Кодексі жалпы бөлім I бөлім. Негізгі ережелер 24 1-тарау. Жалпы ережелер 24


Жер қойнауын пайдалану құқығына билік ету, жер қойнауын пайдаланушыны бақылауды өзгерту



жүктеу 2,92 Mb.
бет5/22
Дата14.05.2018
өлшемі2,92 Mb.
#12458
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Жер қойнауын пайдалану құқығына билік ету, жер қойнауын пайдаланушыны бақылауды өзгерту




  1. Жер қойнауын пайдалану құқығының ауысуы


  1. Жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуы азаматтық-құқықтық мәмілелердің негізінде не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де жағдайларда жер қойнауын пайдалану құқығы басқа тұлғаға иеліктен шығарылған жағдайда жүзеге асырылады.

Старательдікке арналған лицензия және жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензия бойынша жер қойнауын пайдлану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуына тыйым салынады.

  1. Жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуы жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияны қайта ресімдеу немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа тиісінше өзгерістер енгізу арқылы жүргізіледі.

Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияны қайта ресімдеу немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізу үшін жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алушы жер қойнауын пайдалануға лицензияны берген немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты жасаған мемлекеттік органға өтінішпен жүгінеді.

Өтінішке мыналар:

            1. жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алуға негіз болатын құжаттың түпнұсқасы;

            2. жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алушы туралы мәліметтерді растайтын құжаттар:

заңды тұлғалар үшін – өтініш берушінің атауы, оның орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер (сауда тізілімінен үзінді көшірме немесе өтініш беруші шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа заңдастырылған құжат), акциялары ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымда болатын заңды тұлғалар, сатып алушыны тікелей немесе жанама түрде бақылайтын мемлекеттер, халықаралық ұйымдар және жеке тұлғалар туралы мәліметтер;

жеке тұлғалар үшін – өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер қоса беріледі.

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгеріс енгізілген жағдайда өтініш беруші қол қойған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтырудың жобасы өтінішке қоса беріледі.

Осы Кодекстің 31-бабына сәйкес берілетін рұқсатпен жер қойнауын пайдалану құқығы сатып алынған жағдайда сатып алушы туралы мәліметтерді растайтын құжаттардың орнына, сатып алушы өтінішке көрсетілген рұқсатты беру үшін өзі ұсынған мәліметтермен салыстырғанда, ол туралы мәліметтер өзгермегені туралы жазбаша растауды қоса беруге құқылы.

Өтініш және оған қоса берілетін құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жасалуға тиіс. Егер өтінішті шетелдік немесе шетелдік заңды тұлға берсе, оған қоса берілетін құжаттар өзге тілде әрбір құжатқа мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасы міндетті түрде қоса беріліп, жасалуы мүмкін, олардың дұрыстығын нотариус куәландырады.

Мемлекеттік орган өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде лицензияны қайта ресімдейді немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгеріс енгізу туралы келісімді жасасады не қайта ресімдеуден немесе келісімшартқа өзгерістер енгізуден дәлелді бас тартуды береді.



  1. Лицензияны қайта ресімдеуден немесе келісімшартқа өзгерістер енгізуден бас тарту:

  1. өтініш осы баптың 2-тармағының талаптарына сәйкес келмесе;

  2. егер мұндай ауысу осындай рұқсатқа сәйкес жүзеге асырылса, жер қойнауын пайдалану құқығы ауысуының талаптары берілген рұқсатқа сәйкес болмаса;

  3. осындай рұқсат осы Кодекске сәйкес талап етілгенде, жер қойнауын пайдалану құқығының ауысуына рұқсат болмаса;

  4. егер жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесінің) ауысуы жер қойнауын пайдаланушыға салынған әкімшілік жазаға сәйкес жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды немесе жекелеген жұмыс түрлерін жүргізуге тыйым салынған жер қойнауы учаскесі бойынша жүзеге асырылса;

  5. егер жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесінің) ауысуына осы Кодексте тыйым салынса жүзеге асырылады

Өтініш беруші мемлекеттік органның интернет-ресурсында жариялау арқылы лицензияны қайта ресімдеуден немесе келісімшартқа өзгерістер енгізуден бас тарту туралы хабардар етіледі.

Лицензияны қайта ресімдеуден немесе келісімшартқа өзгерістер енгізуден бас тартуға сатып алушы хабарлама жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде сот тәртібімен шағымдануы мүмкін.

Осы тармақтың 1) тармақшасындағы негіздер бойынша лицензияны қайта ресімдеуден немесе келісімшартқа өзгерістер енгізуден бас тарту құқық алушыны лицензияны қайта ресімдеуге немесе келісімшартқа өзгерістер енгізуге өтінішпен қайтадан жүгіну құқығынан айырмайды.

Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларындағы негіздер бойынша лицензияны қайта ресімдеуден немесе келісімшартқа өзгерістер енгізуден бас тарту құқық алушыны жер қойнауын пайдалану құқығының ауысуына рұқсат беру өтінішімен қайтадан жүгіну құқығынан айырмайды.



  1. Жер қойнауын пайдалану құқығының ауысуына рұқсат беру және жер қойнауын пайдаланушыны бақылауды өзгерту


  1. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың, барлауға арналған лицензияның немесе қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияның, жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияның негізінде туындаған жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуы, жер қойнауын пайдаланудың осындай құқығына ие адамды тікелей немесе жанама елеулі бақылайтын адамдардың және (немесе) ұйымдардың құрамын өзгерту, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының не жер қойнауын пайдаланушыны тікелей немесе жанама елеулі бақылайтын адамның акциялары листингі құзыретті органның осы Кодексте белгіленген тәртіппен берілетін рұқсатымен жүзеге асырылады.

  2. Осы Кодекстің мақсаттары үшін тікелей елеулі бақылау мына талаптардың(бақылау тәсілдерінің) тым болмағанда біреуі барлығын:

  1. ұйымдағы үлестік қатысуға құқықтардың (меншік құқығын растайтын немесе акцияларға және жарналарға ауыстырылатын бағалы қағаздарды қоса алғанда, қатысу үлесіне құқық, акцияларға, жарналарға меншік құқығы және үлестік қатысудың басқа да құралдары) елу пайызынан артығын иеленуді;

  1. ұйымның жоғары басқару органындағы барлық дауыстың елу пайыздан астам дауыс беру құқығына ие болуды;

  2. шартқа сәйкес немесе заң негізінде басқа ұйымның шешімдерін айқындау құқығына ие болуды;

  3. жер қойнауын пайдаланушының бөлінетін таза табысының елу пайызынан астамын алуды білдіреді.

Елеулі жанама бақылау адамның, ұйымның басқа ұйымды арасында тікелей елеулі бақылау бар үшінші ұйым (ұйымдар) арқылы елеулі бақылау мүмкіндігін білдіреді.

  1. Құзыретті органның рұқсаты мына:

  1. жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесін) құқықты сатып алушы жеңілдікті салық салу мемлекетінде тіркелмеген жағдайда оның адамын тікелей немесе жанама елеулі бақылайтын жалғыз жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын ұйымның пайдасына жер қойнауын пайдалану құқығы (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесі) ауысқан;

  2. жер қойнауын пайдаланушыны тікелей немесе жанама елеулі бақылауға ие емес адамдармен (ұйымдармен) мәміле нәтижесінде жер қойнауын пайдалану құқығына ие адамды тікелей немесе жанама елеулі бақылайтын адамдардың және (немесе) ұйымдардың құрамы азайған;

  3. жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесінің) немесе жер қойнауын пайдаланушыны тікелей немесе жанама елеулі бақылаудың (оның ішінде тарату немесе қайта құру нәтижесінде) сатып алушы жеңілдікті салық салу мемлекетінде тіркелмесе бір адамның немесе ұйымның тікелей немесе жанама елеулі бақылауындағы адамдар немесе ұйымдар арасында ауысқан;

  4. егер мәміле жасау нәтижесінде жер қойнауын пайдаланушыны тікелей немесе жанама елеулі бақылайтын адамдар құрамы өзгеріссіз қалса, ұйымдастырылған бағалы қағадар нарығында мәмілелер жасасқан;

  5. тараптардың бірі ұлттық компания болып табылатын мәміле бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесі) ауысқан;

  6. тараптардың бірі Қазақстан Республикасының Үкіметі, мемлекеттік орган немесе ұлттық басқарушы холдинг болып табылатын мәміле бойынша ұлттық компания болып табылатын жер қойнауын пайдаланушыны тікелей немесе жанама елеулі бақылау ауысқан;

  7. мемлекеттік кәсіпорындардың мүліктік кешендерін жекешелендіру процесінде жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдалану құқығы (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесі), жер қойнауын пайдаланушыны тікелей немесе жанама елеулі бақылау ауысқан;

  8. заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде жер қойнауын пайдалану құқығы (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесі), жер қойнауын пайдаланушыны тікелей немесе жанама бақылау ауысқан;

  9. мұрагерлік тәртібімен жер қойнауын пайдалану құқығы (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесі), жер қойнауын пайдаланушыны тікелей немесе жанама елеулі бақылау ауысқан жағдайларда талап етілмейді.

  1. Осы тараудың мақсаттары үшін жер қойнауын пайдаланушыларға сонымен қатар:

  1. көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияның стратегиялық әріптесі ретінде жер қойнауын пайдалану құқығын беруге құзыретті органмен тікелей келіссөздерге қатысатын ұйымдар;

  2. көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге аукционға қатысуға жіберілген ұйымдар;

  3. қатты пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия беру мәселесін қарау кезінде жобалау құжаттарына мемлекеттік сараптама жүргізу қажеттігі туралы құзыретті органның хабарламасын алған ұйымдар теңестіріледі.



  1. Жер қойнауын пайдалану құқығының ауысуына және (немесе) жер қойнауын пайдаланушыны бақылауды өзгертуге рұқсат беру тәртібі


  1. Жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) сатып алатын не жер қойнауын пайдаланушыны тікелей немесе жанама бақылайтын адам, ұйым (бақылаушы адам) құзыретті органға рұқсат беру туралы өтінішті жібереді.

  2. Рұқсатты беру туралы өтініште мыналар:

            1. жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) сатып алуға ниеті бар не бақылаушы адамның мәртебесі бар адам туралы мәліметтер:

заңды тұлғалар үшін – сатып алушының атауы, оның орналасқан жері, оның мемлекеттік тиесілігі көрсетілуге, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер, басшылар мен олардың өкілеттіктері туралы мәліметтер, бақылау негіздері мен нысандарын көрсете отырып, өтініш берушіні тікелей немесе жанама түрде бақылайтын адамдар, ұйымдар және мемлекеттер туралы мәліметтер;

жеке тұлғалар үшін – сатып алушының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), тұрғылықты жерінің мекенжайы, азаматтығы, жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер;



            1. сатып алынатын жер қойнауын пайдалану құқығына (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлеске) не сатып алынатын бақылаудың нысаны мен негізі көрсетілуге;

            2. жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысу негізі;

            3. өтініш берушінің өтінішінде және оған қоса берілген құжаттарда көрсетілген өзі туралы барлық мәліметтер шынайы болып табылатыны туралы жазбаша растауы;

            4. өтініш берушінің атынан өтінішке қол қойған адамның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), оның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.

  1. Листингке рұқсат беру туралы өтініште мыналар:

  1. листингті жүзеге асыруға ниетті эмитенттің толық атауы;

  2. жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіге және листингке жататын жер қойнауын пайдалану құқығы (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес) көрсетілуге;

  3. эмитент акцияларының немесе листингке жататын эмитент акцияларына айырбасталатын өзге де бағалы қағаздардың саны туралы мәліметтер;

  4. андеррайтер (бар болса) туралы мәліметтер;

  5. листинг жүзеге асырылатын ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығы туралы мәліметтер;

  6. өтініш берушінің өтініште және оған қоса берілген құжаттарда көрсетілген өзі туралы барлық мәліметтер шынайы болып табылатыны туралы жазбаша растауы;

  7. өтініш берушінің атынан өтінішке қол қойған адамның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), оның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.

Листингке рұқсат беру туралы өтінішті эмитент береді.

  1. Осы Кодекстің мемлекеттің басым құқығы туралы ережелері қолданылған жағдайда осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген мәліметтерден басқа, рұқсат беру туралы өтініште қосымша жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуы жөніндегі мәміленің және (немесе) жер қойнауын пайдаланушыны тікелей немесе жанама бақылауды сатып алу жөніндегі мәміленің бағасы туралы және оларды төлеу тәртібі туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.

  2. Рұқсат беру туралы өтінішке онда көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың төлнұсқалары не нотариат куәландырған көшірмелері қоса беріледі.

Өтінішке қоса берілетін барлық құжаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалуға тиіс. Егер өтінішті шетелді немесе шетелдік заңды тұлға берсе, мұндай құжаттар өзге тілде әрбір құжатқа мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасы міндетті түрде қоса беріліп, жасалуы мүмкін, олардың дұрыстығын нотариус куәландырады.

  1. Құзыретті орган өтініш және оған қоса берілетін құжаттар алынған күннен бастап бір ай ішінде өтінішті қарайды.

Өтінішті қарау барысында құзыретті орган өтініш берушіден және (немесе) ұлттық қауіпсіздік органдарынан шешім қабылдау үшін қажетті қосымша мәліметтер және (немесе) құжаттар сұратуға құқылы.

Қосымша мәліметтер және (немесе) құжаттар ұсыну кезеңінде өтініштерді қарау мерзімі тоқтатыла тұрады, бұл туралы құзыретті орган осындай шешім қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіні жазбаша хабардар етуге міндетті.



Құзыретті орган қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды өтініш беруші және (немесе) ұлттық қауіпсіздік органдары ұсынғаннан кейін өтінішті қарауды жаңартады, бұл туралы үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіні жазбаша түрде хабардар етуге міндетті. Өтінішті қарау жаңартылған күннен бастап өтінішті қарау мерзімі жалғасады.

  1. Жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуына немесе стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскесіне қатысы бар бақылаушы адамның мәртебесін сатып алуға рұқсат басым құқықты іске асырудан мемлекет бас тартқан жағдайда ғана берілуі мүмкін.

  2. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган рұқсатты беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

  3. Өтінішті ол берілгеннен кейін кез келген уақытта және құзыретті орган мәні бойынша шешім шығарғанға дейін өтініш беруші кері қайтарып алуы мүмкін.

  4. Құзыретті орган мынадай жағдайларда:

  1. егер жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуы, бақылаушы адамның мәртебесін сатып алу немесе жер қойнауын пайдаланушының не жер қойнауын пайдаланушыны тікелей немесе жанама бақылайтын адам акцияларының (акцияларға ауыстырылатын бағалы қағаздарының) листингі елдің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндірсе;

  2. егер рұқсат беру туралы өтініш осы Кодекстің талаптарына сәйкес келмесе;

  3. егер жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуы жер қойнауын пайдаланушыға салынған әкімшілік жазаға сәйкес жер қойнауын пайдалану немесе жұмыстардың жекелеген түрлерін жүргізуге тыйым салынған жер қойнауы учаскесі бойынша жүзеге асырылса рұқсатты беруден бас тартады.

  1. Рұқсат беруден бас тарту сот тәртібімен даулануы мүмкін. Осы баптың 10-тармағының 1) тармақшасына сәйкес рұқсатты беруден бас тарту себептерді түсіндірусіз ресімделеді.

  2. Жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуына рұқсат жер қойнауын пайдалану құқығындағы ауысатын үлестің шекті мөлшері және сатып алушы адам қамтылуға тиіс.

Бақылаушы адам мәртебесін сатып алуға рұқсат бақылауды (тікелей немесе жанама бақылауды) сатып алу нысанын және бақылауды сатып алу негізін, бақылауды сатып алатын адамды және берілген адам бақылаушы болып танылатын тәсілді қамтуға тиіс.

Листингке рұқсатта листинг жүзеге асыру жоспарланатын ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығы қамтылуға тиіс.

Осы Кодекстің мемлекеттің басым құқығы туралы ережелері қолданылған жағдайда рұқсатта қосымша жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуы бойынша мәміле бағасы және (немесе) жер қойнауын пайдаланушыны тікелей немесе жанама бақылауды сатып алу бойынша мәміленің бағасын және оларды төлеу тәртібі туралы қамтылуға тиіс.

  1. Мемлекеттің басым құқығы


Стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскесін пайдалануға келісімшарт бойынша Қазақстан Республикасының энергетикалық әлеуетін сақтау және нығайту үшін мемлекеттің заңның немесе шарттың негізінде басым құқықтарға ие тұлғаларды, ұйымдарды қоса алғанда, кез келген тұлғалардың, ұйымдардың алдында ауысатын жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесін) сатып алуға, сондай-ақ иеліктен шығарылатын акцияларды (акцияларға ауыстырылатын бағалы қағаздарды), осындай жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыдағы және (немесе) көрсетілген жер қойнауын пайдаланушыны тікелей немесе жанама бақылайтын тұлғалардағы жарналарын немесе үлестерін сатып алуға басым құқығы бар.

Мемлекеттің басым құқығы ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелерге, сондай-ақ осы Кодекстің 31-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларға қолданылмайды.



  1. Мемлекеттің басым құқығын іске асыру тәртібі


  1. Қазақстан Республикасының мүддесінде басым құқықты құзыретті органның шешімі бойынша ұлттық басқарушы холдинг немесе ұлттық компания іске асырады.

  2. Басым құқықты іске асыру туралы мәселе осы Кодекстің 31-бабының 1-тармағында көзделген рұқсат беру туралы мәселені қараумен қатар құзыретті органның қарауына жатады. Басым құқықты іске асыру туралы мәселені қарау және ол бойынша шешім қабылдау тәртібін құзыретті орган айқындайды.

Мемлекеттің басым құқықты іске асыру туралы мәселесін қараған кезде адамның құзыретті органға жіберілген өтініші мемлекетке оферта болып табылмайды.

Жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) акциялардың (акцияға ауыстырылатын бағалы қағаздардың), жарналардың немесе қатысу үлестерінің ауысуы бағасының шарттары өзгерген жағдайда өтінішті қарау кезеңінде өтініш беруші осындай өзгеріс туралы құзыретті органды жазбаша хабардар етеді. Бұл жағдайда өтінішті қарау мерзімі хабарлау күнінен бастап қайта есептеле бастайды. Мұндай хабарлама болмағанда құзыретті орган жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) акциялардың (акцияға ауыстырылатын бағалы қағаздардың) ауысуы бағасының шарттарын ескере отырып өтінішті мәнісі бойынша қарайды.

Басым құқықты мемлекеттің іске асыруы туралы шешім қабылданған жағдайда құзыретті орган ауысатын жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) және (немесе) акцияларды (акцияға ауыстырылатын бағалы қағаздарды), жарналарды немесе қатысу үлестерін мемлекеттің мүддесінде сатып алушы ретінде ұлттық басқарушы холдингті немесе ұлттық компанияны айқындайды.

  1. Құзыретті органның мемлекеттің басым құқықты іске асыруы туралы шешімі негізінде ұлттық басқарушы холдинг немесе ұлттық компания бес күн ішінде жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және акциялардың (акцияға ауыстырылатын бағалы қағаздардың), жарналардың немесе қатысу үлестерінің ауысуына байланысты объектінің ауысуы бойынша әрекеттер жасауға ниеті бар адамға басым құқықты іске асыру шарттары туралы келіссөздерді бастау туралы ұсыныс жасайды.

Мемлекеттің басым құқығын іске асыру мақсатында ұлттық басқарушы холдингтің немесе ұлттық компанияның жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) және (немесе) акцияларды (акцияға ауыстырылатын бағалы қағаздарды), жарналарды немесе қатысу үлестерін берілген өтініште немесе осы баптың 2-тармағының 3-бөлігінде көзделген хабарламада көрсетілгеннен кем болмайтын баға және төлеу шарттары бойынша жүзеге асырылады.

  1. Жер қойнауын пайдалану құқығы (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес) және (немесе) акциялар (акцияға ауыстырылатын бағалы қағаздар), жарналар өтеусіз негіз бойынша иеліктен шығарылған жағдайда, сондай-ақ олар заңды тұлғаның жарғылық капиталына енгізілген жағдайда, оларды сатып алу мемлекеттің басым құқығы іске асырылған кезде халықаралық бағалау стандарттарына сәйкес айқындалатын нарықтық баға бойынша жүзеге асырылады.

Мемлекеттің басым құқығы іске асырылған кезде сатып алу бағасымен келіспеген кезде өтініш беруші бағалау нәтижелеріне сот тәртібімен шағымдануға құқылы.

  1. Жер қойнауын пайдаланушыны бақылаудың өзгеруі туралы хабарлама


  1. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, барлауға арналған лицензия немесе қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия негізінде туындаған жер қойнауын пайдалану құқығына (жер қойнауын пайдалану құқығының үлесіне) ие жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға осындай құқықты берген мемлекеттік органды жер қойнауын пайдаланушыны тікелей немесе жанама түрде бақылайтын адамдар мен (немесе) ұйымдар құрамының өзгергені туралы осындай өзгерістер болған күннен бастап отыз күн ішінде хабардар етуге міндетті.

2. Осы баптың мақсаттары үшін тікелей бақылау тым болмағанда мына шарттардың біреуінің болуын білдіреді:

1) ұйымда қатысуға құқықтың (қатысу үлесіне құқық, акцияға, жарнаға меншік құқығы және меншік құқығын растайтын немесе акцияда немесе үлесте конвертацияланатын құнды қағаздарды қосқанда үлестік қатысудың басқа да құралдары) жиырма бес пайыздан астамына иелік ету;

2) ұйымның жоғары басқару органында барлық дауыстың жиырма бестен астам пайызына дауыс беру құқығына ие болу;

3) жер қойнауын пайдаланушының бөлінетін таза табысының жиырма бес пайызынан астамын алу.

Жанама бақылау осы Кодекстің 31-бабының 2-тармағының қағидалары бойынша айқындалады.

3. Жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) не жер қойнауын пайдаланушыға тікелей, не жанама бақылауды сатып алатын адам, ұйым (бақылаушы адам) құзыретті органға рұқсат беру туралы өтінішті жібереді.

4. Хабарламада мыналар қамтылуға тиіс:

1) бақылауды жоғалтқан немесе алған адам (ұйым) туралы мәлімет;

заңды тұлғалар үшін – атауы, орналасқан жері, мемлекеттік тиістілігіне нұсқау;

жеке тұлғалар үшін – сатып алушының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), тұрғылықты жерінің мекенжайы, азаматтығы;

2) бақылау нысаны және тәсілі, сондай-ақ бақылауды жоғалту немесе сатып алу негіздемесі.

5. Хабарлама құзыретті орган бекіткен нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде беріледі.

6. Құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушыдан хабарламада көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды (құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариалды куәландырылған көшірмелерін) сұратуға құқылы.

  1. Жер қойнауын пайдалану құқығын және онымен байланысты объектілерге ауыртпалық салу


1. Жер қойнауын пайдалану құқығына (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлеске), осы Кодексте көзделген тәртіппен және шарттармен үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынуы мүмкін.

2. Сенімгерлік басқаруға беру туралы талап Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану құқығын сенімгерлік басқаруға беруге тыйым салынады.

3. Осы Кодексте ауыстыруға тыйым салынған жер қойнауын пайдалану құқығына (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестерге) ауыртпалық салуға жол берілмейді.

4. Осы Кодексте тыйым салынбаған жер қойнауын пайдалану құқығына (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестерге) ауыртпалық салу құзыретті органның рұқсатынсыз жүзеге асырылады.

5. Осы Кодексте тыйым салынбаған жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестердің) кепілі құзыретті органда мемлекеттік тіркелуге жатады.

Осы тармақта көзделген жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестерің) кепілі оның мемлекеттік тіркелген кезінен бастап туындайды.

Жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестерінің) кепілін тіркеу «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қағидалар бойынша жүргізіледі.

6. Жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) өндіріп алу азаматтық заңнамада көзделген тәртіппен жүргізіледі.




    1. жүктеу 2,92 Mb.

      Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау