4
Құрастырушы: Асылханова Л.А. Кәсіби қазақ тілі. 5В070400 – Есептеу
техникасы
және
бағдарламалық
қамтамассыз
ету
мамандығының
студенттеріне арналған әдістемелік нұсқаулықтар. - Алматы: АЭжБУ, 2014. -
38 б.
Бұл жұмыстың мақсаты - Есептеу техникасы және бағдарламалық
қамтамассыз ету бағытында оқитын студенттерді «Кәсіби қазақ тілі» курсы
бағдарламасына сай өз мамандықтарына қатысты мәтіндермен жұмыс істеуді
жалғастырып, кәсіби лексикамен таныстыру, мамандыққа қатысты ғылыми
ақпараттарды түсіну, ой елегінен өткізуге баулу, аударма, оның түрлері жайлы
теориялық білім беру, мамандықтарына қатысты түпнұсқа мәтіндерді орыс
тілінен қазақ тіліне, қазақ тілінен орыс тіліне түрлі сөздіктерді пайдалана
отырып аудару дағдыларын жетілдіру, мамандыққа негізделген жаттығулар
жүйесі арқылы тыңдаушылардың шығармашылық, белсенділік қабілетін
арттыру.
Әдеб. көрсеткіші – 9 атау.
Пікір беруші: физика-матем. ғылым. канд. доцент А.А. Аманбаев
«Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес
акционерлік қоғамының 2014 жылғы жоспары бойынша басылады.
«Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ, 2014 ж.
5
Аударма туралы
Аударма дегеніміз – бір тілде берілген ақпаратты екінші тілдің
тәсілдерімен басқа тілге жеткізу. Яғни аударма дегеніміз – түпнұсқа сөзін
аудару немесе грамматикалық конструкциялар мен тілдің басқа тәсілдерін
беру емес, түпнұсқаның ойын, мазмұнын жеткізу.
Аударма ортақ тілде сөйлемейтін адамдар арасында үнемі туындайтын
қажеттіліктерді қанағаттандырады.
Аударманың бірнеше түрлері бар.
Сөзбе-сөз дәлдік немесе сөзбе-сөз аударма дегеніміз - грамматикалық
оралымдарды механикалық түрде көшіру, жеке тілдік бірліктерінің
мағынасын беру, терминологиялық және лексикалық тәсілдерді дұрыс
таңдамау,
түпнұсқа
сөйлемдерінің
құрылымын
өзгертпей
сақтау,
аудармашыға еркіндік бермеу. Мұндай аударма сапасыз аударма ретінде
саналуы мүмкін. Бірақ сөзбе-сөз аударманың артықшылығы да бар, ол
аударманың ең объективті түрі болып есептеледі. Бастапқы мәтіннің жеке
тілдік бірліктерінің мағынасын бере отырып, синтаксистік конструкцияларды
көшіріп бере отырып, аудармашы өзіне еркіндік бере алмайды. Сөзбе-сөз
аударманың кемшілігі - аударманы қолданатын адамның коммуникативтік
мүмкіндіктерін ескермеу.
Мағыналық дәлдікке немесе мағыналық аудармаға екі тілдің стильдік
ерекшеліктерін терең біліп, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі мен сөйлемдер
құрылымындағы айырмашылықтарды біліп, керек кезінде түпнұсқаның
мағынасын сақтау үшін сөзбе-сөз аударудан аулақ болғанда ғана қол
жеткізуге болады.
Мағынасын сақтап аударуды еркін аударма деп те атайды. Еркін
аударма аудармашыға түпнұсқа мәтінін түсіндірулер мен қосымшалар,
түбегейлі өзгертулер арқылы жеткізуге шексіз мүмкіндіктер береді. Сол
себептен еркін аударма объективті емес, өйткені аударылатын мәтінді жазған
адамның дәл солай дегеніне ешкім кепілдік бере алмайды. Көптеген
жағдайларда, мысалы, келісімшарттарды, маңызды құжаттарды аударғанда ол
жарамсыз болып қалады.
Нағыз аударма сөзбе-сөз аударма мен еркін аударманың жиынтығы
болып табылады. Сөзбе-сөз аудармадан бастапқы мәтінге мүмкіндігінше
мағыналық және құрылымдық жағынан жақындықты алады, бірақ бұл тілдік
норманы бұзбауы және түсініксіздік туғызбауы керек. Түсініксіздік туған
жағдайда және барабарлық болмаған жағдайда бейімдеуді қолдануға
болады, бірақ ол шектеулі көлемде болуы керек. Түпнұсқаға мағыналық-
құрылымдық жақындықтан шегіну, яғни бейімделу қажеттіліктен туындаған
амалсыз шара ретінде қарастырылады.
Бір-бірімен қосылып, жетілдіріле отырып, сөзбе-сөз және еркін тәржіме
аударманың дамуына негіз жасайды.
Аударманы мына формуламен белгілеуге болады:
6
түпнұсқа – a, аударма – b, аударылған мәтін – c деп алсақ, a=b, b=c болады
да, одан a=c болуы керек.
Сөз тіркестерін аударыңыз.
Компьютерлердің бірінші буыны, электронды лампалық машиналар,
жедел жадыларының көлемі, амалдардың жұмыс ырғағы, енгізу-шығару
амалдары, символдық шама, процессордың жұмысын үзу, сенсорлық
қондырымдар, телеграф желілері, дербес компьютерлер, жасанды зерде,
кванттық есептеу теориясы, сыртқы құрылғылардың өрісін, орталық
процессордың уақытын бөлшектейтін, мүмкіншілік туды, машиналар
кешенінің пайда болуы, деректер архиві жиналды, тікелей емес адрестеу, қоры
үлкейді, жылдамдықтары жүздеген мың а/с, орталық процессор тоқтап
тұрады.
Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.
Компьютерлердің буындары
Компьютерлердің бірінші буыны - 1959 жылға шейін шығарылған
электронды лампалық машиналар, жылдамдықтары ондаған мың а/c.,
разрядтылығы 31-43 бит, жедел жадыларының көлемі 1-4 кб., амалдардың
жұмыс ырғағы қатал тізбекті яғни, келесі орындалатын амал ағымдағы
амалдың орындалуы толық біткеннен соң ғана басталады, енгізу/шығару
амалдары орындалып тұрғанда орталық процессор тоқтап тұрады. Программа
негізінен машиналық тілде қолмен жазылып орындалды. Жұмыс істеу режимі
ашық болады, яғни, әрбір программалаушы басқару тетігінде өзі отырып
программасын енгізіп жұмыс істетті. Негізінен сандық шамалармен
байланысты есептер шығарылды, символдық шаманы пайдалану жоқ болды.
Стандартты программалар жасала бастады.
Компьютердің екінші буыны - 1968 жылға шейін шығарылған
трансзисторлық компьютерлер, жылдамдықтары жүздеген мың а/c.,
разрядтылығы 31-48 бит, жедел жадыларының көлемі 8-128 Кб.
Процессордың жұмысын үзу және оны өңдеу жүйесі пайда болды (ол
негізінен, енгізу/шығару амалдарын орындау кезінде іске қосылады).
Алгоритмдік
тілдерден
машиналық
тілге
автоматты
аударылатын
программалар- трансляторлар шықты, яғни, программа құру үшін деңгейлері
жоғары программалау (Fortran, Algol, Cobol және т.б. ) тілдері қолданылды,
стандартты программалардың қоры үлкейді.
Компьютердің үшінші буыны - 1970 жылдан бастап интегралды
микросұлбалар арқылы жасалынған компьютерлер мен компьютерлер кешені,
жылдамдықтары миллиондаған а/c., разрядтылығы 32-64 бит, жедел
жадыларының көлемі 64-1024 Кб. Дамыған үзу жүйесі бар, енгізу/шығару
амалдарының орындалуы орталық процессордың жұмысымен параллель
жүргізетін
қосымша
процессорлар
(арналар)
қолданылды.
Бұрын
программалар атқаратын көп жұмыстар, соның ішінде үзуді ұйымдастыру мен