Әдіс-тәсілдер:
Кластер рандомизацияланған, проспективті, ұзына бойы зерттеу әдістерін қолдана отырып, қатысушыларды Зерттеу Тобы (ЗТ) және Бақылау Тобына (БТ) бөліп зерттеу жүргізілді. Зерттеуге қатысушыларды жергілікті атқарушы биліктің рұқсатымен, Арал қаласындағы денсаулық сақтау, білім беру мекемелері басшылықтарымен келіс-сөздермен қатар, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының, әлеуметтік желілердің, Қоғамдық Бірлестіктердің көмектері жұмылдаралды. Сауалнама зерттеудің басында, 2018/2019 оқу жылының Қыркүйек айында және зерттеуден кейін оқу жылдың аяғында Мамыр айында жүргізілді. Арал ауданында аталған оқу жылында аудан орта мектептерінің 8 сыныптарында 1027 оқушы оқыды. Зерттеуге қатысуға ата-аналарының рұқсатымен 8 сыныптарда оқитын 94 оқушы жұмылдырылып, зерттеу соңында 86 оқушы сауалнамаға жауап берді (ЗТ – 54 оқушы, БТ - 40 оқушы). Алғашқы сауалнама жүргізілгеннен кейін, ЗТ биология және дене шынықтыру пәндеріне қосымша салауатты өмір салты (СӨС), құнарлы тамақтану, дене шынықтырудың денсаулыққа әсері, аурудың алдын алу, денсаулыққа байланысты ақпаратты саралау, денсаулық сақтау қызметін алу тақырыптарына арналған 15 сағат теориялық, 15 сағат тәжірибелік сабақтарға қатысты. Сауалнама жүргізу үшін Paakkari және әріптестерінің құрастырған «Мектеп оқушыларына арналған денсаулық сауаттылығы» сауалнамасы қолданылды [19].
Сауалнаманың бірінші бөлімінде салауатты өмір салтын ұстануға мектептің алатын ролы туралы сұрақтар қойылды. Мысалы: «Мектебіңіз денсаулығыңызға жауапты ма? СӨС насихаттауға назар аудару керек пе?» деген бөлім физикалық белсенділік, тамақтану, темекі шегудің алдын-алу, алкогольді ішудің, есірткіні қолданудың алдын алу және психологиялық күйзелістің алдын алуға бауланысты жеке сұрақтар қойылды. Барлық сұрақтарға 4 баллдық Ликерт шкаласы бойынша жауап берілді: «білмеймін» = 0, «аз деңгейде жауапты» = 1, «жауапты» = 2 және «толығамен жауапты» = 3. Сауланаманың екінші бөлімінде мектептептің СӨС насихаттауға бағытталған іс-шараларын өткізу жиілігі бағаланды: «Мектеп соңғы үш-төрт айдың ішінде Сіздің денсаулығыңызды нығайтуға арналған шаралар өткізді ме?». Бұл бөлімге: «білмеймін» немесе «Жоқ» = 0; «Өткізілді, бірақ үш-төрт айдан бұрын» = 1; «Бір рет өткізілді» = 2; және «көп мәрте» = 3.
Зерттеу Хельсинки Декларациясына сәйкес жүргізілді және зерттеу Тренто Аймақтық Денсаулық Сақтау Агенттігінің Этикалық комитеті 76/2018 хаттамасымен бекіткен.
Деректерді IBM SPSS Statistics (25 нұсқа; IBM Corp., Armonk, NY, АҚШ) көмегімен талдадық. Барлық статистикалық мәліметтер жынысқа, жасқа, сауалнама жүргізу реттілігіне (алғашқы, қорытында сауалнама), зерттеу, бақылау топтарына бөлек-бөлек өткізеді. Сауалнаманың барлық шкалалары үшін Кронбахтың α-коэффициент мөлшерінің мәні есептелді. ДС сипаттамалық мәндері Орташа Өлшем (mean), стандартты ауытқу (SD), пайыздық көрсеткіштер арқылы өлшенді. ANOVA әдісімен екі жолды талдау зерттеліп, топтардың жекелеген ерекшеліктеріне байланысты айырмашылықтарды анықталды. Барлық жағдайларда (екіден көп топтарды салыстыра отырып) нөлдік гипотеза текесеріліп, Тукейдің сынағы есептелді. Хи-квадраттық тесттер топтар арасындағы пайыздық үлесті салыстыру үшін пайдаланылды. Мектептің салауатты өмір салтын насихаттаудағы іс-шараларының ДС деңгейіне әсерін бағалауға көп регрессиялық талдау қолданылды. Барлық статистикалық талдаулар үшін статистикалық дәйектілік p <0.05 деңгейінде болды. Оқушыларға берілген сауалнама төмендегідей құрастырылды:
Достарыңызбен бөлісу: |