А-Ы сәйкестігі. Дыбыстар сәйкестігінің бұл түрі де көптеген сөздердің құрамында жиі әрі тұрақты қолданылады: айқыра – айқыра сақыра – сақара тыстау – тастау мырдымсыз – мардымсыз мадықтау – мадақтау
Қазақстанның басқа өңірінде дыбыс сәйкестігінің бұл түрінің өрісі өте тар.С.Аманжоловтың көрсетуінше,оңтүстік диалектісінің фонетикалық ерекшеліктерінде осыған керісінше (ы-а сәйкестігі) дыбыс құбылысы болмаса, дәл а-ы дыбыстарының сәйкестігі байқалмайды. Тек 6 – 7 сөздің құрамында ғана қолданылады.
Әдеби тілімізде «а»-мен дыбысталатын сөздер ноғай тілінде, қазақ тілі говорларының батыс тобындағыдай «ы» дыбысы қолданылып, «шырша», «шалбар», «қалмақ» сөздері «шыршы», «шалбыр», «калмык» болып айтылады. Татардың әдеби тілі мен кейбір говорларында да «ы» дыбысымен берілетін сөздерге жиі тап боламыз. Ясый [49, 370-б.], «жасай білу» сияқты тіркестегі, тустыган (тостаған орнына). Кейде бір сөз «а» және «ы» дыбысымен де айтылып жарыса қолданылып жүр. Оңтүстіктегі тұрғын қазақтардың көпшілігінде кездеспей, тек Жамбыл облысы Шу бойындағы қазақтар тіл ерекшелігінің көрінуі – батыстан – Кіші жүз құрамынан келген өкілдердің аборигендер тіліне тигізген әсерін айқындай түседі. Қазақстанның шығысы немесе онымен шекаралас аудандардағы қазақтардың жергілікті тіл ерекшеліктеріндегі кездесетін бұл құбылысты екі түрлі себеппен түсіндіруге болады. Біріншіден, ертеректе пайда болған дыбыс сәйкестіктерінің ізі. Екіншіден, ол реликтілердің сақталуы – көрші отырған Алтай халықтарының тілдік әсері. Мұны сол тілдің диалектілерінен немесе хакас тілдерінен көптеген мысалдар ұсына отырып дәлелдеу қиын емес. Қазақ тілінің әдеби тіліндегі қамшы, қарын, сап (бір нәрсенің сабы) сияқты сөздер Н. Ф. Катановтың көрсетуінше, Алтай халықтарының бірқатарында «кымцы», «қырын», «сып» түрінде қолданылады.
Ы-А сәйкестігі : аңазақ – аңызақ аңару – аңыру шаталу – шатылу
Қазақстан территориясында батыс говорлар тобынан басқа ы-а сәйкестігі Семей, Шығыс Қазақстан облыстарындағы қазақтардың тілінде осы сияқты сөздер айтылады. Алтай мен Монғолия даласынан батысқа қарай жылжып барып орналасқан ру, тайпалар негізінде кейін қалыптасқан халықтар тілінен де редукцияға ұшырамаған алғашқы «а» дыбысының ізін көрсетерліктей мысалдар жеткілікті. Бұл ретте ең алдымен, ертеректе Қазақстанның батысындағы қазақтармен ру, тайпалас, халық болып қалыптасқаннан кейін көрші әрі түркі тілдерінің қыпшақ тобына кіретін ноғай тіліне назар аударсақ, қазақ тілі говорларының батыс тобына тән ы-а дыбыс сәйкестігі қамтитын «қажар», «аркалы», «омба» сөздері көрсетілген тілде (ноғай тілінде) : қажар (упорный, настойчивый), аркалы (блогадаря, через), омба (сугроб), кудагай (сватья) қалпында қолданылады. Соңғы «құдағай» сөзі хакас тілінде хұдағай, тува тілінде кудагай болып, «а» дыбысымен айтылатынын да ескерте кеткен артық болмас.
Достарыңызбен бөлісу: |