«қазтрансойл» ақ:
шыгыс бағыты
«казтрансойл» ақ шығыс филиалын құруға себеп болған паВлодарлық ертіс
Маңында «оМск - паВлодар - шыМкент» орасан күрделі Магистральды Мұнай құбыры
1972 Жылдың наурыз айында салына бастады. аталМыш құрылыс стратегиялық
нысан ретінде табылып, ал паВлодар негізгі орнығу Жері болды. қазақстанның
оңтүстік ауМағына батыссібірлік Мұнайды тасыМалдап, оны шыМкеттегі Мұнай
өңдеу зауытында қайта өңдеп шығаруға Мұнай құбырын салу Жөнінде шешіМ
қабылданды.
Ш
ығыс-Қазақстан магистральды мұнай құбырлары басқармасы
Кеңес Одағының мұнай өндірістігі Министрінің бұйрығымен 1983 жылы
құрылған. Тәуелсіздік жылдары Шығыс-Қазақстан басқармасы «Каз-
ТрансОйл» АҚ-ның Шығыс филиалы болып қайта құрылған. Сарапшы-
лар мен мамандардың айтуынша, ол бүгінгі таңда республикамыздағы
құбыр саласының «жүрегі» іспеттес. Осы орайда ортақ іске қосқан
үлесі жайында Шығыс филиалы басшысы Жеңіспек Лұқпановпен
сұқбаттасуды жөн көрдік.
Жаңа технологиялар
- Жеңіспек Қожасұлы, бүгінгі таңда Шығыс филиалдың
тек қана акционерлік қоғамы үшін емес, жалпы еліміз
үшін нені білдіретіндігі жайлы не айтар едіңіз?
– Бүгінгі күнде филиал ұзындығы 4 300 шақырымға жуық магистраль-
ды мұнай құбырлары жүйесіне қызмет көрсетуде. Біз солтүстіктен
оңтүстікке қарай және орталықтан Қытай жаққа шығысқа қарай
елімізді мұнайқұбырымен байланыстырып отырмыз. Сондай-ақ
Шығыс филиалы - бұл 2 600 мамандандырылған жұмысшылар мен
Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Шымкент, Үшарал және Солтүстік
Қазақстандағы 6 мұнай құбыры басқармасындағы инженерлік-
техникалық қызметкерлер. 2000 жылы Атасу станциясындағы және
2002 жылы Шағырдағы құю пункінде салынып пайдаланымға берілген
екі мұнай құю эстакадасы біздің мамандарымыздың қол еңбегі. 3
жылдан соң «Атасу-Алашанькоу» магистральды мұнай құбыры іске
қосылды, ал бір жыл бұрын «Кеңкияқ -Құмкөл» магистральды мұнай
құбыры тапсырылды. Біздің қатысымыз бұнда да баршылық. Менің
атап өткендерім, бүгінгі күнде бүкіл саланың мақтанышына айналған,
тек аса ірі жобалар ғана. Тәулік бойы мониторинг жүргізіп, барша
технологиялық процестің жағдайын түгелімен жедел түрде қашықтан
басқаруға мүмкіндік туғызып отырған талшықты-оптикалық желілерін
іске қосудың арқасында желілік телемеханика және SCADA жүйесінің
жобасы сәттілікпен жүзеге асырылды. Бұл өз кезегінде, өндірістің
кез-келген өзгерісін жедел түрде елеуге мүмкіндік береді. «Құмкөл»
және «Екібастұз» мұнай қотару станцияларына жоғарыда аталған
диспетчерлік бақылау және басқару жүйесін енгізу үстіміздегі жылда
жоспарланған.
SCADA тағы 8 МҚС-нда өзін жақсы жағынан көрсетті.
Бұл жүйе басқарудың сенімділігін көтеруге, жабдықтар жұмысының
технологиялық жүрісі мен тәртібі жайында барлау жүргізуге әрі
ақпаратты мұрағаттауға мүмкіндік туғызады, негiзгi және қосалқы
жабдықтың үздiксiз бақылауын және барлауын жүзеге асырады.
Сондай-ақ осы жылы мұнайды рұқсатсыз алу барысындағы жылыстау
орны мен санын дер кезінде әрі нақтылы анықтауға, қажетті шаралар-
ды шапшаң қолдану үшін Шығыс филиалының мұнай құбырларына
жылыстауды анықтау жүйесін енгізу жоспарланып отыр.
Соңғы 6 жылда бүкіл компанияда да бізде де ISO 9001, ISO 14001,
OHSAS 18001 халықаралық стандарттар негізіндегі менеджменттің
Шоғырланған жүйесін құру және жақсарту бойынша жұмыстың
жүргізіліп жатқанын айта кету артық бомас.
Жоғарыда берілген мінездемеге қоса тағы үш анықтаманы атап беруге
болады: біз замануи, технологиялық әрі «КазТрансОйл» АҚ-ның үнемі
дамушы бөлімшесіміз.
- Бүгінгі жайтта филиал тасымалдау мен транзит
бойынша қандай қызмет көрсетуде?
- Біздің мақсатымыз біреу – тұтынушыларға арналған рұқсат шартын
тең жасау.
Бұл батыс-сібір мұнайын еліміздегі соңғы тұтынушы - зауыттарға
тасымалдау да, ел ішінде және көршілес ҚХР-сына қарай шығыс
бағытымен отандық көмірсутектің тасымалдануы да. Сөз тікелей тек
құбырлар жайында ғана емес.
«Шағыр» мұнай құймасы орнынан және «Атасу» ағызу - құю эстакада-
сынан жақын және алыс шет елдерге тасымалдау теміржол арқылы
теміржол цистерна вагондарға тиеледі.
Және де филиал «Қазақстан - Қытай құбыры» ЖШС және «Торғай
- Петролеум» АҚ мұнай құбырларын пайдалану бойынша қызмет
көрсетеді. Соңғы 4 жылда Қазақстан Республикасы аумағы бойын-
ша өтетін «ТОН -2» МҚ арқылы Ресей жүк жіберушілерінің мұнайының
транзитін жүзеге асырып отырмыз.
Көрсеткіштер мен өсу нүктелері
- Нақтылы айтатын болсақ, осы жылдың ба-
сынан филиалдың негізгі өндірістік – қаржылық
көрсеткіштері қандай?
– 5 ай аралығында тасымалдаудың жалпы көлемі 8,5 млн тоннаға
жуық, ал Шығыс филиалы жүйесі бойынша мұнайдың жүк айналымы 5
млрд тонна/км астам болды. Екі жағдайда да біз жоспарды елеулі асы-
ра орындадық. Қаржылық жағынан тек назар аударарлықтарына ғана
тоқталайын. Бұл жылы біздің қызметкерлеріміздің орташа айлығы 160
159
KAZENERGY