Қызмет (бөлім) құқығы
4.1 Қызметке (бөлім) жүктелген мәселелер мен фукцияларды орындау үшін қажетті келесідей құқықтар беріледі:
- кәсіпорынның операциондық қызметіне қатысы бар барлық обьектілер аудитін жүзеге асыру;
- аудиттің формаларын және әдістерін анықтау;
- кәсіпорынның әрбір қызметкерінен бухгалтерлік есепті жүргізуді қамтамсыз ететін ішкі құжаттарды толтыру тәртібін сақтауды талап ету;
- құрылымдық бөлімше басшыларынан тексеру барысында туындағын сұрақтар бойынша құжаттар, куәләндырған құжат көшірмесін, анықтама, ауызша немесе жазбаша түсініктемені талап ету;
- аудитті жүргізу үшін қажетті барлық ресурстарды қолдану;
- бухгалтерлік есепте шаруашылық операциялардың көрсетілуінің дұрыстығын және олардың қаржы, статистика, салықтық есеп берудіің көрсеткіштерімен сәйкетігін тексеру;
- аудиторлық тексеру нәтижесі бойынша есептер және ұсыныстар дайындау;
Қызметтің (бөлім) жауапкершілігі
5.1 Бөлімге жүктелген мәселелер мен функциялардың орындалу сапасына және уақыттылығына тиісті барлық жауапкершілік бас аудиторға жүктеледі.
5.2 Бөлімнің басқа мамандарының жауапкершілік деңгейі олардың лауазымдық нұсқауы бойынша бекітіледі.
Қосымша ережелер
Нақты қолданыстағы ереже кәсіпорын басшысымен бекітіледі.
Нақты қолданыстағы ереже оны бекіту сәтінен бастап өз күшіне енеді және орындалу үшін міндетті болып саналады.
Ішкі аудит қызметінің құрылымы:
1) Аудит саласында жұмыс істеу тәжірибесі бар лицензияланған бас аудитормен қамтылуы тиіс. Ол тексеруден өтетін бөліктердің жоспар-графигін, аудит бағдарламасын жасайды, ішкі аудит қызметінің мамандарымен жасалынған аудиторлық тексерулер нәтижелері бойынша алдын-ала құрастырылған есепті талдайды, ішкі аудит қызметінің атқарған жұмысы туралы есепті құрастырады, анықталған қателер мен ауытқуларды жөндеу барысын қадағалайды.
2) Салық аудиті бойынша маман – СІРА, САР сертификатттары бар тәжірибелі бухгалтермен қамтылуы тиіс. Оның негізгі мақсаты - салықтың есептелуі мен есептеудің және төленудің дұрыстығын анықтау, салықтық есеп берудіің шынайылылығын тексеру болып табылады. Салықтық міндеттемелер аудиті аяқталғаннан кейін, салық аудиті бойынша маман аудиторлық тексерулер нәтижесі бойынша анықталған қателер мен ауытқулар көрініс табатын алдын ала есеп беруді құрастырады.
3) Бухгалтерлік есеп бойынша аудит маман - СІРА, САР сертификатттары бар тәжірибелі бухгалтермен қамтылуы тиіс. Бухгалтерлік есептің шоттары мен регистрінде көрініс табатын операциялардың аудитін іске асырады. Бұл маман бухгалтерлік екі жақты жазу аудиті аяқталғаннан кейін, аудиторлық тексерулер нәтижесі бойынша анықталған қателер мен бекітілген нормалардан ауытқулар көрініс табатын алдын ала есеп беруді құрастырады.
4) Аудит бойынша маманы - кәсіпорынның құжат айналымына қойылатын талаптар мен ережелерді білетін тәжірибелі бухгалтермен қамтылуы тиіс. Құжаттың құрастырылуының дұрыстығы мен толықтылығын, олардың қабылданған және ұсынылған құжаттар регистрінде тіркелуінің дұрыстығын тексереді.
Жоғарыда көрсетілген ішкі аудит қызметі мамандарының әрқайсысы келесі мәселелерді толықтай білуі тиіс:
кәсіпорынның есеп саясатын;
бухгалтерлік есепті жүргізудің негізгі қағидалары мен әдістерін;
бухгалтерлік есепті жүргізуші жауапты тұлғаларын, бөлім құрылымын;
есеп берудің дайындығына жауап беретін тұлғаларды;
шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есеп регистрінде көрсетілу тәртібін;
бухгалтерлік есеп мәліметтері негізінде кезеңнің қаржы есептілгін дайындау тәртібін;
бухгалтерлік есеп мәліметтері негізінде кезеңнің статистикалық есеп беруті дайындау тәртібін;
салық есебі мәліметтері негізінде кезеңнің салық есептілгін дайындау тәртібін;
кәсіпорынның бухгалтерлік есебін жүргізу үшін және есеп берудерді дайындау үшін қолданылатын бағдарламалық қамтылуын.
Ішкі аудит қызметінің жұмыс графигі бас аудитормен анықталады. Белгілі бір участок аудитін жүргізу үшін ішкі аудит қызметі жалпы жоспар дайындау қажет. Жалпы жоспар негізінде біз профессор М.С. Ержановпен ұсынылған жоспарды қолданамыз. Оның ұсынысы бойынша аудиттің жалпы жоспарында мыналар қарастырылуы қажет:
аудиторлық топтағы аудиторлардың санын және біліктілігін;
аудиторларды біліктілігі мен лауазымдық деңгейіне қарай нақты аудит участоктары бойынша бөлу;
барлық топ мүшелерін олардың негізгі міндеттері мен жалпы аудит жоспарымен таныстыру;
аудиторлық топ басшысының жоспардың орындалуын, топ мүшелерінің жұмыс сапасын, жұмыс құжаттары мен аудит нәтижесін рәсімдеу құжаттарын жүргізілуін бақылау;
белгілі бір фактіні бағалау жөнінде топтың мүшесі мен топ басшысы арасындағы әр түрлі көзқарас туындаған жағдайда ерекше пікірді құжат түрінде рәсімдеу;
Жалпы жоспарда сондай-ақ ішкі аудиттің рөлі және аудит обьектілерінің технико-технологиялық параметрлерінің аудиті үшін түрлі мамандарды (эксперт) қызықтыру қажеттілігі анықталады.
3.2 Кәсіпорын салықтық есеп берудің ішкі аудиті әдістемелерін жетілдіру
Қаржы есептілігінің ішкі аудитінің жалпы қабылданған тәжірибесі бойынша салықтық есеп берудіің аудит объектісінің құрама элементі ретінде бөлінуі және осы нақты элементтердің құжатын тексеру үшін арналған. Алайда, біздің ойымызша, салықтық есеп беруді аудит объектісінің негізгі элементі ретінде, қаржы есептілігінің аудиті сияқты бірдей көрсету керек. Салық міндеттемелері кәсіпорын есебінің ішкі аудит шеңберінде ішкі аудит сегментінің бірі болып табылады, бұрмалаушылыққа максималды бейімделген, бұл қателер көбінесе кәсіпорынның салықтар бойынша міндеттемелерін есептеу ерекшелігіне байланысты, сонымен қатар ағымдағы және кейінге қалдырылған активтер мен міндеттемелердің ХҚЕС-ке сәйкес ашылу ерекшеліктері болады. Аталған ерекшеліктерді біз, кәсіпорын есептілігінде салық міндеттемелерін есептеу ерекшеліктері мен ашылуын ішкі аудит әдістемесінің негізіне енгіздік. Біз ұсынған әдістеме, қолданылып жүрген аудит әдістемесін, сонымен қатар кәсіпорын салықтық есеп берудіің ішкі аудитін толықтыру және олардың ажырамас бөлігі болу үшін ұсындық, бұл кәсіпорынның жалпы салықтық есеп берудідегі аудит сегментіне қатысты аудиторлық тәуекелділікті төмендетеді. Әдістеменің кезеңдерін анықтау барысында сегменттеуден басқа кез-келген аудиторлық тексеру әрекеттің хронологиялық жүйелігін болжайды. ХАС талаптары, кез-келген аудиторлық тексеруде қолданылатын аудиттің сапасын және аудитпен оның кезеңдерін жоспарлауды қамтамасыз етеді. Ф. Л. Дефлиз ойынша[46, 121 б] кез-келген аудиторлық тексеру жеті кезеңнен тұрады. Аудиторлық тексерудің бірінші кезеңінде клиентпен танысып, тексеру жүргізу мен мақсаты туралы алғашқы шешім қабылдау жүзеге асырылады; екінші кезеңде – клиент туралы ақпаратты алу және тіркеу; үшінші кезеңде – тексеру жүргізу бағдарламасын дайындау; төртінші кезеңде – бақылау құралдарын қосымша тексеру, бұл кезең аудиторлық тексерудің уақыт шығынын үнемдеуге бағытталған; бесінші кезең маңызды аудиторлық процедураларды жүргізуді қарастырады; алтыншы кезеңде соңғы талдамалық процедуралар орындалады, нәтижелер бағаланады және талданады; қорытынды жетінші кезеңде, бақылаудың кемшілігі туралы ақпарат пен қорытынды даярланады. М.С.Ержановтың ойынша[47, 90 б] аудиторлық тексеруді жоспарлау үш кезеңде жүргізілуі керек. Бірінші кезеңде, аудитор клиентті таңдау сатысында жүзеге асырылатын алдын ала жоспарлауды ұйымдастырады. Тексеру нәтижесінде үзілмес тәуекелділігінің деңгейі жоғары болса, аудиторлық фирма тексеру жүргізуден бас тартуына болады. Екінші кезеңде, аудиторлық тексерудің көлемі, мерзімі мен жұмыс кестесі көрсетілетін аудиттің жалпы жоспары дайындалады; үшінші кезеңде аудиторлық процедуралардың көлемі, түрлері мен жүйелілігінің жүзеге асуын анықтайтын аудиторлық бағдарлама құрылады. Аудиторлық жоспар мен бағдарлама құрылғаннан кейін аудит процестерін жүргізу басталады. Бұл сатыда әдістемелер мен процедураларға таңдау жүргізіледі, бекітілген нормаға сәйкес келмеуі мен ауытқуына дәлелдемелер жиналады, тексеру нәтижесінде жинақталған ақпараттар талдап қорытылады. Қорытынды сатыда, жүргізілген аудиторлық тексерудің нәтижесі және ауытқулар мен сәйкессіздікті дұрыстау жолдары ұсынылатын алдын-ала және қорытынды есеп дайындалады. Біз салықтық есеп берудіің ішкі аудитін жүргізуде М.С.Ержанов пен Ф.Л.Дефлиздің әдістемесі мен бағдарламасын негіз ретінде алдық, алайда біз дайындаған әдістеменің айырмашылығы, аудит субъектісі сыртқы аудит емес ішкі аудит бөлімі болып табылатындығында. Осылайша, алдын-ала жоспарлау сатысында клиенттің, персоналдың кәсібімен танысу т.б. қажет болмайды, өйткені ішкі аудит бөлімі кәсіпорынның құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Салықтық есеп берудіің ішкі аудитінің негізгі элементтерін анықтау барысында алдын-ала жоспарлау кезеңі керек емес.
Біздің ойымызша, ішкі аудиттің негізгі элементтері мыналар:
Ішкі аудит бағдарламасы мен жоспар-кестесін дайындау;
Салықтық есеп берудіің ішкі аудитін сегмент бойынша жүргізу;
Аудит нәтижелерін жүйелендіру және талдау;
Аудиторлық тексерудің нәтижелері бойынша есеп беруді дайындау.
Ішкі аудит жүргізудің бірінші сатысында жоспар-кестесі мен кәсіпорын салықтық есеп берудіің ішкі аудитін жүргізудің бағдарламасы құрылады. Онда ішкі аудиттің объектісі, оны жүргізу уақыты, ішкі аудиторлық топтың құрамы нақты көрсетіледі. Екінші кезең мынадай әрекетімен сипатталады: ауытқулар мен сәйкессіздіктердің бекітілуіне байланысты негізгі параметрлер мен нормаларды анықтау; аудит жүргізуге ішкі аудиторлармен жүргізілген тексерудің әдістері мен процедураларын, қажетті мәліметтер мен ақпараттарды, сонымен қатар ауытқулар мен сәйкессіздіктің дәлелдемелерін жинау. Үшінші кезеңде ауытқулар мен сәйкессіздікке байланысты бастапқыда қабылданған параметрлер мен нормаларды анықталған аудиторлық процедуралардың нәтижесіндегі ақпаратты талдау және жүйелендіру.
Төртінші, қорытынды кезеңде, ішкі аудиторлар жүргізілген аудиторлық тексеру туралы алдын ала және қорытынды есеп беруді дайындайды. Бас аудитор жүйеге келтірілген ауытқулар мен сәйкессіздікті толық көлемде ашып және осы кемшіліктерді жою жолдарын көрсетілген алдын ала есеп беруді дайындайды. Ішкі аудит бөлімі дайындаған қорытынды есеп беруде анықталған ауытқулар мен сәйкессіздіктердің жойылуын бақылай отырып, ішкі аудиттің біткенін айқындайды. Ішкі аудиттің жоспар-кестесін жүзеге асыру үшін салықтық есеп берудіің ішкі аудитінің әрбір сферасы мен сегменті бойынша аудит бағдарламасын құру қажет. Бағдарлама ішкі аудит бөлімі мамандарымен жүргізілетін салықтық есеп берудіің ішкі аудитіне арналған нақты айқындалған нұскаудан (инструкциядан) тұрады. Біз мынадай салық түрлері бойынша ішкі аудитті жүргізу үшін тест сұрақтарын ұсынамыз: корпоративтікк табыс салығы (10-кесте), қосылған құн салығы (11-кесте). Біз ұсынған салықты тексерудің процедуралары салық түрлерінің тест сұрақтарының ауқымына негізделген ішкі аудиттің мақсатына кезең-кезеңімен жетуді қамтамасыз етеді.
10-кесте. КТС бойынша ішкі аудитке арналған тест сұрақтары
№
|
ЖТС тексеру
|
Белгі
|
1
|
2
|
3
|
1
|
Корпоративтік табыс салық бойынша салық декларацияның құрылымын және декларацияның қосымшаларының санын зерттеңіз
|
+
|
2
|
Жұмыс көлемін және аса назар аударылатын уақыт шығынының маңызды сфераларын бағалаңыз
|
Табыстар мен шегерімдерді жаппай тексеру
|
3
|
Тексерілетін кезеңде үшінші жаққа клиентпен көрсетілген қызмет көрсету туралы келісімдері (осындай ұқсас келісімдер болмаған жағдайда жұмыс құжаттарына белгілеп қою керек) мен сатумен байланысты келісімшарттарды толығымен немесе ішінара қарап көрдіңіз бе?
Бірдей шарттармен байланысты көптеген келісімдер мен келісімшарттар болған жағдайда таңдаулы тексеру жүргізіледі.
|
+
|
4
|
Аудиторлық дәлеледемеге арналған әдеттегі және ерекше келісімдер мен келісімшартардың көшірмесін алыңыз
|
+
|
5
|
Тексеру кезеңінде жүзеге асырылған келісімдер мен келісімшарттардың мынадай тізімін алыңыз/дайындаңыз:
Контрагенттің қол қою орны/қол қойған адамның аты-жөні,әкесінің аты.
Келісімдер мен келісімшартардың нөмірі.
Келісімдер мен келісімшартардың жалпы құны.
Келісімшарттың объектісі.
Мемлекеттен тыс аймақтағы мүліктің бары.
Меншік құқығы жеткізуге өтетін жеткізу шарттары (ИНКОТЕРМСпен).
Шоттарды кім ұсынады?
Арнайы салық режимін қолданатын тауармен байланысты операциялар (жұмыс, қызмет көрсету) бар ма?
|
+
|
6
|
Заңдық статусқа байланысты бекітілген активтердің толық ақпаратын алыңыз ( лайықты келісімдер мен келісімшартардың көшірмесін істеңіз)
|
+
|
10-кестенің жалғасы
|
7
|
Бекітілген активтерге қолданатын салықтық топтастырудың дұрыстығын тексеріңіз
|
+
|
8
|
Бекітілген активтерге кім бақылау жүргізеді?
|
Материал бөлімінің бухгалтері
|
9
|
Кәсіпорынның (бөлімшенің) делдал ретінде қатысуымен үшінші жақпен жүзеге асырылған келісімдер мен келісімшартардың тізімін алыңыз. Кәсіпорынның филиалымен (балалық компаниялармен) жүзеге асырылған ұқсас келісімдерге байланысты бөлек тізімдер болуы керек. Тіпті егер делдалдық қызметтер ақысыз болса немесе жазбаша келісімшартқа отырмаса да, оған салық салынуы және олар КТС–те көрініс табуы керек
|
-
|
10
|
Кәсіпорынның жалпы шығындар үлесінен ақысыз қызмет көрсетуге қатысты шығындардың үлесін анықтаңыз.
|
+
|
11
|
ЖЖТ(жылдық жиынтық табыс) қайырымдылығына есептелген арақатынастың дұрыстығын растаңыз
|
+
|
12
|
Кәсіпорының, дәл қазіргі сәтте, салық бөлімі дайындаған ақпаратын декларациямен салыстырыңыз және кез-келген қарама-қайшылықты (сәйкессіздікті) олармен талқылаңыз
|
+
|
13
|
Салық есептілігі ҚР ҚМ СК талаптарына сәйкес дайындалғанын растаңыз
|
+
|
14
|
Егер сіздің пікіріңіз бойынша өткен жылмен немесе кәсіпорынның алдағы кезеңімен салыстырғанда салық салу базасын өзгерту керек болса, тексерудің алғашқы сатысында жүргенде-ақ кәсіпорын басшылығына мағлұмат беріңіз, егер қажет болған жағдайда осы сұрақты солармен талқылаңыз.
|
-
|
15
|
Салық базасын анықтау әдісінің қолданылуының дұрыстығын тексеру
|
+
|
16
|
КТС бойынша салықтық есеп беруді құруға арналған ақпарттық база ҚР-ң салық Кодексіне сәйкес келе ме?
|
|
17
|
Есептеу әдісінен басқа әдістерді қолданғанда, оның заңды болуына көз жеткізіңіз
|
|
18
|
Салық базасын анықтау әдісін қолданғанда жұмыс құжаттарында заңды болуын қадағалаңыз
|
+
|
19
|
Есепті кезеңде КТС бойынша салық базасының мөлшеріне әсер еткен, тізімдердің аталуы мен барлық кірістер мен шегерімдерді алыңыз
|
-
|
20
|
Бухгалтерлік есепте көрініс тапқан, ЖЖТ-ны анықтау барысындағы тексерудің нәтижелерін және т.б. шегерімдерді пайдалана отырып, кірістердің салық салу базасын дұрыс бағалаңыз
|
+
|
21
|
Кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде көрініс тапқан шегерімдердің салық салу базасының азаюын дұрыс бағалау үшін, келесі іс әрекеттерді жүзеге асырыңыз:
Кәсіпорында қолданатын бухгалтерлік есептен еш айырмашылығы жоқ салық есебінің ережелері салық заңдарымен қарастырылған шығындарды бөлек топтаңыз. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде көрініс тапқан осы топтағы шығындардың сомасын, тексерудің өзіндік құнының, әкімшілік және т.б. шегерімдердің салық базасының азаюының дұрыстығын бағалауға арналған нәтижесін қолданыңыз
|
+
|
10-кестенің жалғасы
|
22
|
Шығындарды шегерімдерге жатқызылғаны заңды болуын тексеріңіз
|
+
|
23
|
Салық декларациясында КТС бойынша салық базасының дұрыс көрініс тапқанын бағалаңыз
|
+
|
24
|
КТС мөлшерлемесын және арифметикалық дәлдікпен есептелген салықтық міндеттемелердің дұрыс қолданғандығын тексеріңіз
|
+
|
25
|
Кәсіпорын басқа заңды тұлғалардан дивиденттер алды ма?
|
+
|
26
|
Жоғарыда қойылған сұраққа оң жауап алынса, алынған дивиденттердің сомасын, сонымен қатар заңды тұлғалардың төлем көзінен ұсталған дивиденттен алынған табыстарға салынатын салық сомасы анықтаңыз.
|
+
|
27
|
Қоcышмалардың дұрыс толтырылғанын,сонымен қатар заңды тұлғалардан алынған және төлем көзінен ұсталған дивиденттердің сомасы туралы ақпаратты тексеріңіз
|
-
|
28
|
Салық мөлшерлемесының және есеп-қисаптың арифметикалық дәлдігінің заңды болуын тексеріңіз
|
-
|
29
|
КТС бойынша бухгалтерлік есеп шотының кредитінде жазылған КТС сомасымен салық декларациясында есептелген, КТС сомасын салыстыру негізінде бухгалтерлік есепте олардың дұрыс көрініс табуын қадағалаңыз
|
-
|
30
|
КТС бойынша мерзімі ұзартылған міндеттемелердің көрініс табуын тексеріңіз
|
-
|
31
|
Активтің салық базасы мен міндеттемелердің көрініс табатын балансын тексеріңіз
|
+
|
32
|
Активтің салық базасы мен міндеттемелердің және салық есебінің мәліметтері арасында сәйкестікті орнатыңыз
|
+
|
33
|
Салық базасы мен активтердің баланстық құны және міндеттемелер арасында табылған барлық уақытша айырманы тексеріңіз
|
+
|
34
|
Табылған уақытша айырмалар күтілетін КТС мөлшерлемесы негізінде бағаланғанына көз жеткізіңіз
|
+
|
35
|
Қателерді бағалаңыз, егер олар болса.
|
+
|
36
|
Салық активі мен міндеттемелердің, бухгалтерлік баланста, басқа активтер мен міндеттемелерден бөлек ашылғанына көз жеткізіңіз
|
+
|
37
|
Кейінге қалдырылған бухгалтерлік баланста салық активі мен міндеттемелердің, басқа ағымдағы активтер мен міндеттемелерден бөлек көрсетілгеніне көз жеткізіңіз
|
+
|
38
|
Егер ұзақ және қысқа мерзімді активтер мен міндеттемелер бухгалтерлік баланста бөлек көрсетілсе, онда кейінге қалдырылған салықтық активтер мен міндеттемелер қысқа мерзімді сияқты көрсетілмеген
|
+
|
39
|
Уақытша айырмаларға қатысты көрсетілді ме, осыны тексеріңіз:
өткен жылда пайдаланылмаған шығындар мен уақытша айырмалардың шегерілген сомасы (егер бар болса, әрекет ету мерзімінің аяқталған күні). уақытша айырманың әрбір типі мен өткен жылда пайдаланылмаған шығындардың әрбір типіне қатысты:
әрбір ұсынылған кезең үшін баланста мойындалған кейінге қалдырылған салықтық активтер мен міндеттемелердің сомалары;
әрбір ұсынылған кезеңде пайда және залал туралы есеп беруде мойындалған салық бойынша кейінге қалдырылған төлемдер мен шығындардың сомалары, егер баланста мойындалған өзгертулердің көлеміне сәйкес келмейтін болса.
|
+
|
10-кестенің жалғасы
|
40
|
Кейінге қалдырылған салықтық активтердің сомаларын ашып және оларды мойындау үшін дәлелдемелер табу керек, егер:
кейінге қалдырылған салықтық активтерді жүзеге асыру, болашақта табысты ұлғайтатын салық салынатын табысқа байланысты болып келеді, егер ол салық салынатын уақытша айырмалардың азаюының нәтижесінде пайда болса
салық заңдарына сәйкес кейінге қалдырылған салықтық активтермен байланысты, кәсіпорын ағымдағы немесе алдыңғы кезеңде шығынға ұшыраса
кәсіпорын салықтық заңдылықтарға кейінге қалдырылған салықтық активпен байланысты осы немесе алғашқы есептік кезеңде шығынғы ұшыраса
|
+
|
41
|
Салықтар бойынша шегерімдердің негізгі компоненттерінің ашылғанына көз жеткізіңіз
|
+
|
42
|
КТС бойынша шығын сомасының арақатынасы мен бухгалтерлік кіріс келесі формалардың бірінде көрсетілгеніне көз жеткізіңіз:
табыс салығы бойынша шығындар мен бухгалтерлік пайданы қолдануға болатын салық мөлшерлемесына көбейту арқылы алынған соманы сандық салыстыру (12 ХҚЕС, п.85 қараңыз);
орташа есептелген салық мөлшерлемесы мен қолдануға болатын салық мөлшерлемесы арасында сандық салыстыру, (12 ХҚЕС, п.85 қараңыз);
|
+
|
43
|
Өткен кезеңмен салыстырғанда қолданылатын салық мөлшерлемесына өзгертулер болғаны туралы түсіндірме келтірілгеніне көз жеткізіңіз
|
-
|
44
|
Қаржы-шаруашылық қызмет нәтижесі туралы есебімен салыстыру барысында КТС бойынша декларациямен (айырманы есепке ала отырып) сәйкес келгендігіне көз жеткізіңіз
|
+
|
Аудиторлық процедуралар жүргізу үшін келесі аудиторлық дәлелдемелер қарастырылады: ұйымдастырушылық-басқару құжаттары – кәсіпорын жарғысы, филиалдары туралы ережелер, кәсіпорынның салық салу мақсатындағы есеп саясаты, кәсіпорында қолданылатын шоттар жоспары, белгіленген құжат айналымының тәртібі және есеп ақпараттарын өңдеу, кәсіпорынның есептілігін құру; есеп беру – кәсіпорынның салық және қаржы есептілігі; растайтын ақпарат – жауапты жұмысшыларды жазбаша бекіту, ішкі аудит бөлімі дайындаған құжаттары, салық органдары құрған салықтық тексеру актілері, салық және қаржы есептілігінің шынайылығын растайтын (келісімшарттар, үшінші жақпен расталған алғашқы құжаттар) бухгалтерлік есеп құжаттары. Кәсіпорынның салықтық есеп беруді аудиторлық тексерудің тиімділігі кәсіпорын ішкі аудитінің жұмыс-кестесінің жоспарына байланысты болады. Жоспардың жұмыс кестесін құрастыру барысында ішкі аудит бөлімі тексеруге, ал қажет болған жағдайда, ішкі аудиттің кел-келген салық кезеңіндегі объектілері мен сегменттерін қайта тексеруге мүмкіндігі бар, басқа сөзбен айтқанда, бас аудитор салықтық жыл басындағы бекітілген жоспарды керек кезде түзейді. Тексерудің мұндай амалы кәсіпорын салықтық есеп беруді шынайы құрудағы ішкі аудит қызметінің маңызын ұлғайтады. Ауытқулар мен сәйкессіздіктерді нақты анықтау үшін, ішкі аудит жүргізу барысында КТС бойынша жиі кездесетін қателерді қарастырайық:
контрагенттерді бұрыс анықтау;
келісім – шарттарды, операция келісімдерін бұрыс рәсімдеу;
КТС- ті есептеуде қолданылатын әдістің ҚР-ның Салық кодексіне сәйкес келмеуі;
жалпы жиынтық табысты бұрыс жасау;
КТС-ті есептеу үшін салық базасын құрайтын табыстар мен шегерімдер есебінің толық еместігі;
табысты табуға тікелей байланыссыз шегерімдер қатарына қосу;
дәлелденбеген алғашқы құжаттарды қолдану есебінен салық базасынын кемуі;
бұрыс салық мөлшерлемесын қолдану;
кейінге қалдырылған салықтық активтер мен міндеттемелердің бухгалтерлік есеп шоттарында көрініс таппауы;
активтер мен міндеттемелердің салықтық базаларын анықтаудағы қателер;
уақытша айырмаларды есептеудегі қателер;
кейінге қалдырылған салық міндеттемелері мен талаптарын заңсыз есепке алу;
кейінге қалдырылған міндеттемелер мен талаптарды бағалау үшін мөлшерлемеларды бұрыс қолдану;
салықтық талаптарды қолдану мүмкіндігін бағалау барысындағы, салық стратегиясының дұрыс емес бағалануы;
қолдану мүмкіндігі төмен кейінге қалдырылған салықтық активтерге қатысты қорлардың қалыптастырылмауы;
қаржылық есеп беруде салықтық активтер мен міндеттемелерді бұрыс ашу;
ХҚЕС қағидаларына сәйкес дайындалған қаржылық есеп беруде кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер мен талаптардың ашылмауы;
түсіндірме ескертулерінде ХҚЕС-ке сәйкес ашылуға тиісті мәліметтердің ашылмауы.
11-кесте. ҚҚС- ның ішкі аудиті үшін тест сұрақтары
№
|
ҚҚС тексеру
|
Белгі
|
1
|
2
|
3
|
1
|
Салық есебі мәліметтері негізінде кәсіпорынмен қолданылатын есеп саясатына тәуелді ҚҚС салынатын өткізу көлемін есептендер
|
+
|
2
|
Кәсіпорынның қызметін түсіну негізінде кәсіпорынның қандайда бір қызметтерді қайтарымсыз көрсеткенін белгілеңіз
|
+
|
3
|
Жоғарыда қойылған сұраққа оң жауап алынса, онда ҚҚС қайтарымсыз көрсетілген қызметтің нарықтық құнымен есептелгенің анықтаңыз
|
+
|
4
|
Есепті кезең үшін ( ай, тоқсан ) декларацияларда ҚҚС салынатын өткізу көлемі мен салық базасының сомасын салыстырыңыздар
|
+
|
5
|
Бухгалтерлік есеп жазбалары мен сатып алу кітабының қорытындысы және шот – фактураларда ішінара тестілеу негізінде, есепті кезең (ай,тоқсан) үшін есепке алынуға тиіс ҚҚС сомасын бекітіңіз
|
+
|
6
|
Есепті кезең үшін (ай,тоқсан) есепке алынатын ҚҚС пен салық Декларацияларының мәліметтері бойынша алдын –ала есепке алынған ҚҚС сомаларын салыстырыңыздар
|
+
|
7
|
Есепті кезең үшін (ай,тоқсан) алдын-ала есепке алынған ҚҚС сомасының заңдылығын анықтаңыз
|
+
|
8
|
Алғашқы құжаттарды тексеруде, есепке жатқызылатын ҚҚС сомасының растығына көз жеткізіңіз
|
+
|
9
|
Есепті кезең үшін(ай,тоқсан) есептелген ҚҚС анықтаңыз
|
+
|
10
|
Алғашқы құжаттарды тексеруде, есептелген ҚҚС сомасының растығына көз жеткізіңіз
|
+
|
11
|
Есепті кезең үшін (ай,тоқсан) есептелген ҚҚС сомасының заңдылығын анықтаңыз
|
+
|
12
|
Есепті кезең үшін есептелген және алдын – ала есепке алынған ҚҚС арасындағы айырмашылықты анықтаудан кейін, бюджетке аударылуға тиісті ҚҚС анықтаңыз
|
+
|
13
|
ҚҚС бойынша төлеуден босатылған және нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымды тексеріңіз
|
+
|
14
|
Есепті кезеңде алдын – ала есепке алынған ҚҚС сомаларының есепте дұрыс тасымалданғанына көз жеткізіңіз.Алдынғы кезеңдерден есепті кезең үшін (ай,тоқсан) алдын – ала есептелген ҚҚС сомасының заңдылығын анықтаңыз
|
+
|
15
|
Қызмет көрсететін жеткізушілер бойынша шығындар тізімі негізінде кәсіпорынның есепті кезеңде салық органдарында ҚҚС төлеушілер ретінде тіркелмеген кәсіпорындардың қызметін пайдаланғаның анықтаңыз
|
+
|
16
|
Салық декларациясына ҚҚС салынатын базасының дұрыс көшірілуін тексеріңіз
|
+
|
17
|
Салық декларациясын алынған құндылықтар бойынша ҚҚС сомасының дұрыс көшірілуін тексеріңіз
|
+
|
18
|
ҚҚС есептеудің арифметикалық дұрыстығын тексеріңіз
|
+
|
19
|
Салық декларациясында есептелген ҚҚС сомаларының сату шоттарымен корреспонденцияда ҚҚС бойынша есеп шоттарында көрсетілгеніне көз жеткізіңіз/төлеу бойынша ҚҚС-ті анықтау барысында кейінге қалдырылған ҚҚС шотымен
|
+
|
20
|
Сатып алынған тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша ҚҚС сомасының ҚҚС бойынша есеп шоттарында дұрыс мөлшерде көрсетілгеніне көз жеткізіңіз
|
+
|
21
|
Егер қателер табылса, онда олардың масштабын бағалаңыз және жұмыс құжаттарында көрсетіңіз
|
-
|
22
|
Салық агенті ретінде кәсіпорынмен ұсталатын ҚҚС сомасының, жабдықтаушылармен есеп шоттар корреспонденциясының ҚҚС бойынша есеп шоттарында дұрыс көрсетілгеніне көз жеткізіңіз
|
+
|
23
|
Егер қателер табылса, онда олардың масштабын бағалаңыз және жұмыс құжаттарында көрсетіңіз
|
-
|
24
|
ҚҚС бойынша есеп шоттар сальдосының бухгалтерлік баланста тиісті түрде ашылғандығына көз жеткізіңіз
|
+
|
25
|
Егер қателер табылса, онда олардың масштабын бағалаңыз және жұмыс құжаттарында көрсетіңіз
|
-
|
ҚҚС бойынша ішкі аудит жүргізу барысында, кездесетін әдеттегі қателер келесідей:
қайтарымсыз түрде көрсетілген қызметтерден ҚҚС есептемеу;
ҚҚС бойынша есеп сомасын анықтау құқықтарының болмауы;
есептелетін және есепке алынған сомаларды негіздейтін алғашқы құжаттарды бұрыс рәсімдеу
нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын ҚҚС сомасын бұрыс анықтау;
ҚҚС бойынша салықтық есеп беруді бұрыс жасау;
кәсіпорынның салық есебі шоттарында ҚҚС бойынша міндеттемелердің дұрыс көрсетілмеуі.
Достарыңызбен бөлісу: |