Cабақ:
Күні:
Пән: Іс құжаттарды мемлекеттік тілде жүргізу.
Тақырыбы: Мұрағатқа немесе жоюға істерді дайындау және тапсыру
Мақсаты: Білімділік: Теориялық материалдарды тәжірибе жүзінде қолданыла білуге үйрету, құжаттарға қоятын талаптарды толық игеру. Жалпы іс қағаздарын мемлекеттік тілде сауатты жаза және толтыра білуді үйретуде жоғары нәтижеге қол жеткізу.
Дамытушылық: Оқушыларды іс қағаздарын екі тілде құрастыруды үйрету. Логикалық қабілетін дамыту. Тіл ұстару екі тілде еркін сөйлеуге орысша, қазақша үйрету. Өз мамандығы бойынша еңбекке араласқан кезінде жұмыс орындарында, мекемелерде іс қағаздарын сауатты және еркін жаза білуге үйрету.
Мәтінмен аударма жұмыстарын жүргізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсаты: Іс қағаздарын толтыру кезінде ұқып-
тылыққа, жауапкершілікке және
мемлекеттік тіл мәртебесін жоғарыла
туға бейімдеу
Үйлестіру
Деректемелері: Екі тілде толтырылатын құжаттар үлгілері.
Сабақтың
түрі: дамыта оқыту, аралас
Ұйымдастыру
формасы: топтық, дербес, жұптық
Сабақтың
өтілу әдісі: - коммуникативтік сөйлеу
сөз әдісі
әңгіме
дәріспен жұмыс
сұрақ-жауап
Сабақтың
көрнекілігі: Құжаттар үлгісі көрсетілген плакаттар.
Құжаттар үлгісі салынған папкалар
Техникалық
құралмен жабдықтау: Дербес компьютер
Пәнаралық
байланыс: Орыс тілі, хатшы ісі, қазақ тілі
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру - сәлемдесу.
кезеңі: - кезекшімен сұхбат
Мотивациялық
кезең:
1. Сабақтың тақырыбымен таныстыру.
2. Қысқаша теориялық материалды еске түсіру.
3. Құжатқа қойылатын негізгі талаптарға тоқталу
4. Іс қағазын жазу және толтыру ережесін түсіндіру
Операциялық
кезең: 1. Құжат айналымы туралы кіріспе әнгіме
2.Мамандық бойынша іс қағазы үлгісімен таныстыру және жаздыру
3.Сөздік жұмысын жүргізу
4.Әдістемелер мен жұмыс
5.Тапсырма бойынша жұмысты талдау
Тәжірибе бойынша
Тапсырма 1.Папкаларға салынған үлгілер бойынша жұмыс
2. Аударма жұмысын жүргізу
Рефлексивті
бағалау кезеңі: - сабақты қорытындылау
оқушылардың қойған сұрақтарына жауап беру.
бақылау сұрақтары бойынша жұмыс істеу
тәжірибе жұмысын қорғау
сабаққа оқушылар жұмысына баға беру.
Үй тапсырмасы:
Бақылау сұрақтар.
1. Мұрағатқа қандай құжаттар тапсырылады?
2. Құжаттарды мұрағатқа тапсырғанда қандай ережелер сақтау керек?
Қолданылған
әдебиеттер: 1. Л.Дүйсенбекова. Іс қағаздарын қазақша жүргізу. Алматы, 2001ж.,
2.ҚР “Тіл туралы заңы”
3.Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізу.Алматы.2001ж,
Тақырып бойынша қысқаша материал
Істерді құрылымдық бөлімшелерден ұйымның ведомстволық мұрағатына тапсыру іс жүргізілуі аяқталған құжаттар мен істер құндылығына сараптама қорытындысы бойынша құрастырылған істер тізімдемелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Уақытша (10 жыл) сақтаудағы құжаттар ұйымның ведомстволық мұрағатына істер номенклатурасы бойынша тапсырылады.
Тұрақты, уақытша (10 жылдан жоғары) сақтаудағы және жеке құрам бойынша істерге тізімдемелер нысанға сәйкес жеке-жеке жасалады.
Істер тізімдемесінің бағандары іс мұқабасына жазылған мәліметтерге дәл сәйкестікпен толтырылады. Тізімдемеге тақырыптары бірдей істер қатарынан енгізілген кезде бірңнші істің тақырыбы толық жазылып, қалған біртектес істер «бұл да сондай» сөзімен белгіленеді де, олар туралы басқа мәліметтер тізімдемеге толығымен жазылады. Тізімдеменің жаңа парағына біртектес істердің тақырыптары толық көшіріледі.
Тізімдемеге әрбір іс (істің томы, бөлімі) жеке реттік нөмірімен енгізіледі.
Тізімдеменің «Ескерту» бағаны істің физикалық жай-күйі ерекшеліктері туралы, басқа құрылымдық бөлімшеге (басқа ұйымға) істің берілгені туралы белгілерді қою үшін пайдаланылады.
Істер тізімдемесі екі данада жасалып, олардың біреуі істермен бірге ведомстволық мұрағатқа беріледі, ал екінші – бақылау құралы ретінде құрылымдық бөлімшеде қалады.
Істі қалыптастырудың және ведомстволық мұрағатқа тапсыруға дайындаудың дұрыстығын құжаттама қызметі (лауазымды тұлға) тексереді. Табылған кемшіліктер ұйымның құрылымдық бөлімшесі арқылы реттеледі.
Cабақ:
Күні:
Пән: Іс құжаттарды мемлекеттік тілде жүргізу.
Тақырыбы: Құжаттауда компьютерді пайдалану
Мақсаты: Білімділік: Теориялық материалдарды тәжірибе жүзінде қолданыла білуге үйрету, құжаттарға қоятын талаптарды толық игеру. Жалпы іс қағаздарын мемлекеттік тілде сауатты жаза және толтыра білуді үйретуде жоғары нәтижеге қол жеткізу.
Дамытушылық: Оқушыларды іс қағаздарын екі тілде құрастыруды үйрету. Логикалық қабілетін дамыту. Тіл ұстару екі тілде еркін сөйлеуге орысша, қазақша үйрету. Өз мамандығы бойынша еңбекке араласқан кезінде жұмыс орындарында, мекемелерде іс қағаздарын сауатты және еркін жаза білуге үйрету.
Мәтінмен аударма жұмыстарын жүргізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсаты: Іс қағаздарын толтыру кезінде ұқып-
тылыққа, жауапкершілікке және
мемлекеттік тіл мәртебесін жоғарыла
туға бейімдеу
Үйлестіру
Деректемелері: Екі тілде толтырылатын құжаттар үлгілері.
Сабақтың
түрі: дамыта оқыту, аралас
Ұйымдастыру
формасы: топтық, дербес, жұптық
Сабақтың
өтілу әдісі: - коммуникативтік сөйлеу
сөз әдісі
әңгіме
дәріспен жұмыс
сұрақ-жауап
Сабақтың
көрнекілігі: Құжаттар үлгісі көрсетілген плакаттар.
Құжаттар үлгісі салынған папкалар
Техникалық
құралмен жабдықтау: Дербес компьютер
Пәнаралық
байланыс: Орыс тілі, хатшы ісі, қазақ тілі
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру - сәлемдесу.
кезеңі: - кезекшімен сұхбат
Мотивациялық
кезең:
1. Сабақтың тақырыбымен таныстыру.
2. Қысқаша теориялық материалды еске түсіру.
3. Құжатқа қойылатын негізгі талаптарға тоқталу
4. Іс қағазын жазу және толтыру ережесін түсіндіру
Операциялық
кезең: 1. Құжат айналымы туралы кіріспе әнгіме
2.Мамандық бойынша іс қағазы үлгісімен таныстыру және жаздыру
3.Сөздік жұмысын жүргізу
4.Әдістемелер мен жұмыс
5.Тапсырма бойынша жұмысты талдау
Тәжірибе бойынша
Тапсырма 1.Папкаларға салынған үлгілер бойынша жұмыс
2. Аударма жұмысын жүргізу
Рефлексивті
бағалау кезеңі: - сабақты қорытындылау
оқушылардың қойған сұрақтарына жауап беру.
бақылау сұрақтары бойынша жұмыс істеу
тәжірибе жұмысын қорғау
сабаққа оқушылар жұмысына баға беру.
Үй тапсырмасы:
Бақылау сұрақтар.
Құжат айналымында компьютерді қалай пайдалыңамыз?
Қолданылған
әдебиеттер: 1. Л.Дүйсенбекова. Іс қағаздарын қазақша жүргізу. Алматы, 2001ж.,
2.ҚР “Тіл туралы заңы”
3.Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізу.Алматы.2001ж,
Тақырып бойынша қысқаша материал
Электронды техника кәсіпорны құжатын толтыруды анағұрлым оңайлатып, оны басқаруды жеңілдетеді. Дербес компьютер құжаттарды толтыру жағдайын да, кәсіпорынның құжат айналымын да жетілдіреді.
ДК клавиатуралары жазу машинкасы сияқты мәтінді құрастырып, принциптердің көмегімен оны көбейте алады. Дискетке жазылған мәтін файлға қойылып, ұзақ сақталады және оныы кез келген уақытта дисплей экранына не қағазға түсіруге болады.
Одан өзге, ДК арнайы бағдарламаның көмегімен басылған мәтінді толықтай не ішінара редикциялауға мүмкіндік береді. Ондай бағдарламаны мәтіндік редактор немесе мәтіндік процессор деп атайды.
Мәтіндік редакторды пайдаланған кезде құжат дисплей экранына шығады және оған қажетті өзгерістер еңгізуге, мәтін үзігін бір жерден екінші жерге көшіруге, құжаттарды біріктіруге, сөздер мен сөйлемдерді ерекшелеу үшін әртүрлі қаріперді пайдалануға, т.б. жасауға болады.
ДК мәтіндік редакциялаудың көптеген бағдарламалары бар: Лексикон, Word Word for Windows 98. Мысалы, Лексиконның көмегімен мыналарды жасауға болады:
құжатты құрастыырп, оны машинаның жадына сақтау;
файлдың атымен құжатты ДК-ден іздеп табу және мәтінді қарап түзету еңгізу;
мәтіннің азат жолдарын автоматты түрде жасау;
мәтін үзіктерін бір жерден екінші жерге және бір құжаттан екінші құжатқа көшіру;
құжаттың кейбір бөліктерін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде әртүрлі көлемдегі қаріптермен беруге болады;
мәтіннен емлелік қателелрді тауып жөндеуге болады;
бір мезгілде бірнеше құжатты редакциялауға болады.
ДК жадына құжаттардың әртүрлі типтерінінің үлгісін салуға болады. Құжаттың формуляр – үлгісі құжатты жасауды жеңілдетеді. Әр түрлі құжат түрлеріне ортақ шаблондар, бір қалыпты мәтіндер, графиктер, суреттер немесе басқа да мәліметтерді (Auto Text) құруға болады.
«Auto Text» командасы:
жеке элементтерді біріктірудің;
хаттың дәстүрлі бастапқы сөйлемінің;
мәтіннің жиі қолданылатын оралымдарының;
кәсіпорын-контрагенттің пошта мекен-жайының;
келісім шарттың қалыпты жайларының;
нормативті құжат үзінділерінің;
«Инкомтермстің» жиі қолданылатын жайларының (шетелдік фирмалармен келісім шарт жасау үшін);
құжатты толтыру үшін қажет кестелердің, диаграммалардың, графиктердің т.б. көмегімен құжат мәтінін жасауды жеңілдете алады.
Win Word-тың бағдарламалар жинағына көптеген дайын құжат үлгілері кіреді, ол үлгілерді «сарапшылар» деп атайды. Оларға үлгіге түскен хаттар, факстер, түйіндер, күн тәртібі, баяндамалық және қызметтік хаттар т.б. жатады.
Мәтін редакторының көмегімен құжаттың тысқы көрінісін ерекше етіп көркемдеге болады, ол кәсіпорынның өзіндік визиттік карточкасы қызметін атқар алады.
Синонимдік сөздіктер, мәтінді емлелік және стилистикалық түзетулер бойынша да бағдарламалар болады.
Құжат айналымын ұйымдастыруда және электронды құжаттардың алмасуында ДК-дің қолданбалы бағдарламалары көп мүмкіндіктерге ие.
Достарыңызбен бөлісу: |