Ұлы отан соғысында қаза тапқАН, хабарсыз кеткен боздақтарды іздестіру әдістері



жүктеу 210,58 Kb.
Дата25.12.2017
өлшемі210,58 Kb.
#6000
түріРассказ

УДК 355.293(47+57) «1941-1945»

Е.К. РАХИМОВ, Ұ. АЛПЫСОВ

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті,

Дарынды балаларға арналған Абай атындағы № 10 қазақ лицей-мектебі
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНДА ҚАЗА ТАПҚАН, ХАБАРСЫЗ КЕТКЕН БОЗДАҚТАРДЫ ІЗДЕСТІРУ ӘДІСТЕРІ
В статье авторы рассказывают о доступных методах поиска информации о воинах Великой Отечественной Войны, погибших или пропавших без вести на полях сражений.

In the article, the authors talk about the methods available to find information about the soldiers of World War II, killed or missing on the battlefield.
Кешегі әлемді дүр сілкіндірген неміс шапқыншылығы еліміздің көптеген атпал азаматтарының бірқатарын қыршынынан қиып, мүгедек қылып, бірқатары хабарсыз жоқ болып кетіп, ел ішінде зор зобалаң туғызды. Ал қаһарлы соғыс батырларының батылдығын, Отан қорғаудағы ерліктерін баяндап жас ұрпақ жадына өшпестей сіңіру аға буынның асыл парызы. Ұлы Отан соғысы кезінде қазақ азаматтарының ерліктері талай жерде жазылып та, айтылып та жүр. Алайда, Ұлы соғыс жылдарында мыңдаған-мыңдаған отандастарымыз майданда қаза табып, жерленбей кеткені, көбі хабар-ошарсыз кеткені туралы аз айтылады. Тіпті Кеңес дәуірінде бұл боздақтарға сатқындар деп жала жабылған еді. Біздің, қазіргі жас ұрпақтардың мақсаты: мүмкін болғанша жауынгерлердің тағдырын анықтау, қаза тапқан, жерленген жерін табу. Бұл іс тек тегеуірінді ізденіс арқылы ғана нәтижелі болмақ.

Бұл күнге дейін соғысқа қатысушылар мен қаза тапқан, хабарсыз кеткен боздақтардың әліде толық тізімі анықталмаған. Жоба бойынша «Боздақтар» естелік кітабындағы хабарсыз кеткендердің тізімі мұрағаттардан алынған деректермен салыстырылып, ғылыми ізденіс жұмыстары жүргізіліп, тізім нақтылана түсті. Соғыс кезінде тұтқынға түскен жерлестер тізімін жасау да жоспарланды. Нәтижесінде мұрағаттардан алынған деректер Павлодар облысының тарихын толықтыруы тиіс.

Ұлы Отан соғысы туралы деректердің негізгі сақтаушы қоры Ресей Федерациясының Мәскеу облысы Подольск қаласында орналасқан Қорғаныс министрлігінің орталық мұрағаты (орысша ЦАМО). Мұнда ҰОС барысында жасалған әскери операциялар туралы, әскери бөлімшелер мен дивизиялардың құжаттары сақталуда. Ең маңызды бөлігі жеке жауынгер туралы мәліметтер. Осы Подольск мұрағатының материалдары негізінде Қазақстанның барлық облыстарының «Боздақтар» естелік кітаптар сериясы құрастырылған еді. Ұлы Жеңістің 50-жылдығына арнайы шығарылған бұл кітаптарда майданға аттанып, сонда қаза тапқан немесе хабар-ошарсыз кеткен көптеген жауынгерлер туралы мәліметтер бар [3]. Тиісті деңгейде бұл басылым өз міндетін атқарды. Алайда уақыт келе кемшіліктері де байқалатын болды.

Бұл жөнінде белгілі қазақстандық «Мемориальная зона» іздестіру отрядының жетекшісі, профессор Майдан Құсайынов былай дейді: «Чем больше мы работали с архивными документами, тем яснее понимали, что ....тома Книг Памяти – это только начало. Ежегодно мы, профессиональные поисковики, сможем вносить в нее поправки и дополнять списки вырванными из безвестья именами.



У Книги Памяти есть и другие существенные недостатки. Во-первых, нет краткой информации, в ходе которого погиб защитник Отечества. Нет и данных о том, в составе какого воинского формирования он участвовал в последнем для него сражении. В списках отсутствуют точные координаты места захоронения, нет карт-схем и путеводителя к святым могилам. Если и указано место захоронения, то это далеко не означает, что в указанном населенном пункте существует одиночная или братская могила.

Меня, профессионального поисковика, не совсем устраивает такая Книга Памяти. Но раз она издана, то пусть будет первоисточником на пути поиска дороги к месту захоронения. А для дальнейшего познания боевого пути, последнего боя и определения точных координат места захоронения погибшего необходима другая Книга Памяти» [5, 14-15 бб.].

Осыдан «Боздақтар» кітабы толықтыруды қажет ететіне түсінікті болып тұр. Шынында да, басылымда хабар-ошарсыз кеткендер немесе қаза тапқан туралы нақты ақпарат өте мардымсыз. Тіпті «бәленше ауданда, пәленбай деревня үшін ұрыста қаза тапқан», немесе «ұрыс барысында хабарсыз жоғалды» деген сөз тіркестері кітаптың жартысына жуығын алып жатыр [қосымшаларды қараңыз].

Ал соңғы 15 жылда іздестіру отрядтары мен мұрағатшылар көптеген жаңа деректерді тапқан, және әлі де табылып жатыр. Сондықтан жаңа «Боздақтар» кітабы қажет.

Іздестіру жұмыстары Подольск мұрағатында, Германиядағы «Саксон мемориал» мұрағатында, басқа да шетел мұрағаттарында (Австрия, Польша, Беларусь, Украина) жүргізулуі тиіс. Соңғы жылдары Қазақстан мұрағатшылары іздестіру жұмыстарын жаңғыртты. Мысалы, павлодарлық мұрағатшылар тапсырыс арқылы Германия, Австрия және Беларусь мұрағаттарынан тұтқында болған, концлагерлерде қаза тапқан боздақтар туралы ақпарат алды [8].

Біздің ойымызша іздестіру жұмыстарын терең ғылыми жұмыс негізінде жергілікті мұрағаттарда, соның ішінде әскери комиссариаттар мұрағаттарында жүргізуге болады. Соғыс кезінде майданға әрбір ауданнан, қаладан аттанған жауынгер туралы мәліметтер жинақталған (анкеталар, жеке карточкалар, тізімдер). Бұл құжаттарды «Боздақтар» кітабындағы мәліметтермен, сондай-ақ соңғы кезде табылып жатқан тың мағлұматтармен салыстыру керек. Сонда кім туралы ақпарат жоқ, немесе мардымсыз екені анықталады. Бұндай жұмыстар Реседің облыстарында жүргізіліп келеді [6].

Мысалы, соғыстан кейінгі кезеңде «подворовый обход» жүргізілген. Әр-бір ауыл, деревня, қалада әр-бір үйге, отбасыға ақпарат жинаушылар келіп, майданға кетіп, бірақ оралмағандар туралы мәлімет жазып алған. Міне, сол құжаттарды табу, оларды талдау, іздестіру жұмысқа қатыстыру келешектің жұмысы.

М. Құсайынов ЦАМО материалдары бойынша көптеген қазақстандық дивизиялар мен полктерінің жаппай жерлеу орындарын анықтаған бірден-бір азамат. «За пять лет архивного поиска, мы определили координаты ...трех десятков братских могил, полковых и дивизионных кладбищ пяти стрелковых дивизий. По остальным, более двадцати стрелковым дивизиям и бригадам ...архивный поиск продолжается» [5, 16 б.].

Ал енді, мұрағат құжаттары арқылы туған-туысқандары тапқан боздақтар туралы айтып өтейік.

М. Құсайыновтың ЦАМО-да тапқан тізімінде павлодарлықтар кездеседі. Солардың бірі Раснянский Иван Андреевич, 1913 ж.т. Жерлесіміз Ленинград түбіндегі шайқастарға қатысып, 314-ші атқыштар дивизиясының 1078-ші атқыштар полкінде сержант болған. Гайтолово деревня маңында ерлікпен қаза тауып, сол жердегі полктік қабырде жерленген. Жаппай жерлеу орынның координатын мұрағат деректері бойынша анықтаған М.Құсайынов [5, 222 б.]. 2010 жылдың көктемінде И.А. Раснянскийдің шөбересі Надежда Раснянская бабасының жерленген жеріне барып тағзым еткен.

Тағы бір мысал. Табылды Асылханов (1936 ж.т.) өз әкесінен жастайынан айырылған. Әкесі Асылханов Мұқан 1942 ж. Харьков түбінде хабарсыз кеткені ғана белгілі болған. Бұған қанағаттанбаған Табылды әкесінің тағдырын анықтау мақсатында 1962 жылдан бері іздестіру бастаған. Әкесі Асылхан тұтқынға түсіп, концлагерде қаза тапқаны анықталды. 1992 ж. ЦАМО-дан хат келген. Сонда Украинаның Хмельницкий облысында қайтыс болып, сонда жерленген делінген. Көп жылдық іздестіру жұмысы нәтижесінде облыстық мұрағат басқармасы арқылы Т.Асылханов Германияға «Саксондық мемориал» тізімі бойынша тапсырыс жасаған. Сол елдегі Харитонов Александр деген азамат Табылдының әкесі туралы мәлімет бар тізімді жіберген. Сонда әкесі Мұқан Хмельницкий облысының Прокуров әскери тұтқындар лагерінде 1943 ж. 27 қаңтарында қайтыс болғаны жазылған.

Әкесінің жерленген орнын табып, дұға оқыту мақсатымен Табылды Асылханов осы жылдың қыркүйек айында Украинаға барып қайтты. Жергілікті тұрғындардың көмегімен жаппай жерлеу орнын табып, әкесінің аруағына дұға оқып, қарапайым ескерткіш орнатты.

Осыдан, мұрағат материалдары Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, хабарсыз кеткен боздақтардың есімі мен тағдырын анықтауда үлкен қолғабыс болатыны күмәнсіз. Тек бұл жұмысты жүйелі, кең көлемді жүргізу қажет. Осы бағытта павлодарлық мұрағатшылар соңғы кезде көп ізденіп жүр.

Павлодар облыстық мемлекеттік мұрағатында Ертістің Павлодар өңірі тарихына байланысты, оның әр кезеңдегі даму тарихынан мәлімет беретін Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құрамдас бөлігі болып табылатын 600 мыңға жуық мұрағаттық істер мемлекеттік сақтау есебінде тұр. Бұл құжаттар басқару, ғылыми-техникалық, бейне, дыбыстық, фотоқұжаттар және жеке тектік құжаттар болып бөлінеді.

Облыстық мемлекеттік мұрағатта сақтаудағы осы құжаттар негізінен ХХ ғасырдың басы мен бүгінгі күнге дейінгі аралықты қамтиды және басым бөлігі кеңестік дәуірге және Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы кезеңіне қатысты.

Отан тарихын, туған өлке тарихын зерттеуде, оқып-үйренуде мұрағат құжаттары аса құнды дерек, ақпарат көзі болып табылады. Мұрағат құжаттарында Ертістің Павлодар өңірінде кеңес өкіметінің орнауы, сол кезеңдегі тап куресі, Кеңес өкіметінің жургізген коллективтендіру саясаты, 1931-1933 жылдардағы ашаршылық, 30-жылдардың басы мен 50-жылдар аралығындағы жаппай құғын-сүргін саясаты, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы облыс тарихы, тың және тыңайған жерлерді игеру, 60-80 жылдары облысымыздың аса ірі өнеркәсіп орталығына айналуы, Павлодар қаласының өркендеп өсуі, ауыл шаруашылығының, білім, мәдениет, денсаулық салаларының дамуы және де 1991 жылдан, тәуелсіздік алған жылдардан бергі тарихымыз жөнінде мәлімет жинақталған [7].

Тарихты зерттеуде ресми құжаттардан басқа, жеке тектік, яғни жеке адамдардың құжаттарының маңызы өте зор. Өйткені тарихты жасайтын адамдар, жеке адам өмірі қоғам өмірімен тығыз байланысты. Бұл орайда мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, қай салада болмасын еңбек еткен белгілі ел азаматтарының жеке құжаттары (өмірбаяндары, естеліктері, нақты бір оқиғаларға байланысты фотоқұжаттары т. б.) аса құнды дерек көзі болып табылады және де бұл құжаттар ресми құжаттардағы мәліметтерді бірқатар толықтырады. Сонымен қатар, жеке тектік құжаттардың тағы да бар ерекшелігі – олардың эмоциалдық, адамның қөніл-күйіне тигізетін әсері өте күшті.

Біздің өңірден майданға 46 мыңнан астам жерлестеріміз аттанған. Ұлы Отан соғысы жылдарында павлодарлықтардың қатыспаған бірде-бір үлкен шайқас болмады, олардың көбі (22 279 адам) ұрыс далаларында кеуделерін от пен оққа тосып, хабар-ошарсыз кеткен. 10 мыңнан астам жерлестеріміздің тағдыры әлі күнге дейін белгісіз [12]. Ұлы Отан соғысы басталған күннен қолына қару алып, талай жорық жолдарын өткерген жерлестеріміздің ерлігі ел жадында мәңгілік сақталуы тиіс. Алайда сұрапыл соғыс қажымас қайрат пен жігер иесі болған азаматтарды 20-23 жастарында қыршынынан қиды [9].

Ұлы Отан соғысының отты жылдарында майдан даласынан оралмай қалған азаматтар қаншама. Олар соғыста мерт болды, хабарсыз кетті. Соғысқа қанша адам қатысса, соның бәрі – бір-бір тағдыр. Мұрағат материалдары бойынша осындай бір тағдыр иелерін табу туған туысқандарымен хабарласу үлкен шара. Мұрағат материалдары бойынша адамзат тарихындағы ең сұрапыл, қанды қырғын ошағына айналған Екінші Дүниежүзілік соғыста, фашизмге қарсы шайқаста Павлодар облысынан қаза тапқандар мен хабар-ошарсыз кеткендер жайлы деректерді зерттеу бірнеше деңгейден тұратын арнайы жоспар бойынша жұмыс жасалынады.

Алдымен ауыл адамдарымен байланысып, деректер жинақтау, майдангерлер мен тыл ардагерлерінің естелік әңгімелерін жазып алу жолға қойылса, екінші деңгей – облыстық мұрағаттан материал алу. Нәтижесінде 1941-1945 жылдардағы соғыс кезінде Павлодар облысынан Отан қорғауға аттанған павлодарлықтар жөнінде мәліметтер көп екені анықталып, бөлім мұрағатында материал жинау жұмыстары тыңғылықты атқарылады.

Мұрағат материалдарымен жұмыс істеу барысында 2008 жылы облыстық мұрағат және құжаттама басқармасы атына Германиядан соғыс кезінде әр түрлі себептермен тұтқынға түсіп, қайтыс болған 9090 қазақстандық тұтқынның жалпы тізімімен жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы мәлімет алдым. Жалпы тізім ішінен біздің павлодарлық 148 адамнан тұратын тізім жасалынған [12]. Қазіргі кезеңде облысымыздың 7 адамы тізімнен туысқандарын тауып, жерленген аймақтардағы тиісті мекемелермен хабарласуда.

Біз Ұлы Отан соғысының оқ бораған даласында қаза тапқандардың рухына бас иіп, тағзым етеміз. Содан бері талай уақыт өтсе де ел тағдырына қайғылы із қалдырған сол бір сұрапыл жылдар халық жадында мәңгілік сақталып қалады. Төрт жыл қардай жауған оқ астында батырлық танытып, ерлікпен күрескен ер ұлдарымыздың да есімдері тарихта алтын әріппен жазылып қалатындығы сөзсіз. Бейбіт өмір тарту еткен ардагер ата-апаларымызға қанша құрмет көрсетсек те артықтық етпейді. Біз есімдері тарих беттерінде алтын әріптермен жазылған ағаларымыздың алдында қарыздармыз.

Бүгінгі жер басып, тіршілік етіп жүрген адамзаттың бейбіт өмірін қамтамасыз етіп, өздері құрбан болған боздақтар ерлігі ұрпақтар есінде мәңгілік қалуы шарт. Уақыт ілгері жылжып өткен сайын тарих беттері де алыстай береді. Бірақ тарихта қалған боздақтар мәңгілік. Олардың жасаған ерліктері ұрпақтар есінде қалып, ұмытылмауы керек.

Қанды майдандарда ерлік көрсетіп қаза тапқан, хабарсыз кеткен адамдар да тиісті деңгейде өз бағасын алады деген сенімдеміз, өйткені ардагерлердің ерлік істері болашақ буынды тәрбиелеуде зор септігін тигізетіні ақиқат.

Ұлы Отан соғысы жылдары фашист басқыншыларымен болған қан майданда елін қорғаған қанша азаматтарымыз атаусыз қалып, ерліктері еленбей жатыр. Павлодарлық мұрағатшылар Ұлы Отан соғысында қаза тапқандар мен із-түзсіз жоғалғандардың тізімін жариялады [8, 12].

Павлодарлық мұрағатшылар соғыс жылдары қаза тапқан және із-түзсіз жоғалған павлодарлықтар туралы деректерді жинау жөніндегі жұмыстар жүргізіп келеді. Мұрағат басқармасының сайтында - www.arhiv.pavlodar.gov.kz - 1942 жылдары қараша-желтоқсан айларында Ресейдің Тверь облысындағы Оленин ауданының аумағында 100- және 101-ші атқыштар бригадасының құрамында қаза тапқан Павлодар облысының тумаларының тізімі беріліп отыр. Сайтта сондай-ақ, Беларусия аумағында, 1945 жылы Австрияны азат ету кезінде және Германияда концентрациялық лагерьлерде қаза болған павлодарлықтардың аты-жөндері жарияланған.

Павлодар облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы Ұлы Жеңістің 65-жылдық мерейтойына орай «Павлодарская область в годы Великой Отечественной войны. 1941-1945 годы» атты мультимедиялық анықтамалық құрал дайындады [8]. Павлодар облысы мемлекеттік мұрағатының қорларында сақталатын құжаттар негізінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске павлодарлықтардың қосқан үлесі мультимедиялық нұсқада алғаш рет көрсетілді. 8 бөлімнен тұратын ММАҚ-ға (мұрағат мультимедиялық анықтамалық құрал) 2560 құжат, 200-ден астам фотосурет, 25 бейнетүсірілім, майданға 32298 жұмылдырылғандардың тізімі, 22279 хабар-ошарсыз жоғалған жерлестеріміздің және жаралардан қаза болған тізімдері ұсынылған, сондай-ақ 1226 павлодарлық жауынгерлер туралы мұрағат материалдары, оның ішінде 31 Кеңес Одағы Батырларының, 8 Даңқ орденінің толық иегерлерінің фотосуреттері енгізілген.

Мұрағатшылардың Подольск қаласындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатына жасаған іздеу экспедициясы барысында Қазақстанда құрылған 100-ші және 101-ші жеке атқыштар бригадасының бірегей құжаттары айқындалды. Құжаттар жуырда ғана құпиясыздандырылды. И.В. Сталинмен қол қойылған Қорғаныс Мемлекеттік Комитетінің 1941 жылғы 13 қарашадағы «Ұлттық әскери құрамаларды жасақтау туралы» № ГКО-894сс қаулысында «Өте құпия» деген гриф бар, онда ұлттық белгілер бойынша осы бригадалардың құрылғаны жөнінде баяндалады. Атқыштар бригадасы Мәскеу іргесіндегі қанды майдан ұрыстарына қатысты. Осы дивизия әскерлерінің көптен бір бөлігі ерлікпен қаза болған (олардың тек қана 9 пайызы аман қалған).

Тверь облысы Оленин ауданының аумағында соғысқан Павлодар облысы тумаларының 1942 жылғы қараша-желтоқсан айларында қаза болған және хабар-ошарсыз жоғалғандардың тізімі ММАҚ-ға ұсынылды.

Синявино биіктеріндегі Ленинград іргесін қорғаған 314-атқыштар дивизиясының үштен бір бөлігі Павлодар Ертіс өңірінен әскер қатарына шақырылғандардан жасақталған соғыстың алғашқы айларында Петропавл қаласында құралды. Осы дивизия бойынша құжаттар қызықты. Бұлар: тарихи формулярлар мен соғыс әрекетіндегі журналдар. Облыс мұрағатшылары олардың жерленген орындарын анықтау бойынша іздестіру жұмыстарын жалғастыруда.

«Павлодарцы на фронтах Великой Отечественной войны» бөліміне әскери әрекеттердің карталары, майдандар бойынша Ұлы Отан соғысына қатысқандардың тізімдері және әскери шерулерге қатысушылардың, ардагерлердің, партизандардың еске алулары, фотосуреттері, бейне-қыстырмалары енгізілді.

ММАҚ-ға соғыс жылдары қаза болған және хабар-ошарсыз жоғалғандардың тізімі «Боздақтар» естелік кітабынан алынды, сондай-ақ қоныс аударылған халық өкілдерінің, фашистік концлагерлер тұтқынында болған жасөспірімдердің еске алулары; соғыс батырларының құрметіне аталған көшелер және бой көтерген ескерткіштер, жауынгерлік марапаттар, қару-жарақтар, әскери техника және киім-кешектер туралы анықтамалық ақпараттар ұсынылды.

Мультимедиялық нұсқаның құрастырушылары барша жас оқырман қауымына, тарих пәні оқытушыларына, зерттеушілерге облыс мұрағатында сақталатын соғыс кезіндегі құжаттардың пайдаланылуына және бейбітшілік өмір қандай қиын жолмен келгендігін түсіндіре білуіне міндет қойды.

Облыстық мұрағаттар және құжаттама басқармасының тікелей ұйымдастырумен Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатына, Беларусь Республикасы Ұлттық мұрағатына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық Мұрағат қорларына Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлестеріміздің құжаттарын іздестіру мақсатында жасалған іс-сапарларлардың нәтижесінде 2 мыңнан астам аса құнды құжат табылып, мұрағат және құжаттама басқармасы дайындаған мультмедиялық құралда кеңірек пайдалануда.

Оқушы жастарға, студенттерге және облыс тарихын зерттеушілерге арналған мультимедиялық құрал соғыстың басынан аяғына дейінгі болған барлық шайқастарға қатысқан павлодарлықтар мен облысымыздың қиын-қыстау кезіндегі экономикасы туралы 3 мыңнан астам құжатпен қамтылған. Құралда облысымыздың аудандық, қалалық әскери комиссариаттарынан әскерге шақырылған азаматтардың тізімдері, қанды шайқастарда ерліктерімен Кеңес Одағының Батыры, «Даңқ» орденінің толық иегері атанған жерлестеріміздің, майданнан оралмаған арыстарымыздың тізімдері, оларға арналған облысымыздығы барлық ескерткіштер туралы ақпарат, сондай-ақ әскери шендер мен арнайы киім жөніндегі қосымша ақпарат бар.

Бұл мультимедиялық құрал нағыз электрондық энциклопедия. Біздің ойымызша бұл құрал әр-бір мекемеде, оқу орнында, кітапханаларда болуы тиіс. Ізденіс жұмыс жүргізуде ММАҚ таптырмайтын негізгі құрал, деректер мен ақпарат көзі.

Біздің мұрағат материалдары бойынша іздестіру жұмыстарымыздың басты мақсатымыз, жоғарыда айтқандай, Ұлы Отан соғысы жылдары шайқастарда қаза тапқан, хабар-ошарсыз кеткен барлық жауынгер жерлестерімізді іздестіріп табу. Олар атаусыз қалмауы керек. Сондықтан, іздестіру жұмыстары әрі қарай жалғасады. Бұл ауқымды, әрі маңызды іс мұрағатшылар, тарихшылар, өлкетанушылар, жас ізденушілердің ынтымақта бірігіп жұмыс істеуін талап етеді.



Ғаламтордағы мұрағат материалдары боздақтар туралы ақпарат көзі.

Қолымда қызыл мұқабалы «Боздақтар» кiтабы. Әрбiр боздақтың аты-жөнiнiң тұсында туған жылы, ауылының аты, бiлiмi туралы, қай жылы соғысқа аттанғаны жайлы үш-төрт ауыз сөз. Бары сол-ақ. Бiр адамның мезгiлсiз кесiлген ғұмыры, орындалмаған арман-тiлегi сыйған үш-төрт ауыз сөз. Боздақтарға қойылған ең үлкен ескерткiш те, ұрпақ құрметi де – осы.

Кiтаптың өн-бойынан аты, тегi ұқсас адамдардың есiмi жиi кездеседi. Бiр отбасыдан әскерге жарайтын азаматты түгел жалмаған соғысқа, әулеттiң сақталуын ойламаған саясатқа қынжылмасқа шараң жоқ. Мiне, бiр әулеттен ағайынды үшеу соғысқа бiрiнен соң бiрi аттанып, қайтып оралмай қалған.

Бар болғаны осы-ақ. Қан майданға аттанып, қай жерде, қай шайқаста ұрыс саларын бiлмей-ақ жан қиған боздақтардың дерегi бұл. Бiр әулеттiң ғана емес, тұтас ұрпақтың қасiретi. Күнi бүгiнге дейiн қанды iзi сайрап жатқан соғыс дерегi...



Соғыс деректері демекші, қазіргі заманауи кезеңде ақпарат құралдары мен көзінің негізгісі әлемдік Интернет (қазақшасы – ғаламтор). Бұл нағыз жаһандық ақпарат құралы. Оның ерекше қасиеттері – жариялылық, қалың қауымға ұтымды, әрі оңай қол жеткізетін ақпарат көзі, мол ақпараттылығы, жеделдігі және оқырмандарға еркін түрде өз пікірін білдіруге мүмкіншіліктері.

Ғаламторда Екінші Дүниежүзілік соғыс боздақтарын анықтайтын бірнеше халықаралық сайттар орналасқан. Сондай-ақ мемлекеттік мұрағаттар өздерінің ақпараттарын орналастыруда. Мысалы Павлодар облыстық мұрағаты сайты - www.arhiv.pavlodar.gov.kz.

Ең үлкен анықтамалық сайт бұл www.obd-memorial.ru cайты. Сондай-ақ www.podvignaroda.ru сайты бар. Мұнда Ұлы Отан соғысында орден және медалдармен марапатталған жауынгерлер туралы ақпарат орналасқан. Фин соғысы бойынша www.winterwar.karelia.ru сайты құрылған. Осылардан басқа: www.ipc.antat.ru, www.soldat.ru, сайттары тағы бар. Жоғарыда көрсетілген сайттардың барлығы майдан даласында қаза тапқан, хабар-ошарсыз кеткендер туралы ақпарат ұсынады.

Ғаламтор пайдаланушы іздестіру браузеріне жауынгер есімін, немесе туған жерін, немесе соғысқа атанған әскери комиссариат аталуын жазуы керек. Егер ақпарат табылса, ол экранға шығады. Өкінішке орай, кей жағдайда, есімдері, аты-жөні, туылған жері мен аймағы сайт базасында қате жазылғандықтан, іздестіру қажетті материалды бермейді.

Қосымша ақпаратты Ресейдің, Украина мен Беларустың іздестіру отряд сайттарынан табуға болады. Мұндай іздестіру отрядтарының адрестері М.Құсайыновтың «Мемориальная зона «Надежда» кітабының соңында берілген [6, 247-250 бб.].

Сайттардан тыс, боздақтарды соғыс болған аймақтардың естелік кітаптарынан – «Книга памяти» іздестіруге болады. Бұл Ленинград облысы, Волгоград облысы, Курск облысы, Мәскеу облысы, Псков облысы, Новгород облысы және т.с.с. облыстық естелік кітаптары.

Аталған кітаптарда сол жердің тумалары мен сол облыстан майданға аттанғандар туралы мәліметтермен бірге, сол облыстың аумағында қаза тауып, кейін сүйегі табылған боздақтар туралы ақпарат бар. Әсіресе соңғы жылдары шыққан қосымша томдарында іздестірушілер тапқан, анықтаған боздақтар туралы ақпарат беріледі. Бұлардың ішінде көптеп қазақстандықтар кездеседі (қараңыз: «Извлечения из книги «Книга Памяти», том 38, Российская Федерация, Ленинградская область, 1941-1945 жж.») [6, 186-246 бб.].

Соғыстың бастапқы кезеңінде, 1941-1942 жылдары, Қызыл Армия жауынгерлері жаппай жау тұтқынына түскені қазір баршаға белгілі, бұл құпия емес. Әскери тұтқындар Германия, Австрия, Польша, Украина, Литва, Беларусь жерінде орналасқан концлагерлерге айдалды. Кеңес жауынгерлерінін басым бөлігі тұтқынға еріксіз, қоршауда, ес-түссіз болған жағдайда түскен. Олардың көбі аурудан, аштықтан, ауыр жұмыстан қырылды, немесе жендеттер қолынан қаза тапты. Аман қалғандарын тек соғыстың аяқ кезінде Кеңес және одақтастар әскерлері тұтқыннан азат етті. Бірақ, сталиндік режим әскери тұтқындарды сатқын ретінде танып, қатаң жаза қолдануға бұйрық берді.

Концлагерлерде, фашистік тұтқында болғандар туралы мәліметер соңғы жылдары «Саксондық мемориалдық тізім» деп аталатын ақпарат қорына жинақталды. Бұл жұмыс Германия мен Австрияда қауырт жүруде. Қараңыз: www.stsg.de, www.dokst.ru сайттарын.

Жау тұтқынында болған жерлестеріміздің тізімі Германиядан алынған. Бұл тізімде 9090 қазақстандық бар, оның ішінде 148 павлодарлық. Бұл тізім облыстық «Звезда Прииртшья», «Сарыарқа Самалы», «Ертіс дидары», «Шаһар» газеттерінде жарияланған [12]. Тізімде тұтқынның нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, әскерге қай жерден шақырылғаны, қайтыс болған мезгілі, ұлты және қай жерде жерленгені көрсетілген.

Мұрағатшылардың айтуынша, сол тізімдегі боздақтарды іздеушілер әлі де аз. Қазіргі күні жеті-ақ адам. Солардың бірі жоғарыда айтылып кеткен, жеке өзіміз әңгімелескен Табылды Асылханов ағамыз.

Осы жайтты біз былай түсіндіреміз: мүмкін, соғыс құрбандарын білетін адамдар қартайып, қайтыс болған шығар, көп боздақтар бойдақ болған, артынан ұрпақ қалдырмаған. Ал егерде жас немерелері мен шөберелері болса, олар бұл іске мойын бұрмайтын тәрізді. Кейбіреулері жағдайларының мүшкіл болғанын сылтап, тіпті тізімді көріп, өз бабасын тапса да «ей, соғыс біткені қанша жыл. Кетті, қайтты, шетте жерленді. Енді не істейміз бұған» деушілері де бар. Бірақ бұл нағыз рухани азғындық, тіршіліктегі адам марқұм аруғына дұға оқып, мүмкін болса жерленген орнына барып тағзым етуі міндетті. «Өлі разы болмай, тірі байымайды», - деген халқымыз.

Осындай себептерге байланысты іздеушілер аз деген ойдамыз.

Бірақ айтарымыз, әскери тұтқындарға құбыжық ретінде қарамау абзал, оларды ер азамат ретінде санау қажет. Соғысқа жерін, халқын, ата-анасын, жанұясын, балаларын, ошақтарын жаудан қорғаймын деп аттанды, тұтқынға түсетінін мүлде білген жоқ. «Тұтқынның соры бес елі» екені бәрімізге белгілі. Сондықтан, жат жерде сүйектері қалған қандастарымызды іздеп, олардың бастарына дұға оқып, бір уыс топырағын туған жеріне жеткізген жөн деп санаймын.

«Саксондық мемориал тізімі» неміс тілінде жазылғандықтан оны кириллица түсіргенде қателер кеткен. Мұрағатшылардың айтуы бойынша екі тілден өткен тізімді қазақшалап келтіру оңай болмаған. Көбінің тегі (фамилиясы) түзетіліп, әкесінің аты (отчество) сол күйінде қалдырылды. Ал сәйкестендіруге келмейтіндері сол түрінде берілді. Тізімде кейбір азаматтардың аты-жөні қайталанады. Себебі, тұтқын екі түрлі нөмірмен берілген [қосымшаларды қараңыз].

«Саксондық тізімде» 1765 азаматтың туған, не әскерге шақырылған жері белгісіз болғандықтан, бұл жөніндегі мәліметтер «Қазақстан», «unklar» (түсініксі), немесе «сызықша» ретінде көрсетілген. Тізімнің кейбір жерлерінде, мысалы, ауыл № 11, 19 дегендері кездеседі, олардың не облысы, не аудны көрсетілмеген [12].

Ғаламтордағы іздестіру сайттары боздақтар туралы көптеген құнды деректерді қамтиды, және бұл сайттардың бір артықшылығы бұлар үнемі толықтырылып отырады. Сондықтан іздестіру сайттарының ақпараттық базаларын зерттеу қажет. Мұнда ауқымды ғылыми ізденіс жұмысын жүргізу қажет. Сондай-ақ Батыс Еуропаның, Украина мен Беларустың сайттарымен жұмыс істеу керек. Қазақстанда, өкінішке орай арнайы іздестіру сайты жоқ. Бір қуанышты жаңалық бар. Профессор М.Құсайынов www.memorial.kz сайтын ашатын ойы бар екен.

Мұрағат материалдарымен жұмыс істеуде қазіргі заманғы ғылыми-практикалық әдіс-тәсілдерді пайдалану және оны жетілдіру жолдарын алға қойып мұрағат ісі мен құжаттаудағы мемлекеттік саясатты насихаттау, өзара тәжірибе алмасуды кеңейту, мұрағат құжаттарын сақтау мен оны ғылыми тұрғыдан пайдалану, электронды тасығышқа құжаттарды тиімді енгізу жолдарымен таныстыру, жарияланымдық қызметтің қазіргі заманғы әдіс-тәсілдерімен танысу мен үшін өте қызықты.



Мұрағат материалдары бойынша боздақтар тағдырын анықтау жұмысының маңызы, нәтижесі болашақ тарихи зерттеулерге негіз бола алады. Зерттеу жұмысының деректері мен ғылыми материалдарын тарих пәндерінде, оқу-әдістемелік құралдар жазғанда қолдануға болады. Мұрағатта сақтауға алынған, құрамы жағынан алуан түрлі, жан-жақты ақпаратты құжаттар ізденушілердің көпшілігінің қызығушылығын туғызады.

Ғылыми-ізденіс жұмысын ұйымдастыруда мұрағат және деректану құжаттарын, дерек көздерді зерттеу, ғаламтордың кең ауқымды ақпараттық базасын тиімді пайдалану, осыны іске асырудың әдістері мен тәсілдерін меңгеру менің зор қызығушылығымды тудырды. Іздестіру жұмыстарын әлі де жалғастыру керек екенін әбден түсіндім. Бұл жұмысты мұрағат қорларында, сонымен бірге ғаламтор кеңістігінде де жүргізу қажет. Павлодар облысы мұрағатшыларының қызметін жоғары бағалауымыз керек. Сондай-ақ, біздің облысымызда құрылған «Майдан жолы» іздестіру отрядына [11] нәтижелі жұмыс тілеймін.

Мемлекеттік және қоғамдық-саяси ұйымдардың қатарында Ұлы Отан соғыс тағылымын насихаттауда, майдангерлер ерлігін танытуда, оларды құрметтеуде көп жұмыс атқарып жүрген «Нұр Отан» халықтық-хемократиялық партия Павлодар облыстық бөлімшесі. Біз осы бөлімше төрағасының бірінші орынбасары Арман Алиақпаровпен кездескенімізде қызықты, мазмұнды іс-шаралар туралы хабардар болдым. Соның бірі «Ардагерлерді ардақтайық!» акциясы.

«Уақыт өткен сайын сиреп бара жатқан Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне жан-жақты қолдау көрсету жайын Елбасы үнемі айтып келеді. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығы мерекесі бүкіл ел көлемінде жоғары деңгейде өткізілді. «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының ұйымдастыруымен еліміздің барлық аймағында «Ардагерлерді ардақтайық!» акциясы өткізілді. Акцияның басты мақсаты – қарт ардагерлерімізге құрмет көрсету, қазақстандықтардың бойында аға буынның әскери ерліктері үшін мақтанышын тудыру, жастардың бойында патриоттық сезімдерін арттыру болып табылды. Бұл шара болашақта да жалғасын таба бермек», – дейді А. Алиақпаров. Бөлімше атқарған іс-шаралар ішінде Мәскеуден Павлодарға Жеңіс Жалауының отын әкелу акциясы бар [қосымшаларды қараңыз].



Біздің түйгеніміз, Ұлы Отан соғысының майдандарында қаза тапқандар мен хабар-ошарсыз кеткендер мәртебесін айқындайтын Заң қабылдайтын күн туды. Сонда кешегі кеңестік дәуірде жалаң ұран қиқуымен қала-селоларда қаңылтыр тақтаға боздақтар аты-жөні жазылып орнатыла салған жұпыны ескерткіштерді уақыт талабына орай қайта жаңғырту мүмкіндігі де туар еді.

Біз, жас ұрпақ, соғыста болған жәйттерге көңіл аударып, гитлершіл фашизмбен күресте Ұлы Жеңіс қалай келгендігін анықтап, бағалай білуіміз керек. Соғысқа аттанып, елін қорғаған халқымыздың батыр ұлдары мен қыздарын есте сақтауға, ерліктерін үлгі тұту бәрімізге ортақ парыз. Бұл біздің аталарымыз бен бабаларымызға, олардың жанқиярлық күресі мен жеңісі үшін, олардың біздерге бейбіт өмірді қамтамасыз еткендері үшін көрсетілген құрмет.

Олар бастан кешкен сұмдықты ендігі жерде ешкім көрмесің!

Ұлы Отан соғысында хабарсыз кеткендердің мәртебесін белгілеу керек.

Қыршын кеткен боздақтардың жаны жәннатта болсын!



Ендiгi жерде соғыстың аты өшсiн!
Әдебиет

  1. Арын Е., Қамзин Ж. Есімі ерлікпен ұштасқан жерлесіміз - Әбілқайыр Баймолдин // Сарыарқа Самалы. – № 44 (14532). – 24 сәуір 2010

  2. Белан П.С. Казахстанцы в боях за Ленинград. Алма-Ата: «Казахстан», 1973

  3. «Боздақтар» Естелік Кітабы – Книга Памяти. Павлодарская область. Павлодар облысы. Т. 1-3. Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 1994

  4. Құрманов С. Атақты қолбасшы - Әбілқайыр Баймолдин. – № 18 (14506). – 18 ақпан 2010

  5. Кусаинов М. Тайны Синявинских болот и высот. Кн. 1. Астана: «Сарыарқа», 2004

  6. Кусаинов М. Мемориальная зона «Надежда»: путеводитель, исторический формуляр, справочник. Астана: «Сарыарқа», 2006

  7. Павлодар. Павлодарская область. Энциклопедия. Алматы: «Эверо», 2003

  8. Павлодарская область в годы Великой Отечественной войны 1941-1945. Мультимедийное справочное пособие. Павлодар, 2010.

  9. «Павлодарлықтардың ерлігі халық жадында. 1941-1945 жж.» Ред. басқарған В.И. Щербинко. Павлодар: «ЭКО», 2005

  10. «Фашизмді жеңудің тарихи маңызы: павлодарлықтардың жеңіске қосқан үлесі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Павлодар, С.Торайғыров ат. ПМУ, 2010

  11. Рахимов Е.К. Возрождение поискового движения в Казахстане (из опыта работы поисковых отрядов «Мемориальная зона» и «Майдан жолы») // Материалы международной научно-практической конференции «Казахстан и современный мир: актуальные проблемы истории и общественно-политического развития». Семей, 2010. С. 144-147

  12. Тағы да «Саксондық мемориал тізімі» жайында // Ертіс дидары. – № 2 (94). – 15 сәуір 2010

  13. Хазыров Б.М. Чтобы помнили. Павлодар: «ЭКО», 2004

жүктеу 210,58 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау