Операторды тағайындау және оның міндеттері
Құзыретті органға жазбаша хабарлай отырып құрылатын немесе жер қойнауын пайдаланушы болып айқындалатын, қызметті жедел басқаруды және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт немесе лицензия бойынша есепке алу-есептік операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, жер қойнауын барлауға, өндіруге және геологиялық зерделеуге арналған лицензиялар бойынша оператор болып табылады, оның әрекеттеріне жер қойнауын пайдаланушы мүліктік жауапты болады.
Бір келісімшарт немесе лицензия бойынша бір ғана оператор тағайындалуы мүмкін.
Оператор мен жер қойнауын пайдаланушы арасындағы қатынастар жазбаша нысанда жасалатын олардың арасындағы келісімде реттеледі. Көрсетілген келісімнің қарапайым жазбаша нысанын сақтамау оның жарамсыздығына әкеп соғады.
Оператордың мүлкі
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт немесе лицензия бойынша жұмыстарды орындау үшін оператор құрған немесе сатып алған мүлік жер қойнауын пайдаланушының меншігі болып табылады.
Оператор көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін оператор пайдаланатын жер қойнауын пайдаланушының мүлкі оператор мүлкінен жеке есепке алынуға тиіс.
Оператордың жауаптылығы
Оператордың зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелері бойынша жауаптылығын қоса алғанда, мемлекет және үшінші тұлғалар алдындағы әрекеттері үшін жер қойнауын пайдаланушы жауапты болады. Жер қойнауын пайдаланушының барлық талаптарды қанағаттандыру үшін мүлкі жеткілікті болмаған жағдайда, жетпеген бөлікте оператор мүлкімен жауапты болады.
Жер қойнауын пайдалану құқығының тоқтатылуы
Жер қойнауын пайдалану құқығын тоқтату негіздері
Лицензия негізінде туындаған жер қойнауын пайдалану құқығы лицензия қолданысының тоқтатылуымен тоқтатылады.
Келісімшарт негізінде туындаған жер қойнауын пайдалану құқығы келісімшарт қолданысының тоқтатылуымен тоқтатылады.
Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия қолданысының тоқтатылуы
Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия қолданысы мынадай:
осы Кодексте өзгеше көзделмесе, ол берілген мерзім өткен;
егер лицензия негізінде туындаған жер қойнауын пайдалану құқығы азаматтық заңнамаға сәйкес иесіз қалған мүлік деп танылса, оның жалғыз иеленушісі қайтыс болған;
лицензия кері қайтарылған немесе ол жарамсыз деп танылған;
лицензия берілген жер қойнауы учаскесінен жер қойнауын пайдаланушы мемлекетке бас тартқан жағдайларда тоқтатылады.
Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияны кері қайтару осы Кодексте көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт қолданысының тоқтатылуы
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт қолданысы мынадай:
ол жасалған мерзім өткен;
егер жер қойнауын пайдалану құқығы азаматтық заңнамаға сәйкес иесіз қалған мүлік деп танылса, келісімшарт бойынша мұндай құқықтың жалғыз иеленушісі болып табылатын адам қайтыс болған;
келісімшартты орындаудан бас тартылған немесе ол жарамсыз деп танылған;
тараптардың келісімі бойынша келісімшарт бұзылған;
келісімшарт жасалған барлық жер қойнауы учаскесін (барлық учаскелерді) жер қойнауын пайдаланушы мемлекетке қайтарған жағдайларда тоқтатылады.
Құзыретті орган осы Кодексте көзделген негіздер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты орындаудан бас тартуға құқылы.
Жер қойнауын қауіпсіз пайдалану
Жер қойнауын пайдалану кезіндегі экологиялық қауіпсіздік
Өндірістік және өзге де объектілерді болжауды, жоспарлауды және жобалауды қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар экологиялық заңнаманың талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Жер қойнауының экологиялық жай-күйі шекті жол берілген эмиссияларды нормалаумен, қызметті немесе оның жекелеген түрлерін шектеумен немесе оған тыйым салумен қамтамасыз етіледі.
Осы Кодексте көзделген жағдайларда мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысынсыз жер қойнауын пайдалануға тыйым салынады.
Өндірістік және өзге де объектілерді жобалауды қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін тәсілмен жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдалануға тыйым салынады.
Осы Кодексте көзделген жағдайларда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы сараптаманың оң қорытындысынсыз жер қойнауын пайдалануға тыйым салынады.
Жер қойнауын пайдаланумен байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде:
1) жұмыскерлердің жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бойынша қағидалар мен нормаларды зерделеуі және орындауы, сондай-ақ авариялардың алдын алу және жою бойынша іс-шараларды жоспарлау және оны жүргізу;
2) жұмыскерлердің өмірі үшін қауіп төнген жағдайда жұмыстарды тоқтата тұру, адамдарды қауіпсіз жерге шығару және қауіпті анықтау үшін қажетті іс-шараларды жүзеге асыру;
3) қауіпсіздік қағидалары мен нормалары және санитариялық нормалар талаптарына сәйкес келетін жай-күйде машиналарды, жабдықтар мен материалдарды қолдану, ғимараттар мен құрылыстарды ұстау;
4) жарылғыш материалдарды есепке алу, тиісінше сақтау және тасымалдау, сондай-ақ оларды дұрыс және қауіпсіз пайдалану;
5) кеніштік атмосфераның құрамын жақсартуды көздейтін арнайы кешендік ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралардың озық практикасын ескере отырып әзірлеу және оны жүзеге асыру, тау-кен жұмыстарын жүргізу технологиялары мен кәсіби ауруларды және өндірістік жарақаттанудың алдын алуға бағытталған ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын жетілдіру;
6) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамада көзделген өзге де талаптарды орындау қамтамасыз етілуге тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |