Кодексі жалпы бөлім I бөлім. Негізгі ережелер 24 1-тарау. Жалпы ережелер 24


-тарау. Көмірсутектерді барлау және өндіру аумақтары мен учаскелері



жүктеу 2,92 Mb.
бет11/22
Дата14.05.2018
өлшемі2,92 Mb.
#12458
түріКодекс
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22

20-тарау. Көмірсутектерді барлау және өндіру аумақтары мен учаскелері




  1. Көмірсутектерге қатысты жер қойнауын пайдалану жөнінегі операцияларды жүргізу үшін берілетін жер қойнауы учаскелері


  1. Жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасына енгізілген жер қойнауы учаскелері көмірсутектерді барлау және өндіру немесе өндіру үшін:

  1. тендер немесе аукцион өткізу арқылы;

  2. өтініш бойынша көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға берілуі мүмкін.

  1. Басқа тұлғаға тиесілі және оның пайдалануындағы жер учаскесі шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесі берілген жағдайда сол жер қойнауы учаскесінен жер учаскесінің жер бетіндегі ең төменгі нүктесінен отыз метр тереңдіктегі жер қойнауының бір бөлігі алып тасталады.

  2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің немесе су қорының жерлері аумақтарының шегінде ішінара орналасқан жер қойнауы учаскесі берілген жағдайда жер қойнауы учаскесінен көрсетілген аумақтардың жер бетіндегі ең төменгі нүктесінен отыз метр тереңдіктегі жер қойнауының бір бөлігі алып тасталады.

  3. Көмірсутектерге қатысты жер қойнауын пайдалану құқығына ие өзге жер қойнауын пайдаланушының өндіру аумағының шекарасы шегіндегі барлау учаскелерін қоспағанда, көмірсутектерді барлау учаскелері тереңдік бойынша шектелмейді.

  4. Көмірсутектерді өндіру учаскелері шектерінде табылған көмірсутек кен орындары орнының тереңдігімен шектеледі.

  5. Тендер немесе аукцион негізінде не көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияның өтініші бойынша пайдалану құқығы берілетінбарлау учаскесінің аумағы мөлшері екі мың блоктан аспайды.



  1. Жер қойнауы учаскесін беру


  1. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасалған күннен бастап бір ай ішінде құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушыға көмірсутектерді барлауға немесе өндіруге аумақты және соған сәйкес келетін жер қойнауы учаскесін береді.

  2. Аумақ пен жер қойнауы учаскесін беру жер қойнауын пайдаланушының және құзыретті органның аумақ пен жер қойнауы учаскесін қабылдау актісіне қол қоюы арқылы жүзеге асырылады.

  3. Көмірсутектерді барлау немесе өндіру аумағы Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жай-күйде берілуге тиіс.

  4. Тараптар аумақ пен жер қойнауы учаскесін қабылдау актісіне қол қойғанға дейін көмірсутектерді барлау немесе өндіру аумағы Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы өз қарауы бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты орындаудан біржақты тәртіппен бас тартуға не құзыретті органмен келісілген мерзімде аумақты Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жай-күйге келтіру бойынша міндеттемені өзіне қабылдауға құқылы.

  5. Тараптар аумақ пен жер қойнауы учаскесін қабылдау актісіне қол қойғаннан кейін олардың Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкестігі бойынша жауапкершілік жер қойнауын пайдаланушыға жүктеледі.

  6. Осы баптың 4 және 5-тармақтарының ережелері сол аумақта әрекет ететін өзге жер қойнауын пайдаланушының қызметінен туындаған Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын бұзушылыққа қолданылмайды.

  7. Көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт немесе аумақ пен өндіру учаскесінің бекітілуін және өндіру кезеңінің ұзақтығын көздейтін көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа толықтыру жасау Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушыға өзіне қажетті жер учаскесінде жер пайдалану құқығын беру үшін негіз болып табылады.


  1. Қайта құру ұғымы және түрлері


  1. Жер қойнауы учаскелерін қайта құру мыналар:

    1. жер қойнауы учаскесін ұлғайту;

    2. жер қойнауы учаскесін азайту;

с. жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша бір жер қойнауы учаскесін жер қойнауын пайдалануға арналған басқа келісімшарт бойынша басқа жер қойнауы учаскесіне қосу;

d. жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша жер қойнауы учаскесін (оның бөлігін) жер қойнауын пайдалануға арналған жаңа келісімшарт бойынша бөліп алу арқылы жүргізілетін кеңістіктегі шекарасын өзгерту болып табылады.

Жер қойнауы учаскелерін қайта құруға қайта құрылатын учаскелер пайдаланушысы бір адам (бір адамдар) болып табылған жағдайда жол беріледі.

  1. Жер қойнауы учаскесін ұлғайту


  1. Осы Кодекстің 95-бабы 6-тармағында белгіленген шектеуді ескере отырып, жер қойнауы учаскесінің аумағын ұлғайтуға, егер бұл аумақ көмірсутектерге қатысты жер қойнауын пайдаланудан бос болса, табылған көмірсутектер кен орнының контурлары шегінде құзыретті органның шешімі бойынша жол беріледі.

  1. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауы учаскесі аумағының шекарасынан тыс жерде табылған көмірсутектер кен орны шыққан фактісі анықталған жағдайда жер қойнауы учаскесінің аумағын ұлғайту туралы өтінішті құзыретті органға береді.

  2. Жер қойнауы учаскесінің аумағын ұлғайту туралы өтініште:

  1. жер қойнауын пайдаланушының атауы;

  2. көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартты тіркеу нөмірі мен күні;

  3. жер қойнауы учаскесінің аумағын ұлғайту қажеттілілігінің негіздемесі;

  4. жер қойнауы учаскесін ұлғайту болжанатын сұратылатын аумақтың және (немесе) тереңдіктің шекарасы қамтылуға тиіс.

  1. Өтінішке қосымша:

  1. жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жер қойнауын пайдаланушы ұлғайтылған жер қойнауы учаскесі аумағында орындауға міндеттенетін жұмыстардың көлемі, сипатталуы және орындалу мерзімі қамтылған жұмыс бағдарламасы;

  2. жер қойнауын пайдаланушы қол қойған мыналарды:

жер қойнауы учаскесі аумағын өзгертуді;

жер қойнауын пайдаланушының осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген және келісімшартқа оның ажырамас бөлігі ретінде қоса берілетін жұмыс бағдарламасын орындауы бойынша міндетін көздейтін келісімшартқа толықтыру;

қажет болған кезде – осы Кодекстің 98-бабында белгіленген шарттарды ескере отырып, барлау кезеңін ұзарту қоса беріледі.


  1. Өтініш құзыретті органға келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган жер қойнауы учаскесінің аумағын ұлғайту немесе ұлғайтудан бас тарту туралы шешім шығарады.

  2. Құзыретті орган мынадай:

  1. егер өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкуес келмеген;

  2. егер сұратылатын аумақ көмірсутектерге қатысты жер қойнауын пайдалану құқығына ие өзге жер қойнауын пайдаланушының пайдалануында болған;

  3. жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт бойынша жойылмаған бұзушылықтары болған жағдайларда жер қойнауы учаскесінің аумағын ұлғайтудан бас тартады.

Құзыретті органның жер қойнауы учаскесінің аумағын ұлғайтудан бас тартуы жер қойнауын пайдаланушының қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды.

  1. Құзыретті орган жер қойнауы учаскесінің аумағын ұлғайту туралы шешім қабылдаған кезден бастап он жұмыс күні ішінде өтініш берушімен көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартқа тиісті өзгерістер мен толықтырулар жасасады.



  1. Жер қойнауы учаскесін азайту


  1. Көмірсутектерді барлау немесе өндіру кезеңі өткенге дейін кез келген уақытта жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауы аумағын және оған тиісті учаскенің кез келген бөлігін мынадай:

  1. осы Кодексте белгіленген тәртіппен қайтарғанға дейін қайтарылатын аумақта жер қойнауын пайдалану салдарын жою бойынша жұмыстарды аяқтаған;

  2. жер қойнауы аумағын және оған тиісті учаскені қайтару блоктармен жүзеге асырылған;

  3. егер жер қойнауын пайдалану құқығына кепілмен ауыртпалық салынған болса, кепіл ұстаушының қайтаруға алдын ала келісімі болған;

  4. жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану келісімшарты бойынша орындамаған міндеттемелері болмаған жағдайларды бір уақытта сақтай отырып, мемлекетке қайтару арқылы азайтуға құқылы.

  1. Жер қойнауы учаскесін азайту туралы өтініште:

  1. жер қойнауын пайдаланушының атауы;

  2. жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың нөмірі мен тіркелген күні;

  3. мемлекетке қайтару болжанатын жер қойнауы учаскесін (оның бөлігін) нұсқау қамтылуға тиіс.

  1. Өтінішке қосымша:

  1. қайтарылатын жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану салдарын жою актісінің көшірмесі;

  2. Келісімшартқа:

жер қойнауы учаскесін азайтуды;

қажет болғанда – осы Кодекстің 103-бабында белгіленген талаптарды ескере отырып, барлау кезеңін ұзартуды көздейтін, жер қойнауын пайдаланушы қол қойған толықтыру қоса беріледі.



  1. Өтініш құзыретті органға келіп түскен кезден бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган жер қойнауы учаскесін азайту туралы шешім шығарады немесе азайтудан бас тартады.

  2. Құзыретті орган мынадай:

  1. егер өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;

  2. осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда жер қойнауы учаскесін азайтудан бас тартады.

Құзыретті органның жер қойнауы учаскесін азайтудан бас тартуы жер қойнауын пайдаланушының қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды.

  1. Құзыретті орган жер қойнауы учаскесін азайту туралы шешім қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтініш берушімен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыру жасасады және оның данасын өтініш берушіге жолдайды.

  2. Жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауының бүкіл аумағын және учаскесі қайтаруы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың тоқтатылуына әкеп соғады.



  1. Жер қойнауы учаскесін қосу


  1. Көмірсутектерді өндірудің бір учаскесінің басқа өндіру учаскесіне мынадай:

  1. қосылатын өндіру учаскесінің қосылу жүргізілетін өндіру учаскесіне аралас шекарасы болған;

  2. қосылатын жер қойнауы учаскесіне жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт негізгі учаске бойынша келісімшарттан кешіктірілмей жасалған;

  3. егер негізгі немесе қосылатын жер қойнауы учаскесінің келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына кепілмен ауыртпалық салынған болса, қосылуға кепіл ұстаушының алдын ала келісім болған;

  4. жер қойнауын пайдаланушының негізгі немесе қосылатын жер қойнауы учаскесіне жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша орындамаған міндеттемелері болмаған жағдайларды бір уақытта сақтала отырып, қосылған жағдайда жер қойнауы учаскесін қосу жүргізіледі.

  1. Қосылған өндіру учаскесіне жүргізілген қосылу ескеріле отырып, негізгі өндіру учаскесі бойынша келісімшарттың қолданысы қолданылады, ал өосылатын өндіру учаскесі бойынша келісімшарт тоқтатылады. Өндіру учаскесінің негізгі өндіру учаскесіне қосылуы негізгі учаске бойынша келісімшартқа өзгерістер енгізумен ресімделеді.

  2. Өндіру учаскесін қосу туралы өтініште:

  1. жер қойнауын пайдаланушының атауы;

  2. жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың нөмірі мен тіркелген күні;

  3. негізгі өндіру учаскесі мен қосылатын өндіру учаскесіне нұсқау қамтылуға тиіс.

  1. Өтінішке қосымша:

  1. кепіл ұстаушының қосылуға алдын ала келісімі;

  2. жер қойнауын пайдаланушының қолы қойылған негізгі өндіру учаскесі бойынша келісімшартқа өндіру учаскесін өзгертуді көздейтін толықтыру;

  3. жер қойнауын пайдаланушының қолы қойылған қосылатын өндіру учаскесі бойынша келісімшартқа өндіру учаскесін өзгертуді көздейтін толықтыру немесе қосылатын өндіру учаскесі бойынша келісімшарт қолданысын тоқтату туралы келісім қоса беріледі.

4. Өтініш құзыретті органға келіп түскен кезден бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган өндіру учаскесінің қосылуы туралы шешім қабылдайды немесе қосудан бас тартады.

5. Құзыретті орган мынадай:



  1. егер өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;

  2. осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда өндіру учаскесін қосудан бас тартады.

Құзыретті органның өндіру учаскесін қосудан бас тартуы жер қойнауын пайдаланушының қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды.

6. Құзыретті орган өндіру учаскесін қосу туралы шешім қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтініш берушімен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыру және (немесе) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты бұзу туралы келісім жасасады және оның даналарын өтініш берушіге жолдайды.



  1. Жер қойнауы учаскесін бөлу


  1. Жер қойнауы учаскесін бөлу мынадай:

  1. барлау учаскесі бөлігін бөлу;

  2. барлау учаскесін бөлу – барлауға және өндіруге арналған келісімшартта бір барлау учаскесінен көп учаске бекітілген жағдайда;

  3. өндіру учаскесін бөлу – барлауға және өндіруге арналған келісімшартта бір барлау және (немесе) учаскесінен көп учаске бекітілген жағдайда жүргізіледі.

  1. Бөліну мынадай:

  1. егер жер қойнауын пайдалану құқығына кепілмен ауыртпалық салынған болса, кепіл ұстаушының бөлінуге алдын ала келісімі болған;

  2. жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша орындамаған міндеттемелері болмаған;

  3. бөлінген учаскедегі жер қойнауын пайдалану түрі бөліну жүргізілетін жер қойнауы учаскесіндегі жер қойнауын пайдалану түріне сәйкес болған жағдайдаларды бір уақытта сақтала отырып жүргізіледі.

  1. Жер қойнауы учаскесін бөлу бөліну жүргізілетін жер қойнауы учаскесіне жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізумен және бөлінген жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған жеке келісімшарт жасаумен ресімделеді.

  2. Бөлінген жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың барлау және өндіру кезеңдері мен өзге де талаптары бөліну жүргізілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт талаптарына сәйкес келуге тиіс.

  3. Жер қойнауы учаскесін бөлу туралы өтініште:

  1. жер қойнауын пайдаланушының атауы;

  2. жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың нөмірі мен тіркеу күні;

  3. жер қойнауын пайдалануға арналған жеке келісімшартқа бөлу болжанатын жер қойнауы учаскесін (оның бөлігін) нұсқау қамтылуға тиіс.

  1. Өтінішке қосымша:

            1. жер қойнауын пайдаланушы қол қойған келісімшартқа негізгі жер қойнауы учаскесін азайтуды көздейтін толықтыру;

            2. осы баптың 4-тармағының талаптарына сәйкес келетін, құзыретті орган бекітетін көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген, өтініш беруші қол қойған көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт қоса беріледі.

  1. Өтініш құзыретті органға келіп түскен кезден бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган жер қойнауы учаскесін бөлу туралы шешім шығарады немесе бөлуден бас тартады.

  1. Құзыретті орган мынадай:

  1. егер өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;

  2. осы баптың 2-тармағында белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда жер қойнауы учаскесін бөлуден бас тартады.

Құзыретті органның жер қойнауы учаскесін бөлуден бас тартуы жер қойнауын пайдаланушының қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды.

Құзыретті орган жер қойнауы учаскесін бөлу туралы шешім қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтініш берушімен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыру және жер қойнауын пайдалануға арналған жеке келісімшарт жасасады және оның данасын өтініш берушіге жолдайды.




жүктеу 2,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау