Кіріспе Тақырыптың өзектілігі


Денсаулық сауаттлығы ұғымы



жүктеу 1,35 Mb.
бет4/15
Дата12.04.2023
өлшемі1,35 Mb.
#42119
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
22.06.20 Калыбаев А.Б. диссертация

Денсаулық сауаттлығы ұғымы

Қазақстан Республикасы тұрғындарының 99.8% пайыз сауаттылық көрсеткіші – білім беру саласының қол жетімділігін көрсетеді [2]. Заманауи білім беру саласы білім алуға қол жетімділікті арттырумен қатар, жекелеген салалар: азаматтық, ақпараттық, қаржылық, мәдени және денсаулыққа т.б. байланысты сауаттылықты арттыруды басты мақсат тұтады.


ХХ ғасырдың басынан бастап байқалған денсаулық сақтау саласындағы ең үлкен жетістіктермен тенденцияларды: вакцинация және профилактикалық медицинаның қарқынды дамуын ескеріп, жаңа әдістермен мен технологияларды қолдануға байланысты денсаулық сауаттылығын (ДС) арттыру - күн тәртібіне енді [3].
Американдықтар ғылыми әдебиетте алғашқы болып денсаулыққа байланысты сауаттылық термині туралы келесідей тұжырымдама берген: «Тұлғаның денсаулыққа байланысты шешім қабылдауы үшін қажетті ақпаратты және қызметтерді алу, өңдеу және түсіну мүмкіндігі» [4]. Бұл тұжырымдама Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Салауатты мектеп бастамасында кең ауқымды сипатталған: «ДС – тұлғаның денсаулығын нығайту, қалыпты ұстауға керекті ақпаратты түсінуге және оны пайдалануға деген ынтасы мен қабілетін анықтайтын танымдық және әлеуметтік дағдылар» [5, 6]. Америка Құрама Штаттарының Ұлттық Академиялары денсаулық сауаттылығын мектеп және бала-бақша бағдарламасына енгізуді ұсынады. Корри және Меркидің тұжырымдамасында «Денсаулық сақтаудағы толыққанды білім беру – біріншілік профилактика есебінде қарасытырлады».АҚШ-ғы ересектердің сауаттылығын ұлттық бағалау сауалнамасы тұлғаның денсаулық сауаттылығына жас, нәсіл/этникалық ерекшелік, денсаулық мәселелері туралы ақпарат көздері және медициналық сақтандыру сияқты көрсеткіштер арасындағы байланысты анықтады. ДС прозалық, құжаттық және сандық сауаттылықты қамтитындығы аталып өтіліп, денсаулық сақтау туралы ақпаратты нысаналы аудиторияның ерекшелігіне сәйкес бейімдеу керек деген ұсыныс жасады [7]. ДС жоғары адамдардың денсаулығы мен әл-ауқаты жақсы, экономикалық өркендеуге аралысып, қоғам дамуына жоғары үлес қосады [8]. Сол себептен, ДС тұлғаның жеке басына және қоғамдық деңгейінде де өте маңызды [9].
Қоршаған ортаның ластануына байланысты аурушаңдықтың жоғарылауы, дәрі-дәрмек, тағамдық қоспалар туралы жарнамалардың көбеюі, денсаулық саласындағы жаңа реформалар – тұрғындардың ДС арттыруға мұқтаждығының еселенгенін көрсетеді [10]. АҚШ-ғы Ұлттық академиялар ДС сабақтарын мектептер мен балабақшалардың оқу бағдарламаларына енгізуді талап етеді. Hanson and Gluckman бұқараға негізделген ұзына бойлай зерттеулері барысында балалардағы сауаттылықтың ерте дамуы жұқпалы емес ауруларды азайту үшін маңызды деп тұжырымдайды [11]. Денсаулыққа қатысты сауаттылықтың төмендігі - балалардың артық салмақ қосуына [12] және жасөспірім кездегі қауіп-қатер болып саналатын алкоголь мен темекі қолдануға бейімділіктің артуына тікелей байланысты байланысты [13]. Сонымен қатар, зерттеулер жасөспірім кезінде қалыптасқан денсаулыққа қатысты мінез-құлық ересек жаста да сақталатындығын көрсетті [14].
Қазақстанда ДС туралы мәліметтер өте аз және ғылыми әдебиеттерде сирек зерттелген тақырыптардың бірі.



жүктеу 1,35 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау