Кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі


Кірме сөздердің түрлі лексикалық топтарға қатысы семантикалық ерекшеліктер



жүктеу 2,58 Mb.
бет46/61
Дата12.04.2023
өлшемі2,58 Mb.
#42126
түріҚұрамы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   61
10.06.20 Шалғын А.Ж. диссертация

1.5 Кірме сөздердің түрлі лексикалық топтарға қатысы семантикалық ерекшеліктер

Диалектологтар әдеби тілімізде бір мағынада, жергілікті халық тілдерінде екінші мағынада, сондай-ақ, әдеби тіліміздегі мағынасын сақтай отырып, қосымша диалектілік мағынада жұмсалатын сөздерді семантикалық ерекшеліктер ретінде қарастырып келеді.


Кейбір сөздердің бірнеше мағыналары бір говордың өзінен ғана кездесуі мүмкін, ал олардың кейбіреулері екі немесе одан да көп говорларда ұштасуы мүмкін. Осыған байланысты көп мағыналы құбылысты екі топқа бөліп қарастыруға болады.
1. Біртұтас диалектілік полисемия
Бұл топқа кіретін сөздердің мағынасы бір говордың ішінен табылып отырады. Ол мағыналар жергілікті жерде қатар қолданылады. Мысалы: мәтөк адам сөзі Батыс Қазақстан облысының Чапаев, Жымпиты аудандарында «көп қыдырып, жұмысына селқос қарайтын, шаруамен жұмысы жоқ адамды» көрсетсе, осы облыстың Қаратөбе ауданында осы сөз «кербез, сәнқой адам» мағынасында жұмсалады.
2. Шашыраңқы диалектілік полисемия
Бұл топқа бір говорда бір мағынада, екінші говорда екінші мағынада қолданылатын, яғни мағынасы бір жерде түйіспей, шашырап жататын сөздер жатады. Мысалы, ләгөн// ілеген сөзі жеке-жеке говорларда бір-ақ мағынада қолданылып, бір говор не диалектінің тұрғысынан қарағанда бір мағыналы сөз болып есептеледі де,жалпыхалықтық тіл тұрғысынан қарағанда бұл көп мағыналы сөз. Өйткені, бұл сөз әр диалектіде әр түрлі мағынада қолданылып жүр.
Батыс және Орталық-солтүстік аймақтарының тұрғындары ләгөн//ілеген деп қол жуатын шылапшынды айтады. Ләгөнмен су әкеліп, кісілердің қолына су құй (Ақт., Ойыл.). Ал оңтүстік аймақтарда ілеген// лөген де ет салатын табақтарды айтады. Ол ет салған ілегенді меймандардың алдына қойды (Шымк., Сайр.). Орал облысының Орда, Жәнібек аудандарының тұрғындары ләгән деп самаурынның подносын айтады. Мескей (Орал., Чап.; Алм.; Кег., Нар.) – үлкен аяқ (Сем.; Ақс., Көкп.) – кострюль. Кәзекей (Орал., Чап., Ақт., Ойыл.) – жеңсіз камзол. (Шығ. Қаз., Зай.) – жеңі шолақ камзол. Айшық (Рес.,Орын.) – ай жұлдызды әшекей. (Орал., Жән.) – жүгенге орнатылған темір. Саты (Гур., Маңғ.) – өре. (Шымк., Сайр.; Жамб., Шу.) – баспалдақ.
Әдеби тілдегі кейбір сөздер жергілікті жерде түрлі семантикалық-мағыналық өзгерістерге ұшырап отырады. Бұл жағынан ондай сөздерді екі топқа бөлеміз:
1. Әдеби тілдегі сөз жергілікті жерде басқа мағынада қолданылады. Мысалы, әдеби тілдегі «сәбіз» сөзі батыс говорда «кешір» мағынасында жұмсалады.
2. Әдеби тілдегі сөз мағынасы сақтай отырып, жергілікті жерде қосымша мағынаға ие болады. Бұны орыс тілінен енген сөзден де көруге болады. Мысалы, Батыс Қазақстан облысында кәрзеңке /ор. корзинка/ чемодан мағынасында қолданылса, Семейдің Абай, Шұбартау аудандарында жәшік /ор. ящик/ – чемодан мағынасында жұмсалады. Қазақ говорларында жалғыз мағынада қолданылатын сөздер орыс тілінде де бір мағынада қолданылады. Бірақ бұл жағдайдан ауытқитын ерекшеліктер де кездеседі. Мысалы, «лары» сөзі Орал облысының Чапаев, Жымпиты аудандарында «астық сақтайтын жәшік» мағынасында қолданылады. Бұл сөз С. И. Ожеговта төмендегіше көрсетілген: Лар 1. Большой деревянный ящик для хранения чего-н; 2. Ларек/ Устар./ ; 3. Ящик, жалоб. Жергілікті жерде тұрғын халық осы сөздің үш мағынасын бірдей қабылдамай, тек бірінші мағынасын ғана алған. Батыс Қазақстан облысының фуражка мағынасында қолданылатын «кәртөшке» сөзі орыстың картуз сөзінен өзгерген түрі. С.И. Ожеговта бұл сөздің де үш мағынасын көрсеткен: Картуз, - а, м. 1. Мужской головной убор с жестким козырьком, неформенная фуражка. 2. Бумажный мешок для чего-н. сыпучего/устар./. 3. Мешочек из особой ткани для пороховых зарядов [48, 143-б.]. Жергілікті жерде екінші, үшінші мағаналарын қабылдамай, тек бірінші мағынасын ғана қабылдаған.

жүктеу 2,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау