Қат (Түрікм ., Таш., Көнеүр., Тахта., Өзб.) - бөлме, бөлік . Шалдуар (Маң., Маңғ.) - тастан, балшықтан жасалған үсті ашық, аласа мал қора. Төлді көктемде шалдуарда ұстаймыз. Өзбектерде шалдуар сөзі - бұзылған, тозған үйлердің лайдан тұрғызылған қабырғалары. Біздің ескі қонысымыз анау көрінген шалдуарлар екен.
Азбар
1. (Гур., Маңғ.; Ақт., Ырғ.; Қ. орда.: Арал.; Қарақ.; Рес., Волг.) – ашық қора. Сиырды бұзауымен азбарға кіргіз (Қ. орда., Арал.). Азбарда тұрып жем жеген , Мырзалар мінген ат кетті...Сарала деңмент қылыш бау мұра деп салған зат кетті (Қашаған ақын). Азбарға қойды көбінесе жазда ұстаймыз. (Қарақ.).
2. (Орал., Чап.; Рес., Орын.) – жабық қора. Азбарға қоя тұрсаңшы оныңды (Рес., Орын.).
3. (Қ. орда., Арал.) – ат қора. Торы атты азбарға байлап қой.
4.(Гур., Маңғ.) – ұстаның үйі. Бұл ұстаның азбары.
5.(Ақт., Ырғ.; Рес., Орын.) – қора. Азбарға қамап қойдым.
6. (ҚХР) – қора ішіне салынатын оңаша кішкене үйшік. Онда көбінесе қараңғылап мал бордақылайды және арық-тұрақты айрым күтімге алады. Мал азығы да қысқы азбарларына тасылып болған жоқ.
Аран (Ақт., Ырғ., Шалқ.) – ат қора. Ат арбанда тұр. Езіліп жүрген халықты, Айдап тықты аранға, Қарсы тұрған кісіні Айдаттырды қамауға. Бұл сөз татар тілінде кездеседі : атны аранға апқалы кирэк.
Арқалық (Жамб., Шу.; Көкш., Қ.ту.; Орал.: Жән., Жаңғ.,Чап.,; Қар.; Рес., Қалм.) – үй төбесіне салатын бел ағаш. Арқалықтарың жақсы екен (Жамб., Шу). Мына арқалықты тапқан-ақ екеңсің (Орал., Жән). Арқалық ағаштар жетпей тұр(Көкш., Қ.ту). Ертедегі түркі жазба ескерткіштерінде арқару, арқуру көлденең, арқуқ көлденең салынған ағаш, бөрене.
Аула (Орал., Орда., Жән., Шыңғ.; Гур., Шев., Маңғ., Түрікм., Ашх., Гяу.) – қора. Өрістен келген қойды аулаға кіргіз (Орал., Шыңғ). Малды аулаға қамайды (Гур., Маңғ). Түрікменше ховлы, қырғызша авли. Парсы тілінде ағол қора, мал қорасы деген мағынаны білдіреді.
Өжіре (Түрікм.: Таш., Көнеүр.,Тахта; Қ.орда., Қарм.; Гур., Маңғ.; Қарақ.) – үйдің төбесі. Ол өзінің өжіресіне кірді де, шықпай қойды (Түрікм., Көнеүр.). Өжіре қылып қойған үлкен үйім бар, ол қыстақта болады (Қ. орда., Қарм.). Бір өжіре, екі өжіре үй болады (Түрікм., Таш.). Қарақалпақша өжіре үйдің бөлмесі.
Достарыңызбен бөлісу: |