Фердинат Мамонов
«ҚазТрансОйл» АҚ Батыс
филиалының директоры
биыл қазақстанның жетекші
салаларының бірі – құбыр жүргізу
көлігі өзінің 75 жылдық мерейтойын
тойлайды. бұл «казтрансойл»
компаниясының барлық қызметкерлері
үшін маңызды мереке, өйткені ол тек
қана белгілі бір күн емес, компания
ұжымының өміріндегі бір кезеңі.
елдегі магистральді құбыр жүргізу
жүйесінің дамуы батыс қазақстанда
басталғандықтан, «казтрансойл» ақ
батыс филиалы үшін 75 жылдық – бұл
ерекше мереке.
155
KAZENERGY
әсіпорынның басты филиал-
дарының біріне тұқым қуалаған
мұнайшы,
білгір
әрі
мол
тәжірибесі бар басқарушы фер-
динат абдрахимович Мамонов жетекшілік
етеді.
отандық құбыр жүргізу жүйесі дамуының ба-
стауында тұрған, бүгінгі күнде оның еңбек
өтілі 40 жылдан астам құрайды. Жұмыс істеу
кезінде мансаптың барлық сатыларынан
өткен.
- Фердинат Абдрахимович, сіз-
дің өмірбаяныңыз еліміздің құ-
быр жүргізу жүйесінің тарихы-
мен өрлесіп байланысқан. Еңбек
жолыңызды неден бастадыңыз?
- Мұнай саласына келу жолым алдын ала
белгілі еді. әулетіміздің алдыңғы екі ұрпағы
мұнай саласында қызмет етті. Мен де еңбек
пен өсудің кеңестік профессионалдық
мектебінен өткеніме өте қуаныштымын.
барлық сатыларды – бірінен кейін бірін.
өзімнің еңбек қызметімді өзен - аты-
рау - куйбышев құбырының құрылысында
слесарь-машинист
қызметінен
баста-
дым. басты тәлімгерім ретінде өзімнің
алғашқы бастығым Мұнай ауыстырып құю
станциясының басшысы Щелочелин Вене-
дикт Михайловичті бүгінге күнге дейін әлі де
санаймын. еңбегі сіңген мұнайшы еді. ол
кезде құрылыста күні-түні жұмыс істейтінбіз,
кейде апталап қалаға шықпайтынбыз, лас,
шаршаған, кейде тіпті ашыққан сол құрылыс
орнында тұрдық. Мұнай құбырын қалай да
уақытымен іске қосу туралы ғана ойладық.
сөйтіп, 1971 дылғы сәуір айында атыраудан
самараға дейінгі учаскі қолданысқа берілді.
сол жылы өзен - атырау - куйбышев құбыры
толығымен іске қосылды. бұл кезеңді біз
«қызу кезең» деп атадық, сондықтан да бо-
лар, бірегей болып есептеледі. Маңғышлақ
мұнайы өте жабысқақ, әрі құрамындағы
парафин мөлшері жоғары, қату темпера-
турасы +28 градустан басталады. қыста
сол мұнайдың үстімен жүруге болатын еді,
ал жазда пластилин сияқты. сондықтан
бүкіл сызықтың бойында мұнайды жылы-
ту пункттері құрылып, ыстық күйінде мұнай
құбырлар арқылы тасымалданады.
- Сіз заманалық маңызы бар
құрылыстардың жетекшісі мен
қатысушысы болдыңыз – Кеңқияқ
– Орск, Теңіз – Астрахань – Гроз-
ный (қазіргі КҚК) мұнай құбырлары,
бүгінде Волга өзен құйылымынан
және Қиғаш өзенінен Құлсары,
Жаңаөзен қалалары және Атырау
мен Маңғыстау облыстарының
басқа да қуаң елді мекендер
жерлеріне ауыз суын тасымал-
дайтын Астрахань – Маңғышлақ
су құбыры. Бүгін сіз компанияның
негізгі әрі маңызды өндірістік
бөлімшелерінің бірі – Батыс фили-
алды басқарасыз. Оның дамуының
негізгі кезеңдерін айтып өтсеңіз.
- батыс филиалдың тарихы өте бай. 1935
жылы каспий – орск мұнай құбырының
іске қосылуынан бастап, дәл осы жер-
де құбыр жүргізу транспортының тари-
хы басталады. 1965 жылы Маңғышлақты
ашқан кезде, өзен – Жетібай – шевченко
мұнай құбыры қолданысқа берілді. Мұнай
танкерлерге құйылып, баку, Махачка-
ла, Волгоградқа жіберілді. сонымен қатар,
өзен – гурьев – куйбышев мұнай құбырының
жобалануы мен құрылысы басталды, ол
қазіргі өзен – атырау – самара. еліміздегі
тармақталған құбырлар жүйесі әр түрлі мем-
лекеттерге мұнайды жеткізуге мүмкіндік
береді. ақтау порты арқылы мұнайды баку
және Махачкалаға тасымалдаймыз. ре-
сей арқылы қиыр шет елдерге мұнайды
құбырлар арқылы экспорттаймыз. кейінірек
мұнай құбыры жұмысшыларының арманы
орындалды десек, қателеспейміз: еліміздің
батысы мен шығысын байланыстыратын
құмкөл – кеңқияқ – атырау мұнай құбыры
кезең-кезеңімен салынды. бірінші кезеңде
кеңқияқ – атырау учаскесі іске қослды, осы
құбыр арқылы мұнай ақтөбелік кен орында-
рынан (Жаңажол, кеңқияқ) атырауға тасы-
малданды. кеңқияқ – құмкөл мұнай құбыры
қолданысқа берілгенде, ақтөбелік мұнайды
құмкөл, одан кейін мұнай құбыры арқылы
шымкент мұнай өңдеу зауытына және
қытайға тасымалдау басталды.
Жалпы, батыс филиалы мен «казтрансойл»
компаниясының
басты
мақсаттарының
бірі – қазіргі барлық талаптарға сай
техникалық қамтамасыз ету базасын құру.
объектілерімізде соңғы рет осыдан жиыр-
ма жыл бұрын болған адамдар келгенде,
прогрестің қаншалықты алға жылжығанына
таңқалады. бұл жерде ең соңғы жабдықтау
пайдаланады, жаңа жүйелер енгізіледі.
денсаулықты
сақтау
және
еңбек
қауіпсіздігіне де аса көп көңіл бөлеміз.
компьютерлік технологиялардың ең озық
түрлерін пайдаланамыз. өндіріс іс жүзінде
100% автоматтандырылған.
- Экологиялық қауіпсіздік әрбір
компанияның тұрақты дамуының
негізі болып табылады. «КазТран-
сОйл» АҚ Батыс филиалының
объектілерінде қоршаған ортаны
қорғау қалай жүргізіледі?
-
Экологиялық
және
өнеркәсіптік
қауіпсіздік тұрғысынан алғанда, мұнайды
тасымалдаудың техногендік процесі аса
қауіпті болып есептеледі. сондықтан қр
Экологиялық кодексін нұсқау етіп, фи-
лиал объектілеріміздің қоршаған ортаға
теріс әсер етуін төмендетуге бағытталған
экологиялық
шаралар
ұйымдастырды.
оған сұйыққоймаларда жүзетін пантондар-
ды енгізу, құбыр жүргізу магистральдары-
на, сұйыққоймаларға, жабдықтауға диагно-
стика жасау жатқызылады. диагностиканың
нәтижесіне қарай, күрделі жөндеулер
жүргізіліп, құбырлар ауыстырылады. фили-
ал сатып алынатын техниканың сапасын да
қатаң қадағалайды: онң бәрі евро-2, евро-3
стандарттарына сәйкес болуы тиіс.
ҚұБыр Жүргізу
ЖүйЕСінің 75
ЖылдыҚ ТАрихын-
дА БАТыС филиАлдА
МұнАйШылАрдың
ЕңБЕК әулЕТТЕрі
ҚАлыпТАСТы, ОлАр
ұрпАҚТАн ұрпАҚҚА
прОфЕССияның
«ЭСТАфЕТАСын»
Бір-БірінЕ ТАБы-
СТАп, ЕңБЕгіМЕн,
БіліМі ЖәнЕ
ТәЖіриБЕСіМЕн
МЕМлЕКЕТ
ЭКОнОМиКАСының
дАМуынА өз МұнАй
САлАСындАғы
үлЕСін ҚОСып
ОТыр.
К
ӨндіріС орТалығы
156 № 3-4 (39-40) 2010 СПЕЦИАЛЬНЫЙ ВЫПУСК