Кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі


Селебе І(Орал., Жән.; Сем.: Ұрж., Мақ.) – қанжар. Селебе ІІ



жүктеу 2,58 Mb.
бет48/61
Дата12.04.2023
өлшемі2,58 Mb.
#42126
түріҚұрамы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   61
10.06.20 Шалғын А.Ж. диссертация

Селебе І(Орал., Жән.; Сем.: Ұрж., Мақ.) – қанжар.
Селебе ІІ (МХР) – үлкен пышақ.
Селебе ІІІ (Жамб., Шу.) – қылыш.
Сақ І (Ақт.: Қараб., Ырғ.; Қост.; Жітіқ., Торғ., Жанг.; Қ.орда.: Қарм., Арал.; Рес., Орын.) - мал жегеннен кейін қалған қырқынды, шөп қалдығы.
Сақ ІІ (Алм., Шел.; Жамб., Жам.) – бидай, тары, жүгері жармасы.
Дүмше І (Қ.орда., Сыр., Жал.; Түрікм.: Небид., Жеб.; Орал., Маңғ., Маң.) – шай шығаратын құман.
Дүмше ІІ (Қ.орда., Арал., Түрікм.: Таш., Қиян.) – су құятын ұзын мойынды құман.
Шепшер І (Түрікм.; Красн., Бекд., Қулы., Қиян., Небид.) – үйге киетін өкшесіз аяқ киім.
Шепшер ІІ (Гур., Маңғ.) – көннен жасалған кебіс тәрізді аяқ киім.
Шепшер ІІІ (Қарақ.) – илеусіз тұзға піскен тері, көннен жасалған аяқ киімнің сыртынан киетін қорғаныш.
Ә/ өзіндік ішкі диалектілік омонимдік қатарлар. Бұл топқа бір диалектілік массивте, бір говордың ішінде қолданылатын сөздерден құралған омонимдік қатарлар жатады. Мысалы:
Келдек І (Орал.; Жым., Чап.; Ақт., Ырғ.) – Орылған бидайдың не тарының келте басы.
Келдек ІІ (Гур., Маңғ.) – өсіп тұрған тарының жүгерінің басы, дәнді шоғы.
Сырбаз І (Гур., Маңғ.; Орал., Жән., Ақт., Жұр.) – еттен әзірленген тағамның түрі.
Сырбаз ІІ (Орал.,Орда.) – әбден езіле піскен ет. Кейде бір диалектілік омонимдік қатардың құрамында әрі диалектаралық, әрі өзіндік ішкі диалектілік омонимдер болуы ықтимал. Мысалы
Құрамыс І (Гур., Бал.) – иінағаш.
Құрамыс ІІ (Қост., Жан.) – құрақ, құрама.
Құрамыс ІІІ (Қост., Жан.) – кішкене құрақ көрпе.
Бұл жерде Құрамыс І сөзі соңғы екі омонимдермен бірігіп диалектаралық омоним тобын құраса, Құрамыс ІІ мен ІІІ өзара бір-біріне өзіндік диалектілік омонимдік қатар құрайды.
Біріккен сөз
Говорларда кездесетін сөздердің бір тобы біріккен сөздермен тығыз байланысты. Біріккен сөздердің кейбір сөздері айқын болып, біріккендері бірден көзге анық көрініп тұрса, енді бірқатар сөздердің жігі ажырамай бір-бірімен жымдасып кеткен. Мысалы, батыс сөйленістерінде айтылатын шалорақ сөзі шалғы мен орақ сөздерінің бірігуінен жасалған. Қазақ тілі говорларындағы біріккен сөздердің көпшілігі күнделікті қолданылып жүрген байырғы сөздердің тіркесуінен жасалған. Компонеттердің төл немесе кірме сөздерден құралатындығы тұрғысынан алып қарағанда біріккен сөздерді екі топқа бөліп қарастырамыз.
1. Бірінші компоненті төл сөз, екінші компоненті кірме сөзден құралған біріккен сөздер. Мысалы: аскедіасқабақтың бір түрі. Бұл сөз ас және келді деген екі элементтен тұрады. Мұның алғашқысы асқабақ сөзінің бірінші бөліміндегі ас сөзі де, соңғысы – асқабақ ұғымында айтылатын түрікпен тіліндегі кәди, қарақалпақ тіліндегі қади, тәжік тіліндегі каду сөзімен төркіндес жатыр. Тұрғындардың тілінде оның осы формада келді болып өзгеруі халықтың этимологияның нәтижесі ретінде түсіндірілуі тиіс. Сонымен қатар орыс тілінен енген атшөлке сөзі де төл сөзіміз ат пен орыстың шөлке (шлея) сөздерінен бірігіп «киізден жасалған қамыт» деген мағынаны береді. Сондай-ақ, қанаты қысқа, ұзындығы жарым қарыстай, кішкене ақ балықтың атын білдіретін «ақ-тыран» сөзі де екі түбірден құралған : ақ – сын есім, тыран – орыстың таран (балық аты) сөзі.
2. Бірінші компоненті кірме сөз, екінші компоненті төл сөзімізден құралған біріккен сөздер. Мысалы, орыс тілінен енген «борантіс» сөзі. Соқаның тісі мағынасында қолданылатын «борантіс» сөзінің бірінші сыңары орыстың борана/тырма, мала/ сөзі де, екінші сыңары өзіміздің тіс /ор. зубы/ деген төл сөзіміз.
Сондай-ақ, екі компоненті де басқа тілдерден құралған біріккен сөздер. Саранау – сүті мол сиыр. Қазақ тілі говорларының батыс тобындағы бұл сөзді Алтай төңірегіндегі түркі халықтарының тілінен табамыз. Тува тілінде: сааринек – сауын сиыр. Осы сөздің қазақ тілінің говорында біршама дыбыстық өзгеріске ұшырағаны байқалады. «Саранау» сөзі екі сөздің бірігуінен пайда болғандығын көреміз: саар+инек. Г.Вамберидің болжамы бойынша сіғір – сауу дегенді аңғартады, ал екінші сыңары – «инек» кейбір түркі тілдерінде (алтай, гагауыз, қырғыз, якут т.б.) біздегі сиыр мағынасын беретіндігі белгілі. Сонда: сіғір + инек – сааринек – саранак – саранау. Қазақшаласақ – «сауатын сиыр» болады.



жүктеу 2,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау