Кодексі жалпы бөлім I бөлім. Негізгі ережелер 24 1-тарау. Жалпы ережелер 24


-тарау. Көмірсутекті барлау және өндіру кезеңдері



жүктеу 2,92 Mb.
бет12/22
Дата14.05.2018
өлшемі2,92 Mb.
#12458
түріКодекс
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22

21-тарау. Көмірсутекті барлау және өндіру кезеңдері




  1. Көмірсутекті барлау кезеңі


1. Көмірсутекті барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңі алты кезекті жылдан аспайды, ал теңіздегі жер қойнауының учаскесінде немесе күрделі көмірсутекті барлау жобасында сегіз жылдан аспайды. Көрсетілген кезеңде жер қойнауын пайдаланушы сынамалы пайдалануын қоса алғанда, кен орындарын іздеу және бағалау бойынша кез келген жұмыстарды өткізуге құқылы.

Осы тармақтың бірінші абзацында көзделген мерзімдер шегінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңі жұмыстар бағдарламасы негізінде айқындалады.

2. Барлау кезеңі көмірсутекті барлауға және өндіруге арналған келісімшарт жасалған күннен есептеледі.

3. Жер қойнауын пайдаланушы осы Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттарда барлық барлау аумағын қайтару арқылы барлау кезеңін мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.

4. Осы Кодекстің мақсатында күрделі көмірсутекті барлау жобасы деп көмірсутекті барлауға және өндіруге арналған келісімшарт шеңберіндегі мынадай жобалар аталады:

1) табылған кен орындарындағы шикі газдың құрамындағы күкіртті сутегі жалпы көлемінің алты пайызынан артық болуы;

2) тереңдігі алты метрден астам ұңғыманы бұрғылауды көздейтін жоба;

3) сағалық қысымы отыз бес мегапаскальден астам жоба.



  1. Көмірсутекті барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңін ұзарту


1. Жұмыс бағдарламасы негізінде белгіленген көмірсутекті барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңі осы Кодекстің 100-бабы 1-тармағында көзделген кезеңнен аз болса, не барлау кезеңінде осы Кодекстің 100-бабы 4-тармағында көзделген жағдайлар туындаса, барлау кезеңі жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша тиісті кезеңге ұзартылуға жатады.

2. Сынамалы пайдалануын қоса алғанда, табылған кен орнын бағалау мақсатында көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңі жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша үш жылға дейінгі мерзімге, ал теңіздегі жер қойнауының учаскесінде – алты жылға дейін бір жолғы ұзартылуға жатады.

3. Табылған кен орнына сынамалы пайдалану жүргізу мақсатында көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңі жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша сынамалы пайдалану басталған күннен бастап үш жылға дейінгі мерзімге бір жолғы ұзартылуға жатады.

4. Егер барлау учаскесінде ұзартылған барлау мерзімі барысында қосымша көмірсутекті кен орны (кен) табылса, көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңі жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша үш жылға дейінгі мерзімге қосымша бір жолғы ұзартылуға жатады.

5. Барлау кезеңін ұзарту сынамалы пайдалануын қоса алғанда, табылған кен орнын (кенді) бағалау мақсатында жер қойнауын пайдаланушы айқындаған жер қойнауының учаскесі бойынша ғана жүргізіледі.

6. Барлау кезеңін ұзарту туралы өтінішті жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға барлау кезеңінде береді.

7. Барлау кезеңін ұзарту туралы өтініште мыналар қамтылуы тиіс:

1) жер қойнауын пайдаланушының атауы;

2) көмірсутекті барлауға және өндіруге арналған келісімшартты тіркеу нөмірі және күні;

3) барлау кезеңін ұзартуға өтініш берілген жер қойнауы учаскесі;

4) барлау кезеңін ұзартудың негізі мен сұралатын мерзімі.

8. Өтінішке мыналар қоса беріледі:

1) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жер қойнауын пайдаланушы барлау кезеңі ұзартылған жағдайда жер қойнауы учаскелерінде табылған кен орындарын бағалау мақсатында орындауға міндеттенетін жұмыстардың көлемдерін, сипатталуын және мерзімдерін қамтитын жұмыс бағдарламасы;

2) жер қойнауын пайдаланушы қол қойған келісімшарттың төмендегілерді көздейтін толықтыруы:

барлау кезеңін ұзарту;

осы баптың 2 және 4 баптарында көзделген жағдайларда – барлау аумағы мен учаскесін жер қойнауын пайдаланушы барлау учаскесінің тереңдігі бойынша шекарасын белгілеуді қоса алғанда, өзі тапқан кен орындарын (кенді) бағалау мақсатында белгілеген шекараға дейін өзгерту;

жер қойнауын пайдаланушының осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген және келісімшартқа оның ажырамас бөлігі ретінде қоса берілетін жұмыс бағдарламасын орындау бойынша міндеті.

9. Егер өтініш барлаудың бастапқы кезеңі аяқталғанға дейін он жұмыс күнінен аз уақытта берілсе, көмірсутекті барлауға және өндіруге арналған келісімшарттың құзыретті органның өтінішті қарауының кезеңіне әрекет етуі жалғасады.

10. Өтініш ол құзыретті органға келіп түскен кезден бастап он жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган барлау кезеңін ұзарту туралы шешім қабылдайды немесе ұзартудан бас тартады.

11. Құзыретті орган мынадай жағдайларда барлау мерзімін ұзартудан бас тартады:

1) егер өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;

2) осы бапта көзделген барлау мерзімін ұзартуға негіз болмаса;

3) жер қойнауын пайдаланушы жоймаған келісімшарт бойынша міндеттемелерді бұзушылықтар болған жағдайда.

Құзыретті органның барлау кезеңін ұзартудан бас тартуы жер қойнауын пайдаланушыны қайталама өтінішті беру құқығынан айырмайды.

12. Құзыретті орган ұзарту туралы шешім қабылданған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде өтінім берушімен көмірсутекті барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа тиісті қосымша жасайды және өтініш берушіге оның бір данасын береді.

  1. Дайындық кезеңі


1. Көмірсутекті барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша оларды жасасқан кезде өндіру учаскесі және дайындық кезеңі бекітіледі, ол кезеңде көмірсутекті өндіруге арналған жобалау құжаттары әзірленеді, бекітіледі және осы Кодексте көзделген сараптау жүргізіледі, сонымен қатар (қажет болғанда) кен орны абаттандырылады.

2. Көмірсутекті барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңі аяқталған соң және өндіру кезеңі бекітілгенге дейін жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша өндіру учаскесін (учаскелерін) және дайындық кезеңін (дайындық кезеңдерін) бекітуге рұқсат етіледі, бұл дайындық кезеңінде табылған көмірсутекті кен орнының қорлары есептеледі, көмірсутекті өндіруге арналған жобалау құжаттары әзірленеді, бекітіледі және осы Кодексте көзделген сараптау жүргізіледі, сонымен қатар (қажет болғанда) кен орны абаттандырылады.

Осы орайда жер қойнауын пайдаланушыға барлау кезеңі барысында осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген шараларды аяқтауға мүмкіндік бермеген объективті жайттар болғанда осындай бекітулерге рұқсат етіледі.

3. Дайындық кезеңінің ұзақтығы екі жылдан аспауы тиіс. Осы орайда осы Кодекстің 103- бабы 1-тармағында көрсетілген ең ұзақ барлау кезеңі дайындық кезеңі мерзіміне қысқартылады.

4. Дайындық кезеңі барысында жер қойнауының тиісті учаскесінде жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге тыйым салынады.

5. Жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға өндіру учаскесі мен дайындық кезеңін бекіту туралы өтінішті барлау кезеңі барысында береді.

6. Көмірсутекті барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша өндіру учаскесі мен дайындық кезеңін бекіту туралы өтініште мыналар қамтылуы тиіс:

1) жер қойнауын пайдаланушының атауы;

2) көмірсутекті барлауға және өндіруге арналған келісімшартты тіркеу нөмірі және күні;

3) дайындық кезеңін бекітуге өтініш берілген жер қойнауы учаскесі (учаскелері);

4) дайындық кезеңінің негізі және сұралатын мерзімі.

7. Өтінішке жер қойнауын пайдаланушы қол қойған келісімшарттың төмендегілерді көздейтін толықтыруы қоса беріледі:

Дайындық кезеңінің және тиісті өндіру учаскесінің (учаскелерінің) бекітуі;

Жер қойнауын пайдаланушының дайындық кезеңі ішінде тиісті жер қойнауы учаскесінде (учаскелерінде) жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізбеу міндеті.

8. Егер өтініш барлау кезеңі аяқталғанға дейін жиырма жұмыс күнінен азырақ күн бұрын берілсе, көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт құзыретті органның өтінішті қарайтын мерзімінде қолданылады.

9. Өтініш құзыретті органға келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Құзыретті орган өтінішті қарау нәтижесі бойынша өндіру учаскесі мен дайындық кезеңін бекіту туралы шешім қабылдайды немесе бекітуден бас тартады.

10. Құзыретті орган мынадай жағдайларда өндіру учаскесі мен дайындық кезеңін бекітуден бас тартады:

1) егер өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес болмаса;

2) дайындық кезеңін бекітуге негіз болмаса;

3) жер қойнауын пайдаланушы жоймаған келісімшарт бойынша міндеттемелерді бұзушылықтар болған жағдайда.

Құзыретті органның өндіру учаскесі мен дайындық кезеңін бекітуден бас тартуы жер қойнауын пайдаланушыны қайталама өтінішті беру құқығынан айырмайды.

11. Құзыретті орган өндіру учаскесі мен дайындық кезеңін бекіту туралы шешім қабылданған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде өтініш берушімен көмірсутекті барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа тиісті қосымша жасайды және өтініш берушіге оның бір данасын береді.



  1. Көмірсутекті өндіру кезеңі


1. Көмірсутекті өндіру кезеңі жиырма бес жылдан, ал ірі және бірегей кен орындарында – қырық бес жылдан аспайды.

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген мерзімдер шегінде көмірсутекті өндіру кезеңі осы Кодексте көзделген сараптамалардың оң қорытындысын алған жер қойнауын пайдаланушы бекіткен кен орнын әзірлеу жоспарының негізінде айқындалады.

3. Жер қойнауы учаскесіндегі өндіру кезеңі өндіру кезеңін бекіту көзделген және жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша жасалатын барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа толықтыру тіркелген күннен бастап есептеледі.

4. Жер қойнауын пайдаланушы осы Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттармен барлық өндіру аумағын қайтару арқылы өндіру кезеңін мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.

5. Егер көмірсутекті барлау мен өндіруге немесе өндіруге бір келісімшарт шеңберінде бірнеше көмірсутек кен орны анықталса, онда олардың әрқайсысына келісімшартта жеке өндіру кезеңі мен өндіру учаскесі бекітіледі.

6. Егер өндіру учаскесі (учаскелері) барлау кезеңі аяқталғанға дейін келісімшартта бекітілсе, өндіру кезеңіне арналған осы Кодексте және келісімшартта көзделген жер қойнауын пайдаланушының құқықтары мен міндеттері өндірудің осындай учаскесі (учаскелері) шегінде, ал барлау кезеңіне арналған осы Кодексте және келісімшартта көзделген жер қойнауын пайдаланушының құқықтары мен міндеттері – тек барлау учаскесі шегінде ғана қолданылады.

7. Жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға өндіру учаскесі мен кезеңін немесе өндіру кезеңін бекіту туралы өтінішті барлау немесе дайындық кезеңі барысында береді.

8. Өндіру учаскесі мен кезеңін немесе өндіру кезеңін бекіту туралы өтініште мынадар қамтылуы тиіс:

1) жер қойнауын пайдаланушының атауы;

2) көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартты тіркеу нөмірі және күні;

3) өндіру учаскесі (учаскелері);

4) өндіру кезеңінің ұзақтығы.

9. Өтінішке мыналар қоса беріледі:

1) жер қойнауын пайдаланушы қол қойған, өндіру учаскесі (учаскелері) мен кезеңін немесе өндіру кезеңін бекітуді көздейтін келісімшартқа толықтыру;

2) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте көзделген сараптаманың оң тұжырымы берілген кен орнын игеруге арналған технологиялық сызба.

10. Егер өтініш барлау кезеңі немесе дайындық кезеңі аяқталғанға дейін жиырма жұмыс күнінен азырақ күн бұрын берілсе, көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт құзыретті органның өтінішті қарайтын мерзімінде қолданылады.

11. Өтініш құзыретті органға келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Құзыретті орган өтінішті қарау нәтижесі бойынша өндіру учаскесі мен кезеңін немесе өндіру кезеңін бекіту туралы шешім қабылдайды немесе бекітуден бас тартады.

12. Құзыретті орган мынадай жағдайларда өндіру учаскесі мен өндіру кезеңін немесе өндіру кезеңін бекітуден бас тартады:

1) егер өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес болмаса;

2) жер қойнауын пайдаланушы жоймаған келісімшарт бойынша міндеттемелерді бұзушылықтар болған жағдайда.

Құзыретті органның өндіру учаскесі мен өндіру кезеңін немесе өндіру кезеңін бекітуден бас тартуы жер қойнауын пайдаланушыны қайталама өтінішті беру құқығынан айырмайды.

13. Құзыретті орган өндіру учаскесі мен өндіру кезеңін немесе өндіру кезеңін бекіту туралы шешім қабылданған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде өтініш берушімен көмірсутекті барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартқа тиісті қосымша жасайды және өтініш берушіге оның бір данасын береді.


  1. Көмірсутекті өндіру кезеңін ұзарту


1. Өндіру кезеңін жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша қатарынан жиырма бес жылға дейін ұзартуға болады.

2. Өндіру кезеңін ұзарту туралы өтінішті жер қойнауын пайдаланушы белгіленген нысанда құзыретті органға ұзартылатын өндіру кезеңі аяқталғанға дейін екі жылдан ерте емес (ірі және бірегей кен орындары үшін – бес жылдан ерте емес), бірақ алты айдан кешіктірмей береді.

3. Өндіру кезеңін ұзарту туралы өтініште мыналар қамтылуы тиіс:

1) жер қойнауын пайдаланушының атауы;

2) көмірсутекті барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартты тіркеу нөмірі және күні;

3) өндіру кезеңінің өтініш берілген ұзарту мерзімі.

4. Өтінішке қосымша жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және өндіру кезеңі ұзартылған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы орындауға міндеттенетін жұмыстардың көлемі, сипаттамасы мен мерзімдері қамтылған жұмыс бағдарламасы қоса беріледі.

5. Өтініш құзыретті органға келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Құзыретті орган өтінішті қарау нәтижесі бойынша ұзарту туралы шешім қабылдайды немесе ұзартудан бас тартады.

6. Құзыретті орган мынадай жағдайларда өндіру кезеңін ұзартудан бас тартады:

1) егер өтініш осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімнен кеш берілсе;

2) егер өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес болмаса;

3) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте көзделген сараптаманың оң тұжырымы берілген кен орнын игеруге арналған технологиялық сызбада ұзарту кезеңі барысында өтініште берілген мерзімнен аз мерзімді қарастыратын болса;

4) жер қойнауын пайдаланушы жоймаған келісімшарт бойынша міндеттемелерді бұзушылықтар болған жағдайда;

5) құзыретті орган келісімшартты ұзартуға ниет білдірмесе.

Құзыретті органның өндіру кезеңін ұзартудан бас тартуы осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген жағдайларды есепке алмағанда, жер қойнауын пайдаланушыны қайталама өтінішті беру құқығынан айырмайды.

7. Егер келісімшарт құзыретті орган бекітетін көмірсутекті барлау мен өндіруге немесе өндіруге үлгілік келісімшартқа сәйкес келсе, өндіру кезеңі ұзартылған кезде жер қойнауын пайдаланушы мен құзыретті орган арасында ұзарту туралы шешім қабылданған кезден бастап бір ай ішінде өндіру кезеңін ұзартуды және жер қойнауын пайдаланушының осы баптың 4-тармағында көрсетілген және ажырамас бөлігі ретінде келісімшартқа қоса берілген жұмыс бағдарламасын орындау бойынша міндетін көздейтін көмірсутектерді барлау мен өндіру немесе өндіру келісімшартына қосымша келісім жасалады.

8. Егер келісімшарт құзыретті орган бекітетін көмірсутекті барлау мен өндіруге немесе өндіруге үлгілік келісімшартқа сәйкес келмесе, өндіру кезеңі ұзартылған кезде жер қойнауын пайдаланушы мен құзыретті орган арасында ұзарту туралы шешім қабылданған кезден бастап екі ай ішінде көмірсутекті өндіруге үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген жаңа редакцияда көмірсутекті өндіруге арналған келісімшарт жасалады.

9. Егер келісімшарт шеңберінде көмірсутекті өндіру кезеңі кемінде жиырма жыл мерзімге бегіленсе, онда өндіру кезеңі ұзартылған кезде келісімшарт талаптары осындай ұзарту кезінде қолданылатын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестендіріледі.



  1. Көмірсутектерді барлау немесе өндіру кезеңінің ағымын тоқтата тұру


1. Көмірсутекті барлау немесе өндіру кезеңінің ағымы, егер жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төтенше оқиғалар туралы куәлік ұсынса, төтенше оқиғалар орын алған мерзімге тоқтатыла тұрады.

Жер қойнауын пайдаланушыда техникалық және (немесе) қаржылай құралдар болмауы, не нарықта тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің жоқ болуы төтенше оқиғаларға жатпайды.

2. Көмірсутекті барлау кезеңінің ағымы жер қойнауын пайдаланушы газ немесе газ конденсаты кен орнын тапқан жағдайда газ көлігі инфрақұрылымын салу үшін қажетті мерзімге, бірақ бес жылдан аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.

3. Көмірсутекті барлау кезеңінің ағымы жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауының шекара маңындағы учаскесінде көмірсутекті кен орнын тапқан жағдайда осы Кодекстің 126-бабында көзделген тәртіппен тоқтатыла тұрады.

4. Көмірсутекті барлау немесе өндіру кезеңінің ағымы тоқтатыла тұрған жағдайда жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылу күші осындай тоқтатыла тұру мерзіміне тоқтатылған деп есептеледі.


жүктеу 2,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау