16
Шина үш бөлімді: адрестік шина, берілгендер (деректер, мәлеметтер)
шинасы және басқару шинасы (әр шина сандары бірдей емес көптеген
өткізгішті сымдар тобынан тұрады). Адрестік шина арқылы информация
жазылатын ұяшықтың адресі жіберіледі. Берілгендер шинасы арқылы
информация, ал басқару шинасы арқылы «Информацияны жазу»,
«Информацияны оқу» сияқты түрлі командалар жіберіледі.
Әдетте процессордың, адрестік шинаның және берілгендер шинасының
разрядтығы (мысалы, бір уақытты өңделетін не жіберілетін биттер саны)
бірдей емес . Мысалы, 8088 IBM PC компьютерінің процессоры 16 разрядты,
адрестік шинасы 20 разрядты,
берілгендер шинасы 8 разрядты. Осы себепті
процессор бір уақытта өңделетін берілгендердің 16 разрядтын алу үшін, ол
жадқа екі рет айналым жасауы тиіс.
Құрылғыларды
байланыстыратын жүйелер мен
сигналдарды,
пайдаланушы адам мен компьютердің қарым-қатынасын, техникалық,
программалық құралдар жиынтығын және техникалық өзара келісімдерді
интерфейс деп атайды (inter — озара, face — бет жағы). Мысалы,
адаптерлер, жүйелік шина жөне құрылғылардың әрекеттерін байланыстыру
— интерфейстер.
Компьютердің ішкі/сыртқы құрылғыларының арасында мәліметтерді
алмастыру драйверлер
деп аталатын
арнайы
программалар
арқылы
орындалады (driver — жүргізуші, басқарушы). Әр сыртқы құрылғының өз
жұмысын басқаратын арнайы программасы (драйвері) бар.
Компьютерге қатысты термин сөздерге (5) түсінік беріңіздер.
Компьютер құрылғылары жөнінде өз білгендеріңді ой таразысына салып,
өзіңіздің термин сөздеріңізді кірісітіріп мәтін құраңыздар. (суретті
пайдаланыңыз.
18
Мәтінді аударыңыз
Процессор
Процессор - компьютерді басқару құрылғысы. Ол жадта орналасқан
жүйелік программалар арқылы компьютер жұмысын автоматты түрде
басқарады. Компьютердің жылдамдығы (жүмыс өнімділігі) процессордың бір
сикунтта орындай алатын қарапайым операция санымен өлшенеді.
Компьютерлік жүйелерде компьютер жұмысының жылдамдығы үшін, оған
балама етіп, электрондық сұлбалардың жұмыс ритмін ұйымдастыратын
электр импульстерінің тактілік жиілігі алынған (такт — тізбекті берілетін екі
сигнал арасындағы уақыт). Импулъс көзі — түрлі сигналдар арасындағы
үзілістерді ұйымдастырушы микросхемадан тұратын импулъс генераторы
(generator — оңдіруші). Қазіргі кездегі кәсіби дербес компьютерлерде
пайдаланылатын микропроцессорлар, типіне қарай, 4-50 МГц шамасындағы,
тіпті 100 МГц-тен асатын тактілік жиілікпен жұмыс істей алады (1 МГц =1
000 000 такт/с).
Жалпы, алғашқы буын компьютерлерінің жұмыс өнімділігі аз болатын.
Буын өскен сайын компьютерлердің жұмыс өнімділігі де қарқындайды.
Мысалы, бірінші буын ЭЕМ-дерінде сикунтына бірнеше мың операция,
үшінші
буын
машиналарында
жүз мындаған
операция орындалды.
Соңғы Пентиум типті дербес компыотерлердің жұмыс өнімділігі сикунтына
миллиондаған операциялардан тұрады. Келешекте дайындалатын кәсіби
компьютерлерде өнімділік арта беретіні сөзсіз. Тағы бір ескеретін жайт:
жұмыс өнімділігін арттыру
үшін
бір компьютерге
бірнеше
микропроцессорлар орнатылып қойылады. Әмбебап дербес компьютерлерде,
мысалы, 80486 DX әмбебап дербес компьютерінде негізгі процессордан басқа
жылжымалы үтірлі (нүктелі) нақты сандармен (мысалы, 475.2, 1025.6
сандарының 0.4752E+3, 0.10256Е+4 үлгілерінде жазылу түрлерімен)
математикалық амалдарды орындауға арналған қосымша математикалық
процессор да бар. Одан бөліп көрсету үшін біріншісін орталық процессор деп
атайды.
Дербес компьютердің типі онда орналастырылған микропроцессордың
үлгісімен анықталады. Мысалы, алғашқы шығарылған 8086, 8088 нөмірлі
IBM PC компьютерлерінде Intel фирмасы дайындаған 16 разрядты
микропроцессорлар пайдаланылды. Олардың адрестік шинамен интерфейсі
20 разрядты және осыған сәйкес ОЕСҚ-ның көлемі 1 Мбайт болатын.
ОЕСҚ (оперативті есте сақтау кұрылғысы). Оның басқа түрде аталуы:
RAM — арифметикалық-логикалық операцияларды орындау алдында және
орындау процессінде деректер мен программалар уақытша сақталатын ішкі
жадтың негізгі бөлімі, оны жедел жад (ЖЖ) деп те атайды. ОЕСҚ-ның көлемі
адрестік шинаның разрядтығына байланысты. Атап айтқанда, ол 2 санының
адрестік шинаның разрядынан тұратын дәрежесі арқылы анықталады.