А-Ә-І сәйкестігі. Түркі, араб,орыс тілдерінде а дыбысымен айтылатын және жазылатын сөздер батыс говорында ә, і , е дыбыстарымен айтылады да жазылады. Бұл құбылысты мына сөздерден аңғарамыз: уайым – уәйім шайгөн – шәйгөн санат – сәнәд принавес – пірнәбес кадка – кәткі садок – сәдөк казенный – кәженей //кәженей
О-А сәйкестігі. Араб, орыс тілдерінде а дыбысымен жазылатын сөз жергілікті жерде о дыбысымен айтылады және жазылады: абырай - абырой оглобля – ағылоп обрат – аброт
О-Ә-О сәйкестігі. Орыс тіліндегі жуан дауысты о дыбысының орнына говордағы бірқатар сөздердің бірінші және екінші буындарында жіңішке ә, о дыбыстары қолданылады. косяк – кәсек косынка – кәстеңке котел – кәтел конфорка - кәмпертке
Ы-І сәйкестігі. Монғол, араб тілінде ы дыбысымен жазылатын сөз жергілікті жерде і дыбысымен айтылады және жазылады: шыби – шіби уайым – уәйім
2.3. Дауыссыз дыбыстарға байланысты ерекшеліктер
В – Б сәйкестігі. Орыс сөздерінің барлық буындарында кездесетін в дыбысы говорда б дыбысы болып алмасады: вакса – бәкіс принавес – пірнәбес
В – У сәйкестігі: канава – кәнәу канва – кәнуа
М-Б сәйкістігі: балтығу – малтығу база – маза бәпелеу – мәпелеу обалау – омалу шыжбайлау – шимайлау бана – мана
Тіліміздегі «м» дыбысымен айтылатын кейбір сөздердің монғол тілінде «б»-мен дыбысталуы ертеден белгілі. Мысалы, қазақтағы «мертігу» етістігі монғолдарда «бәртәх» тұлғасында қолданылады. Осыған байланысты М. Рясенен бұл алмасулар жайлы дауыссыз дыбыстардың әсері дей келе: «Но иногда бывает трудно установить который из согласных - «б» или «м» – является исконным, поскольку обратное явление (м-б) встречается как в тюрских так и в монгольских языках» [50, 31-б.], дейді. Ал Ә.Құрышжановтың «м» мен «б»-ның сәйкестігіндегі сұрақ әлі күнге дейін тиісті жауабын таба алмай келеді [51, 147-б.].
Т-С сәйкестігі. Қазақ тілі говорларының батыс тобында ертедегі ру, тайпа тілдерінен сақталған реликт барлығын аңғартатын құбылыстың бірі– т-с дыбыс сәйкестігі.
сақ-сиян – сақтиян соз – тоз сырқас – сырқат қыту–қысу ыссы – ыстық
Дыбыс сәйкестігінің бұл түрін басқа өңірдегі қазақтар тілінде «саяз» және бұған керісінше құбылысты «ылаттау» (ыластау орнына) сөзінен көреміз. Көптеген түркі тілдерінде «с» дыбысымен айтылатын сөздер якуттарда «т»-мен қолданылатынын көрсете келіп, Ястремский былай дейді: «t во многих случаях возникает из s уже в якутском языке, но еще более случаев возникнавения t из первичного s можно указать при сравнении якутского языка с родственными». Егер якут тіліндегі кейбір сөздерді қазақ тілімен салыстырып қарасақ, бұл пікірдің растығына көз жетеді. С. Е. Маловтың классификациясы бойынша, тува тілі түркі тілдер ішінде көне тілге жатады. «Т»дыбысы «с»-ның туындысы екендігіне тува тіліндегі «сус : сус чок» (невзрачный) сөзі не сөз тіркесі дәлелдей алады. Біздің қазіргі тілімізде бұл «түс» не «түс жоқ» қалпында «т» дыбысымен беріледі. Ең жаңа тілдер қатарына қосылатын ноғай ноғай тілінде де «с» дыбысының сақталғандығын аңғару қиын емес. Қазақ тіліндегі түшкіруден мұның айырмасы – алғашқы «с» «ш»-ға сәйкес келуінде. «Т»-дан «с»-ның бұрын пайда болғандығына тағы бір мысал : егер «тайыз» сөзінің түбірі «тай» деп ұғынсақ, судың терең емес екендігін осы тұлғалас бір сөзді қазақ тілінен таппаймыз. Ал «сайыз» сөзінің түбірі «сай» – кейбір түркі тілдерінде судың терең еместігін аңғартады. Құмық тілінде : сай – 1) мелкий ; 2) неглубокий ; татар тілінде: саегу – мелеть, обмелеть. Демек, қазіргі әдеби тіліміздегі «тайыз» сөзінің алғашқысы «сайыз» немесе «саяз» варианты жергілікті тіл ерекшеліктерінде сақталған.
Достарыңызбен бөлісу: |