УДК 616.314-068.008
А.Г. РАХИМОВА, А.К. МЕЛЬДЕХАНОВА, С. АБДУХАЛЫК, М.Б. ЖҰМАЖАН, Н.А.СУРАНОВ
ҚазҰМУ стоматология факультетінің дәрігер-интерндерінің 607 тобы
(жетекшісі: Сапаева Н.Ғ.)
FILTEK ULTIMATE НАНОКОМПОЗИТІН ҚОЛДАНУ ТӘЖІРИБЕСІ
Бұл мақалада Filtek Ultimate материалын клиникада қолдану тәжірибесі, материалдың жақсы эстетикалық
қасиеттері, жұмыс жасау қарапайымдылығы және сенімділігі көрсетілген.
Түйінді сөздер: нанокомпозит, реставрациялау, нанобөлшектер.
Көптеген стоматологтардың көзқарастары бойынша, реставрациялық материалдардың басты сапасы – оларға сенімділікте,
жұмыс істеу жеңілдігінде және эстетикалығында.
Нанокомпозиттер – бұл көптеген қайталанатын компоненттер - фазалардан тұратын, арақашықтығы ондаған
нанометрлермен өлшенетін құрылымдар. Нанокомпозиттер эстетикалық стоматологияның дамуында жаңа кезеңді
ашуда.3M ESPE компаниясыFiltek™ Ultimateжаңа наногибридті композитін апробациялауға ұсынды. Біздің жұмысымыздың
мақсаты бүйір топ тісінің тісжегісін емдеуде пломбылық материалды клиникалық қолдану болып табылды.
Кез келген реставрацияның бастапқы жылтырауы таңғаларлықтай болуы мүмкін. Бірақ біз реставрациямыздың бірнеше
жылдар бойы озінің жылтырлығын сақтап тұратынына сенімді болуымыз керек. Filtek™ Ultimate жылтырлығын басқа
композиттерге, тіпті микрофилдерге қарағанда жақсырақ сақтайтынын тесттер дәлелдеп отыр[1,2,3].
Шайыр құрамы: BiS–GMA, UDMA, TEGDMA и BIS-EMA деген полимерлер полимерлер енгізілген.Толықтырғыш көлемі 20 nm,
кремнийдің еркін нанобөлшектерінен, көлемі 4 тен 11 nm дейінгі цирконийдің байланыспаған бөлшектерінен және
силандалған цирконий-кремний кластерлерінен тұрады.
Filtek™ Ultimate нанокомпозиттің кіреукеге, дентинге және тістің денесінің түсіне сәйкес келетін үш түсі бар:Dentin, Enamel и
Body түстерінде кластердің өлшемі 0,6 дан 20 микронға дейін. Салмағы бойынша толықтырғыш Transluscent түсінде 72,5%
(55,6% көлемі бойынша) жәнебасқа түстер үшін 78,5% (63,3% көлемі бойынша) құрайды.Жүйе 4 түстен тұрады: Dentin, Body,
Enamel және Transluscent (түссіз, мөлдір).
Filtek Ultimate материалы бүйір топ тісінің терең тісжегісін емдеу кезінде сынақтан өтті.
Науқас К: 1992 жылғы. Ауыз қуысының санациясы мақсатында қаралды. Қарап тексергенде 37 тісте І класс бойынша
жұмсарған дентинге толы тісжегі қуысы анықталды. Шұқып тексергенде табанында ауыру сезімі бар, суыққа – қысқа
уақытқа созылатын ауыру сезімі, қағып тексергенде ауырмайды. Нақтама: 37 тістің терең тісжегісі. (1-сурет).
1 сурет - 37 тістің емдеуге дейінгі көрінісі
Тісті убистезинмен спонгиозды интралигаментарлы әдіспен жансыздандырғаннан соң, тісжегі қуысы Блек
бойынша иммунды аймаққа дейін егеп-тазаланды (2-сурет). Финишті бұрғылармен қуыстың жиегі өңделді, вестибулярлы
бетінде кіреуке қиғаштап егелді.
2 сурет - 37 тістің егеп-тазаланғаннан кейінгі көрінісі
Тісжегі қуысы натрий гипохлоридімен өңделді, сумен шайылып, кептірілді. GLUMA Etch 20 гелімен 20 сек өңделді.
Кондиционер сумен шайылып, ылғалды дентин жағдайына дейін кептірілді. Тісжегі қуысының табанына емдік төсем «Life»
қойылды, аралық төсем сәулемен ұатаятын «Ionosit» 1 мм қалыңдықта қойылды. Кіреуке мен дентин С-bond адгезивті
жүйесімен өңделді. Translux Power Blue полимеризациялық шамымен 20 сек бойы сәуле көзіне бағытталған полимеризация
әдісімен полимеризацияланды. Filtek Ultimate материалы қабатпен 2 мм дейін қалыңдықта қойылды.
Қызыл және сары белгілері бар фиништік бұрғылармен, инструментке аздап күш түсіріп, реставрация мүсінделді.
Силиконды – шыныаяқ тәрізді (чашечка), саңырауқұлақ тәрізді, тамшы тәрізді бұрғылармен реставрация жылтыратылды.
Реставрацияның барлық бетінен 40 сек бойы соңғы қатайту жүргізілді (3-сурет).
3 сурет - 37 тіс реставрацияланғаннан кейін
Осы нәтижелерден соң біз материалдың келесі артықшылықтарын анықтадық: кез келген топ тістерін пломбылау
мүмкіншілігі, тек бір түспен жұмыс жасағанның өзінде жоғарғы эстетикалық сапаға қол жеткізу. Материалмен жұмыс
жасаған ыңғайлы– инструментке жабыспайды, жақсы жылтыратылады.
Осылайша, ұсынылған жаңа Filtek Ultimate нанокомпозиті өзінің өте жақсы эстетикалық сапаларын, жұмыста
қарапайымдылығын, сонымен қатар аз отыруы мен жоғарғы беріктігін көрсетті. Әмбебап Filtek Ultimate материалын
қолдану - бір түспен жұмыс жасағанның өзінде, бір қабатты реставрацияның өзінде де керемет нәтижелерге қол жеткізуге
септігін тигізіп, тұрақты табиғи жылтырлыққа және мықтылыққа ие болады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1
Filtek
™
Ultimate
Универсальный
Реставрационный
Материал
//
multimedia.3m.com
URL:
http://multimedia.3m.com/mws/mediawebserver?mwsId=SSSSSufSevTsZxtUOY_xl8mUevUqevTSevTSevTSeSSSSSS--
&fn=ultimate_brochure_ua.pdf (дата обращения: 29.11.12).
2
Filtek™ Ultimate // solutions.3mrussia.ru URL: http://solutions.3mrussia.ru/wps/portal/3M/ru_RU/3M-ESPE-EE/dental-
professionals/products/category/direct-restorative/filtek-supreme-xt/ (дата обращения: 29.11.12).
3
Filtek
Ultimate
B5B
-
3M
ESPE
-
Филтек
Ультимейт
(3920)
//
allfordent.ru
URL:
http://allfordent.ru/index.php?productID=4232 (дата обращения: 29.11.12).
ОПЫТ ИСПОЛЬЗОВАНИЯ НАНОКОМПОЗИТА FILTEKULTIMATE
Резюме: В статье представлен опыт применения в клинической практике материала Filtek Ultimate. Показаны хорошие
эстетические свойства материала, простота и надежность в работе.
Ключевые слова: реставрация, нанокомпозит, наночастицы.
EXPERIENCE OF USE OF THE NANOCOMPOSITE OF FILTEK ULTIMATE
Resume: Experience of application in clinical practice of the material Filtek Ultimate is presented in article. Good esthetic
properties of a material, simplicity and safety in operation are shown.
Keywords: restoration, nanocomposite, nanoparticles.