Жер қойнауын пайдаланумен байланысты даулар, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік
Жер қойнауын пайдаланумен байланысты дауларды шешу және жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік
Жер қойнауын пайдаланумен байланысты дауларды шешу тәртібі
Жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуімен байланысты жер қойнауын пайдаланушы мен құзыретті орган арасында туындайтын кез келген даулар, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының соттарында реттелуге тиіс.
Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Жер қойнауын заңсыз пайдалану әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамада немесе қылмыстық заңнамада көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
Құзыретті органның келісімшартты орындаудан бас тартуы және лицензияны кері қайтаруы үшін негіз болып табылатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың немесе лицензиялардың шарттарын қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушының осы Кодекстің ережелерін бұзуы әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамада көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.
Әкімшілік жауапкершілікке тарту кінәлі тұлғаларды жол берілген бұзушылықтарды жою міндетінен босатпайды.
Жер қойнауын пайдалану және жер қойнауын қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық
Жер қойнауын пайдалану және жер қойнауын қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың мақсаты, қағидаттары, негізгі бағыттары және түрлері
Жер қойнауын пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық мақсаттары
Жер қойнауын пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық мақсаты деп Қазақстан Республикасының және өзге де мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың жер қойнауын зерделеу және пайдалану мәселелері бойынша бірлескен әрекеттеріне өзара көмек және оны үйлестіру танылады.
Жер қойнауын пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық қағидаттары
Басқа елдермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық өзара құрметтеу, сенімділік, өзара көмек, компромисс, кемсітпеу, бір-бірінің істеріне араласпау, қабылдаған міндеттемелерді уақытылы орындау, дауларды бейбіт шешу қағидаттарына негізделеді.
Мемлекет инвестициялардың келуі үшін қолайлы жағдай жасау және пайдалы қазбаларды зерделеу, барлау және өндіру және жерасты кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті ұйымдастыруға нарықтық тәсілдерді енгізу арқылы қазіргі заманғы технологияларды жасау бойынша күш-жігер салады.
Жер қойнауын пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық бағыттары
Жер қойнауын пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық бағыттары:
шет мемлекеттердің озық заңнамалық және құқық қолдану практикасын бейімдеу арқылы ұлттық заңнаманы жетілдіру;
өзара тиімді негізде жер қойнауын геологиялық зерделеуді және минералдық шикізат базасын ұлғайтуды жүзеге асыру, қауіпсіздік деңгейін бір уақытта арттыру және қоршаған ортаның ластануын ең аз деңгейге жеткізу жағдайында өндіріс тиімділігінің өсуін және пайдалы қазбаларды және оларды қайта өңдеу өнімдерін пайдалануды қамтамасыз ету;
мемлекеттік билік және басқару органдарының тиімді ынтымақтастығының жаңа тетіктерін әзірлеу;
минералдық шикізат ресурстарының және оларды қайта өңдеу өнімдерінің нарығын, оның ішінде халықаралық ынтымақтастыққа қатысушы елдердің шаруашылық қызметі субъектілерінің өзара тиімді кооперативтік байланыстарын орнату үшін қолайлы жағдайлар жасау арқылы дамыту;
жер қойнауын геологиялық зерделеу, минералдық шикізат базасын молайту және сапалы жақсарту саласында жұыстардың бірлескен бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
минералдық шикізат ресурстары, сондай-ақ оларды қайта өңдеу өнімдері (өзгерту) ағынының халықаралық транзиті мақсатында көлік инфрақұрылымдарына қолжетімділікті жеңілдету;
қауіпсіздіктің жоғары деңгейіне жетуге және қолдауға бағытталған жер қойнауын пайдалану қауіпсіздігі саласындағы жұмыстардың бірлескен бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
минералдық шикізат ресурстарын өндіру және (немесе) қайта өңдеу (өзгерту) бойынша кәсіпорындарда ірі аварияларды болдырмау және оның салдарын жоюда ынтымақтастық;
әлемдік практикада пайдалы қазбалардың кезеңдері, олардың запастарының сыныптамасы, геологиялық есептердің, пайдалы қазбалар запастарының баланстары және басқа да геологиялық ақпараттың нысаны мен мазмұны бойынша мазмұнына қойылатын қабылданған талаптар негізінде геологиялық барлау жұмыстарын регламенттейтін нормативтік әдістемелік құжаттарды жетілдіру және келісу жөніндегі шараларды үйлестіру;
минералдық шикізат ресурстарын барлау, өндіру, қайта өңдеу (өзгерту) және пайдалану саласында қолданылатын жаңа технологияларға қолжетімділікті жеңілдету;
трансшекаралық кен орындарын бірлесіп барлау мен шығаруға және жер қойнауының өзге де трансшекаралық ресурстарын игеруге қатысу болып табылады.
ЕРЕКШЕ БӨЛІМ
ЖЕР ҚОЙНАУЫН ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
Жер қойнауын геологиялық зерттеу түрлері
Жер қойнауын геологиялық зерттеуді жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган тұлғасында мемлекет (мемлекеттік жер қойнауын геологиялық зерттеу) немесе жеке адамдар жүргізуі мүмкін.
Жер қойнауын геологиялық зерттеу жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган мен мердігер арасындағы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жасалатын шарт негізінде жүргізіледі.
3. Жер қойнауын геологиялық зерттеу жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган беретін жер қойнауын геолоиялық зерттеуге арналған лицензия негізінде жеке тұлғалармен жүргізіледі.
Мемлекеттік жер қойнауын геологиялық зерттеудің ерекшеліктері
Мемлекеттік жер қойнауын геологиялық зерттеу кешенді геологиялық ақпаратты алу және жер қойнауын пайдаланудың ақпараттық негізін құрайтын геологиялық карталарды жасау мақсатында жүйелі өңірлік геологиялық зерттеулерді, геологиялық-түсіру жұмыстарды; жер асты суларын іздеу және іздестіру-бағалау жұмыстарын, жер қабаты мен ондағы өткізілетін үдерістерді зерттеу, пайдалы қазбалар мен басқа да жер қойнауы ресурстарын табу мақсатында жүргізілетін өзге де жұмыстар, сондай-ақ құрылыс үшін инженерлік-геологиялықизыскания; жер қойнауын зерттеу және пайдаланусаласында қолданбалы ғылыми зерттеулерді; жер қойнауы жағдайына мониторингті қамтуы мүмкін.
Мемлекеттік жер қойнауын геологиялық зерттеу кез келген жер қойнауы учаскесінде, соның ішінде осы Кодекске сәйкес жеке тұлғаларға пайдалануға берілген жер қойнауы учаскелерінде жүргізілуі мүмкін. Мемлекеттік жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша жұмыстарды жүргізу жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүзеге асыратын адамдардың қалыпты жұмысына кедергі жасамауы тиіс
Мемлекеттік жер қойнауын геологиялық зерттеу жүргізу аумағы жұмыс мақсаттарын, міндеттерін және сипатын көрсете отырып мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасында айқындалады.
Мемлекеттік жер қойнауын геологиялық зерттеу жүргізу нәтижелерін жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органмен оның интернет-ресурсында жұмыстарды қабылдаған күннен бастап екі айдан кешіктірмей жариялауға жатады.
Жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензия
Жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензия бойынша оның иесі бес жыл бойы зерттеу, геологиялық-түсіру және геофизикалық жұмыстарды жүргізу мақсатында жер қойнауын пайдалануға құқылы.
Жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензия оның иесіне геологиялық зерттеу учаскесіне айрықша құқықтарды бермейді.
Жер қойнауын геологиялық зерттеу аумағы
Жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензия бойынша блоктар саны шектелмейді.
Жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензия Қазақстан Республикасының барлық аумағы шегінде беріледі.
Осы бапқа сәйкес жер қойнауын геологиялық зерттеу жүргізуге басқа адамға пайдалы қазбаны барлау және (немесе) өндіру үшін пайдалануға берілген жер қойнауы учаскесінің аумағында оның келісімінсіз жол берілмейді.
Жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияны беру туралы өтініш
Жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензия алуға мүдделі адам жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға олар белгілеген нысан бойынша жазбаша өтініш береді.
Өтініште мынадай мәліметтер: Заявление должно содержать следующие сведения:
заңды тұлғалар үшін – өтініш берушінің атауы, оның орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер (сауда тізілімінен үзінді көшірме немесе өтініш беруші шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжат);
жеке тұлғалар үшін – өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) тұрғылықты жері, азаматтығы, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер;
жер қойнауын геологиялық зерттеу аумағын құрайтын блокқа (блоктарға) нұсқаулар қамтылуға тиіс.
Өтінішке мынадай құжаттар:
осы баптың 2-тармағы 1) тармақшасында көзделген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері;
өтініш беру кезінде өтініш берушінің атынан әрекет ететін тұлғаның, егер мұндай тұлға өтініш беруші болып тағайындалса, өкілеттігін растайтын құжат;
жер қойнауын геологиялық зерттеу жоспарының көшірмесі;
лицензия беру үшін алымды төлеуді растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріледі.
Өтініш және өтінішке қоса берілетін құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілінде беріледі. Өтінішке қоса берілетін, шет тілде жасалған құжаттардың көшірмелері мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармамен беріледі, олардың дұрыстығын нотариус куәландырады.
Жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияны беру туралы өтінішті қарау
Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган келіп түскен күнінен бастап бес күн ішінде өтінішті қарайы және лицензия береді не оны беруден бас тартады.
Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган мына негіздердің бірі болған кезде лицензияны беруден бас тартады:
өтініш немесе оған қоса берілген құжаттар осы Кодекстің 75-бабында көзделген талаптарға сәйкес келмейді;
Сұрау салынған жер қойнауы учаскесі осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмейді;
Лицензия беруден бас тарту жазбаша нысанда шығарылады, дәлелді болуға және лицензияны қарау және беру үшән көзделген мерзім ішінде берілуге тиіс.
Лицензия беруден бас тартуға өтініш беруші бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап он күннен кешіктірмей сот тәртібімен шағымдануы мүмкін.
Лицензия беруден бас тарту өтініш берушіні өтінішті қайталап беру құқығынан айырмайды.
Жер қойнауын геологиялық зерттеуге лицензия бойынша операцияларды жүргізу тәртібі
Геологиялық зерттеу учаскесі аясында жер қойнауын пайдаланушы экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтаумен жұмыс жүргізуге құқылы.
Жер қойнауын геологиялық зерттеуге лицензия бойынша жүргізілетін жұмыстар құжаттауға жатады. Құжаттамада жер қойнауын дұрыс зерттеу үшін қажетті барлық мәліметтер көрсетіледі.
Жер қойнауына геологиялық зерттеу жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы:
зертханалық зерттеулер мен талдамалар деректерін қосқандаоперациялар барысында алынған геологиялық ақпараттың дұрыстығы мен сақталуын;
геологиялық құжаттаманы жүргізудің уақтылылығы мен сапасын;
осы Кодексте көзделген тәртіпте және мерзімде жер қойнауын геологиялық зерттеу учаскесі бойынша жүргізілген жұмыстар туралы есептерді және осындай жұмыстардың нәтижелері бойынша геологиялық есепті ұсынудықамтамасыз етуге міндетті.
Геологиялық зерттеу учаскесінде жер қойнауын пайдаланушы күрделі құрылыстар салуға, жарылғыш заттарды тұрақты қоймалауға және сақтауға, ұңғымаларды бұрғылауды жүзеге асыруға, жыралар, шыңыраулар, транштар және басқа да тау шөгінділерін салуға құқығы жоқ.
Геологиялық ақпаратқа құқық
Жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияның иесі жер қойнауын геологиялық зерттеу нәтижесінде алған геологиялық ақпаратқа еркін билік етуге құқылы.
Осы бапқа сәйкес жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын геологиялық зерттеу нәтижесінде алған геологиялық ақпарат лицензия мерзімі өткен күннен бастап бір айдың ішінде жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға пайдалануға өтеусіз берілуге жатады. .
Жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі уәкілетті орган алынған геологиялық ақпаратты оны алған күннен бастап үш жыл (құпиялылық мерзімі) өткен соң ашады.
Жер қойнауын геологиялық зерттеуге лицензияны кері қайтару және оның тәртібі
Жер қойнауын геологиялық зерттеуге лицензия осы Кодекстің 77-бабының 4-тармағының ережесі бұзылған жағдайда жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі уәкілетті органмен кері қайтаруға жатады.
Бұзушылық анықталған жағдайда жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі уәкілетті орган жер қойнауын пайдаланушыны бұл туралы хабардар етеді.
Жер қойнауын пайдаланушы табылған бұзушылықты жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органнан хабарлама алған сәттен бастап бір ай ішінде жоюға міндетті.
Жер қойнауын пайдаланушы осы тармақта көзделген мерзімде жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органды жоюды растайтын құжаттарды қоса бере отырып, бұзушылықтардың жойылғаны туралы жазбаша хабардар етеді.
Бұзушылық белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган осы баптың 4-тармағына сәйкес лицензияны кері қайтарады.
Лицензияны кері қайтаруды жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган жер қойнауын пайдаланушыға лицензияны кері қайтару туралы жазбаша хабарлама жіберу арқылы жүргізеді.
Жер қойнауын пайдаланушы лицензияны кері қайтарып алу туралы хабарламаны алған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін Лицензия қолданысын тоқтатады.
Жер қойнауын пайдаланушы лицензияны кері қайтарып алу туралы хабарламаны алған күннен бастап кері қайтарылатын лицензия бойынша жұмыстарды дереу тоқтатуға және геологиялық зерттеу учаскесінің аумағынан ондағы барлық жабдықтарды, имараттар мен материалдарды алып тастауға міндетті.
Жер қойнауын пайдаланушы лицензияны кері қайтарып алу туралы хабарлама алған күннен бастап лицензияны кері қайтарып алуға сот тәртібінде дау айтуға құқылы. Осындай дау айту кезеңінде осы баптың 4-тармағында көрсетілген мерзім сот шығарған шешім күшіне енгенге дейін ұзартылады.
Достарыңызбен бөлісу: |