндік береді. Біз осы бағытта
маңызды прогреске қол жеткіздік және
әлі де ҚазМұнайГаздың ІРО шығарылуы-
на дайындықты ұстанамыз.
Және, сайып келгенде, біздің халықара-
лық әріптестік қарым-қатынастарымы-
зды нығайту және тереңдету бойынша
жұмыстарды біз одан ары жалғастыра-
мыз, оның арқасында біз ірі көп жыл-
дық жобаларды Теңіз және Қарашыға-
нақ секілді ірі алып кен орындарында
табысты іске асыра білдік. Қазақстан бай
геологияға ие, бұл дегеніміз осы көр-
сетілген, сондай-ақ басқа ірі кен орын-
дарында маңызды қорларды игеру күтіп
тұр деген сөз. ҚМГ техникалық сарапта-
маға ие, ол дұрыс жолға қойылған ұйым-
дық құрылыммен бірге елдің ресурсын
тиімді және толықтай игеруге мүмкін-
дік береді, өндірістің өсуіне және Қытай
секілді, маңызды жақын орналасқан на-
рыққа экспорт көлемінің өсуіне серпін
береді.
2015 жылдың ішінде ҚМГ тұрақты бизнес
үшін негіз құрды. Сыртқы орта 2016 жыл-
дағыдай 2017 жылы да күрделі болуы
ықтимал, бірақ біз қолдағы операция-
лардың тиімділігін арттыруға прогресті
жылдамдатуға, біздің әріптестермен
жаңа активтердің енгізілуге күш салу-
ды және барлау операцияларын жалға-
стырамыз, болашаққа оптимистік бол-
жамдар үшін жақсы себептер бар.
Директорлар кеңесі
төрағасының кіріспе сөзі
Құрметпен,
Фрэнк Куйлаарс
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ
Директорлар кеңесінің төрағасы