мың теңгені құрады. Күрделі жөндеу жұмыстарының шығындары 300
миллион теңгені құрады, салық қазынасына осы сомаға сай төледік.
Қаржы салымы 4 миллиард теңгеден асты.
Ел ауқымы бойынша бұндай көрсеткіштер көпті айқындайтынымен
келісу керек. Өткен жылдың көрсеткіштерінен кей жерде ширек, ал кей
жерде үштен бірге асамыз.
Шығыс филиалы осы бет алысын бертін жылдары сақтайтынына
сенім білдіремін.
- Егер өсу нүктелерін жете қарап шықсақ, әсіресе
жаңа жобаларды жүзеге асыру контекстінде, Сіз
болашақты қалай болжар едіңіз?
- Ең алдымен, бүгінгі күндегі жоспарымыз «Қазақстан - Қытай» мұнай
құбырымен байланысты. Мәселен, «Атасу-Алашанькоу» МҚ, әуелде,
Құмкөл мен Батыс- Сібір мұнайларының қосындысын ҚХР қарай
бағыт бойынша тасымалдау үшін арналған еді. Бұндағы құрылыстың
1 кезеңіндегі өнімділік бір жылда 10 миллион тоннаны құрайды.
Батыс – Сібір және Құмкөл жаңа кен орындары тобының мұнайын
шығыстағы қонысымыз нарығына ену рұқсатын қамту жоспа-
рын жүзеге асыру үшін «Павлодар-Шымкент» МҚ-ның учаскелері
жұмыс істейді: «Павлодар-Атасу» учаскесінде Батыс-Сібір мұнайын
қабылдау үшін және «Қарақойын-Атасу» учаскесінде Құмкөл тобының
мұнайын қотару үшін Жұмағалиев атындағы МГӨС-на «Қарақойын-
Атасу» мұнай құбыры арқылы келетін Құмкөл тобы мұнайын қотару
үшін.
Соңғысы коммерциялық пайдаланымға өткен жылдың қазан айында
іске қосылғандығы тасымалдау көлеміне әсерін тигізді.
«Қазақстан - Қытай» мұнай құбыры құрылысының екінші кезеңінде
өткізгіш қабілеті жылына 20 миллион тоннаны құрайды. Біз өндірістік
қуатымызды нақтылы күшейту үстіндеміз. 2011-2015 жылдары
«Құмкөл - Қарақойын» учаскесінде диаметрі 820 мм жаңа мұнай
құбыры және 840,7 ш. мұнай қотаратын «Павлодар-Шымкент» МҚ
аралық станциясының құрылысы қарастырылуда.
Республикамызбен Қытайды байланыстыратын мұнай құбыры
мұнайды бұрғылап шығаратын Қазақстанның батыстағы аймақтарын
Павлодар мен Шымкенттегі ірі МӨЗ-мен байланыстыруға, еліміздің
ішінде мұнайды тарату мәселелерін шешуге қазіргі күнде-ақ мүмкіндік
туғызып отыр. Бұл жобаның жүзеге асырылуы инвестицияларды
тарту инфрақұрылымның дамуы мен мұнай құбыры жолына жақын
орналасқан аймақтарда қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік
туғызады. Қазақстан экономикасын көтеруге себебін тигізіп отыр.
Жалпы бұл саланың даму жолындағы орасан зор қадам.
Апатқа жол бермейміз
- Филиалдың келешектегі экономикалық дамуы іс-
әрекеттің экологиялық тұрғыларына ерекше екпін
түсіреді. Қоршаған ортаға зиянды әсерін азайту
мәселесін қалай шешудесіздер?
- Нақты жұмыстар жайлы айтсам: табиғатты қорғау шараларының
орындалуына 2009 жылы 700 миллион теңге жұмсадық. Ағымдағы
жылдың бірінші тоқсанында – 35 миллион. Бұл нысандарды тек қана
қайта жабдықтау мен қайта құру инвестициялары емес, мақсатымыз
–барлық деңгейдегі құрылым бөлімшелері мен жеке қызметтердің
әр нақты қызметкеріне экологиялық мәселелерге түбегейлі қайта
қарауын түсіндіріп жеткізу.
Кез-келген жұмыс табиғатты қорғау қызметімен тікелей байланысты
болмаса да, жоғары экологиялық мәдениетін қамту керек.
«КазТрансОйл» АҚ жұмысының экологиялық стратегиясы дұрыс
ұйымдастылғанның және экология мәселесін басшылық назары-
нан қалдырмағанның арқасында қоршаған ортаға өндірістің келеңсіз
әсерін жоққа шығара алдық, өз нысандарымыз жұмыс жасап жатқан
аймақтардың экологиялық жағдайын елеулі жақсарттық.
2007 жылдан бастап біздің филиалдың «Екібастұз», «Степное», «Тру-
довое»,
Б. Жұмағалиев атындағы, «Барсеңгір», «Шолақ-Қорған» нысанда-
рында «BIOFLUID» және «Атасу» МҚС - дағы «EKOFINN» сияқты
сарқынды суды тазалау станцияларын пайдалануы жүзеге асырылды.
Мұнайдың апатты төгілуін жоюға арналған техникалық құралдармен
филиалымыздың бөлімшелері бүгінгі таңда толығымен жабдықталған.
Қоршаған ортамен үйлесіп дамыған табиғи негізін бұзбайтын,
қоғамның бірқалыпты дамуының саясаты бүгінгі күнде тек филиалдың
ғана емес, сондай – ақ күллі еліміз бен әлем қауымдастығы өмірінің
жоғарғы басымдығы болып табылады.
Қоршаған ортаны қорғау міндеттері қызметтің бүкіл саласында алды-
мыздан шығып отыратындығынан экономика мен кәсіпкерлік экология
мәселелерін шешуде айтарлықтай рөл атқаруға тиіс.
Экологиялық менеджмент, «жасыл» бейнені жасау, «КазТрансОйл»АҚ
экологияға оңды назары, қоршаған ортаны шын ниетпен қамқорға алу
–бүгінгі күндегі компания өмірінің басым бағыттары міне осындай.
Барлығын кадрлар шешеді
- Жеңіспек Қожасұлы, Қазақстанның ірі отандық
компанияларының әлеуметтік жауапкершілік тәрізді
экологиядан басқа да екпіндері баршылық емес пе?
Филиалдың әлеуметтік стратегиясы неде және
еліміздің аймақтарын дамыту ісіне «КазТрансОйл» АҚ
бөлімшелеріңіздің белсенді тартылуы қандай?
– Өндіргіш күштері республикамыздың бірден 6 аймағында - Пав-
лодар, Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік – Қазақстан, Оңтүстік
Қазақстан және Алматы облысында орналасқан - Шығыс филиа-
лы қызметкерлері мен осы аймақтардағы қауым алдындағы бар
жауапкершілігін зерделеп түсінеді.
Бұл тек қазынаға сансыз төлемдер ғана емес бұл саладағы ұқсастығы
жоқ әлеуметтік пакет. Мына сандар сөзден гөрі толығырақ айтар.
Өткен жылы филиал аймақтардың бюджетіне 600 миллионға жуық
салық төледі, әлеуметтік салыққа және әлеуметтік сақтандыруға тағы
да жартымиллиард сома көлемінде төленді. Ал өз қызметкерлеріне
қолдау көрсету ретінде филиал түрлі жәрдемақыға 100 миллионнан
астам теңгені жұмсады.
- Осы тақырыпты толықтыра отырып, сіздердегі
қызметкерлердің өзін-өзі қаншалықты жайлы
сезінетіндігі туралы әңгімелеп берсеңіз.
– «КазТрансОйл» АҚ-ның бірегей әлеуметтік пакеті қандай, неліктен
сіздердің филиалдарыңыз кадрлардың тұрақтанбауы сияқты
ұғымынан бейхабар болуы?
Қызметкерлердің барлық жеңілдіктерін белгілеп бекіткен ереже
қаржылық дағдарыс алдында 2007 жылы қабылданған. Экономиканың
қиыншылықтарына қарамастан, ұжымымыз ешбір сілкініс сезген жоқ.
Филиал барлық артылған міндеттерін толық орындап отыр. Жәнеде
қызметкерлер компания мен жұмысшылар арасындағы шынайы
әріптестік саясатымыздан біздің таймайтынымызды біледі. Иә, ком-
паниямыз ірі, бірақ әлі де филиалдың бірде бір ардагері бір мереке-
де ұмыт қалған жоқ. Сеніңіз, көпшілікке бұл өте маңызды - ықылас пен
ортақ іске әркімнің қосқан үлесін объективті түрде бағалау.
Жазғы демалыс пен медицина қызметтері бір ауруханада бүкіл отбасы
үшін, сансыз сақтандыру түрі мен үйлену тойына немесе бала тууы-
на сыйлықтар. Кеңес уақытының тек жақсысын сақтай алдық та бүгінгі
таңдағы ірі компаниялардың әлем бойынша енгізіп жатқандарымен
қаруландық. Қызметкеріміздің әр қадамын қол ұстасып бірге жасай-
мыз. Қызметкер жұмысына толығымен берілуіне қандай жағдай жа-
сау қажет? Оның еңбек жағдайына жайлылық туғызу қажет, сөзбе-сөз
айтқанда, адам ертеңгі күні жайында басын қатырмау керек.
- Білуімізше, филиалдарыңызда жаңашылдық та
дамыған?
– Филиалымызда жаңашылдық өте белгілі, филиалдың техникалық
кеңесі тоқсандықта бір рет жиналады. Ойлап шығарушы жаңашыл
ұсынысы өз оң нәтижесін дәлелдеген жағдайда қазметкер өзінің
тапқырлығы арқасында дивидент алады. Адамдар өздеріне жүктелген
міндеттерін сапалы түрде орындауға зейін салады. Бізге керектігі
кайырымның барынша көп болғаны, бізге керектігі нәтиженің барын-
ша көп және сапалы болғаны.Осы орайда қызметкерді әлеуметтік
қамсыздандыруға ықылас бөлінеді.
Жастық пен тәжірибенің қоспасы
- Сіз айтып кеткендей, компания келешекте өріс
алып дамиды, соның салдарынан жаңа жұмыс орын-
дары пайда болады, филиалға мамандандырылған
ӨндіріС орТалығы
160 № 3-4 (39-40) 2010 СПЕЦИАЛЬНЫЙ ВЫПУСК