Ақпараттық хабарлама
ҚМГ БӨ-нің Ұжымдық шарты «Парыз» бизнестің əлеуметтік жауапкершілігі
жөніндегі байқаудың қорытындысы бойынша Қазақстанда үздік деп танылды
Астана, 24 желтоқсан 2008 ж. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ»,
«Компания») «Парыз» бизнестің əлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі байқаудың
лауреаты атанды. Байқау Қазақстан Президенті Жарлығына сəйкес алғашқы рет өткізіліп
отыр жəне жыл сайын өткізілетін болады.
ҚМГ БӨ «Ірі кəсіпкерлік субъектісі» санатында «Үздік Ұжымдық шарт» аталымы
бойынша бірінші орынды иеленді. Аталған аталымда заңнамада көрсетілген
жұмысшылардың əлеуметтік жəне еңбек құқықтарын мейлінше нығайтатын жəне
жақсартатын ұжымдық шарттар қаралады.
Компанияның бас директоры Асқар Балжанов былай деп мəлімдеді:
«Біздің
мақсатымыз – қолайлы əлеуметтік орта қалыптастыру,
жұмысшылар ғана емес, сондай-ақ олардың отбасыларына да жұмыс істеуіне,
өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау. Кадрлық əлеуетті сақтау жəне дамыту
– бұл біздің табысымыздың кепілі».
Компания ұжымдық шарттың жұмыс жəне демалыс уақытының нормаларын,
өтемақы мен материалдық көмек төлеу, еңбек ақының мөлшері мен формалары,
жұмысшыларға берілетін жеңілдіктер мен кепілдіктерді қарастыратын талаптарын қатаң
сақтайды. Одан бөлек, еңбек, денсаулық жəне техника қауіпсіздігін сақтау жөніндегі
халықаралық стандарттарға сəйкес, Компания тұрақты түрде жұмысшылардың еңбек
жағдайына мониторинг жүргізеді, тренингтер өткізіп, жұмыс орнында жан-жақты
қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған жаңа технологиялық шешімдерді енгізуде.
АНЫҚТАМА
ҚМГ БӨ мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстандағы көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның
өндіру көлемі Қазгермұнай жəне ССЕL (Қаражанбасмұнай) компанияларындағы үлестерді қоса есептегенде
2007 жылы
10,6 млн. тоннаны (тəулігіне 215 мың баррель) құрады.
ҚМГ БӨ-нің мұнайдың дəлелденген жəне
болжамды қорларының көлемі 2007 жылдың аяғындағы жағдай бойынша 240 млн. тоннаны (1,8 млрд.
баррелді), ал еншілес компаниялардағы үлесті есептегенде 2 млрд. баррельден астамды құрайды.
Компанияның акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ауқымды депозитарлық қолхаттары – Лондонның
Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 миллиардтан астам
АҚШ долларын тартты. Standard & Poor's (S&P) халықаралық рейтинг агенттігі ҚМГ БӨ-нің корпоративтік
басқару рейтингін РКУ 5+ -дан РКУ 6-ға дейін көтерді жəне ҚМГ БӨ-нің несиелік рейтингін «ВВ+»
деңгейінде растады.
Байланыстық ақпарат:
«ҚМГ БӨ», Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 7600)
Михаил Дорофеев
e-mail:
pr@kmgep.kz
«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 7971)
Əсел Қалиева
e-mail:
ir@kmgep.kz
Pelham PR (+44 203 178 44 18)
Елена Добсон
e-mail:
Elena.dobson@pelhampr.com
Болашаққа қатысты мəлімдеме
Осы құжатта «болашаққа қатысты мəлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мəлімдеме
қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам
бойынша», «ұйғарып отыр» , «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді
қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, əр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-
пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары,
мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мəлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты
аталған мəлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мəлімдемелерді қамтиды. Олар
ниеттер, пікірлер туралы мəлімдемелерді жəне Компанияның солармен қатар қызметтің нəтижелеріне,
қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына,
перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мəлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында
болашаққа қатысты өтінімдер олар болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты
болғандықтан тəуекелмен жəне белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мəлімдемелер қызметтің
болашақ нəтижелерінің кепілдігі болып табылмайды жəне Компания қызметінің іс жүзіндегі нəтижелері,
қаржылық жағдайы жəне қызметін тоқтатуы жəне Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың
дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта
қамтылған болашаққа қатысты мəлімдемелерге сəйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар
алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нəтижесінде болса да осы
құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты
қандай да болмасын мəлімдемені жаңартуды жоспарламайды жəне ол жөнінде өзіне міндеттеме
алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мəлімдемелерде айтылған нəтижелерге қол
жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мəлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді жəне ешқандай
болжам жарияламайды.