7
өңдеулер аппарат арқылы жүзеге асатын болды. Компьютердің сыртқы
ортаны қабылдай және оған әсер ете алатын сенсорлық
қондырымдары пайда
бола бастады. Осылар компьютерді алдын ала енгізілген деректерді
детерминді өңдейтін құрылғыдан сыртқы ортада туатын жағдайға қарай
жұмыс істей алатын зерделі құрылғыға айналды. Жедел жадыны қорғау және
динамикалық бөлу іске асты. Көптеген жоғары деңгейлі, солардың ішінде
символдық есептерге бағытталған программалау тілдері қолданылды,
символдық есептер мен логикалық есептер үлесі көбейді. Программалардың
жұмысын бастан аяқ басқаратын (сыртқы және ішкі ортадағы жағдайларға
мақсатты жауап бере алатын) дамыған операциялық жүйелер жұмыс істеді.
Осы буынның негізгі ерекшелігі программалары төменнен жоғары қарай
ұйқас болатындай біртекті және мүмкіншіліктері өспелі компьютерлердің
бірнеше модулдерінен тұратын машиналар кешенінің пайда болуы (мысалы
социалистік елдерде ЕС ЭВМ 1020-1050, ал АҚШ-та IBM/ 360-370 сияқты
компьютерлердің бірыңғай жүйелері).
Компьютердің төртінші буыны – 1975 жылдан бастап үлкен немесе өте
үлкен интегралды микросұлбалар арқылы жасалынған көп процессорлы
суперкомпьютерлер мен микрокомпьютерлер (кейін оларды дербес
компьютер деп атап кетті). Супер компьютерлердің жылдамдықтары жүз
миллионға дейін (мысалы, Cray-1 супер компьютерінің жылдамдығы 100 млн
а/с.). Жалпы осы буындағы компьютерлер арқылы байланыс әдістері одан әрі
дамып телефон, телеграф желілеріне қосылып компьютерлік глобалды
(мысалы интернет), корпоративтік және жергілікті желілер құрылды,
өте үлкен деректер архиві жиналды, деректердің визуалдық (бейнелік) түрдегі
берілуі және өңделуі дамыды, нақты уақыт масштабында жұмыс істей алатын
жүйелер кеңінен жүзеге асты.
Компьютердің бесінші буыны – 1980 жылы Жапония жариялаған он
жылдық жобадан басталды, онда компьютердің машиналық тілі ретінде
логикалық программалау тілі PROLOG -ты апаратты түрде жүзеге асырып,
жасанды зерде (интелект) жүйесін құру көзделді. Бұл жоба нәтижелі
аяқталды, қазір өзінің жасанды зердесі бар, яғни, белгілі есептің берілгені
бойынша оның шешуін табатын, тұжырымдарды жасап және оны дәлелдей
алатын, белгілі тақырыпқа өлең немесе музыка шығара алатын және т.с.с
интелектуалды жұмыстарды өздігінен жасай алатын компьютерлер бар. Бірақ
олар кең таралмаған, себебі олардың бағасы өте қымбат және олармен жұмыс
істеу аса біліктілікті талап етеді.
Компьютердің алтыншы буыны- өткен ғасырдың 90-шы жылдарының
ортасынан бастап қолға алына бастады. Ол жасанды нейрон желісіне, көп
мәнді логикаға және кванттық есептеу теориясына негізделіп жасалды. Бұл
компьютерлердің дамыған жасанды зердесі болады: олардың өзін-өзі
оқытатын қабілеті және өздігінен кейбір мәселені түсініп (образды танып),
жобалап, оны шешу немесе жүзеге асыру үшін керекті программаны немесе
құрылғыны құрастыра алатын мүмкіншілігі болады.
8
Мәтін ішінен заттың қасиетін сипаттайтын сөздерді теріп жазыңыз.
Оларды пайдалана отырып, әр буын компьютерлерінің техникалық
сипаттамасын келтіріп жазыңыз.
Берілген сөйлемдер қандай буынды сипаттап тұрғанын анықтап,
сәйкестендіріңіз
Жедел
жадыны
қорғау
және
динамикалық бөлу іске асты.
V буын
Олар кең таралмаған, себебі олардың
бағасы өте
қымбат және олармен
жұмыс істеу аса біліктілікті талап
етеді.
I буын
Алгоритмдік
тілдерден машиналық
тілге автоматты аударылатын
программалар- трансляторлар шықты
III буын
Компьютерлер арқылы байланыс
әдістері одан әрі дамып телефон,
телеграф желілеріне қосылып
компьютерлік глобалды,
корпоративтік және локалды желілер
құрылды
I буын
Негізінен сандық шамалармен
байланысты есептер шығарылды,
символдық шаманы пайдалану жоқ
болды.
VI
Жасанды нейрон желісіне, көп мәнді
логикаға және кванттық есептеу
теориясына негізделіп жасалды.
II
Компьютердің сыртқы ортаны
қабылдай және оған әсер ете алатын
сенсорлық қондырымдары пайда
бола бастады.
II
Компьютердің машиналық тілі
ретінде логикалық программалау тілі
PROLOG -ты ақпаратты түрде жүзеге
асырып, жасанды зерде жүйесін құру
көзделді.
IV
Программа негізінен машиналық
тілде қолмен жазылып орындалды.
III
Процессордың жұмысын үзу және
оны өңдеу жүйесі пайда болды.
IV
Деректердің визуалдық түрдегі
берілуі және өңделуі дамыды.
I