19-тарау. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру және оны тоқтату ерекшеліктері
§ 1. Аукцион негізінде көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру
Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға үміткер адамдарға қойылатын талаптар
Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы берілген кезде жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алатын адам:
таратылу (заңды тұлғалар үшін), қайта ұйымдастырылу(заңды тұлғалар үшін) немесе банкроттық кезеңінде болмауға;
бюджетке салықтарды жәнне өзге де міндетті төлемдерді төлеу бойынша өтелмеген берешегінің болмауы;
3) жер қойнауы учаскесінде жұмыстардың көлемі мен түрлері бойынша ең төменгі талаптарды орындау үшін жеткілікті қаржы құралдарына ие болуға тиіс.
Жер қойнауы учаскесінде жұмыстардың көлемі мен түрлері бойынша ең төменгі талаптарды орындау үшін жеткілікті қаржы құралдарының болуын растау үшін, осы Кодексте көзделген жағдайларда мынадай құжаттардың кемінде біреуі:
салық органының оны қабылдағаны туралы, жер қойнауы учаскесінде жұмыстардың көлемі мен түрлері бойынша ең төменгі талаптарды орындауды қаржыландыруға тұлғаның қабілеттілігін растайтын белгісі бар, өтініш берушінің өтінім берген жылдан алдыңғы жыл үшін бухгалтерлік балансының көшірмесі;
жер қойнауы учаскесінде жұмыстардың көлемі мен түрлері бойынша ең төменгі талаптарды орындау үшін жеткілікті мөлшерде өз қаражатының (екінші деңгейдегі банктен өтініш берушінің шотының жай-күйі туралы анықтама) немесе тартылған қаражатының (қарыз, кредит шарты, өзге де шарт) болуы туралы құжаттамалық деректер ұсынылады.
Осы тармақтың ережелері екі деңгейдегі банктер заемдар мен банктік кепілдіктер беру кезінде шектеулер мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайтын минималды жеке кредиттік рейтинг бойынша шарттарға сәйкес келетін ұйымдарға қолданылмайды.
Теңіздегі жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану құқығын алу үшін осы баптың 1-тармағында көрсетілген талаптардан басқа, тұлғаның Қазақстан Республикасының континенттік қайраңының аумағында немесе Қазақстан Республикасының ішкі суайдынындарының түбінде не Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде теңізде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің оң тәжірибесі болуға тиіс.
Заңды тұлға үшін осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген талап осындай заңды тұлғаның акцияларының (қатысу үлестері) кемінде жиырма пайызы тікелей тиесілі тұлғаның тиісті тәжірибесі болған кезде орындалған деп танылады.
Аукцион өткізуге өтініш
Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға мүдделі тұлға осы Кодекстің 83-бабында белгіленген нысан бойынша және талаптарға сәйкескөмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін аукцион өткізуге жазбаша өтінішті құзыретті органға береді.
Аукцион өткізуге өтініш құзыретті органға келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайда өтінішті қарау мерзімі отыз жұмыс күніне ұзартылады. Жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша өтінішті қарау мерзімі қосымша екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылады.
Жер қойнауын пайдалану құқығын берудің қосымша шарттарын белгілеу қажет болғанда құзыретті орган өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге сондай шарттарға келісімі туралы сұрау салу жібереді.
Қосымша шарттар ретінде:
келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығындағы көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияның үлесі;
Қазақстан Республикасының аумағында айта өңделуін жер қойнауын пайдаланушы қамтамасыз етуге тиіс өндірілген көмірсутектердің үлесі;
Жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасында белгіленгенге қарағанда, барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндеді жұмыс көлемдері мен түрлері бойынша анағұрлым жоары талаптар;
Көмірсутектерді өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге аукцион жүргізуге өтініш берілген жағдайда – жер қойнауын пайдаланушының қосымша инвестициялық міндеттемелері айқындалуы мүмкін.
Өтініш беруші жиырма жұмыс күні ішінде құзыретті органға қосымша шарттармен келісуі (келіспеуі) туралы жауапты жібереді.
Өтініш берушінің қосымша шарттармен келіспеуі құзыретті органның өтінішті қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган өтінішті қабылдайды және өтініш қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде аукцион өткізу туралы хабарламаны жариялайды не осы баптың 3-тармағында, сондай-ақ осы Кодекстің 84-бабы 3-тармағының 2), 3), 4), 5), 7) және 8) тармақшаларында аукционға қатысуға өтінішті қабылдаудан бас тарту үшін көзделген негіздер бойынша оны қабылдаудан бас тартады.
Аукцион өткізуге өтініш қабылданған жағдайда өтініш беруші аукционға қатысуға жіберілген деп саналады.
Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге аукционды құзыретті орган ұйымдастырады және осы Кодекске сәйкес көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге аукциондарды өткізу жөніндегі комиссия өткізеді.
Аукцион өткізу шарттары
Аукцион өткізу туралы және оны өткізу шарттары туралы хабарлама құзыретті органның ресми интернет-ресурсында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады.
Аукционға қатысуға мүдделі тұлғалардың қатысуға өтініш берудің түпкілікті мерзімінен кешіктірмей аукционды өткізу тәртібімен байланысты ақпаратты алуға құқығы бар.
Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукцион өткізу туралы хабарлама:
1) оны өткізу күнін, уақытын және орнын;
2) өтінімдер беру мерзімін және орнын;
3) кен орнын көрсету және жер қойнауын пайдалану құқығы аукционға шығарылатын жер қойнауы учаскесінің қысқаша сипатталуын;
4) аукционға шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығының түрін;
5) аукционға қатысу үшін жарна мөлшері және оны төлеу үшін банктік деректемелерді;
6) көмірсутектерді барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығы берілген жағдайда – әр кезеңіндегі жер қойнауы учаскесіндегі жұмыс көлемдері мен түрлері бойынша мейлінше төмен талаптар, сондай-ақ олардың бағалық құнын;
7) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген әрбір блок үшін ең төменгі қол қойылатын бонустың мөлшерін негізге ала отырып айқындалған қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерін;
8) өндіру кезеңінде қазақстандық кадрларды оқытуға шығыстар мөлшерін;
9) өндіру кезеңінде келiсiмшарт бойынша жұмыстарды орындау үшiн қажет, Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар мөлшерiн;
10) өндіру кезеңінде өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытуға және оның инфрақұрылымын дамытуға шығыстар мөлшерін;
11) жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі, кадрлардағы жергілікті қамту бойынша мейлінше аз міндеттемелерді;
12) көмірсутектерді өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығы берілген жағдайда - дайындық кезеңінің ең көп ұзақтығын;
13) жер қойнауын пайдалану мақсаты үшін берілетін жер учаскелеріне тіркелген құқықтар туралы ақпаратты қамтуға тиiс.
Аукционды өткізу күні аукционға қатысуға өтініш беру үшін берілген мерзім аяқталған күннен бастап екі айдан кеш болмайды.
Осы Кодекстің 81-бабының 3-тармағында көзделген жағдайда аукцион өткізу туралы хабарлама жер қойнауын пайдалану құқығын берудің қосымша шарттарын қамтуға тиіс.
Осы Кодексте көзделген тәртіппен бұрын өндіру кезеңінде немесе өндіру кезеңі аяқталған соң жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт тоқтатылған және көмірсутектер саласындағы ұлттық компаниямен сенімгерлікпен басқару шарты жасалған жер қойнауы учаскесі бойынша аукцион өткізілген жағдайда аукцион өткізу туралы хабарламада аукцион жеңімпазы келісімшарт жасалған кезде ұсынуға міндетті өндіру бойынша операциялар салдарын жоюды қамтамасыз ету мөлшері бойынша шарттар қамтылуға тиіс.
Аукционға қатысуға өтініштерді беру үшін берілетін мерзім аукцион өткізу туралы хабарлама жарияланған кезден бастап екі айды құрайды.
Аукционға қатысу жарнасының мөлшерін құзыретті орган дайындыққа, аукционды өткізуге және қорытындысын шығаруға, тартылатын сарапшылардың еңбегіне ақы төлеуге жұмсалатын шығындар құнын негізге ала отырып айқындайды.
Аукционға қатысу жарнасы қайтарылуға жатпайды.
Аукционға қатысуға өтініш
Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционға қатысуға мүдделі тұлға құзыретті органға осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес өтініш жібереді.
Аукционға қатысуға өтініш:
1) заңды тұлғалар үшін – өтініш берушінің атауын, оның орналасқан жерін, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді (сауда тізілімінен үзінді-көшірмені немесе өтініш беруші шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын басқа заңдастырылған құжатты), басшы туралы мәліметті, заңды тұлғалар, жеке тұлғалар, өтініш берушіні тікелей немесе жанама бақылайтын мемлекет және халықаралық ұйымдар туралы мәліметтерді;
2) жеке тұлғалар үшін – өтініш берушінің тегін, атын және әкесінің атын (болған кезде), тұрғылықты жерін, азаматтығын, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді;
3) өтініш берушінің соңғы үш жылда өз қызметін жүзеге асырған мемлекеттердің тізімін қоса алғанда, өтініш берушінің алдыңғы қызметі туралы мәліметтерді;
4) өтініш беруші үміттенетін жер қойнауы учаскесінің аумағына нұсқауды қамтуға тиіс.
Өтінішке қосымша:
1) Қазақстан Республикасындағы өндіретін салалар қызметінің ашықтығы бастамасын іске асыруға қатысты өтінім берушінің Өзара түсіністік туралы меморандумға қосылуы туралы міндеттемелері;
2) аукцион өткізу туралы хабарламада аукцион жеңімпазы Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделуін қамтамасыз етуге тиіс өндірілген көмірсутектердің ең төмен мөлшері белгіленген жағдайда – өтініш берушінің көрсетілген шартты орындауын қамтамасыз ету міндеттемесі;
3) өтініш берушінің аукционға қатысуға жарнаны төлегені туралы құжат;
4) өтініш берушіде алғашқы екі жылда жер қойнауын пайдалану бойынша операциялардың тиісті түрлерін жүргізу үшін жеткілікті қаржы қаражатының болуын растайтын құжаттар;
5) өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісінше куәландырылған құжаттар;
6) өтініш берген кезде өтініш беруші атынан әрекет еткен адамның, егер мұндай адамды өтініш беруші тағайындаса, оның өкілеттіктерін растайтын құжат қоса беріледі.
Өтініш және оған қоса берілетін барлық құжаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалуға тиіс. Егер өтінішті шетелдік немесе шетелдік заңды тұлға берген жағдайда әрбір құжатқа дұрыстығын нотариус куәландырған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасын міндетті түрде қоса бере отырып, мұндай құжаттар өзге тілде жасалуы мүмкін.
Аукционға қатысуға өтінішті қарау тәртібі
Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционға қатысуға өтініш құзыретті органға келіп түскен кезден бастап он жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган өтінішті қабылдайды және өтініш берушіге аукционға қатысуға рұқсат береді не оны қабылдаудан бас тартады.
Құзыретті орган мынадай жағдайларда:
1) егер өтініш аукционға қатысуға өтініш беру үшін берілген мерзімнен кеш берілген болса;
2) егер өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
3) егер өтініш беруші осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
4) егер өтініш бергенге дейін үш жыл ішінде құзыретті орган өтініш берушімен немесе өтініш берушіні тікелей немесе жанама бақылайтын немесе оның бақылауындағы адаммен жасалған жер қойнауын пайдалануға келісімшарттан бас тартса;
5) егер бұрын өтініш беруші көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционның жеңімпазы болып айқындалса, бірақ қол қойылатын бонусты төлемесе;
6) егер сұралатын жер қойнауы учаскесі аукцион өткізу туралы хабарламада көрсетілмесе;
7) өтініш беруші дұрыс емес мәліметтерді берсе;
8) егер өтініш берушіге жер қойнауын пайдалану құқығын беру елдің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндірсе өтінішті қабылдаудан бас тартады.
4. Осы баптың 3-тармағының 1), 4), 5) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, өтінішті қабылдаудан бас тарту өтініш берушінің қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды.
5. Осы баптың 3-тармағының 8) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, өтінішті қабылдаудан бас тарту бас тарту себептерін көрсетуді қамтуға тиіс.
Аукциондар өткізу жөніндегі комиссия
Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукциондар өткізу жөніндегі комиссия аукциондар өткізу және көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін оның жеңімпазын айқындау мақсатында құрылған тұрақты әрекет ететін алқалы орган болып табылады.
Комиссия құрамын құзыретті орган бекітеді.
Комиссияны төраға басқарады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасар атқарады.
Комиссияның отырыстары, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санынан кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.
Комиссияның негізгі міндеттері:
1) көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алу үшін аукцион өткізу;
2) көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға аукцион қатысушылары арасынан жеңімпазды айқындау болып табылады.
6. Комиссияның:
1) аукцион жеңімпазын айқындауға;
2) осы Кодексте белгіленген негіздер бойынша аукционның күшін жоюға не өткізілмеді деп тануға;
3) отырыстарда комиссия мүшелерін, мемлекеттік органдар, ұйымдар өкілдерін, өзге тұлғаларды тыңдауға;
4) қажет болған жағдайда тиісті салалардағы мамандар арасынан сарапшыларды тартуға құқығы бар.
Аукцион өткізу
Егер осы Кодекстің 82-бабында көрсетілген мерзімдерде аукционға қатысуға бірде бір өтініш ұсынылмаса және (немесе) өтініштерді қарау қорытындылары бойынша аукционға қатысуға бір де бір өтініш беруші жіберілмесе (аукион өткізуге өтініш берген адамнан басқа), аукциондар өткізу жөніндегі комиссия аукционға қатысуға өтініштерді беру үшін берілген мерзім аяқталған не аукционға қатысуға өтініштерді қарау аяқталған күннен бастап аукционнан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Бұл жағдайда аукион өткізуге өтініш берген адаммен қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерін төлеу шарттарында аукцион жеңімпазымен келісімшарт жасасу үшін осы Кодекстің 87-бабында белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға келісімшарт жасалады.
Аукционның күшін жою туралы ақпарат комиссия тиісті шешімді қабылдаған күннен бастап құзыретті органның ресми интернет-ресурсында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзімді баспа басылымында мемлекеттік және қазақ тілдерінде жариялануға тиіс.
Аукционға оған қатысуға рұқсат берілген және аукцион қатысушысы ретінде тіркелген өтініш берушілер қатысады.
Аукцион өткізу туралы хабарламада көрсетілген күні аукцион өткізіледі.
Құзыретті орган аукцион өткізу күніне дейін кемінде он жұмыс күні бұрын аукционға қатысуға рұқсат берілген өтініш берушілерге аукцион өткізу күні, уақыты және орны туралы хабарлайды.
Аукционға қатысуға рұқсат берілген өтініш берушілерді тіркеу аукцион өткізу басталғанға дейін бір сағат бұрын басталады және аукцион өткізу басталғанға дейін бес минут бұрын аяқталады. Аукционға тіркелген қатысушылардың тізімі Комиссия төрағасына салтанатты түрде табыс етіледі.
Аукционға тіркелген қатысушылар өткізілетін аукционның аудио- және бейнежазбасын жүргізуге құқылы.
Аукцион аукционға қатысушылардың аукцион өткізу туралы хабарламада көрсетілген қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерінен бастап қол қойылатын бонус мөлшерінің шамасын аукцион қадамына қарай өз ұсыныстарын жариялау арқылы ашық нысанда өткізіледі.
Аукцион қадамының шамасы қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерінен бастап бестен елу пайызға дейін құрайды.
Аукционды тікелей өткізу комиссия тартатын не Комиссия құрамынан сайланған аукционшыға тапсырылуы мүмкін.
Аукцион қатысушыларына берілген тіркеу нөмірлері бар тақтайша беріледі, олар оны егер соманы мәлімдеуге байын болса, қол қойылатын бонустың кезекті шамасын жариялағаннан кейін көтереді.
Аукцион аукцион қатысушыларының санын, жер қойнауы учаскесі және оның негізгі сипаттамалары, жер қойнауын пайдалану құқығынберу шарттары туралы мәліметті,аукцион өткізу тәртібін, қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерін және аукцион қадамын жариялаудан басталады.
Аукцион өткізу кезінде аукционға қатысушылар қол қойылатын бонустың мөлшері туралы ағымдағы ең төмен ұсынысты аукцион қадамының шамасына арттыруды көздейтін қол қойылатын бонустың мөлшері туралы ұсыныстар береді.
Аукционшы қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшеріне тең, аукцион қадамының мөлшеріне ұлғайтылған мөлшердің алғашқы мәнін жариялайды.
Егер қол қойылатын бонус мөлшерінің алғашқы мәнін жариялағаннан және сол мәнді үш рет қайталағаннан кейін аукционға қатысушылардың ешқайсысы өзінің тіркеу нөмірі бар тақтайшаны көтермесе, аукцион тоқтатылады және өткізілмеді деп танылады.
Аукционға қатысушы ағымдағы ең төмен ұсыныс болмаған жағдайда аукцион қадамына қарамастан, қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерінен арттырылған қол қойылатын бонустың мөлшері туралы ұсыныс беруге құқылы.
Аукционға қатысушының егер қол қойылатын бонустың мөлшері туралы ұсынысты сол аукционға қатысушы берген болса, қол қойылатын бонустың мөлшері туралы ағымдағы ең төмен ұсыныстан жоғары қол қойылатын бонустың мөлшері туралы ұсынысты беруге құқығы жоқ.
Бір тақтайша көтерілген жағдайда аукционшы өз тақтайшасын көтерген аукционға қатысушының тіркеу нөмірін атайды. Бірнеше тақтайша көтерілген жағдайда аукционшы өз тақтайшасын бірінші болып көтерген аукционға қатысушының тіркеу нөмірін атайды.
Аукцион қадамын өткізу ведомостына аукционшы атаған аукционға қатысушының нөмірі ғана енгізіледі.
Қол қойылатын бонусты әрбір кейінгі мөлшерін аукционшы ағымдағы мәнді аукцион қадамына ұлғайту арқылы тағайындайды.
Аукцион қорытындысын шығару және көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартты жасау
Аукционның басқа қатысушыларынан қол қойылатын бонустың бағасын үш рет жариялағаннан кейін оны көтеруге ұсыныстар келіп түспесе, үлкен млшерді ұсынған қатысушы аукцион жеңімпазы болады.
Аукцион нәтижелері оны өткізу күні жарияланады және Комиссияның барық қатысып отырған мүшелері қол қоятынхаттамамен ресімделеді. Хаттаманың көшірмесі салтанатты түрде аукционның жеңімпазына табысталады.
Аукционның нәтижелері олар шығарылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде құзыретті органның ресми интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялануға тиіс.
Аукцион жеңімпазы аукцион қорытындылары жарияланған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде:
1) қол қойылатын бонусты төлейді;
2) құзыретті органға қол қойылатын бонусты төлегенін растауды және құзыретті орган бекітетін көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге өз тарапынан қол қойылған келісімшартты жібереді.
Көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығы берілген жағдайда аукцион жеңімпазы қосымша барлау кезеңіндегі жұмыстарды көлемін, сипатын және мерзімдерін қамтитын және барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыс көлемдері мен түрлері бойынша мейлінше төмен талаптарға сәйкес келетін жұмыс бағдарламасын әзірлейді және оны барлау мен өндіруге келісімшартқа оның ажырамас бөлігі ретінде қоса береді.
Құзыретті орган аукцион жеңімпазынан келісімшартты және қол қойылатын бонусты төлегенін растаған күннен бастап он жұмыс күні ішіндеонымен көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт жасасады және аукцион жеңімпазына оның данасын жібереді.
Егер аукцион жеңімпазы осы баптың 3-тармағында көрсетілген мерзім ішінде қол қойылатын бонусты төлемесе және (немесе) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қол қоймаса, мұндай адам келісімшарт жасау құқығынан айырылады.
Аукционды өткізілмеді деп тану тәртібі және негіздері
Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукцион егер аукцион өткізу күні екеуден аз қатысушы тіркелсе өткізілмеді деп танылады.
Егер қатысушы ретінде тіркелген жалғыз адам аукцион өткізуге өтініш берген адам болса, мұндай адамменосы Кодекстің 87-бабында белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға келісімшарт жасалады.
2. Аукционды өткізілмеді деп тану Комиссияның барлық қатысушы мүшелері қол қоятын хаттамамен ресімделеді. Аукционды өткізілмеді деп тану туралы хабарлама хаттама ресімделген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде құзыретті органның ресми интернет-ресурсында, Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзімді баспа басылымында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялануға жатады.
Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционды жарамсыз деп тану
Көмірсутектер бойынша қатысты жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукцион сот шешімі негізінде жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Мыналар:
1) аукцион жеңімпазын айқындауға әсер еткен, осы Кодексте белгіленген аукционөткізу қағидаларын бұзу;
2) аукцион қорытындылары бойынша келісімшарт жасалған адамның құзыретті органға мұндай адамды аукционға жіберу туралы шешімге әсер еткен көрінеу жалған мәліметтерді ұсыну фактілері белгілеу аукциондыжарамсыз деп тану үшін негіздер болып табылады.
3. Аукционқатысушыларыоның нәтижелері жарияанған күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы баптың 1) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша сотқа шағымдануға құқылы.
4. Келісімшарт жасалғанға дейін аукционның жарамдылығы дауланған жағдайда оны жасасу мерзімі сот мәнісі бойынша шешім шығарғанға дейін тоқтатыла тұрады.
5. Аукционды жарамсыз деп тану оның қорытындылары бойынша жасалған келісімшарттың жарамсыздығына әкеп соғады.
6. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша аукцион жарамсыз деп танылған жағдайда жеңімпаз деп жарияланған адам төлеген қол қойылған бонусты қайтаруды талап етуге құқылы.
§ 2. Тікелей келіссөздер негізінде көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру
Тікелей келіссөздер негізінде көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру шарттары
Осы параграфта көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодексте көзделген тәртіппен жалпы негіздерде көмірсутектер саласындағы ұлттық компания көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге құқық алуға құқылы.
Аукцион өткізу арқылы көмірсутектерді барлау және өндіру немесе өндіру үшін беру мақсатында мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына енгізілген жер қойнауы учаскесі мүдделі адам тендер немесе аукцион өткізуге өтініш бергенге дейін көмірсутек саласындағы ұлттық компанияға оның өтініші бойынша пайдалануға берілуі мүмкін.
Көмірсутектерді барлау және өндіру немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқы,ы аукцион негізінде берілетін құқық шегінде мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына енгізілген жер қойнауы учаскесі мүдделі адамдар аукцион өткізуге өтініш бергенге дейін ғана көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға пайдалануға тікелей келіссөздер негізінде берілуі мүмкін.
4. Көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияның өтініші бойынша берілетін жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартты ұлттық компаниямен дербес және стратегиялық әріптеспен бірлесіп жасалуы мүмкін.
5. Көмірсутектер саласындағы ұлттық компания бекіткен және құзыретті органмен келісілген талаптарға сәйкес келетін және көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлауға жұмсаатын шығыстарды толық қаржыландыру бойынша бірлескен қызмет туралы келісім шеңберінде өзіне міндеттеме алған заңды тұлға (заңды тұлғалар консорциумы) Көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияның стратегиялық әріптесі болып танылуы мүмкін.
Стратегиялық әріптесті ұлттық компания көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт жасауға өтініш берілген кезде не көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт тіркелген күннен бастап екі жыл өткен соң айқындауы мүмкін.
Стратегиялық әріптес өтініш беру кезінде айқындалған жағдайда бірлескен қызмет туралы келісімде стратегиялық әріптестің қол қойылатын бонусты төлеуі бойынша міндеттемесі көзделуге тиіс.
Стратегиялық әріптес көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт тіркелген күннен бастап екі жыл өткен соң айқындалған жағдайда мұндай әріптеске жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті беру жер қойнауын пайдалану құқығының ауысуы үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Көмірсутектер саласындағы ұлттық компания тікелей келіссөздер негізінде берген жер қойнауын пайдалану құқығы (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес) келісімшарт акцияларының елу және одан да көп пайызы көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға тиесілі заңды тұлғаға берілген жағдайды қоспағанда, келісімшарт тіркелген күннен бастап екі жыл ішінде беріле алмайды.
Бұл ретте заңды тұлғаның алынған жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) келісімшарт тіркелген күннен бастап екі жыл ішінде беруге құқылы емес.
Көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияның тікелей келіссөздер жүргізуге өтініші
Тікелей келіссөздер негізінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге жер қойнауы учаскесін пайдалануға алуға ниеті бар көмірсутектер саласындағы ұлттық компания құзыретті органға жер қойнауы учаскесінің шектерін көрсете отырып, өтініш жібереді.
Көмірсутектер саласындағы ұлттық компания көмірсутектерді барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға үміттенген жағдайда өтінішке балау кезеңіндегі жұмыстардың көлемін, сипаттамасын және орындау мерзімін қамтитын және барлау кезеңінде жер ойнауы учаскесіндеді жұмыстардың көлемдері мен түрлері бойынша мейлінше төмен талаптарға сәйкес келетін жұмыс бағдарламасын қоса береді.
Көмірсутектер саласындағы ұлттық компания стратегиялық әріптесті тартқан жағдайда өтініш:
1) стратегиялық әріптестің атауын, оның орналасқан жерін, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді (сауда тізілімінен үзінді-көшірмені немесе өтініш беруші шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын басқа заңдастырылған құжатты), басшы туралы мәліметті, заңды тұлғалар, жеке тұлғалар, стратегиялық әріптесті тікелей немесе жанама бақылайтын мемлекет және халықаралық ұйымдар туралы мәліметтерді;
2) стратегиялық әріптес соңғы үш жылда өз қызметін жүзеге асырған мемлекеттердің тізімін қоса алғанда, оның алдыңғы қызметі туралы мәліметтерді;
көмірсутектер саласындағы ұлттық компания мен стратегиялық әріптес арасында жасалған бірлескен қызмет туралы тиісінше куәландырылған келісімді қамтуға тиіс.
Өтініш және оған қоса берілетін барлық құжаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалуға тиіс. Көмірсутектер саласындағы ұлттық компания шетелдік заңды тұлға болып табылатын стратегиялық әріптесті тартқан жағдайда әрбір құжатқа дұрыстығын нотариус куәландырған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасын міндетті түрде қоса бере отырып, мұндай құжаттар өзге тілде жасалуы мүмкін.
Көмірсутектер саласындағы ұлттық компаниямен тікелей келіссөздер жүргізу тәртібі
Көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер ұлттық компанияның уәкілетті өкілдерімен және құзыретті органның жұмыс тобымен жүргізіледі. Жұмыс тобы туралы ережені және оның құрамын құзыретті орган бекітеді.
2. Тікелей келіссөздер өтініш құзыретті органға келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде жүргізіледі. Тікелей келіссөздер жүргізу мерзімі құзыретті органның шешім і бойынша ұзартылуы мүмкін.
3. Тікелей келіссөздер нәтижелері бойынша құзыретті орган келісімшарт жасау немесе оны жасаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
4. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты жасау туралы шешім қабылданған жағдайда оны қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде:
1) ұлттық компания немесе оның стратегиялық әріптесі тікелей келіссөздер нәтижелері бойынша айқындалған қол қойылатын бонусты төлейді;
2) ұлттық компания құзыретті органға қол қойылатын бонустың төленгенін растауды және өз тарапынан қол қойылған (стратегиялық әріптес тартылған жағдайда – оның да тарапынан) құзыретті орган бекітетін көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартты жолдайды.
Көмірсутектерді барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығы берілген жағдайда ұлттық компания тікелей келіссөздер нәтижелері бойынша барлау кезеңіндегі жұмыстар көлемін, сипатталуын және орындалу мерзімін қамтитын жұмыстар бағдарламасын қосымша әзірлейді және оны көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартқа оның ажырамас бөлігі ретінде қоса береді.
5. Құзыретті орган келісімшартты және қол қойылатын бонустың төленгенін растауды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт жасайды және оның данасын (даналарын) ұлттық компанияға жолдайды.
6. Ұлттық компания келісімшартқа жұмыстар бағдарламасында мәлімдеген міндеттемелердің қысқартылуын немесе алып тасталуын көздейтін қосымша келісімдерді жасауға тыйым салынады.
Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын тоқтату
Құзыретті органның жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт қолданысын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтату
Құзыретті орган мына негіздердің бірі:
экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздіктің талаптары бұзылуы салдарынан соттың жер қойнауын пайдалану бойынша қызметке тыйым салу туралы шешімі күшіне енген;
құзыретті органның хабарламасында көрсетілген мерзімде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта белгіленген міндеттемелерді жер қойнауын пайдаланушының екеуден көп жоймауы;
осы Кодекстің 64-бабында көзделген көрінеу жалған есептілік берілген;
осы Кодекстің 60-бабында көзделген есептілікті бермеу;
жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте көзделген оң қорытындыны алған тиісті жобалау құжаттарынсыз көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу;
жер қойнауын пайдалану салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етпестен жер бетінің тұтастығын бұзумен байланысты көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізу болған кезде негіздер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.
Осы баптың 1-тармағының 4)-6) тармақшаларында көзделген жағдайларда құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушыны жол берілген бұзушылық туралы жазбаша хабарлайды.
Жер қойнауын пайдаланушы мұндай хабарлама алғаннан кейін үш ай ішінде бұзушылықты жоюға және бұл туралы құзыретті органға жоюды растайтын құжаттарды қоса бере отырып, хабарлауға міндетті.
Көрсетілген мерзімде бұзушылықтарды жоймаған жағдайда құзыретті орган осы баптың 3-тармағына сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты орындаудан бас тартуа құқылы.
Егер жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауы учаскелеріне, стратегиялық маңызы бар жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізген кездегі әрекеттері ұлттық қауіпсіздікке қауіп төніретін Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін өзгертуге алып келсе, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құзыретті орган жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты, оның ішінде бұрын жасалған келісімшартты орындаудан бас тартуға құқылы.
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты орындаудан бас тартуды құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушыға жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты орындаудан бас тарту туралы жазбаша хабарламаны жіберу арқылы жүргізеді.
Келісімшарт жер қойнауын пайдаланушы хабарламаны алған күннен бастап екі айдан кейін қолданысын тоқтатады.
Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты тоқтатудың заңдылығын хабарламаны алған күннен бастап сот тәртібімен даулауға құқылы. Мұндай даулау кезеңінде осы баптың 4-тармағында көрсетілген мерзім дау нәтижелері бойынша сот шығарған шешім күшіне енгенге дейін ұзартылады.
Егер жер қойнауын пайдаланушы жазбаша хабарлама алғаннан кейін және осы баптың 4-тармағында көзделген мерзім басталғанға дейін құзыретті органға жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты орындаудан бас тартуға негіз болған міндеттемелерді орындамау немесе дұрыс орындамау осы Кодекстің 108-бабында көрсетілген енсерілмейтін күштің салдарынан болғанды растайтын дәлелдемелерді берсе, құзыретті органның жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты орындаудан бас тартуына жол берілмейді.
Жер қойнауы учаскесі және жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған кезде мүлік
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы тоқтатылған кезден бастап аумақ және оған сәйкес келетін жер қойнауы учаскесі мемлекетке қайтарылған болып табылады.
Аумақ пен өндіру учаскесінің бекітілуін және өндіру кезеңін не даярлық кезеңін көздейтін көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа тіркелген толықтыруда көрсетілген аумақ пен жер учаскесін қоспағанда, көмірсутектерді барлау кезеңі аяқталған кезден бастап барлау аумағы мен учаскесі мемлекетке қайтарылған болып табылады.
Өндіру кезеңі ішінде не аяқталғанда жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы тоқтатылған кезде құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушыны осындай жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтату не оны жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін өзге тұлғаға беру шешімі туралы хабардар етеді. Хабарлама мынадай жағдайларда және мерзімдерде:
жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданыс мерзімі өткен жағдайда өндіру кезеңі аяқталғанда – осындай аяқталғанға дейін екі айдан бұрын кешіктірілмей;
жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысын құзыретті орган мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда өндіру кезеңі ішінде біржақты тәртіппен бір уақытта жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтату туралы хабарлама жібере отырып;
өндіру кезеңі ішінде тараптардың келісімі бойынша келісімшарт бұзылған жағдайда келісімшартты бұзу туралы келісімге қол қоя отырып жіберіледі.
Құзыретті органның жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтату шешімі туралы хабарламасын алған тұлға:
дереу тоқтатылуы төтенше жағдайлардың туындау қаупіне байланысты операцияларды қоспағанда, жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтатады. Мұндай операцияларды тоқтату ақылған қонымды мерзімде жүзеге асырылуға тиіс;
хабарлама алған күннен бастап екі ай ішінде осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес көмірсутектерді өндіру салдарын жою бойынша жұмысты бастауға міндетті;
хабарлама алған күннен бастап екі ай ішінде жер қойнауы учаскесінен өзі өндірген көмірсутектерді, сондай-ақ өзінің меншігі болып табылатын жабдық пен өзге де мүлікті шығаруға құқылы. Көрсетілген мерзімде шығарылмаған жабдық пен өзге де мүлік осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес жойылуға тиіс.
Құзыретті органның жер қойнауы учаскесін жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін өзге тұлғаға беру шешімі туралы хабарлама алған тұлға:
технологиялық процестің үздіксіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрылысты, жабдықты және өзге де мүлікті көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға сыртқы басқаруға дереу беруге міндетті;
хабарлама алған күннен бастап екі ай ішінде осы тармақтың 1) тарақшасында көрсетілген объектілерді қоспағанда, өзі өндірген көмірсутектерді, сондай-ақ өзінің меншігі болып табылатын жабдық пен өзге де мүлікті шығаруға құқылы.
Құзыретті органның жер қойнауы учаскесін жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін өзге тұлғаға беру шешімі туралы хабарлама алған тұлға жаңа жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекске сәйкес айқындалған мөлшерде қамтамасыз ету берген кезден бастап көмірсутектерді өндіру салдарын жою бойынша міндетінен босатылады. Бұл ретте:
1) хабарлама алған күннен бастап және жаңа жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану салдарын жою бойынша жұмыстарды қамтамасыз етуді ұсынғанға дейін жою бойынша жұмыстар жүргізілмейді;
2) ) хабарлама алған күннен бастап және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы тоқтатылғанға дейін жер қойнауы учаскесі көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға сыртқы басқаруға беріледі;
3) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы тоқтатылған күннен бастап және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауы учаскесі өзге тұлғаға берілген кезге дейін жер қойнауы учаскесін құзыретті орган көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға сенімгерлік басқаруға береді;
4) хабарлама алған күннен бастап және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауы учаскесі өзге тұлғаға берілген кезге дейін технологиялық процестің үздіксіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрылысты, жабдықты және өзге де мүлікті көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға сыртқы басқаруға беріледі;
5) құзыретті орган жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы тоқтатылған күннен бастап алты ай ішінде осындай жер қойнауы учаскесі бойынша көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге аукцион өткізеді.
7. Жаңа жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану салдарын жою бойынша қамтамасыз етуді берген күннен бастап технологиялық процестің үздіксіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрылыс, жабдық және өзге де мүлік осындай жер қойнауын пайдаланушының меншігіне беріледі.
Жер қойнауы учаскесін сенімгерлік басқару және жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған кезде мүлікті сыртқы басқару
Осы Кодекстің 93-бабы 5-тармағында көзделген жағдайларда құзыретті орган жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған күннен кешіктірілмейтін мерзімде құзыретті орган көмірсутектер саласындағы ұлттық компаниямен осындай жер қойнауы учаскесін сенімгерлік басқару шартын жасасады.
Жер қойнауы учаскесін сенімгерлік басқару шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес әзірленеді және сенімгерлік басқарушыға:
1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге келісімшарт жасамай-ақ жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияны жүзеге асыру;
2) келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін жер пайдалану құқығында жер учаскесін алу құқығын береді.
3. Сенімгерлік басқарушының жер қойнауы учаскесін сенімгерлік басқаруы кезінде жүргізген және белгіленген тәртіппен расталған шығыстарды жүргізілген шығыстардың қажеттігін растайтын құжаттарды ұсынған кезде оны пайдаланудан түскен кірістер есебінен өтеттіруге құқығы бар.
4. Сенімгерлік басқарушының шығыстарын өтеуге және сенімгерлік басқару шартын орындаумен байланысты салықтарды төлеуге жіберілген сомаларды қоспағанда, сенімгерлік басқарудан түскен кірістер сенімгерлік басқару шартының қолданылуын тоқтату нәтижелері бойынша құрылтайшыға (пайда табушыға) жіберіледі.
5. Жер қойнауы учаскесін сенімгерлік басқару шарты шеңберінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу осы Кодексте көзделген талаптар сақталмай жүзеге асырылады.
Сенімгерлік басқарушы келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқару шартымен өзіне берілген өкілеттіктерді асыра пайдалана отырып немесе белгіленген шектеулерді бұза отырып жасаған мәмілелерден туындайтын міндеттемелер бойынша өз мүлкімен жауап береді.
7. Жер учаскесі сенімгерлік басқарушыға келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқару шартының қолданылу мерзіміне, бірақ ол жасалған күннен бастап он жылдан аспайтын мерзімге қайта ресімделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |