БИОЛОГИЯ ПӘНІНІҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
2.1 Салауатты өмір салтын қалыптастыруда биологиялық білімдердің маңыздылығы
Салауатты өмір салты – еңбек ету және демалыс режимдері, тамақтану жүйесі, даму мен шынығу жаттығулары, өз-өзіне және өзгелерге қарым-қатынастық, тұрмыстық, өмірлік мақсаттылықтар болып табылады. Яғни салауатты өмір салты өте күрделі және жан-жақты ұғым екені көрініп тұр. Оған тек қана медициналық, биологиялық және психологиялық компоненттер ғана кіріп қоймай сонымен қатар әлеуметтік, экономикалық, экологиялық құрылымдар да енеді.
«Салауатты өмір салты» түсінігін келесідей бөліп көрсетуге болады:
- Салауатты өмір салты – бұл денсаулық проблемасына адамның алдына қойған мақсаттарына қол жеткізудің нақты мүмкіндіктері сияқты, әртүрлі факторлардың әсері болатын өмір сүру барысында қалыптасқан көзқарастардың жүйесі;
- Салауатты өмір салты – адамның жеке өзінің шығармашылық деңгейін сол немесе басқа қырынан жүзеге асыруға мүмкіндік беретін адамның өндірістік, тұрмыстық және мәдени жақтарын ұйымдастыру тәсілі;
- Салауатты өмір салты - денсаулық туралы белгілі бір әлеуметтік
және тарихи көзқарас, сондай-ақ, өмірдегі тәжірибеге оны
интеграциялау құралдары мен әдістері;
- Салауатты өмір салты - адамның күнделікті өмір сүруінің түрлі тәсілдері, олар организмнің резервтік мүмкіндіктерін нығайтып, биіктетеді және адамның экономикалық және психологиялық жағдайларында өзінің әлеуметтік және кәсіптік қызметін табысты атқаруды қамтамасыз етуі.
Оқушыларды салауатты өмір салтына қалыптастыру ең алдымен, оқыту процесінде жүзеге асады. Заманауи педагогикада оқыту процесі оқушыны білмегеннен білуге және мұғаліммен бірлесе отырып сәйкес ептілік пен дағдыға үйретіп, оқыту ретінде қарастырылған. Оқыту процесі әртүрлі педагогикалық технологиялар негізінде, яғни, осы процесті едәуір тиімді де нәтижелі ететін оқушы мен мұғалімнің күш-жігерін, уақытын, денсаулығын жұмсаудағы әдістер мен тәсілдердің жиынтығы негізінде құрылатыны белгілі.
Біздің көзқарасымыз бойынша салауатты өмір салтын дамыту туралы сөз болғанда ең алдымен биология сабағы туралы еске түсуі керек. Ғылыми әдебиеттердегі талдау, шолудан байқалғаны оқу құралдарында осындай ұғым анық көрсетілген, оқу материалы педагогикалық процестің ерекшеліктерімен ұштастырылады.
Осы айтылған мәселелерден анықталғаны салауатты өмір салтын биология сабағы арқылы қалыптастыру, жетілдірудің ғылыми негіздері толық зерттелмегені байқалған.
Педагогикалық технология дегеніміз - педагогикалық процесс пен оған қатысушылар іс-әрекетінің құраушы кезеңі мен күйлері арасындағы өзара байланысты бірізді және үздіксіз қозғалыс. Оқыту технологиясы біздің көзқарас бойынша, үйренушілердің кәсіби маңызды қасиеттерін қалыптастыруға және дамытуға бағытталған.
Сонымен, біздің тұжырымдауымызша бойынша педагогикалық техноло-гия дегеніміз – ол ортаға сәйкес оқыту формаларының, әдістері мен құралдарының біртұтас жүйесі, сондай-ақ осы жүйені ғылымға негізделген дидактикалық үдерісте жүзеге асыру үшін, меңгерілетін пәннің ерекшелігіне сәйкес нәтижеге жеткізудегі теория мен практикада пайдалану механизімі болып табылады.
Сонымен, педагогикалық технология тұлғалық, жүйелілік және іс-әрекеттік қатынастарды жүзеге асыру негізінде құралды.
Биология сабағында салауатты өмірге тәрбиелеу тек осы саладағы білімді, ептілікті, дағдыны игеру деңгейі ғана емес, сондай-ақ мұғалім мен оқушының санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауы, педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыруы да кіреді. Біздің ойымызша, мұнда педагогикалық процеске қатысушылардың белсенділігі басты роль атқарып тұр. Денсаулық сақтау технологиясына ендіру осы әдістерді қайталау мен ендіру мүмкіндігі де жатады.
Педагогикалық технологиялар қолдану деңгейі бойынша жалпы педагогикалық, әдістемелік (пәндік) және локальды болып бөлінеді. Біз денсаулық сақтау технологиясын жалпы педагогикалық технологияға жатқызамыз, өйткені салауатты өмір салтын қалыптастыру оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің басты міндеті.
Білім беру мекемелерінде денсаулық мәселелері медициналық көзқарастары жағынан қарастырылып жатыр, оны денсаулық сақтау технологиясы тұрғысында, яғни оны оқушы бойында қалыптастыру әдіс-тәсілдері, формалары тұрғысында қарастыру арнайы зерттеуді талап ететіндігі белгілі болды.
Мектеп оқушыларының психофизиологиялық, жас ерекшеліктерін есепке ала отырып денсаулықты сақтау технологиясы ұсынылған.
Жас ерекшеліктегі психология мен педагогика саласы мамандарының анықтауынша, жоғарғы сыныпта салауатты өмір салтын қалыптастыру ерекше мағынаға ие. Осы жастарда дене, жыныстық, психикалық жетілу кезеңдері аяқтала бастайды. Өнегелік сапа ерекшеліктері мен әлемтану процесстері қалыптасып, дами түседі. Жоғарғы сынып оқушыларының бойында «ересек» ұғымы ерекшеліктері мен қасиеттері дамиды. Тұтынушылық пен мүмкіншіліктер арасында келіспеушіліктер көрініс табуы мүмкін. Жас жеткіншектер мен ересектер арасындағы қарым-қатынастардың, күрделігі, бір жағынан жас адамдардың дербестікке ұмтылуы болса, өзге жағынан өмірлік мәселелерді шешуде ересектерден көмек күтуі екен. Осы шарттарда салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру мен дамытуда арнайы әдіс-тәсілдерді, биологиялық білімдерді талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |