30
берілетін ең үлкен ағымды ақпараттармен сенімді жұмыс істеуді қамтамасыз
етеді, өйткені онда ереже бойынша қақтығыстар болмайды, сонымен қатар
жоқ орталық абонент болмайды.
Сақинадағы сигнал барлық желілік компьютерлер арқылы өткендіктен,
ең болмаса біреуінің (немесе оның желілік жабдықтауының) істен шығуы
бүтіндей барлық желінің жұмысын бұзады. Дәл осылай сақинаның кез келген
кабельдерінің үзілісі немесе қысқа тұйықталуы барлық желінің жұмысын
құртады. Сақина кабельге зақым келуіне ең әлсіз, сондықтан бұл топологияда
екі (немесе одан да көп) параллель байланыс сызықтарын салуды әдетте
алдын ала ескереді, олардың біреуі резервте болады.
Сондай-ақ,
сақинаның
аса
ірі
артықшылығы
сигналдардың
ретрансляциясы әр абонентке бүтіндей барлық жүйенің өлшемін үлкейтуге
мүмкіндік береді (уақытпен бірнеше он дана километрлердің).
Сақинаның жетіспеушілігіне әр желілік компьютерге екі кабельден
жалғау керектігін жатқызуға болады.
Мына етістіктердің алдына қажетті сөзді тіркестіреміз: жатады,
анықтайды, қалыптасады, керек, қолданылады, негізделеді, ерекшелейді,
беріледі,
тасымалдайды,
болжайды,
бұрмаланады,
жүктеледі,
тоқтатылады, әлсірейді, орналастырылады, таратады, бөлінеді, басқарады,
талап етеді, қамтамасыз етеді, бұзады, ескереді.
Салыстыру арқылы желілік топлогияның үш түріне сипаттама
беріңіз. Бір-бірінен қандай ерекшелігі және қандай кемшіліктері бар?
«Шина» «Жұлдызша»
«Жұлдызша»
«Сақина»
Мәтінді аударыңыз.
Компьютерді программамен қамтамасыз ету
Программамен қамтамсыз ету дегеніміз – компьютерде белгілі бір
үлгілерді орындайтын, оларды орындауға септігін тигізетін техникалық
программалық құжаттамалар жиынын қоса алғандағы программалардың
жиынтығы.
Барлық программалық құралдардың жиынтығы мен олардың қажет
ететін, компьютерде қолданылатын деректерін әдетте Software деп жиі атайды
(Software-програмалық қаматамасыз ету, Soft-жұмсақ, ware - өнім, яғни
жұмсақ өнім), аппараттық құралдардың жиынтығы- hardware (hardware-
аппараттық құрал, hard-қатты).
Кез келген нақты компьютерде аппараттық және программалық
құралдардардың
нақты
жиыны,
сондай-ақ
олардың
ресурстарын
қалыптастыратын әр түрлі деректер болады.
Программалық қамтамасыз ету әр түрлі қызмет салаларындағы
есептеуіш жүйені пайдалануға бағдарланған әрі ол алға қойылған міндеттерді
уақтылы және баламалы шешуді қамтамысыз етуі керек. Бұл программалы
31
етудің компоненттерін әзірлеуге қойылатын талаптарды сақтаудың
қажеттілігін тудырады. Бұл талаптардың негізгілеріне мыналар жатады:
модульдігі, өсуі мен дамуы, сенімділігі, болжанатыны (предсказуемость),
қолайлы болуы, эргономикалығы, икемділігі, тиімділігі, үйлесімділігі.
Пайдаланушыға берілетін мүмкіндіктердің жүзеге асырылуы үшін
програмалық жүйе модульдік құрылымға ие болуы керек. Үлкен жүйені
шолып талдауға келетіндей етіп жекелеген бөліктерге бөлуді оңайлатады,
бірақ жұмыстың өте дәл ұйымдастырылуын талап етеді. Оған қоса, басқа да
қалған талаптарды сапалы жүзеге асыру көп жағынан модульдік талабының
дұрыс сақталуына байланысты болады.
Әдетте программадағы деректерді өңдеу бойынша функцияның
орындалуы үшін белгілі бір көмекші информация қажет. Іліктес (родственных
функции) функциялардың орындалуы үшін әдетте бір емес, бірнеше өзара
байланысты программалар әзірленеді.
Информацияны өңдеудің іліктес функцияларының орындалуын
қаматамасыз ететін өзара байланысты программалар тобын және осыған
қажетті көмекші декректер жиынын программа дестесі немесе программалық
жүйе деп аталады.
Жаппай тираждау мақсатында жасалатын программа немесе программа
дестесі программалық өнім деп аталады.
Дестені немесе программаны жұмыс жағдайына келтіру үшін орындау
процедурасын, инсталяции (install- орнату) қажет, яғни программалар
деректері сол сәттегі құжаттамаларда баяндалған ереже бойынша жұмыс істей
алатын жағдайларға ойластыру үшін (для их развертывания) дестенің тек
заңды иесі ғана өзінің орнатқанын орындауға мүмкіндік беретін арнайы кодты
білуі қажет.
Іс жүзінде программалық өнімдердің пайдаланылуына қарай олардың
кемшіліктері, пайдаланылмаған мүмкіндіктері, содан соң, әзірлеу кезінде
байқаусызда кеткен қателіктер анықталады. Өндіруші фирмалар өзіне кеп
түскен мұндай информацияны ескере отырып, шамалары келгенше елге
танылып үлгерген өнімге тиісті өзгертулер енгізеді. Бұл өзгертулер
қолданыстағы программалық өнімнің модификациялары мен нұсқаларының
пайда болуы түрінде көрінеді.
Үзіндіні аударыңыз.
Информатизация
общества
—
организованный
социально-
экономический и научно-технический процесс создания оптимальных условий
для удовлетворения информационных потребностей и реализации прав
граждан, органов государственной власти, органов местного самоуправления,
организаций, общественных объединений на основе формирования и
использования информационных ресурсов.
Информационное общество – общество, в котором большинство
работающих занято производством, хранением, переработкой и реализацией
информации, особенно высшей ее формы – знаний.
32
Цель информатизации - улучшение качества жизни людей за счет
повышения производительности и облегчения условий их труда.
Основными критериями развитости информационного общества
являются следующие: наличие компьютеров, уровень развития компьютерных
сетей, владение информационной культурой, т.е. знаниями и умениями в
области информационных технологий.
Мәтінді аударыңыз.
Программалық қамтамасыз
етудің құрылымы
Бүгінгі таңда программалық қамтамасыз етудің үш тобын бөліп
көрсетуге
болады:
жүйелік,
инструменталдық
және
қолданбалы.
Программаны осылайша үш топқа бөлудің өзі шартты түрде ғана болады,
мәселен, жүйелі сипатындағы программаға мәтін редакторы да яғни,
қолданбалы сипаттағы программа да кіруі ықтимал.
Жүйелік
программа
деректерді
өңдейтін
компьютерлік
технологиялардың барлық түрін пайдалану барысында орындауға тура келетін
көмекші жұмыстардың көбісін аппараттық құралдармен автоматтандырады.
Жүйелік программа тобын операциялық жүйе, операциялық қоршам
(оболочка), архиватор, антивирустық программа және т.б. кіреді.
Инструментальдық программаны қамтамысыз ету адам қызметінің әр
түрлі салаларында қолданылатын программаның барлық ықтимал дестелерін
әзірлеуде қолданылады.
Инструментальдық программа тобына мыналар кіреді: программа
мәтінін машина тіліне аударуды жүзеге асыратын әр түрлі алгоритмдік
тілдердің трансляторы, программаның жекелеген бөліктерін біріктіріп, бір
бүтін тұтас ететін байланыстырушы редакторлар, сондай-ақ жөндеуші – оның
көмегімен программаны жазу барысында кеткен қателіктер табылып,
жойылады, ыңғайлы жасалуы үшін жоғарыда аталған компоненттерді
біріктіріп әзірлеушілердің интеграциялық ортасы.
Қолданбалы программа немесе қосымша бұл деректерді өңдеудің
информациялық технологиясын қолданылатын белгілі бір саладағы
міндеттерді немесе міндеттер тобын шешуге арналған программа.
Қолданбалы программамен қамтамасыз ету қолданбалы програмистер
қызметінің түпкі мақсаты әрі бір мезгілде түпкілікті көрсеткіштердің еңбек
құралы болып табылады. Түпкілікті пайдаланушы деп, белгілі бір нақты
саладағы немесе қандайда бір мақсатта нақты міндеттерді шешу үшін қажетті
информацияны алуға септігін тигізетін есептеуіш техникасын пайдаланатын
адамды айтады. Мұнда нақты бір саланың маманы бір мезгілде деректерді
өңдеу құралы саласының маманы болмауы керек, ол программалаудың қалай
жүзеге асатынын білмегені дұрыс. Алайда ол компьютермен жұмыс істеудің
негізгі әдістері мен тәсілдерін, сондай-ақ өзін толғандыратын саладаға
33
жүйелік, әсіресе, қолданбалы программаның атқаратын өзіне тән міндеттері
мен мүмкіндіктерін білгені жөн.
Сөздерді орнына қойып, сөйлем құрастырыңыз.
1) оны / ақпараттарды сақтауға / өңдеу кезінде /жеңілдетуге/ арналған/
дербес компьютерлер / есептеуді.
2) пішімге /кез келген /ақпарат/ компьютер/ сандық / ауыстырады/ түрін.
3) отырады / құрылғыларын /аналық тақша/ бір-бірімен / компьютердің/
байланыстырып / барлық.
4) копьютердің / процессор/ қалған бөліктерін/ ақпаратты өңдеп /
басқарады/ барлық.
5) ЭЕМ-ге /пернетақта/ құрылғы /мәліметтерді енгізуге/ командылық
операциялардың / сонымен қатар арналған/ басқарады/ орындалуын /
6) өңдеуге/ қалпын / тінтуір/ арналған құрылғы /дисплей экранындағы/
сілтеме / көрсеткіш.
7) базасына
/мәліметтерді/
бағдарлама
/сүзгі
/енгізбейтін/
айқындалмаған/ деректер.
8) бөлігі / жад/ деректерді/ функционалдық/ қабылдауға/ ЭЕМ-нің/
сақтауға/ арналған.
Арқылы, туралы, үшін, бойынша, байланысты, арқасында сөздерінің
керегін қойып, сөйлемдерді толықтырыңыз, аударыңыз.
Компьютерде жұмыс істеу кезінде барлық мәлімет аналық немесе
жүйелік тақша ... өңделеді. Компьютердің оперативті жадысы (ОЗУ) немесе
Random Access Memory мәліметтерді қысқа мерзімге сақтау ... қызмет етеді.
Ақпараттық-кеңес беретін жүйелер объектінің күйі мен жұмыс тәртібі ...
ақпаратты беріп, нақты жағдай ... қажетті ұсыныстар мен пікірлерді ұсынады.
Компьютерлер есептеу операцияларының күрделі қатарларын адамның
қатысуынсыз, алдын ала көрсетілген нұсқаулық-бағдарлама ... жүргізуге
мүмкіндік береді. Microsoft фирмасының бағдарламалық жабдықтары ...
компьютер жаппай пайдалануға лайықталып, IBM PC стандарты пайда болды.
Тапсырушы абоненттің арақашықтығына ... әр абонент желіден түрлі
деңгейдегі сигналдарды ала алады.
Үзіндіні аударыңыз.
Операционные системы Мiсrosоft Windows версий 9x/2000jXP ис-
пользуются в большинстве персональных компьютеров (обозначение
Windows 9х соответствует версиям Windows 95 и 98). Они имеют гра-
фический, интерфейс, поддерживают многозадачный режим, управление
виртуальной памятью, к ним выпущено много прикладных программ, есть
возможность подключать разнообразные периферийные, устройства и
работать в компьютерной сети.
Вместе с операционной системой Windows кроме собственно системных
программ устанавливаются стандартные прикладные программы - простые
программы для работы и отдыха: редактирования текста, просмотра рисунков,
34
мультимедиа.
Үзіндіні аударыңыз.
Cканер
-
периферийное
устройство
считывания
аналоговых
изображений с поверхности, преобразования в оцифрованное изображение
(электронный формат) для последующего хранения" и обработки в
компьютере с использованием программных средств. Сканеры считывают
изображение (рисунки, фотографии) и текст с бумаги, плен, иных твердых
носителей (отпечатки - с пальцев). Сам по себе сканер не может распознать
символы и слова как текст, он передает на экран изображение документа. Для
распознавания текста по сканированному изображению применяются
программы распознавания.
Вообще, сканирование - это управляемый последовательно поэле-
ментный обзор заданной зоны: сканирование воздушного пространства
локатором, сканирование тела больного медицинским томографом,
сканирование компьютерного жесткого диска программой в поисках ошибок
размещения информации. Фотографирование делает снимок, сразу отображая
весь объект, попавший в кадр, а сканирование готовит изображение,
кропотливо просматривая в объекте точку за точкой.
35
Әдебиеттер тізімі
1. В. Яворский, Ә. Смағұлова, А. Әміров Компьютерлік желілер. –
Астана.: Фолиант басп., 2012. – 144 б.
2. Беркінбаев. К.М. Информатика. Оқулық. -Алматы, 2007 жыл.
3. Острейковский. В.А Информатика. Учебник для вузов. М.: Высшая
школа, 2009. – 511с.
4. Жақыпов Ж.А. Аударматануды аңдату. - Алматы, 2004. -192 б.
5. Төлеуп М. М. Кәсіби бағытталған тілде сөйлеу біліктілігін арттыру:
Оқу құралы. - Алматы, 2006.
6. Тұрым А.Ш Есептеу кешендері, жүйелері мен тораптары. - Алматы:
ҚазҰТУ, 2002.-226 б.
7. Байжұманов М.Қ., Жапсарбаева Л.Қ. Информатика. Оқу құралы.-
Астана, 2004.
Мазмұны
1
Аударма туралы ...........................................................................
3
2
Компьютердің буындары ............................................................
4
3
Ғылыми-техникалық әдебиетті аудару ......................................
7
4
Дербес компьютер .......................................................................
8
5
Техникалық аударма ....................................................................
10
6
Дербес компьютердің архитектурасы ........................................
12
7
Процессор .....................................................................................
18
8
Аудармашыға қойылатын талаптар ...........................................
21
9
Ішкі жад бөлімдері .......................................................................
21
10
Терминжасамның грамматикалық тәсілдері .............................
23
11 Э Компьютерлік желілердің жіктелуі .............................................
24
12
Біррангілі және сервер негізіндегі желілер ...............................
27
13
Локальді желілердің топлогиясы ...............................................
29
14
15
Компьютерді программамен қамтамасыз ету ...........................
Программалық қамтамасыз етудің құрылымы .........................
Әдебиеттер тізімі
33
35
36
2014 ж. жиынтық жоспары, реті 70
Асылханова Лаура Айтуғанқызы
КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ
5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамассыз ету
мамандығының студенттеріне арналған әдістемелік нұсқаулықтар
0
Редактор: Ж.Н. Изтелеуова
Стандарттау бойынша маман Н. Қ. Молдабекова
Басуға қол қойылды___ .___ .____. Пішімі 60х84 1/16
Таралымы 30 дана. №1 типографиялық қағаз
Көлемі 2,1 оқу-басп.т. Тапсырыс ____. Бағасы 1050.
«Алматы энергетика және байланыс университеті»
коммерциялық емес акционерлік қоғамының
көшірмелі-көбейткіш бюросы
050013, Алматы, Байтұрсынов көшесі, 126
Достарыңызбен бөлісу: |